Ұйымдастыру бөлімі Оқушылардың сабаққа дайындығын, зейіндерін сабаққа аудару. Күлімдеп күн бүгін Қарады маған да Күлімдеп күн бүгін Қарады саған да Күлімдеп күн бүгін Қарады баршаға Жақсы балалар осындай әдемі көңіл-күймен сабағымызды бастаймыз. Үй тапсырмасын сұрау "Бинго"әдісі арқылы үй тапсырмасы бойынша берілген сұрақтарға жауап береді. 1.Шалғын деген не? 2.Шалғынның табиғи бірлестігі жайлы не айтар едің? 3.Шалғынды жерлерде тіршілік ететін қандай жәндіктер.? 4.Шалғында тіршілік ететін құстарды мен жануарларды ата. 5.Неліктен көртышқандар мен саршұнақтар шалғында тіршілік етеді? 6.Неліктен бөдене жұмыртқасын шөптің арасына басады? 7.Бөдене неше жұмыртқа және неше күнде басып шығарады? 8.Пішенді қай уақытта шаба бастайды? 9.Шалғында қандай улы шөптер кездеседі? Балалардың назарын тақтаға аударады. Тақтада ненің суреті ілініп тұр ? Мен сендерге жұмбақ жасырам сендер сол жұмбақтың жауабын тауып,тақтаға ілесіңдер. Жаңа тақырыпты балалар өздері анықтайды. Жаксы балалар олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Дала өсімдіктері мен жануарлары" Мақсатымызды айқындап алайық. 1.Дала және дала өсімдіктері мен жануарлары туралы білім қалыптастырамыз.. Жетістік критерийіміз: 1. Қуаң даланың ерекшеліктерімен танысады. 2. Дала жануарлары мен өсімдіктерінің түрлерін ажыратады. Оқулықпен жұмыс Іштей оқыту 1-тапсырма Енді балалар экранға назар аударайық. Көрген бейнефильмде не туралы айтылған? Бейнефильмға байланысты тақтадағы сұрақтарға жауап береді 1.Фильмнің тақырыбы. 2.Дала дегеніміз: 3.Өз ұясын жусанның түбіне салатын құс- 4.Дала құстары: 5.Дала өсімдіктері: 6.Дала мекендейтін жануар- 7.Даланы мекендейтін кеміргіш 8.Қазақтар қай өсімдіктің иісін отанының иісіне теңейді
Мақсатқа оралу 2-тапсырма Жеке жұмыс. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар. "Сөйлемді жалғастыр"ойыны арқылы экранды сұрақтарға жауап береміз. Дескриптор:-1. Дала жануарлары мен өсімдіктерінің түрлерін ажыратады. 2.-Даланың жазық алқап екенін біледі. 3-тапсырма Дәптермен жұмыс.Жұптық жұмыс.. "Галереяны аралау"әдісі арқылы жұптар бір-бірін бағалау. Дескриптор:-1. Дала және оның түрлері туралы түсінеді. 2. Дала жануарлары мен өсімдіктерін біледі. Дарынды оқушыларға смартфоннан "Қызыл кітаптқа"енген дала өсімдіктері мен жануарларын тауып айту. |