киіну керек. Ауруды? к?бі суы?тан да болатынын ?мытпа.
Денсаулы?ты? бірі-?орша?ан ортаны жер, су, ауаны таза ?стау. М?ны грек тілінде «экология» дейді. ?орша?ан ортаны атом бомбасымен радияциямен, зиянды ?алды?тармен ?лау адам баласына ?лкен індет, аурулар ?келді. Сонды?тан б?гінге жер бетіндегі адамзат баласы таби?ат тазалы?ы ?шін к?ресуде.
-Сонымен, балалар денсаулы?-тазалы?, ??ыптылы?, д?рыс тама?тану, спортпен айналысу, ерте т?ру, к??іл-к?йді? к?тері?кі болуы. Олай болса «Денсаулы?-зор байлы?» деген ма?алды? м?ні осында жатса керек.
Елбасымызды? халы??а жолда?ан ?р жолдауында хал?ымызды? денсаулы?ына баса назар аударылып, спортты? дамуына к?п к??іл б?ліп отыр?анын білеміз.
Шы?ыста: «Сау дене, азат а?ыл, адал к??іл ?шеуімен ба?ытты болады ?мір» деген на?ыл с?з бар екен. Сол айт?андай дені сау, ??рыш білекті, батыл ж?ректі, салауат-?мір салтын орны?тыру?а дайын ?рпа? болып ?сі?дер.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Денсаулы? - зор байлы? »
Ақсу ауданы Алажиде орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Даданова Динара Сакенқызы
Тәрбие сағаты.
Тақырыбы:Денсаулық-зор байлық.
Сабақтың мақсаты: 1)Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін бағалы байлық екендігін түсіндіру, салауатты өмір сүруге үйрету.
2) Сын тұрғысынан ойлау, дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
3) Денесін шыңдауда шымыр да шапшаң, ұқыпты және жинақы, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, сахналау.
Пәнаралық байланыс: валеология, дүниетану.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сабақтың тақырыбын айқындау.
-Байлық дегеніміз не?
Байлық
табиғат
білім мал
үй машина ақша
М.Дулатовтың «Байлық» әңгімесінен көрініс.
Қорытынды: үлкен байлық-денсаулық.
Дені сау, алып жүректі, қайсар да күшті болу үшін қазақ баласына не қажет?
Денсаулық
Табиғи күш тазалық еңбек дене шынықтыру
Денсаулық деген не?
Өмірдегі ең қымбат алтын емес, адам. Ең қымбаттысы адам болғандықтан оған қажеттісі-денсаулық. Ұлы ғұламалар ие айты екен денсаулық жайынды.
Орта Азияда екінші Аристотель аталған әл-Фараби «Егер тән саламат
болса, онда сол халді сақтау керек, егер дімкәс болса, онда сол кеселді жоюдың тәсілін қолдану керек деген.
Қазақта шешендер көп. Соның бірі Абыз шешен былай деген екен:
Ақ білектің қадірін,
Әл кеткенде білерсің.
Жиырма бестің қадірін
Жас өткенде білерсің.
Отыз тістің қадірін,
Қақсағанда білерсің,
Денсаулықтың қадірін
Ауырғанда білерсің.
Денсаулықтың қадірін білу керек. Ол үшін денсаулықты қалай сақтау керек?
Денсаулықтың достарын білуіміз керек.
Денсаулықтың достары-таза ауа, күннің сәулесі. Денің сау болу үшін таза ауа, күннің шуағы өте керек екендігін ұмытпа.
Адам күш-қуатты тамақтан алады. Денсаулықтың досы болмақ.
Тамақты асықпай дұрыстап шайнап жеу керек. Дұрыс шайналмаған ас асқазанға зиян келтіреді.
«Ауру-астан» дегендей, денсаулыққа шипалы әрі жеңіл астың бірі-сүт
өнімдері. Ол жайында әдет-ғұрып жолдарында былай делінген.
Ақ сиырдың сүтін іш
Ақ сүт берер саған күш
Шым-шым мөлдір суға түс,
Тұмау келсе, қуа түс.
Көрініс: Тіс ауруы мен кәмпит.
Адам еңбегімен қадірлі. Денсаулығың мықты болсын десең еңбек ет.
Барынша көп қимылдап еңбек ету керек.
Денің сау болсын десең, киімдеріңді жылдың төрт мезгілінде лайықты
киіну керек. Аурудың көбі суықтан да болатынын ұмытпа.
Денсаулықтың бірі-қоршаған ортаны жер, су, ауаны таза ұстау. Мұны грек тілінде «экология» дейді. Қоршаған ортаны атом бомбасымен радияциямен, зиянды қалдықтармен ұлау адам баласына үлкен індет, аурулар әкелді. Сондықтан бүгінге жер бетіндегі адамзат баласы табиғат тазалығы үшін күресуде.
-Денсаулымызды не құртады?
-Шылым, арақ, жалқаулық шамадан тыс тамақ ішу, салақтық, үлкеннің тілің алмау.
-Қандай мақал-мәтел білеміз ?
-Сонымен, балалар денсаулық-тазалық, ұқыптылық, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, ерте тұру, көңіл-күйдің көтеріңкі болуы. Олай болса «Денсаулық-зор байлық» деген мақалдың мәні осында жатса керек.
Елбасымыздың халыққа жолдаған әр жолдауында халқымыздың денсаулығына баса назар аударылып, спорттың дамуына көп көңіл бөліп отырғанын білеміз.
Шығыста: «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауат-өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер.