Просмотр содержимого документа
«Денсаулық- зор байлық»
Денсаулық -зор байлық
Мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығының, өмір сүру қажеттілігін, басты байлық денсаулық екенін ұғындыру.
Тәрбие сағатты өтудегі мақсатымыз: оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігін, басты байлық денсаулық екендігін ұғындыру. Адамның денсаулығы-қоғам байлығы. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан-2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады.Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында Денсаулық –зор байлық деп аталады.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың жоспары 8бөлімнен тұрады.
1.Әдеби монтаж 5.Жарнама
2.Мақал-мәтелдер 6. Жұмбақ шешу
3.Сұрақ-жауап 7. Карточкамен жұмыс
4.Видеоролик көру 8. Қортындылау
Әдеби монтаж
1. Медет
Шығу үшін шымыр боп
Шынығамыз шаршамай,
Бұлшық еттер шымыр боп,
Аламыз сосын тыныш жай.
2.Әлібек Жалқаулықты тастаймыз
Жаттығуды бастаймыз
Қиынсынып қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз.
3.Назым Денсаулық-ол шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық-ол тыныққан,
Жүйке-тамыр жүйесі
4.Нұрасыл Жақсы бала құлақ сап,
Айтқаныңды ұғады
Төсегінен тұра сап
Жақсы бала ол анық
Тап таза боп жуынып,
Алады өзі жуынып
Істемейді шалалық
5.Әсел. Көз нашарлап қалысқан
Кезде әлде зақымнан
Біреу көрмес алыстан
Біреу көрмес жақыннан
Ондайда адам шаршап тез
Басы ауырып жүреді
Қабілетін сақтап көз
Көзілдірік киеді
6. Исламбек Бірдей емес жұрт барлық
Бірі толық,бірі арық
Байланысты ол талғамға
Қоректенер тағамға
Алуан түрлі азық бар
Ет, май, сүт пен балықтар
Көкөністер жемістер
Витаминдер, жидектер
7.Оралхан. Жазда ықпай ыстықтан
Қыста бұқпай суықтан
Айналысып спортпен
Біз боламыз шыныққан
Денсаулығы мықты жан
8.Алинұр. Ас-адамның арқауы
Деген сөз бар ежелден
Бойға сіңіп тарқауы
Үшін керек ереже
Тамақты ішкін күнде сен
Белгілі бір мезгілде
Таңертең, түсі, түстен соң,
Жатар алды кезінде
Нұрбек Дәрумендер тірегің
А,В,С,Д,Е деп білесің
Жетіспесе бірі оның
Ауырып сен қаласың
А-қажет өзіңе
В-жүйкені тоғайтар
С-дан микроб безінер
Д-сүйекті нығайтар
Үміт. Егер денең қалтырап,
Сүйектерің сырқырап,
Екі көзің жасаурап,
Бас ауырып жөтелсең,
Дәрігерге жедел сен
Көрінгенің жөн болар
Бұл тұмаудың тигені
Жөн оны ерте білгенің
Нұрсұлтан.Жан сезімің-өзіңнің
Көңіл күйің сезімің
Денсаулыққа жағымды
Көңілді шақ, қуаныш,
Сенім, рахат, қуаныш,
Денсаулыққа зиянды:
Ашу, қиял, реніш,
Көңілсіздік, қорқыныш
Дамир: Ауырып ем іздегенше
Ауырмаудың жолын ізде
Күтін, балам, алдыңда өмір сүбелі
Ешбір затпен уламай жас денеңді,
Бағытталған мол қозғалыс керегі.
Ерасыл: Денсаулық ол күлуің
Көңіл күйің жадырай
Денсаулық ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай
Мақал-мәтел
1.Ауру қалса да әдет қалмайды
Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады.
Денсаулық кепілі-тазалық.
Тазалық-саулықнегізі,саулық-байлық негізі
Әлсіз денеге ауру ұялағыш
Жаның сау болса, сорлымын деме
Тәнің сау болса, жарлымын деме
Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады
Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті
Ауыруын жасырған өледі.
Сырқат- тән жарасы, қайғы-жан жарасы
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде
Ауырудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ
Сұрақ-жауап
Тіс тазартатын құралдар(шетка, паста)
Денені шынықтыратын денспаулыққа әсері мол сабақ
Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы)
Адам өміріне ең қажет (ауа,су, жылу, жарық, тамақ)
Тазалық кепілі(денсаулық)
Жарнама
1. оқушы: Айран сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор, себебі оның құрамындағы сүт-табиғи өнім. «Спрайт» сатып ішкенше, осы айранды сатып алып ішуіміз керек.
2.оқушы: Құрт сиырдың сүтінен жасалады. Оның тіске көп пайдасы бар.Ол тісті қатайтады.
3. оқушы: Бұл-«Тазалық» деген сабын. Бұл сабын денедегі әртүрлі микробтарды жояды.
Жұмбақ шешу
1.Одан кір қорқады 3. Жуынып болғанда
Судан бұл қорқады. (сабын) Жүреді қолында (орамал)
2.Дәмі де жоқ, түсіде жоқ 4.Түйістіреді көзіңді көзіңе
Пайдаланбас кісі жоқ (су) Жолықтырады өзіңді өзіңе (айна)
5.Қалтамда жатыр 6.Шықпай жатып көшеге
Тістері бар батыр (тарақ) Үсті басы кірлейді
Бұл баланы кім дейді? (салақ)
Карточкамен жұмыс
1.Денсаулыққа пайдалы күн тәртібін жаса.
2. Қандай ұлттық ойындарды білесің ойынның бір түріне тоқтал.
3. «Денсаулық» себетіндегі жеміс жидектердің пайдасы?