kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сынып жетекшіліріне ?дістемелік к?мек

Нажмите, чтобы узнать подробности

?АЗА?СТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ

?ызылopдa ?aлaсы

 № 178 мектеп психологы

Есенбаева Салтанат Жорабековна

******

 

Сынып жетекшіліріне

?дістемелік к?мек

 

 

БАЛАЛАР МЕН ЖАС?СПІРІМДЕР СУИЦИДКЕ НЕ СЕБЕПТЕН БАРАДЫ?

                Б?л тек адамдар?а ?ана т?н ?рекет. Суицидке баратын адамдар к?бінесе ішкі жан к?йзелісін басынан кешіреді  немесе ?атты стресс жа?дайында болады, сонымен ?атар психикалы? аурулармен, к??іл к?й б?зылыстарымен, ?сіресе депрессиямен зардап шегеді ж?не болаша? ?мір ?ызы?тырмайтын болып келеді.

Статистика:

                Жастар арасында?ы суицид м?селесін зерттегенде аны?тал?аны: т?тастай ал?анда к?п жа?дайларда жас?спірімдер ата-аналарыны?, м??алімдерді? назарын ?з м?селелеріне аудару ма?сатында ?зіне ?зі ?ол ж?мсау?а шешім ?абылдайтыны ж?не осындай келе?сіз т?рде ?лкендерді? сел?осты?ы, пары?сызды?, арсызды? ж?не ?атыгездігіне ?арсылы?тарын білдіреді. М?ндай ?адам?а к?бінесе т?йы?, жаны жаралан?ыш, жал?ызды? сезімнен, ?зіні? керексіздігінен стреске берілгіш ж?не ?мірден т??ілген жас?спірімдер барады. ?иын ?мірлік жа?дайда уа?ытында к?рсетілген психологиялы? к?мек, мейіріммен жасалын?ан ?олдау ?ай?ылы жа?дайдан жас?спірімді аман алып ?ал?ан болар еді.

Жыл мезгілі

                ?зіне-?зі ?ол ж?мсау к?бінесе к?ктемде, я?ни адамны? бас ?ай?ысы таби?атты? г?лденуімен с?йкеспеген мезгілде, болады. ?ысты? к??гір бояуы ?андай да бір шамада ішкі жан д?ниесіні? к?йзелісімен ?йлесімін табады, ал керісінше к?ктемні? шуа?ты к?ндеріне с?йкес келмей ?арама-?айшылы? туындайды.

            Суицид алдында?ы синдром: Суицидтке бару?а ?рекеттенгенін білдіретін кешенді психологиялы? белгілер, я?ни ?за?ты?ы бірнеше минуттан бірнеше апта?а немесе айлар?а дейінгі уа?ытты ?амтитын суицидтік ?ар?ынды мерзім. ?иын жа?даяттарда суицидтік ?рекетке бейімі бар жа?дайда ересек жас?спірімдер мен ?лкендерде жиірек бай?алады.

            ?зіне-?зі ?ол ж?мсау?а о?тал?ан балалар к?бінесе ата-ана назарына ж?не ?ам?орына з?ру, 75% оларды? ата-аналары ажырас?ан немесе б?лек т?рады, к?біне балалар интернаттарда немесе асырап ал?ан ата-аналарымен т?рады.

Суицидке кімдер бейім

Суицидке  к?бінесе келесі топта?ылар бейім:

Алдында суицидке о?тал?андар (ая?талма?ан). Кейбір м?ліметтерге ?ара?анда пайызды? к?рсеткіші 30% ??райды;

Суицидтік ?ор?ытулар, тура немесе жасырын;

?зіне-?зі зиян келтіруге бейімділік ;

Отбасында бол?ан суицид;

Ішімдікке салыну.;

                Ішімдікпен ауыратын адамдарды? суицидке бару т?уекелділігі ?те жо?ары. Б?л ауруды? 25–30% ?зіне-?зі ?ол салушылы??а ?атысы бар; жастар арасында одан да жо?ары – 50%. Ішімдікке салынуды? ?за?ты?ы депрессияны?, ?зіне кін? артуды? ж?не психикалы? б?зылуды? к?шеюіне ?сер етеді, я?ни м?лім бол?анындай, б?л жа?дайлар к?бінесе суицидтке итермелейтіні белгілі.

Есірткіні ж?не токсикалы? (иісті) заттарды ?немі ?олдану. Есірткі мен ішімдік с?йкес т?рде ?ай?ылы жадай?а душар етеді. Олар адамны? ?зін-?зі ба?ылай алу ?абілетін т?мендетеді, депрессияны к?шейтеді немесе тіпті психозды ?оздырады.

Аффектілік б?зылыстар, ?сіресе ауыр депрессия (психопатологиялы? синдром)

Созылмалы немесе ?лімге ?келетін аурулар;

Ауыр ?ай?ы, мысалы ж?байыны? (?ке-шешесіні?) ?айтыс болуы, ?сіресе бірінші жыл ішінде

Отбасы м?селелері: отбасын тастап кету немесе ажырасу, ?оса?ынан айырылу, мас?ара болу, арыны? тапталуы, ая?ы ауыр болып ?алу, жынысты? м?селелер.

            Адамдарды? т?уекел топ ?атарына т?суі бірден суицидке бейімділігін а??артпайды.  ?зіне-?зі ?ол салушылы?ты? ?андай да бір-а? себебі болады деп айта алмаймыз. Сонда да кез-келген суицидті ме?зейтін ишаралар?а аса ма?ыздылы?пен ?арау керек. ?ауіпті белгілерді? тіркесін, егер олар белгілі бір уа?ыт ішінде са?талатын болса, ерекше ?ыра?ылы?пен назарда ?стау керек. К?мек туралы жан ай?ай ?р?ашан да ?ол ?шын соза білетін адамны? жауап ?рекетіне м??таж.

ЖА?ЫНДАП КЕЛІП ?АЛ?АН СУИЦИДТІ ?АЛАЙ А??АРУ?А БОЛАДЫ.

                        Суицидтік ?ауіпті топ

Жастар: ?зара ?арым-?атынас т?рі б?зыл?андар, «жал?ызды??а» ?шыра?андар, к?ш к?рсетуді ?дет ?ыл?ан девиантты? немесе ?ылмысты? ?ылы?тарымен ерекшеленетін ішімдік  немесе есірткі ?олданатындар;

?зін тым ?атты сынау?а алатындар;

Жеке басыны? ?орлан?анын немесе ?ай?ылы жа?дайды басынан ?ткізген жандар;

?мірде алдына ?ой?ан табыстары мен к?ткен жетістіктеріні? с?йкес келмеуінен уайым?а салын?ан жас?спірімдер. «?здік» синдромы

Ауыр нау?астан немесе айналасында?ыларды? сырт айналуынан к?йзелген жандар

                               Эмоционалды? б?зылысты? к?ріністері:

Т?бетті? жо?алуы немесе импульсивті аш?ара?ты?, ?й?ы ?ашу немесе ?й?ышылды?ты? жо?арлауы;

Соматикалы? сыр?аттар?а (ішті? ауруы, басты? ауруы, ?немі шаршау, ?й?ы басуы) жиі ша?ымдану;

?зіні? сырт?ы бейнесіне о?аш ?арау;

Ыл?и жал?ызды?ты, ?ажетсіздікті, кін?лілікті немесе м??аюды сезіну;

Б?рын ?уаныш сыйлайтын ?йреншікті д?ниелерден іш пысуы, жа?тырмау;

Араласудан ?ашу, достарынан, отбасынан ?зін о?шаулау, жал?ызды??а берілу

Зейініні? б?зылуынан орында?ан ж?мыс сапасыны? т?мендеуі

?лім туралы ойлар?а берілу

Болаша??а жоспар жасамау

К?бінесе ?са?-т?йектен ая?асты  туындайтын ашу-ыза?а булы?у

Депрессия

            Суицидке бейімділікті к?рсететін к?птеген сипаттамалар депрессия к?ріністерімен ??сас болып келеді. Оны? негізгі белгісі болып ?мірде б?рын ?уаныш сыйлайтын, ба?ыт ?келетін заттардан л?ззат алу,  с?йсіну сезімдерін басынан кешіру м?мкіндіктерін жо?алту болып табылады.  ?ылы?тары мен к??іл-к?йі ??рдым?а кетеді ж?не тал?амсыз бола бастайды. Психика к?шті сезімдерден айрылады. Адамны? бойын ?мітсіздік, кін?мшілдік, ?зін-?зі сынау ж?не ашуланша?ты? билейді. ?имыл ?рекеті б?се?дейді немесе, керісінше, ша?ым?а, кін?лау?а немесе к?мек с?рау?а толы ?атты, шапша?, тіпті то?таусыз с?йлеуге душар болады. ?й?ыны? б?зылуы немесе тол?ын бейнелі шаршау жа?дайлары жиі болады.  Дірілдеу, ерні кезеру ж?не дем алысыны? жиілеуі сия?ты соматикалы? белгілері пайда болады. Жайдан-жай, еш?андай себепсіз басыны?, б?йіріні? немесе ішіні? ауыр?анын сезінген соматикалы? б?зылыстар пайда болуы м?мкін. Ауру адам ?зіні? ?ажетсіздігіне, к?н?лі екендігіне ж?не пайдасызды?ына иланып, ?мір с?ру т?кке т?р?ысыз деген шешімге келеді.

Суицидтік ?рекетті болдырмау

психологиялы?  ?озу к?шін б?се?дету;

суицидтік ?рекетке итермелеген себепке психологиялы? байлану д?режесін азайту;

?рекетті алмастыру механизмдерін ?алыптастыру;

?мір мен ?лім туралы на?ты, шынайы ?атынас ?алыптастыру

Т?зету

            Стресті ба?ындыра білуді? ?леуметтік білік ж?не да?дыларына ?йрету. Жас?спірімдерге отбасы, мектеп, достары ж?не т.с.с. ?атыстыра отырып, ?леуметтік ?олдау к?рсету. М?селелерді шешуге к?мектесетін ?леуметтік-психологиялы? тренингтер, ?зін ба?алауын к?теретін, ?з т?л?асына шынайы ?атынас, эмпатияны дамытатын топты? психокоррекциялы? саба?тар ?йымдастыру?а болады. Сонымен ?атар ?зін ?стай білу да?дыларын дамыту?а арнал?ан тренингтерге негізделген табыс?а жету мотивациясын жетілдіретін психологиялы? коррекция шаралары да н?тиже беруге тиіс.

К?МЕКТЕСУ ?ШІН НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?

1. Суицидке бару себебін ашатын кілтті табу керек. Суицидтен ??т?ару тек достарыны? ?ам?оры мен ?атысуынан ?ана т?рмайды, сонымен бірге т?нген ?ауіпті? белгілерін тез арада а??ара білуге де байланысты. Сізді? сол ?ауіп туралы білімі?із, а?паратты ме?геруге деген ?мтылысы?ыз біреуді? ?мірін ??т?арып ?алуы м?мкін.

Болатын ?ауіпті? белгілерін ізде?із: ?зіне-?зі ?ол салу?а ?рекеттенген суицидтік ?ор?ытулар, депрессиялар, ж?ріс-т?рысында?ы немесе мінез-??л?ында?ы айыры?ша ?згерістер, сонымен ?атар а?ыр?ы тілек-талаптарын білдіруге ?зірлену. Шарасызды? пен ?міті ?зілгендікті? к?рініс беруін бірден бай?ап,  жал?ызды??а ?шырап, о?шауланып ?ал?ан адам емес пе екенін аны?тау керек.

2. ?ам?орлы? ?арым-?атынас орнаты?ыз. ?зіне-?зі ?ол ж?мсау сия?ты ма?ызды м?селені жан-жа?ты ?арастырып, шеше алатын жауап табу ?иын. Біра? егер сіз ?мірден т??ілген адамды т?сіне біліп, оны? жанын ??ына білуге тырысса?ыз, ?лкен ?адам жаса?аны?ыз. ?рі ?арай?ы жа?дай сізді? ?зара ?арым-?атынасы?ызды? сапасына байланысты болады. Оны тек с?збен ?ана емес, сонымен бірге вербальді емес эмпатиямен де білдіруге болады; м?ндай жа?дайда а?ыл ?йрету емес, ?олдау к?рсете білу тиімдірек болады.  

3. М??ият ты?дай білетін ты?даушы болы?ыз. Суицидке баратын адамдар ?сіресе ?атты о?шаулану сезіміне берілгіш болады. Со?ан байланысты олар сізді? а?ыл-ке?естері?ізді ?абылдау?а ??лы?тары болмайды. Олар к?бінесе ?здеріні? жан жарасын, уайымдарын тал?ылауды ?ажет етеді, я?ни «Менде ?мір с?руге т?рарлы?тай еште?е жо?» деген сия?ты с?здерімен жеткізеді. Егер адам депрессия?а ?шыра?ан болса, онда онымен ??гімелескеннен г?рі о?ан ?зі туралы к?бірек айт?ыз?ан д?рыс болады. Сіз ол адамны? жан жарасын білдіретін с?здерін, мейлі ол уайым, ?ай?ы, кін?, ?ор?ыныш немесе ашу-ыза болсын,  ты?дай білсе?із, о?ан ба?а жетпес к?мек бергені?із. Тіпті кейде жай ?ана ?ндемей онымен бірге отырса?ыз да, б?л сізді? о?ан деген ?ам?орлы? ?атынасы?ызды?, оны? та?дырына нем??райлы ?арамайтыны?ызды? д?лелі бола алады.

4. Алмастыра алатын ?рекеттер ?сыны?ыз. Суицидке бет ал?ан адам?а: «Ойлан, сені? ?лімі? жа?ындары?а ?андай ?ай?ы ?келеді», - деп айт?анша, оны? ойына м?мкін ?лі келе ?ойма?ан бас?а шешім туралы              ойлануды с?ра?ыз.

Суицидті? алдын алуды? ма?ызды міндеттеріні? бірі к?мек беру ?шін психикалы? дискомфортты?  бастауын аны?тау болып табылады. Б?л ?иын болуы м?мкін, ?йткені суицидті? «азы? алатын ортасы» ??пиялылы? екені белгілі. ?зін-?зі ?лтіруге о?тал?ан адамды ?зіні? проблемасын ?зі електен ?ткізіп ж?не оны ?иындатып т?р?ан не екенін на?тыра? аны?тауына итермелеу керек.

5. ?міт ?ялаты?ыз. ?зін-?зі ??рту?а бейім депрессивті адамдармен ж?мыс ау?ымды ж?не жауапты болып табылады. Психотерапевтер олар не айтатынына ж?не не сезетініне назарды ж?мылдыру ?те ??нды болып келетіні туралы т?жырым?а бая?ыда келген. Мазалайтын жасырын ойлар сырт?а шы??анда бас?а т?скен б?ле сондай ?ор?ынышты емес, тіпті шешуге т?рарлы?тай болып к?рінуі ?бден м?мкін. ?андай да бір ?міттену де пайда болады.

6. Жо?ары суицидтік т?уекел жа?дайында адамды жал?ыз ?алдырма?ыз. Кризистік жа?дай шешілгенге шейін немесе к?мек келгенге дейін  оны? жанында барынша ?за? ?алу?а тырысы?ыз немесе біреуге тапсыры?ыз. М?мкін жедел ж?рдем стансасына ?о?ырау шалу керек болар немесе емхана?а хабарласу керек. Есі?ізде болсын, ?олдау к?рсету сізге белгілі бір жауапкершілік артады.

7. Мамандардан к?мек с?ра?ыз. Суицидке баратын адамдарды? к?ру айма?ы тарыл?ан, т?нек бас?ан санада болады. Оларды? санасы к?теруі ?иын проблемаларды шешу жолдарын толы? игеруге м?мкіндік бермейді. Олар алдымен ?олдау табуды ?тінеді. Достары, ?рине, жа?сы ниетпен к?мекке ?мтылуы м?мкін, біра? оларды? білік пен т?жірибесі жеті?кіремейді, одан бас?а олар тым ?серлі эмоционалдылы??а бейім болып келеді.

8. ?ам?орлы? ж?не ?олдау к?рсетуді са?тауды? ма?ыздылы?ы. Егер ?ауіп-?атер айналып ?тіп кеткен жа?дайды? ?зінде мамандар болсын немесе отбасы болсын боса?су?а болмайды. Одан да ?ауіптісі алда болуы м?мкін. Ауру адамны? психикалы? белсенділігіні? жо?арлауын жа?дайыны? жа?сар?аны деп ойлап ?алу?а да болады. Біра? кейде депрессивті адамдар ?зіне-?зі ?ол салу ?арса?ында іс-?рекетке басымен кіріп кетеді. Олар ренжіткен адамдарыны? барлы?ынан кешірім с?райды. Осыны к?ріп, сіз ар?а?ызды ке?ге саласыз ж?не ?ыра?ылы?ты б?се?детіп алуы?ыз м?мкін. Біра? б?л ?ылы?тар барлы?ыны? алдында?ы ?арыздары мен міндеттерінен ??тылып, содан кейін ?зіне ?ол ж?мсау керек деген шешімге келуіні? хабаршысы болуы м?мкін. Шынды?ында, суицидке барушыларды? те? жартысы психологиялы? кризисті? бастал?анынан ?ш айдан кем емес уа?ыттан кейін ?зіне-?з? ?ол салады.

Пайдалан?ан ?дебиеттер

1. Айтмамбетова Б.Р, Бейсенбаева А.А. Жеке адамны? дамуы, т?рбиесі. — Алматы: КазПИ,1991.

2. ?оянбаев Р.М., ?оянбаев Ж.Б. — Ал-маты: Педагогика, 2000

3. Сластенин В.А. и др. Педагогика: уч. пособие. — Москва: Академия, 2004.

4. ?ара??лова З.Ш. "Т?л?аны? суицидтік мінез-??л?ыны? психологиялы? механизмі"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сынып жетекшіліріне ?дістемелік к?мек »

[Әдістемелік КӨМЕК]



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Қызылopдa қaлaсы

178 мектеп психологы

Есенбаева Салтанат Жорабековна

*****************************

Сынып жетекшіліріне

әдістемелік құрал



БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СУИЦИДКЕ НЕ СЕБЕПТЕН БАРАДЫ?

Бұл тек адамдарға ғана тән әрекет. Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады, сонымен қатар психикалық аурулармен, көңіл күй бұзылыстарымен, әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді.

Статистика:

Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: тұтастай алғанда көп жағдайларда жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімнен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді...

Жыл мезгілі

Өзіне-өзі қол жұмсау көбінесе көктемде, яғни адамның бас қайғысы табиғаттың гүлденуімен сәйкеспеген мезгілде, болады. Қыстың күңгір бояуы қандай да бір шамада ішкі жан дүниесінің күйзелісімен үйлесімін табады, ал керісінше көктемнің шуақты күндеріне сәйкес келмей қарама-қайшылық туындайды.

Суицид алдындағы синдром: Суицидтке баруға әрекеттенгенін білдіретін кешенді психологиялық белгілер, яғни ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше аптаға немесе айларға дейінгі уақытты қамтитын суицидтік қарқынды мерзім. Қиын жағдаяттарда суицидтік әрекетке бейімі бар жағдайда ересек жасөспірімдер мен үлкендерде жиірек байқалады.

Өзіне-өзі қол жұмсауға оқталған балалар көбінесе ата-ана назарына және қамқорына зәру, 75% олардың ата-аналары ажырасқан немесе бөлек тұрады, көбіне балалар интернаттарда немесе асырап алған ата-аналарымен тұрады.

Суицидке кімдер бейім

Суицидке көбінесе келесі топтағылар бейім:

Алдында суицидке оқталғандар (аяқталмаған). Кейбір мәліметтерге қарағанда пайыздық көрсеткіші 30% құрайды;

Суицидтік қорқытулар, тура немесе жасырын;

Өзіне-өзі зиян келтіруге бейімділік ;

Отбасында болған суицид;

Ішімдікке салыну.;

Ішімдікпен ауыратын адамдардың суицидке бару тәуекелділігі өте жоғары. Бұл аурудың 25–30% өзіне-өзі қол салушылыққа қатысы бар; жастар арасында одан да жоғары – 50%. Ішімдікке салынудың ұзақтығы депрессияның, өзіне кінә артудың және психикалық бұзылудың күшеюіне әсер етеді, яғни мәлім болғанындай, бұл жағдайлар көбінесе суицидтке итермелейтіні белгілі.

Есірткіні және токсикалық (иісті) заттарды үнемі қолдану. Есірткі мен ішімдік сәйкес түрде қайғылы жадайға душар етеді. Олар адамның өзін-өзі бақылай алу қабілетін төмендетеді, депрессияны күшейтеді немесе тіпті психозды қоздырады.

Аффектілік бұзылыстар, әсіресе ауыр депрессия (психопатологиялық синдром)

Созылмалы немесе өлімге әкелетін аурулар;

Ауыр қайғы, мысалы жұбайының (әке-шешесінің) қайтыс болуы, әсіресе бірінші жыл ішінде

Отбасы мәселелері: отбасын тастап кету немесе ажырасу, қосағынан айырылу, масқара болу, арының тапталуы, аяғы ауыр болып қалу, жыныстық мәселелер.

Адамдардың тәуекел топ қатарына түсуі бірден суицидке бейімділігін аңғартпайды. Өзіне-өзі қол салушылықтың қандай да бір-ақ себебі болады деп айта алмаймыз. Сонда да кез-келген суицидті меңзейтін ишараларға аса маңыздылықпен қарау керек. Қауіпті белгілердің тіркесін, егер олар белгілі бір уақыт ішінде сақталатын болса, ерекше қырағылықпен назарда ұстау керек. Көмек туралы жан айғай әрқашан да қол ұшын соза білетін адамның жауап әрекетіне мұқтаж.


ЖАҚЫНДАП КЕЛІП ҚАЛҒАН СУИЦИДТІ ҚАЛАЙ АҢҒАРУҒА БОЛАДЫ.


Суицидтік қауіпті топ

Жастар: өзара қарым-қатынас түрі бұзылғандар, «жалғыздыққа» ұшырағандар, күш көрсетуді әдет қылған девианттық немесе қылмыстық қылықтарымен ерекшеленетін ішімдік немесе есірткі қолданатындар;

Өзін тым қатты сынауға алатындар;

Жеке басының қорланғанын немесе қайғылы жағдайды басынан өткізген жандар;

Өмірде алдына қойған табыстары мен күткен жетістіктерінің сәйкес келмеуінен уайымға салынған жасөспірімдер. «Үздік» синдромы

Ауыр науқастан немесе айналасындағылардың сырт айналуынан күйзелген жандар

Эмоционалдық бұзылыстың көріністері:

Тәбеттің жоғалуы немесе импульсивті ашқарақтық, ұйқы қашу немесе ұйқышылдықтың жоғарлауы;

Соматикалық сырқаттарға (іштің ауруы, бастың ауруы, үнемі шаршау, ұйқы басуы) жиі шағымдану;

Өзінің сыртқы бейнесіне оғаш қарау;

Ылғи жалғыздықты, қажетсіздікті, кінәлілікті немесе мұңаюды сезіну;

Бұрын қуаныш сыйлайтын үйреншікті дүниелерден іш пысуы, жақтырмау;

Араласудан қашу, достарынан, отбасынан өзін оқшаулау, жалғыздыққа берілу

Зейінінің бұзылуынан орындаған жұмыс сапасының төмендеуі

Өлім туралы ойларға берілу

Болашаққа жоспар жасамау

Көбінесе ұсақ-түйектен аяқасты туындайтын ашу-ызаға булығу




Сыртқы белгілері



бет-бейнесі мұңлы

даусы ақырын бірсарынды

сөзі баяу

қысқа жауап қайыру

жауап қайтармау

шапшаң тоқтамай сөйлеу

дауыс ырғағы өзгерген

бұрқылдау

жылауға бейім

жалпы қозғалысының тежелуі

қозғалыстың қозуы


Эмоционалдық бұзылыстар

іш пысу

мұңаю

уайымшылдық

салы суға кету

түсі суық, қабағы қатыңқы

жауласу

ызақор

бұрқылдап ұрсысу

ызыңдап сөйлеу

айналасындағылармен жағымсыз, өштік қарым-қатынас

айналасындағылардың игілігіне жеккөрушілік сезіммен қарау

өзінің дене бітіміне көңілі толмау

өзіне, айналасындағыларға селқос қатынас

сезімінің жоғалуы

мазасыздану

қорқыныш

бұрынғыны аңсау

шарасыздықтан ашыну

айналасындағы қуанышты оқиғаларға қатулы көңілмен қарау



Психикалық аурулар

депрессия

себепсіз қорқыныш, ішкі қысым және мазасыздануды сипаттайтын невроздар

шизофрения



Өз өмірін бағалау

өзінің өткен өмірін пессимистік бағалау

бұрынғы жағымсыз оқиғаларды таңдап еске түсіру

өзінің қазіргі жағдайын пессимистік бағалау

болашақ жоспардың болмауы



Айналасындағылармен қарым-қатынас


кісікиіктік, араласудан қашу

айналасындағылармен қарым-қатынасқа түсуге ұмтылу, тілектестікті іздеу, дәрігерден көмек іздеп шағымдану

жылауға бейімділік

кінәмшілдік

өзінің азабына эгоцентристік бағытталу


Вегетативтік бұзылыстар


көзінің жасаурауы

қарашығының ұлғаюы

аузы кебу

тахикардия

артерия қысымының жоғарлауы

дем алысының тарылғанын, ауа жетіспеушілікті сезіну

тамағында түйір сезіну

бас аурулары

ұйқысыздық

ұйқыбастық

ұйқы ырғағының бұзылуы

ұйқыны сезінудің жоғалуы

кеудеде ауырлықты, жан ауруын сезіну

іш қату

дене салмағының төмендеуі

дене салмағының ауырлауы

тәбеттің төмендеуі

тамақты дәмсіз сезіну

жыныстық құштарлықтың төмендеуі

етеккірдің бұзылуы

Тәулік ішіндегі жағдайының динамикасы

кешке қарай жақсаруы

кешке қарай құлдырауы

Депрессия

Суицидке бейімділікті көрсететін көптеген сипаттамалар депрессия көріністерімен ұқсас болып келеді. Оның негізгі белгісі болып өмірде бұрын қуаныш сыйлайтын, бақыт әкелетін заттардан ләззат алу, сүйсіну сезімдерін басынан кешіру мүмкіндіктерін жоғалту болып табылады. Қылықтары мен көңіл-күйі құрдымға кетеді және талғамсыз бола бастайды. Психика күшті сезімдерден айрылады. Адамның бойын үмітсіздік, кінәмшілдік, өзін-өзі сынау және ашуланшақтық билейді. Қимыл әрекеті бәсеңдейді немесе, керісінше, шағымға, кінәлауға немесе көмек сұрауға толы қатты, шапшаң, тіпті тоқтаусыз сөйлеуге душар болады. Ұйқының бұзылуы немесе толқын бейнелі шаршау жағдайлары жиі болады. Дірілдеу, ерні кезеру және дем алысының жиілеуі сияқты соматикалық белгілері пайда болады. Жайдан-жай, ешқандай себепсіз басының, бүйірінің немесе ішінің ауырғанын сезінген соматикалық бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Ауру адам өзінің қажетсіздігіне, күнәлі екендігіне және пайдасыздығына иланып, өмір сүру түкке тұрғысыз деген шешімге келеді.

Суицидтік әрекет басқа да психологиялық бұзылыстарда көрінуі мүмкін. Мұндай аурулардың үш негізгі түрі бар. Біріншіден, себепсіз қорқыныш, ішкі қысым немесе мазасыздық сипаттағы невроздар. Неврозбен ауырған адам айналасындағы шындықпен байланыс жоғалтпайды, бірақ онда айналасындағы қоршаған дүниеге деген сенімі жоғалып, барлығынан сезіктеніп, масасыздық билеп алады. Моральдық қалыптың, азат ойдың жетіспеуінен немесе айналасындағылармен қарым-қатынасының қиындығы нәтижесінде қылық сипатындағы немесе тұлғалық түрдегі мәселелер туындайды. Бұл адамдар жан дүниесі бұзылысымен ауырмайды, сонда да өзін кінәлі ретінде сезінбей бейәлеуметтік тұрғыдағы әрекеттер жасауы мүмкін.

Созылмалы депрессия және жалғыздық қауіп тудырады, егер:

бұрын жақсы сезіммен қараған адамдарға өшігу сезімі;

қандай-да бір нәрсеге қызығушылық жоқ;

денсаулығы нашарлап кеткен;

дәрілерге немесе ішімдікке тәуелділікке ұшыраған;

қоғамдағы адамдардай қашқақтау және көбінесе жалғыз қалғанды ұнатады;

өзіне-өзі қол жұмсау ойы мазалайды.


Суицидтік әрекетті болдырмау

психологиялық қозу күшін бәсеңдету;

суицидтік әрекетке итермелеген себепке психологиялық байлану дәрежесін азайту;

әрекетті алмастыру механизмдерін қалыптастыру;

өмір мен өлім туралы нақты, шынайы қатынас қалыптастыру


Түзету


Стресті бағындыра білудің әлеуметтік білік және дағдыларына үйрету. Жасөспірімдерге отбасы, мектеп, достары және т.с.с. қатыстыра отырып, әлеуметтік қолдау көрсету. Мәселелерді шешуге көмектесетін әлеуметтік-психологиялық тренингтер, өзін бағалауын көтеретін, өз тұлғасына шынайы қатынас, эмпатияны дамытатын топтық психокоррекциялық сабақтар ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар өзін ұстай білу дағдыларын дамытуға арналған тренингтерге негізделген табысқа жету мотивациясын жетілдіретін психологиялық коррекция шаралары да нәтиже беруге тиіс.


КӨМЕКТЕСУ ҮШІН НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?


1. Суицидке бару себебін ашатын кілтті табу керек. Суицидтен құтқару тек достарының қамқоры мен қатысуынан ғана тұрмайды, сонымен бірге төнген қауіптің белгілерін тез арада аңғара білуге де байланысты. Сіздің сол қауіп туралы біліміңіз, ақпаратты меңгеруге деген ұмтылысыңыз біреудің өмірін құтқарып қалуы мүмкін.

Болатын қауіптің белгілерін іздеңіз: өзіне-өзі қол салуға әрекеттенген суицидтік қорқытулар, депрессиялар, жүріс-тұрысындағы немесе мінез-құлқындағы айырықша өзгерістер, сонымен қатар ақырғы тілек-талаптарын білдіруге әзірлену. Шарасыздық пен үміті үзілгендіктің көрініс беруін бірден байқап, жалғыздыққа ұшырап, оқшауланып қалған адам емес пе екенін анықтау керек.

2. Қамқорлық қарым-қатынас орнатыңыз. Өзіне-өзі қол жұмсау сияқты маңызды мәселені жан-жақты қарастырып, шеше алатын жауап табу қиын. Бірақ егер сіз өмірден түңілген адамды түсіне біліп, оның жанын ұғына білуге тырыссаңыз, үлкен қадам жасағаныңыз. Әрі қарайғы жағдай сіздің өзара қарым-қатынасыңыздың сапасына байланысты болады. Оны тек сөзбен ғана емес, сонымен бірге вербальді емес эмпатиямен де білдіруге болады; мұндай жағдайда ақыл үйрету емес, қолдау көрсете білу тиімдірек болады.

3. Мұқият тыңдай білетін тыңдаушы болыңыз. Суицидке баратын адамдар әсіресе қатты оқшаулану сезіміне берілгіш болады. Соған байланысты олар сіздің ақыл-кеңестеріңізді қабылдауға құлықтары болмайды. Олар көбінесе өздерінің жан жарасын, уайымдарын талқылауды қажет етеді, яғни «Менде өмір сүруге тұрарлықтай ештеңе жоқ» деген сияқты сөздерімен жеткізеді. Егер адам депрессияға ұшыраған болса, онда онымен әңгімелескеннен гөрі оған өзі туралы көбірек айтқызған дұрыс болады. Сіз ол адамның жан жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза болсын, тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады.

4. Алмастыра алатын әрекеттер ұсыныңыз. Суицидке бет алған адамға: «Ойлан, сенің өлімің жақындарыңа қандай қайғы әкеледі», - деп айтқанша, оның ойына мүмкін әлі келе қоймаған басқа шешім туралы ойлануды сұраңыз.

Суицидтің алдын алудың маңызды міндеттерінің бірі көмек беру үшін психикалық дискомфорттың бастауын анықтау болып табылады. Бұл қиын болуы мүмкін, өйткені суицидтің «азық алатын ортасы» құпиялылық екені белгілі. Өзін-өзі өлтіруге оқталған адамды өзінің проблемасын өзі електен өткізіп және оны қиындатып тұрған не екенін нақтырақ анықтауына итермелеу керек.

5. Үміт ұялатыңыз. Өзін-өзі құртуға бейім депрессивті адамдармен жұмыс ауқымды және жауапты болып табылады. Психотерапевтер олар не айтатынына және не сезетініне назарды жұмылдыру өте құнды болып келетіні туралы тұжырымға баяғыда келген. Мазалайтын жасырын ойлар сыртқа шыққанда басқа түскен бәле сондай қорқынышты емес, тіпті шешуге тұрарлықтай болып көрінуі әбден мүмкін. Қандай да бір үміттену де пайда болады.

6. Жоғары суицидтік тәуекел жағдайында адамды жалғыз қалдырмаңыз. Кризистік жағдай шешілгенге шейін немесе көмек келгенге дейін оның жанында барынша ұзақ қалуға тырысыңыз немесе біреуге тапсырыңыз. Мүмкін жедел жәрдем стансасына қоңырау шалу керек болар немесе емханаға хабарласу керек. Есіңізде болсын, қолдау көрсету сізге белгілі бір жауапкершілік артады.

7. Мамандардан көмек сұраңыз. Суицидке баратын адамдардың көру аймағы тарылған, түнек басқан санада болады. Олардың санасы көтеруі қиын проблемаларды шешу жолдарын толық игеруге мүмкіндік бермейді. Олар алдымен қолдау табуды өтінеді. Достары, әрине, жақсы ниетпен көмекке ұмтылуы мүмкін, бірақ олардың білік пен тәжірибесі жетіңкіремейді, одан басқа олар тым әсерлі эмоционалдылыққа бейім болып келеді.


8. Қамқорлық және қолдау көрсетуді сақтаудың маңыздылығы. Егер қауіп-қатер айналып өтіп кеткен жағдайдың өзінде мамандар болсын немесе отбасы болсын босаңсуға болмайды. Одан да қауіптісі алда болуы мүмкін. Ауру адамның психикалық белсенділігінің жоғарлауын жағдайының жақсарғаны деп ойлап қалуға да болады. Бірақ кейде депрессивті адамдар өзіне-өзі қол салу қарсаңында іс-әрекетке басымен кіріп кетеді. Олар ренжіткен адамдарының барлығынан кешірім сұрайды. Осыны көріп, сіз арқаңызды кеңге саласыз және қырағылықты бәсеңдетіп алуыңыз мүмкін. Бірақ бұл қылықтар барлығының алдындағы қарыздары мен міндеттерінен құтылып, содан кейін өзіне қол жұмсау керек деген шешімге келуінің хабаршысы болуы мүмкін. Шындығында, суицидке барушылардың тең жартысы психологиялық кризистің басталғанынан үш айдан кем емес уақыттан кейін өзіне-өзң қол салады.







Пайдаланған әдебиеттер

1. Айтмамбетова Б.Р, Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы, тәрбиесі. — Алматы: КазПИ,1991.

2. Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б. — Ал-маты: Педагогика, 2000

3. Сластенин В.А. и др. Педагогика: уч. пособие. — Москва: Академия, 2004.

4. Қарақұлова З.Ш. "Тұлғаның суицидтік мінез-құлқының психологиялық механизмі"


БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СУИЦИДКЕ НЕ СЕБЕПТЕН БАРАДЫ?


0



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сынып жетекшіліріне ?дістемелік к?мек

Автор: Есенбаева Салтанат Жорабековна

Дата: 05.04.2015

Номер свидетельства: 197589


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства