kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Денсаулығым байлығым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жолда жүру ережесін оқыту бағдарламасы: Адамдар тасымалы

Мақсаты:    

 1/  оқушыларға «достық» ұғымын түсіндіру

 2/  ұлы адамдардың достық туралы ұлағатты сөздерін талдау

 3/  адал дос пен айнымалы достықтың айырмашылықтарын анықтау, пікірталас

 4/  оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Түрі:  пікірталас.

                                               Жоспар

1/  «Достық туралы бірер сөз» баяндамасын тыңдау

2/  Әбунасыр әл-Фараби достық туралы

3/  Әйтімбет шешен достық жайында

4/  «Екі дос» аңыз әңгімесін тыңдау

5/  Пікірталас

6/  Қорытындылау

 1.      Достық туралы бірер сөз

                   Достық – ортақ көзқарас пен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда болып, уақыт сынынан өткен үлкен адамгершілікке тән жоғары сезім. Достық адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне жәрдемдеседі. Ол – адамның бір-біріне сөз жүйесінде де, іс жүзінде де адал және шынайы болу, бір-біріне терең сенім, қайғы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық. Достардың мінез, темперамент ерекшеліктері түрліше болып келуі де мүмкін.

       Сатқындық, екіжүзділік, өтірік айту, тәкаппарлық, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Жалқау, менмен, мәдениетсіз, самарқау, салдыр-салақ адамдар бір-бірімен дос болып көгермейді.

       Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі. Бір-бірінің кемшіліктерін айтпау, бір-біріне жөндеп талап қоймай, болмашы істерін дәріптеп сөйлеу-бұл жалған достық.

 2.     Әбунасыр әл-Фараби достық туралы.

       Достықтың екі түрі болады. Оның бірі-адал дос та, екіншісі-айнымалы, алдамшы дос. Адал досқа үнемі зор ілтипатпен қарап, одан айырылып қалмау жағын көздегені дұрыс, адамдар бір-біріне жақсылық, өзара қамқорлық жасауы қажет. Жақсы достың сенімін ақтаған абзал. Осындай достар ащы-тұщыны бірдей татысып, нені болса да бірдей көретін болады. Жалған досқа адам өзінің құпиясын, мінез-құлқындағы кемшіліктерін айта берудің қажеті жоқ.

 3.     Әйтімбет шешен достық жайында

   Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:

-       Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

-       Достықтың екі түрі болады. Бірі-адал достық та, екіншісі  – амал достық, – дейді.

-       Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:

-       Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген.

 4.     «Екі дос»  аңыз әңгімесі

            Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

            Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың көптеген қалың қолы шабуыл жасапты. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

-       Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер малым, мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол – өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, – дейді.

             Қолбасы ойланып отырып оны сынамақ болады да:

-        Жарайды,  мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болды, – дейді.

-       Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

-       Маған сенің көздерің керек, – дейді қолбасы, – екі көзіңді ойып аламын.

-       Ол да болсын, көзімді тезірек ал да досымды босат, – дейді. Жігіт бұл сыннан өтеді.

             Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, соқыр күйінде қуанып, күлімдеп келе жатады.

             Мұны көрген жаудың қолбасы «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады»  деп ой түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген.

5.     Пікірталас.  Жоғарыда айтылған әңгімелерді талдап, оқушылар өз ойларын ортаға салып пікір таластырады.

 6.    Қорытындылау. 

Мұғалім:  Ал енді балалар дос, достық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

                                     /Балалар мақал-мәтелдер айтады/

           Мұғалім:   Құрметті оқушылар мен ұстаздар!  Бүгінгі біздің өткізген  «Дос бола білу де өнер» атты тәрбиелік шарамызды аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын!

Рухани жыныстық тәрбие: Жақсы  және жаман деген не?

  1. . Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам -өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік -адамның рухани арқауы.

-Адамшылық деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не?- деген сұрақтар төңірігінде ой өрбітемін?

Рух-деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істерінің қайнар көзі.

Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн мен түн, ыстық пен суық, жақсы мен жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың-«рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.

Адамның ішінде болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Денсаулығым байлығым»


Тәрбие сағаты 24.11.16

Тақырыбы: «Дос бола білу де өнер»

Рухани жыныстық тәрбие: Жақсы және жаман деген не?

Жолда жүру ережесін оқыту бағдарламасы: Адамдар тасымалы

Мақсаты:    

 1/  оқушыларға «достық» ұғымын түсіндіру

 2/  ұлы адамдардың достық туралы ұлағатты сөздерін талдау

 3/  адал дос пен айнымалы достықтың айырмашылықтарын анықтау, пікірталас

 4/  оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Түрі:  пікірталас.

                                               Жоспар

1/  «Достық туралы бірер сөз» баяндамасын тыңдау

2/  Әбунасыр әл-Фараби достық туралы

3/  Әйтімбет шешен достық жайында

4/  «Екі дос» аңыз әңгімесін тыңдау

5/  Пікірталас

6/  Қорытындылау

 1.      Достық туралы бірер сөз

                   Достық – ортақ көзқарас пен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда болып, уақыт сынынан өткен үлкен адамгершілікке тән жоғары сезім. Достық адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне жәрдемдеседі. Ол – адамның бір-біріне сөз жүйесінде де, іс жүзінде де адал және шынайы болу, бір-біріне терең сенім, қайғы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық. Достардың мінез, темперамент ерекшеліктері түрліше болып келуі де мүмкін.

       Сатқындық, екіжүзділік, өтірік айту, тәкаппарлық, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Жалқау, менмен, мәдениетсіз, самарқау, салдыр-салақ адамдар бір-бірімен дос болып көгермейді.

       Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі. Бір-бірінің кемшіліктерін айтпау, бір-біріне жөндеп талап қоймай, болмашы істерін дәріптеп сөйлеу-бұл жалған достық.

 2.     Әбунасыр әл-Фараби достық туралы.

       Достықтың екі түрі болады. Оның бірі-адал дос та, екіншісі-айнымалы, алдамшы дос. Адал досқа үнемі зор ілтипатпен қарап, одан айырылып қалмау жағын көздегені дұрыс, адамдар бір-біріне жақсылық, өзара қамқорлық жасауы қажет. Жақсы достың сенімін ақтаған абзал. Осындай достар ащы-тұщыны бірдей татысып, нені болса да бірдей көретін болады. Жалған досқа адам өзінің құпиясын, мінез-құлқындағы кемшіліктерін айта берудің қажеті жоқ.

 3.     Әйтімбет шешен достық жайында

   Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:

-       Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

-       Достықтың екі түрі болады. Бірі-адал достық та, екіншісі  – амал достық, – дейді.

-       Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:

-       Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген.

 4.     «Екі дос»  аңыз әңгімесі

            Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

            Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың көптеген қалың қолы шабуыл жасапты. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

-       Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер малым, мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол – өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, – дейді.

             Қолбасы ойланып отырып оны сынамақ болады да:

-        Жарайды,  мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болды, – дейді.

-       Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

-       Маған сенің көздерің керек, – дейді қолбасы, – екі көзіңді ойып аламын.

-       Ол да болсын, көзімді тезірек ал да досымды босат, – дейді. Жігіт бұл сыннан өтеді.

             Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, соқыр күйінде қуанып, күлімдеп келе жатады.

             Мұны көрген жаудың қолбасы «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады»  деп ой түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген.

 

5.     Пікірталас.  Жоғарыда айтылған әңгімелерді талдап, оқушылар өз ойларын ортаға салып пікір таластырады.

 6.    Қорытындылау. 

 

Мұғалім:  Ал енді балалар дос, достық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

                                     /Балалар мақал-мәтелдер айтады/

           Мұғалім:   Құрметті оқушылар мен ұстаздар!  Бүгінгі біздің өткізген  «Дос бола білу де өнер» атты тәрбиелік шарамызды аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын!

Рухани жыныстық тәрбие: Жақсы және жаман деген не?

  1. . Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам -өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік -адамның рухани арқауы.

-Адамшылық деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не?- деген сұрақтар төңірігінде ой өрбітемін?

Рух-деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істерінің қайнар көзі.

Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн мен түн, ыстық пен суық, жақсы мен жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың-«рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.

Адамның ішінде болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

Шәкәрім.

Рухтың мекені-адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат ,ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес,

Жолда жүру ережесін оқыту бағдарламасы: Адамдар тасымалы

Мақсаты: Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін қайталау.Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Көшеде жүру ережесіне байланысты баспадан шыққан таблица, интерактивті тақта

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын жаңа сынып сағатына аудару.

ІІ.Негізгі кезең

Автобуста және троллейбуста жүру ережелерiн бұзу көлiк құралдарының тепкiшектерiнде және басқа да шығып тұрған бөлiктерiнде тұрып жол жүру, қозғалыс кезiнде кiру және шығу, есiктiң ашылуына және жабылуына кедергi жасау, кесiп кететiн заттарды тиiсiнше орамай алып жүру, сондай-ақ салонды және жолаушылардың киiмдерiн былғайтын бұйымдар мен заттарды тасымалдау түрiнде трамвайды, троллейбусты, қалалық және қала маңына қатынайтын автобусты немесе таксидi пайдалану ережелерiн бұзуға болмайды.

Автобуста және троллейбуста жүру кезіндегі жолаушылардың міндеттері.
Автобус пен троллейбусты пайдалану ережелері.
Аялдамаға қозғалыс кезінде және қоғамдық көлік құралынан (автобустан, трамвайдан немесе троллейбустан) түскеннен кейін көшені (жолды) кесіп жүріп өту ережелері. 
Мектеп шағын ауданындағы автобус пен троллейбус аялдамалары. 
Балалармен болған жол-көлік оқиғаларының мысалдары (жол полициясы материалдары бойынша). Олардың туындауы себептерінің талдауы.
ІІІ. Қорытынды. Интерактивті тақтадан автобуста және троллейбуста жүру ережесі көрсетіледі.


























































17.11.16

Сен өз құқығыңды білесің бе?

Жолда жүру ережесін оқыту бағдарламасы: Оқушылар топтарының колоннадағы қозғалыс

Өрт қауіпсіздігін оқыту бағдарламасы: Өрт қауіпсіздігінің эвакуациялық жоспары

Мақсаты:

1.      Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары  жайлы баптардан  түсінік қалыптастыру , құқықтық білімдерін толықтыру.

2.      Адамгершілік , ізгі  қасиеттер  мен ар-ождан бостандығына , адалдық пен мейірімділікке  баулу  арқылы  құқықтық тәрбие беру.

3.      Оқушылардың саяси  саналығы  мен таным  белсенділігін  арттыру, заңдарды  талдай отырып, өз  беттерімен салыстыра  білуге ,  өмірде қолдана білуге  баулу.

Түрі: Сыныптан тыс жұмыс.

Сайыс жоспары: оқушыларды топқа бөлу

1.      Тәртіп орнат «Тікелей сұрақ» әр топқа 7 сұрақ

2.      «Өз құқықтарын білу»

3.      «Жағдаяттық сұрақтар»

4.       «Мұны әрбір оқушы білуі тиіс»

Қанатты сөздер:

«Тәртіпке бас иген құл болмайды» Б.Момышұлы

«Балам бол, басқа бол- бәріңе  заң біреу»

«Тура биде  туған жоқ, туғанды  биде  иман жоқ.»  Ж. Баласұғын.

Сабақ   барысы:Ұйымдастыру-екі топқа бөлінген  оқушылар жеке-жеке отырғызылады, сабақ  мақсатымен таныстырылады.

І топ

ІІ топ

-Құрметті оқушылар және ұстаздар! Мемлекетіміздің Ата Заңының 1 бабында «Қ.Р құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы-адам және  адамның  өмірі, құқытарымен бостандықтары» деген қастерлі  сөздерді енгізген.

      Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір  адамның  өз құқықтарын  жете  біліп, жалпы  заң білімі саласынан мағлұмат  алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура  жолмен  жүріп, еліне  адал қызмет еткен  азамат қана мұратына жетеді. Сондықтанда заңды білу- заман талабы.

І бөлім.  Глоссарий «Тәртіп орнат»

1. Құқық -----------------------------------------А – Еліміздің негізгі заңы.

2. Конституция ---------------------------------Б – Мемлекет басшысы

3. Мемлекет ------------------------------------В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым

4. Азамат -----------------------------------------Г – Тәуелсіздік

5. Құқық бұзушылық -------------------------Д – Заңдар жүйесі

6. Президент ------------------------------------Е – Заң шығарушы орган

7. Парламент ------------------------------------Ж – Заң жүйесін бұзу

8. Егемендік --------------------------------------З – Құқығы бар ел тұрғыны

1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г

Сабағымыздың алғашқы  бөлімі «Тікелей  сұрақтар». Әр топқа заң, құқық тақырыптарына  қатысты 7 сұрақ  қойылады. Әрбір  дұрыс жауап 1 ұпаймен  есептелінеді.

 

І топ слайд

1.      Конституция сөзінің аудармасы қалай?(латынша, «құрылым» «өкілім»)

2.      Қ.Р Мемлекеттік  биліктің бірден бір бастауы? (халық)

3.      Республика заңдары  қай кезде күшіне енеді? (президент қол қойған соң)

4.      Егемендік алғаннан кейін ҚР Конститутциясы қанша рет  қабылданды? ( 2 рет, 1993.28.01.  1995 .30.08)

5.       «Қасым ханның қасқа жолы» қанша  бөлімнен тұрады? (5 бөлім)

6.      ҚР қабылдаған қандай заңдарды білесін?

7.      ҚР тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 ж 16 желтоқсан)

ІІ топ

1.      ҚР Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)

2.      ҚР «Бала құқытары туралы» заң қай жылы  күшіне енді? (2002 ж 8 тамыз)

3.      ҚР валютасы қашан қолданысқа енді. (1993 жыл 15 қараша)

4.      ҚР «Мемлекеттік нышандар туралы» заң  қай жылы қабылданды? (1992 ж 4 маусым)

5.      ҚР «Баланың құқығы туралы » заң  қанша  баптан , қанша  тараудан тұрады? (10 тарау 53 бап)

6.       «Жеті жарғы» қабылдаған қазақ  ханы кім? (Тәуке жан)

7.      Балалар құқықтарының конвекциясы қашан қабылданды? (1998 жыл)

ІІ бөлім. Постер қорғау . Өз құқығынды біл  (Бала құқытары туралы) Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

1.      Баланың азаматтық  құқығы қай кезден кезден  басталады? (бала туған кезінен басталады)

2.      Қай жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «Балар  құқығы туралы» конвекция қабылданды?(1989 жыл 20 қараша)

3.      Неше жасқа  толмаған адам  бала болып есептелінеді? (18)

4.      Әр адамның жеке басының  куәләндыратын  құжат  қандай (төлқұжат)

5.      Адамның дүниеге келуі негізінде жатқан  негізгі ажырамас табиғи құқығы қандай? (өмірсүру құқығы)

6.      «Бала құқытары туралы»  конвекцияға  қосылуға ниет  білдірмей отырған елдер? (АҚШ, Сомали)

7.      Бала неше жастан  бастап қылмыстық  жауапкершілікке тартылады? (16 жастан бастап)

Сергіту сәті

ІІІ бөлім. «Жағдаяттық сұрақтар»  слайд

  1. Сенің  өзіңнің жақын адал досың бар,бірақ  онымен  дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

  2. Сенің  өзіңнің жақын адал досың бар,бірақ  онымен  дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

Жұмбақ слайд

Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,

Ондайлар отаныма өте керек.

Тәуке хан жазған екен заң жинағын,

Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.

(Жеті жарғы)

Мерекең құтты болсын ұстаздарым,

Оқушы, келім – кетті бар достарым.

Тәуелсіздік заңының қабылданған,

Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық.

(1991 жыл)

Еліме білім керек, ғылым керек,

Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.

Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін,

Жазған екен болашаққа көзін тігіп.

(Қазақстан – 2030)

Жақсы ел шығарып заң игілікті,

Депутат заң шығарып билік қыпты.

Парламент палатасы нешеу екен,

Таба алсаң бұл жауапты игі екен.

(екі)

(мақал-мәтелдің жартысын тауып, түсінік беру)

1.     Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)

2.     Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)

3.     Ұрлық түбі ... (қорлық)

4.     Өтірікшінің құрығы ... (бір-ақ тұтам)  

5.     Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)

6.     Тек жүрсең ... (тоқ жүресің)

7.     Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді)

ІV бөлім   Мұны әрбір оқушы білуі тиіс.

І топ    Оқушы құқықтары

ІІ топ   Оқушы міндеттері

  Оқушы жауапкершілігі

 

Жолда жүру ережесін оқыту бағдарламасы: Оқушылар топтарының колоннадағы қозғалыс

Мақсаты: Оқушылар топтарының тротуарда, жол жиегінде, жүргінші өтпесінде қозғалысының тәртібі жайлы әңгімелеу

Көрнекілігі: көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер, бағдаршам, жол белгілері.
Барысы:  

Оқушылардың колоннамен қозғалысының тәртібі. Оқушылар топтарын жалпылама пайдаланылымдағы көлікке отырғызу тәртібі жайлы түсіндіру.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс.

- Қыста ауа райы қандай болады?

- Қарлы, боранды.

- Қыста қандай ойындар ойналады?

- Шаңғы тебу, шанамен сырғанау, коньки тебу т.б

- Бұл ойындар қай жерде ойналуы керек?

- Арнайы жерлерде, көлік жолына қашық жерлерде ойналуы керек.

Біз қалада тұрамыз. Жол ережесі жалпыға бірдей екенін естен шығармауымыз керек. Қазіргі кезде қалада көлік түрлері көп. Сондықтан қысқы ойындарды жолдан қашықтау жерлерде ойнаған дұрыс. Жолға жақын жерде ойнау қауіпсіздеу болады. Әрбір адам жолда жүру ережесін біліп, оны қатаң сақтайтын болса, қауіп азаяр еді.

Бағдаршам көше қиылысында біздің, оқушылардың көшеден өтіп мектепке немесе үйге баруына қол ұшын беріп тұратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға міндет.

Кез келген оқушы жолда жүру ережелерін өте жақсы білуі қажет. Көшеде топтасып жүрудің де өзіндік ережесі бар. «Сақтансаң -сақтаймын» демей ме?

Көшеде ереже талаптарын орындамау – автокөліктердің жүріп – тұруына кедергі келтіреді. Мысалы, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге кешігеді. Фабрика, зауыттарға, дүкендерге заттар мезгілінде апарылмайды. Вокзалдарға, әуе жайларға жолаушылар дер кезінде жете алмауы мүмкін.

Жолда жүру ережелерін бұлжытпай орындау барлығымызға міндет. Бұл ережелер оқушыларға да, үлкендерге де, автокөлік жүргізушілеріне де қатысты. Бәріміз бұлжытпай орындауымыз керек.

- Балалар, сендер де көшеде қалай жүру керектігін білесіңдер ме, қане көрейік. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.

Бірінші сұрақ: Топталып, колоннамен жүру деген не?

Екінші сұрақ: Колоннамен жүргендерге қай жермен жүруге болмайды?

Автокөлікке арналған көшенің ортасымен жүруге тыйым салынады. Ол жермен тек көлікке жүруге рұқсат етіледі.

Үшінші сұрақ: Көшеде жүру тәртібін кім реттейді?

Әрине, бағдаршам. Бағдаршамның қызметі туралы айтатын болсақ, міне, алдарыңда тұрған бағдаршамның қызыл жарығы жанғанда, жүргізуші тоқтап тұрады. Сары жарығы ауысқанда (сары жарықты көрсетеді) жүруге әзірлену керек. Онан кейін жасыл жарығы жанада. Жол ашық жүруге рұқсат!

Жарайсыңдар, әрқашан жолда сақ болыңдар!

Өрт қауіпсіздігін оқыту бағдарламасы: Өрт қауіпсіздігінің эвакуациялық жоспары

Тұрғын үй секторында өрттер жиі болады. Өрттерде адамдар жиі қаза болады. Сондықтан біздің кеңестерімізді тағы да оқыңыздар, керегі болар.
Егер сіз өрт көрсеңіз, әрине, бірден өрт сөндірушілерді шақырыңыз, 01 қызметінің телефонистінің сұрақтарына айқын жауап беріңіз. Қай жерде жанып жатқанын, өзіңіздің телефоныңыздың нөмірін, аты-жөніңізді және қабатты айқын айтыңыз. Басқа сұрақтар қойса да ренжімеңіз (мысалы, неше подъезд, қалай жетуге болады), өрт болған жағдайда қажетсіз сұрақтар қойылмайды. Мүмкіндік болса, өрт сөндіру көліктерің қарсы алыңыз. Осының бәрі артық минуттарды сақтайды.
Егер сіз түтіннің исін сезсеңіз, сым немесе электр құралы жанып жатпағандығын тексеріңіз. Егер түтін подъезден келсе, дереу шаралар қолданыңыз. Не болып жатқанын анықтауға тырысыңыз. Бірақ абайлап қимылдау керек: пәтерден шыққан соң есікті жабыңыз, әйтпесе пәтеріңіз подъездің түтіні шығатын үлкен түтіндік болады және оның ішінде жөндеу жұмыстарын жасамай тұруға болмайды. Ал егер түтін демалуыңызға қауіпті болса, төменге түспеңіз – 01 телефонына қоңырау соғыңыз.



















































































10.11.16

Тәрбие сағаты.

Тәуелсіз ел тұғырлы мекен

Рухани жыныстық тәрбие бағдарламасы: Достық деген не?

Жолда жүру ережесін оқыту бағдарламасы: Ескерту белгілері

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.

Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.

Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының барысы:

Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар.Қазақстан тәуелсіздік алды.

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

Оқушы:16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Оқушы:Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Оқушы: Атыңнан айналайын егемен ел, «Туған ел» суреті

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Оқушы: Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті,бостандықты иеленгендер.

Оқушы: Бостандық құтты болсынерікті ел,

Айдын көл, көк майсалы көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

Ән «Отаным - Қазақстан»

Оқушы: Егемен елімнің ертеңі деп,

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы, білім ал, елің үшін

Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.

Оқушы: Халқымның мақтанышы - алып тұлға. «Бәйтерек» суреті

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.

Оқушы: Ел болдық егеменді, теңдік алып,

Бар әлем қазақ елін болды танып

Қайнауы кенге толы Қазақ елі,

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.

«Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев» суреті.

Оқушы: Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

.



Оқушы: Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республи- касының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

Оқушы: Бұлт баспасын күнімді «Ту» суреті

Тарылмасын өрісім.

Биік ұстау Туымды-

Қасиетті борышым.

Оқушы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астын- да қадықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрвшты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәрі- не нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтер»п ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою - өр негі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.

Оқушы: Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы

Көкке қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

Оқушы: Мен қазақпын, ұланымын қазақтың

Тәуелсізбін, егеменмін азатпын

Көк байрағым тұр көгімде желбіреп

Алатаудай көкке өрлеген азатпен

Оқушы: Бабам тұлпар жаратты «Елтаңба» суреті

Құлынын да танып ақ

Тұлпар барда қанатты

Шайқалмасын шаңырақ.

Оқушы: Тәуелсіздік көркі ол да,

Өрке ниет өрінде

Нұр төгеді Елтаңба

Ақ Орданың төрінде.

Хор «Әнұран» Бәріміз әнұранды айтып берейік.

Оқушы: Бақтың құсы әр адамға қонып бір

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

Оқушы: Көк аспанда нұлы күн

Күлімдейді далама

Бақыт тілеп тұр бүгін

Ол барлық пәк балаға.

«Сөзжұмбақ» шешу.

Оқушы: Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,

Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім

Самғап жүрсек бостандықта, биікте

Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.

Хор «Қазақстан»







Рухани жыныстық тәрбие бағдарламасы: Достық деген не?

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

Жолда жүру ережесін оқыту бағдарламасы: Ескерту белгілері

Сақтандыратын белгілер (орыс. предупреждающие знаки) — Жол белгілері және сигналдары жөніндегі Вена конвенциясы «A» бөліміне сәйкес бұл жол белгілері қозғалыстың қатысушысына алдын-ала қорғанысы үшiн қауiп-қатерге ұшырау мүмкіндігі жоғары қандай болса дағы жолдың бөлiгіне жақындағаны туралы жүргiзушiлерді хабардар етуі немесе ескертету үшін жол аумағының маңына қойылатын белгілер.

Көбінесе үшбұрыш пішінді болады. Фоны — ақ (кейбір елдерде — сары), суреттері — қара. қызыл жиекті. Қауіптер жөнінде жол қозғалысы қатысушыларына ескертеді.































































































15.12.16

25-жыл –Тұғырлы мекеніме!

Мақсаты:Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу.

Өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.

  1. Кіріспе

Тарихқа көз жүгіртсек қазақ –нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп- қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болсын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық..

1-жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар!

Еліміздің егемендік алуы,халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты,бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп,серпін ала келді.Ол – баршамыз бейбіт өмірде,еркіндікті аңсаған ақ ниет,ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі-16 желтоқсан-тәуелсіздік күнімен құттттықтаймыз. Қанша жыл, ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болады. Соның бірі 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі де ауыл-үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғаламат тарихи оқиғалардың бірі.

1-жүргізуші: Шаттық нұры шашылып зеңбіректен

Шуағын күн төгеді енді көктен.

Шылбыр үзді даланың арғымағы

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке

Ақ боз аттың алдынан жанды, үміт те

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,

Қазақстан бет алды мәңгілікке!

Оқушы Алина

М. Шаханов «Төрт ана»

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқалы,

Мазмұны жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Болу керек құдіретті төрт ана

Туған жері-түп қазығы айбыны,

Туған тілі – сарқылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі

Қадамына шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы,

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да

Құдіреті жоқ төрт анаға тең келер,

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсінбеген пенделер.

Тамырсыздың басы қайда қалмаған.

Төрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана-тағдырымның тынысы.

Төрт ана үшін болған күрес –күрестердің ұлысы!

Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған

Жете алмай құрбан болды қанша адам.

Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ ешқашан мойымады,күресе білді.Азаттық таңы туатынына кәміл сенді.Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

Иә,қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті.Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама» қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.

1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.1836-1838жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болды.

1925-23 жылдары Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь»саясатын жүргізді. Елді аштық тығырығына тіреп,негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2-3 жылда малдарынан түгел айырылып,Қазақстанда тұратын 2 млн. қазақ аштықтан қырылды.

:1986 жылдың желтоқсаны.

Атыраудан Алтайға,Сарарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп дүрбелең жайылды.Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл шылбыр салынды.Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды.Бастарына қара бұлт үйірілді.

Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар еліккеннен,еріккеннен шыққан жоқ,алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «арамтамақ» тәртіпсіздікті «ұйымдастырушылар»деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл совет еліне таратылды.Қазақ ұлтшыл халық деген атқа қалды.

Оқушы: Аружан

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.

Оқушы: Жаңгүл

Нашақор деп,ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн.

Оқушы: Гиас

Қақаған қыстың ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн.

Оқушы: Нұрболат

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрке шапқан күн

Аппақ қар қанға боянып

Қып қызыл мұз боп жатқан күн.

Оқушы: Асылжан

Қайғы езіп елдің еңсесін

Жаншыдау жанын батқан күн

Енді қайтып келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн.







Түн, бірақ бұл түн өзгеше еді.Себебі бұл түнде қаланың кез келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып,өлімше халге жеткізді.Осындай қатыгездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар.Халық басына төнген осы бір сәтті от тілді,қайсар ақын Қайрат былай суреттейді:

Жоқтаусыз кетіп барасың!-деп жасқанбай жырлаған Желтоқсанның аққан жұлдызы,жас сұңқар Қайрат Рысқұлбеков ең жоғары ату жазасына іліккендердің бірі.



КСРО Жоғарғы кеңесі Президумының шешімімен 1988 жылдың 28 сәуірдегі Жарлығымен Қ.Рысқұлбековке кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды.Алайда бұл хабар Қайратты қуантқан жоқ.



Ербол, Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды.1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1мин.орнымыздан тұрып үнсіздікпен еске алайық.

Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады

Оқушы: Марина

Далада думан, қалада думан жыр бүгін

Ғасыр бойы аңсап күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым.

Оқушы Бекарыс

Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы , Әнұраны бар.

Әнұранымыздың авторлары:Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,

Н.Назарбаев.

Оқушы: Арайлым

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті.Онда алтын күн бейнесі шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар.

Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі.Күннің нұр шұғыласы- байлық пен берекенің ,тыныштық пен жылылықтың белгісі.

Қыран бүркіт –Тәуелсіздік белгісі.Өрнек-салт дәстүріміздің белгісі.

Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков.

Оқушы: Диас

1991 жыл Тәуелсіздік алған жыл.

Өзіңдікі туың да, от пен ауа, суың да,

Жаса,Қазақстаным!Белді бекем буын да.

Ұраның да жасасын!Құраның да жасасын.

Қанатың қайрылып,қыр арқаңнан майрылып

Егемен тәуелсіздіктен,қала көрме айрылып.

Оқушы: Жанәдәл 1993 жылы 15 қарашада «Ұлыттық валюта» күні деп аталып,алғашқыҚазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалы суреттер басылып шықты.2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.

Оқушы: Есенгелді1995 жылы 30 тамызды Қазақстан Республикасының «Ата заңы» қабылданды.

Оқушы: Нұргелді 1996 жылы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасының 1 сессиясы болып өтті.

Оқушы: Гүлдана1997 жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.



Оқушы: Айдана 1998 жылы 6 мамыр Астана күні. Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы бұрынғы Ақмола қаласына көшті.Бұл күнде Астана жаңа сәулетті,соңғы сәнмен көркейтіп,өсіп келе жатыр.Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналып жатыр.



Оқушы: Аяна 1999 жылы 10 қаңтар ППриздент сайлауы өтті.Қазақстан Республиаксының Призденті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

«Алға ,Қазақстан !» Хормен 3 рет.

Едім менің әні хормен орындалады.

Мұғалім:Міне егемендігімізді алып Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп , небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқына жақсылықпен жетістікке жетелеген ПриздентімізН.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы қазақстан халқына жолдлауы елдің тағамыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жолдауда еліміз жаңа серпіліспен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономикасының өркендетуге сендер де ат салысадыдеп сенемін.

Еліміздің Егемендігі жасай берсін!

Оқушы Асылжан

Туған жерді сүю-парыз

Сүю үшін білу-парыз

Қасиетін ұғу-парыз

Күзетіне тұру-парыз

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар,қонақтар,оқушылар! Бүгінгі «25жыл- Тұғырлы мекеніме» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Денсаулығым байлығым

Автор: Сәрсенбаева Лариса Асқарқызы

Дата: 11.12.2016

Номер свидетельства: 368496

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Денсаулы?ым байлы?ым"
    ["seo_title"] => string(20) "diensaulygymbailygym"
    ["file_id"] => string(6) "304263"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457692952"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Денсаулығым-байлығым. Байлық пен ақыл. Ертегі."
    ["seo_title"] => string(51) "diensaulyg_ym_bailyg_ym_bailyk_pien_ak_yl_iertieghi"
    ["file_id"] => string(6) "469206"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1526104913"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Денсаулығым-байлығым. Байлық пен ақыл. Ертегі."
    ["seo_title"] => string(43) "densaulygym_bailygym_bailyk_pen_akyl_ertegi"
    ["file_id"] => string(6) "533345"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1577125902"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) ""Денсаулығым-байлығым" ашық тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(45) "diensaulyg_ym_bailyg_ym_ashyk_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "457358"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1518606859"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(22) "мериприятие"
    ["seo_title"] => string(14) "mieripriiatiie"
    ["file_id"] => string(6) "368287"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481454518"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства