Просмотр содержимого документа
«Д?рілік ?сімдіктер 2-сынып»
Сабақтың тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға өсімдіктен дәрі алуға да болатындығын, дәрілік өсімдіктер жөніндегі алғашқы білімді хабарлау;
Табиғатта өздерін дұрыс ұстап, өсімдіктерге қамқорлықпен қарауға және байқампаздыққа, зеректілікке тәрбиелеу;
Ой-өрісін,өз бетімен жұмыстану дағдысын қалыптастырып, сөздік қорларын молайту;
Күтілетін нәтиже:
Өсімдік жөнінде алған білімін тиянақтайды.
Дәрілік өсімдіктер туралы білімі кеңейеді.
Табиғатта өздерін дұрыс ұстауға үйренеді.
Не арқылы бағаланады:
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру бөлімі.
Өткенді пысықтау.
1.Өсімдік неден өсіп-өнеді? (тұқым)
2.Өсімдік неше топтан тұрады? (ағаш,бұта,шөптектес өсімдіктер)
3.Өсімдіктің топырақтағы бөлігі (тамыр)
4.Тамырдағы қоректік заттарды гүлге,жеміске,жапыраққа таситын өсімдік мүшесі? (сабақ)
5.Өсімдік не арқылы тыныс алады? (жапырақ)
6.Күзде жапырақ неге сарғаяды? (Хлорофилл өндірілуі тоқтайды)
7.Жемістің қандай түрлері бар? (шырынды және құрғақ)
8.Құрғақ жемістерді ата.
9.Шырынды жемістерді ата.
10.Өсімдіктің өсуі үшін қажетті жағдайларды? (су,ауа,құнарлы топырақ,жылу,жарық)
II. Мағынаны тану
«Символдар мен көрнекіліктер» стратегиясы
Дәрігер Аурухана Дәрі
(Осы суреттерге қарай отырып, шағын әңгіме құрастырады)
«Миға шабуыл» стратегиясы
Іш ауырса, тіс ауырса,
Апам дәрі береді.
Барлық ана, барлық бала
Оны жақсы көреді.
Мәтінді іштей оқыту
Дәрілік өсімдіктердің атын дәптерге жаздыру.
Мәтінді топпен талдау.
Сөздік жұмысы
Жинайды,кептіреді,өңдейді
Сәйкестендіру тестісі
ШЫРҒАНАҚ суық тигенде шайға салып ішеді
ИТМҰРЫН қайнатпа жасайды
ТАҢҚУРАЙ күйікке және жараға таңады
ШАЙҚУРАЙ жөтелді басатын дәрі алынады
ЖУСАН ас қорытуды жақсартады
ЖОЛЖЕЛКЕН жас сәбилерді суға түсіреді
КИІКОТЫ жараны емдеп жазады
МИЯ қан құрамын түзейді
ЖҰПАРГҮЛ асқазан жарасына ем
Ойтолғаныс
Бес жолды өлең.
Киікоты, жусан, мия.
ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕСТЕ САҚТА!
Гүлшоқтары үшін өсімдіктерді жұлуға болмайды!
Дәрілік өсімдіктерді олар қалың өскен жерден жинау керек!
Орманда, шылғанда, жалпы табиғатта соқпақ жолмен жүр, өсімдіктерді таптама!
Сирек кездесетін дәрілік өсімдіктерді жинауға болмайды!
Жердің байлығы мен сұлулығы адам қолында екенін ұмытпа!