kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Денсаулық-зор байлық

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған дәрумендер» атты ғылыми жобамыз денсаулығына немқұрайлы қарамайтын барша жандарға, сыныптастарыма,  жолдастарыма  және олардың ата- аналарына  арналып құрастырылған. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Денсаулық-зор байлық»

ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ

«№4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ





ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

«Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған дәрумендер»




ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ БАҒЫТЫ:

«Қазақ тілі мен валелогия»




ОРЫНДАУШЫ: 2 «А » СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ТРЯПЕЦИН МАКСИМ


ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

ЕСЕНБЕРЛИНА АЙНҰР ЕРМЕКБАЙҚЫЗЫ

4 ЖББОМ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН

ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ





















ЖҰМЫС ОРЫНДАЛҒАН ЖЫЛ- 2016ЖЫЛ





МАЗМҰНЫ:


Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттерін ашу............................................ 3 бет.


Кіріспе бөлім .............................................................................................4 -5бет.


Негізгі бөлім ..........................................................................................5-6 бет.


Қорытынды бөлім ............................................................................... 7-8 бет.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ................................................................ 9 бет.



































Зерттеу жұмысының өзектілігі:

«Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған дәрумендер» атты ғылыми жобамыз денсаулығына немқұрайлы қарамайтын барша жандарға, сыныптастарыма, жолдастарыма және олардың ата- аналарына арналып құрастырылған. Қазіргі жаңа білім стандарты жоғары, көп мағлұматты қамтиды, бірнеше оқулық соған қосымша берілген жұмыс дәптерлері, факультатив сабақтар осының бәрін игеріп, миымызға тоқып, функционалдығымды барынша жан – жақты өрбітуге, алған білімдерімізді есте сақтап қалуға болатын жолдар көрсетіледі, қарастырылады. Осы сұрақ бізді ғана емес барша оқушыларды мазалайды деген оймен осы тақырыпта ой қозғауды жөн көрдік, баршаларыңызды қатты қызықтырады. Миымызды дұрыс жұмыс істеуге негізделген есте сақтау қабілетін дамытуға арналған дәрумендер жайында мағұлматтар жинақтап, ақпараттарымызды жүйелеп, ғылыми жұмыстар байқауына ұсынып отырмыз. Ғылыми жұмысымыз зертханалық жұмыс, сұхбат жүргізу, баспа сөз беттерінен мақала қарастыру, түрлі кітаптардан мәліметтер оқу барысында тақырыптың табиғатын ашуға негізделе құрастырылған мазмұнды қамтиды. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен, зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге шолу жасаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың мақсаты:

мектептен, ата –анамыздан алған білімін, ақылын, ой-тұжырымдарын мәңгілік есте сақтауға негіздеу. Өз құдіретіне сену, рухани маңыздылығына, алған білімінің мазмұнына, тәрбиелік сипатына ерекше ықыласпен қарауға сезіндіре отырып, сонда ғана жан –жақты тұлға қалыптасатына сенім арттыру.

Жұмыстың міндеттері:

  • күнделікті өміріне жауапкершілікпен қарау;

  • есте сақтау қабілетін арттыруға ықпалы зор дәрумендерді қызметін зерттеп, зерделеу;

  • есте сақтау қабілетін дамытуға арналған дәрумендерді дұрыс қолдануға терең талдау жасау.

  • ата- аналарға бала өміріне дәрумендерді үнемі ұсынып отыруға негіздеу.


Жұмыстың жаңалығы:

Зерттеу барысында есте сақтау қабілетін дамытуға арналған дәрумендердің валелогиялық қызметін жүйелі баяндап, оның маңыздылығы терең талданған, ұсынған.


Жұмыстың әдісі:

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған дәрумендерді атап көрсету, пайдалану жолын дәріптеу, бала өміріндегі дәрумендердің маңыздылығына тоқталу.





КІРІСПЕ БӨЛІМ

Менің атым – Тряпецин Максим. Мен Жезқазған қаласы №4 мектептің 2 «А» сыныбында оқимын. Менің анам - Юля, маған үнемі дәрумендер береді, мен не үшін, олар маған қалай көмектеседі деп ойладым, сыныптастарымнан сауалнама жүргізіп, олардың көбісі қолданбайтынын білдім. Дәріханаға барып пайдасын анықтадым, зертханалық жұмыс жасап дәрумендерді салыстырдым, медбибімен, ата- аналармен сұхбат жүргіздім, дүкеннен жемістер мен көкөністер алып, әжем екеуміз салат дайындадық, сөйтіп барша ата –аналарға, сыныптастарыма тәтті тағамнан, фасфуттан гөрі жемістер мен көкөністер, дәрумендер қолдануға ұсыныс жасадым. Адам баласы 20 минут ішінде естіген ақпараттың 30%-ын, ал жарты сағатта 50%-ын ұмытып қалады екен. Олай болса, есте сақтау қабілетімізді қалай жақсартамыз?

1. Жаттығу

Сөзжұмбақтар, ойша санау, логикалық сұрақтарды шешу, өлеңдерді жаттау, шет тілдерін меңгеру – миды жұмыс істетуге арналған ең тиімді әдістер.

  1. Отан

Отан – асыл анамыз,

Ана сүтін ақтаймыз.

Есейгенде ер болып,

Елді жаудан сақтаймыз.

2. Физикалық белсенділік

Жаяу жүру, жүгіру мен билеу – денені жаттықтырып, есте сақтау қабілетін жақсартатын әдістің бірі.

3. Дауыстап айту

Егер біз телефон нөмірін, мекен жайын немесе біреудің аты-жөнін дауыстап айтсақ, миымыз оны жаттап алады. Бұл жазып алу әдісінен әлдеқайда тезірек жүзеге асатын құбылыс. Сөйлесу – сіздің миға керекті жақсы әрекеттің бірі. Пайдалы, мәнді әңгіменің орны ерекше. Сол себептті сөйлесудің де пайдалы тұстарын яғни, жаңа ақпаратты беру, пайдалану керек.


4. Ұйқы

Жақсы ұйқы – денсаулық кепілі. Ұйқысын қандыратын адамдардың өмірі ұзақ болады. Ұйықтап жатқан кезде ағзамыз босаңсып, демалады. Жасартатын гормондар қызметі тездетіледі. Ұйқысы қанған ағза ақпаратты 2 есе жақсырақ есінде сақтайды.

5. Көзге арналған жаттығу

Егер күнде таңертең 30 секунд бойы көзіңізге жаттығу жасап тұрсаңыз, есте сақтау қабілеті 10%-ға жақсарады. Мұны ғалымдар дәлелдеген.

6. Байланыс

Есте сақтау әдістерінің бірі – фактілерді бір-бірімен байланыстыру (ассоциация). Мысалы, біз әр сабақта бір затты (сөзді) еске сақтап қалу үшін оның немен, кіммен байланысы бар екенін қарастырамыз. Жыл мезгілдері:

  1. Қыс – қар, аяз, суық, Аяз Ата, мереке, демалыс, жаңа жыл, сырғанақ тебу, шана, шаңғы, Ақшақар.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

7.Дәрумендер

Ең пайдалы дәрумен – В дәрумені. В12 дәруменінің (балық, ет, жұмыртқа, құс) жетіспеушілігі есте сақтау қабілетіне кері әсер етеді. Бұл дәрумен жұмыс істеуде көмекші болып келеді. Миды үнемі жұмыс істетіп тұрсаңыз, есте сақтау қабілетіңіз де жақсарады.

8. Дұрыс тамақтану

- Жүзім шырыны – виноградный сок . Күнделікті тамақтану мәзіріне жүзім шырынын қоссақ, есте сақтау қабілетіміз 20%-ға жақсарады.

- Асқабақ дәні – семена тыквы. Асқабақтың құрамында мырыш Е дәрумені бар, ол есте сақтау және ойлау қабілетін жетілдіреді.

- Грек жаңғағы - грецкий орех. Өзге жаңғақтармен салыстырғанда грек жаңғағының құрамында Е дәрумені өте көп. Ал Е дәрумені миыңызды түрлі аурулардан қорғайды. Мысалы, рахит, сары ауру.Асқазан-ішек ауруларын емдейді. Грек жаңғағын тағамға қосып, медицинада пайдаланумен бірге, оның шаруашылықтық та маңызы зор. Жапырағы мен ядросы хош иісті эфир майына, А, В, Р каротин, белоктік заттарға бай, ядро ұясы аскарбин қышқылын (С витамин) бөледі.

-Майлы балық – жирная рыба. Скумбрия, макрель, тунец, сардина секілді балықтарды анда-санда болса да жеп тұруыңыз керек. Бұл балықтардың құрамында кездесетін Омега-3 миыңызды белсенді әрі жас күйінде сақтайды. 

-Көк шай – зеленый чай. Көк шайдың құрамында катехин және тианин антиоксиданттары бар. Олар ми қызметін жақсартады. Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп, сейілтеді.

- Су. Ол – нағыз табиғи сусын. Егер су болмаса, адам миы тез қартаяды. 2011 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша, шөлдеудің нәтижесінде адам миының кішірейетіні анықталды. Сондықтан саналы, дені сау адам тәулігіне ең кемі дегенде 3 литр су ішіп тұруы тиіс.

-Баялды - баклажан. Бәлкім ойламаған шығарсыздар, бірақ бұл тізімде баялды да бар. Өйткені оның құрамында склероз ауруынан құтқаратын антоцианин көп кездеседі. 

- Алма . Алманың қай түрі болмасын есте сақтау қабілетін, имунндық қозғалыш қасиеттерін жақсартады. Олар есте сақтау қабілетін дамытудың үйде жасалатын ең тиімді жолдары болып саналады. Ми жасушаларының байланысын жақсартады, жаңа ақпаратты тез қабылдауға көмектеседі.

"Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде", - деген мақал осындай тағамдарды күнделікті өмірде үнемі қолдансақ біз мақсатымызға жетеміз, ал менің мақсатым осындай мәліметті естеріңізге түсе отыра баланың яғни, біздің және өздеріңіздің денсаулықтарына немқұрайлы қарамауға насихаттау.

ҚОРЫТЫДЫ БӨЛІМ

Жүргізілген зертханалық жұмыстарда біз химия пәнінің мұғалімі Қарашаш Рахимбековнамен алма мен алмұрттың құрамын және пайдасын зеттедік. Онда алма алмұрттан қарағанда пайдасы көп. Алма С, А, В дәрумендеріне бай, иммундық жүйені қоректендіреді, ішкен асты тез қорытуға, тұмауды алдын алуға болады. Ал алмұртта қант 45% құрайды, көп қолдануға болмайды. Көздің жақсы көруіне және шаршағанды басатын алмұрт. Лимонда С дәрумені 57% құрайды. Лимонмен шай ішу пайдалы, тұмаудан сақтайды,тәбетті ашады.

Дәрумендер тірегің,

А В С Д Е деп аласың.

Жетіспесе бірі оның,

Ауырып сен қаласың.

А-қажет көзіңе,

В - жүйкені тоғайтар,

С- дан микроп безінер,

Д -сүйекті нығайтар.

Дәріханадан әжем екеуміз «Пиковит» атты дәруменді сатып алдық. Ол есте сақтау қабілетін жақсартады, А,В, С, Е, Д дәрумендері бар, яғни кешенді дәрумендер қамтылған. Бағасы -1800 теңге, ішінде 30 дәрумені бар, 1 айға жетеді, оны 6 ай қолдану керек сонда 6 айда – 10800 теңге жұмсалады, менің ағзам 2 жылға кешенді дәрумендермен толық қамтылады.

Сұхбат жүргізу барысында мектептің медбикесінен үнемі жемістер мен көкөністерді қолдану қажет екенін білдім. Алма, сәбіз, орамжапырақ,жаңғақ және балықты қолдануға болады екен. Медбике дұрыс тамақтану жайлы да айтып берді.

Әжеммен дүкеннен қызыл алма сатып алдық. Маған сары, жасыл алмадан қарағанда қызыл алма қатты ұнайды. Ол тәтті, тойымды, пайдалы.

Мұғалім екеуміз мектептің кітапханасынан орысша және қазақша кітаптардан жемістер мен көкөністердің пайдасын қарастырдық, аудардық.

Картоп екінші нан, жемістерді ұйқы алдында емес, күндіз қозғалыс кезінде қабылдау қажет. Түстену кезінде міндетті түрде салат болса, тамақтың қорытуына және жеңіл болатынын білдім.

Мен сыныптастарыма сауалнама жүргіздім, олардың қандай жемістер мен көкөністер, дәрумендер қолданатынын анықтадым. Олардың көбісі дәрумендерді қолданбайды екен, мен дәрумендердің пайдасын айтып бердім. Олар енді ғана жемістер мен көкөністерді, дәрумендерді үнемі қолдана бастады. Мен достарыма көмектескеніме қуанамын.Есте ұзақ сақталатын қуаныштарыңыз көп болғай!!! – деген тілекпен біз өз жұмысымызды әділ бағалайды деген үмітпен аяқтаймыз.

Сыныптастарыма сауалнама

  1. Сенің атың кім?

  2. Сен қандай жемістер жақсы көресің?

  3. Қандай көкөністерді қолданасың?

  4. Күнде қандай жеміс пен көкөніс жейсің?

  5. Қандай дәрумендерді қолданасың?

  6. Дәрумендердің бізге қажеті бар ма? (иә, жоқ)


Қосымша 2







Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. kazadebiet.kz

  2. Әбдезұлы Қ. Таным көкжиегі. Алматы, 2009ж.

  3. Елікбаев С. Қазақ әдебиеті. Оқушы анықтамалығы. Алматы, 2005ж.

  4. Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы. Алматы, 2003 ж.

  5. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. Алматы, 2004ж.

  6. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005ж.

  7. Жезқазған қаласы «Ұлытау» ауруханасы.

  8. Жезқазған қаласы «Шаруа» дүкені.







8



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Денсаулық-зор байлық

Автор: Калмаганбетова Алмагуль Нурмухановна

Дата: 15.10.2016

Номер свидетельства: 349514

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Денсаулы? -- зор байлы?"
    ["seo_title"] => string(20) "diensaulykzorbailyk1"
    ["file_id"] => string(6) "290395"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454948927"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Конспект урока на тему "Денсаулық - зор байлық""
    ["seo_title"] => string(46) "konspiekt_uroka_na_tiemu_diensaulyk_zor_bailyk"
    ["file_id"] => string(6) "415723"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494907977"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Внеклассная работа на тему: Денсаулы? - зор байлы? "
    ["seo_title"] => string(49) "vnieklassnaia-rabota-na-tiemu-diensauly-zor-baily"
    ["file_id"] => string(6) "107294"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1403201116"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""Денсаулы? зор байлы?""
    ["seo_title"] => string(19) "diensaulykzorbailyk"
    ["file_id"] => string(6) "273468"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452235689"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "«Денсаулы?-зор байлы?» (т?рбие са?аты)"
    ["seo_title"] => string(39) "diensaulyk-zor-bailyk-t-rbiie-sag-aty-1"
    ["file_id"] => string(6) "254088"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447694635"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства