Сабақ | Әдебиеттік оқу |
Сабақтың түрі | Интербелсенді оқуды ұйымдастыру сабағы |
Сыныбы | 4 «Б» сынып |
Мұғалімі | Онгарбаева Гүлдана Жиреншеқызы |
Тақырыбы | «Қазақстан таулары» А.Сейтақ |
Мақсаты | А. Сейтақтың өмірбаяны және «Қазақстан таулары» өлеңімен танысу. Іздену, талдау, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік жасай отырып, оқу, жазу, өз ойын еркін жеткізу дағдыларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Топта жұмыс жасауға үйренеді. |
Күтілетін нәтиже | 1. А.Сейтақтың өмірбаяны және «Қазақстан таулары» өлеңімен танысады. Қазақстан жеріндегі таулар атауларын, олардың орналасқан аймақтарын біледі. 2. Өз ойын еркін жеткізіп, пікірін қорғай алады. 3. Жұппен, топпен жұмыс жасай біледі |
7 модульдің қолданылуы | «АКТ» “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Ойлан бірік. Бөліс, Серпілген сауалдар, Кері байланыс, Топтастыру. Кластер. «Фишбоун». Критериалды бағалау. |
Қолданылатын ресурстар | Маркерлер, интербелсенді тақта, стикерлер |
Сабақ кезеңдері Уақыты | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Психологиялық дайындық 2 минут | Өлең шумағы арқылы жағымды ахуал туғызу | Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. | Оқушылар орындарында тұрып, барлығы өлең шумағын айтады. |
Ұйымдастыру бөлімі 5 минут | Үстел үстіндегі қима қағаздарды оқушылар таңдап, топқа бөлінеді. Топ ережесін пысықтайды. Топ басшысын сайлайды. Бағалау парақтарымен танысады. | Оқушыларды төрт топқа бөлінетіндей етіп, қима қағаздарды таңдатады. Қима қағаздарда өзен, өсімдік, жануар, тау аттары жазылған. І топ жануарлар аттары: қасқыр, аю, барыс, бұғы, арқар, тауешкі ІІ топ өсімдіктер аттары: қарағай, шетен, шырша, итмұрын, қайың, қарақат ІІІ топ өзен-көл аттары: Ертіс, Есіл, Сырдария, Іле, Жайық, Шу ІҮ топ тау аттары: Алатау, Алтай, Көкшетау, Ұлытау, Қарқаралы, Баянауыл, Оқжетпес Топ ережесін еске түсіртеді. Топ басшысын сайлатады. Бағалау парақтарын түсіндіреді. | Үстел үстіндегі қима қағаздарды таңдайды. Таңдалынған атау бойынша топқа бөлінеді. Оқушылардан төрт топ құрылады. І топ: жануарлар тобы ІІ топ: өсімдіктер тобы ІІІ топ: өзен-көлдер тобы ІҮ топ: таулар тобы Құрылған топтар топтағы ережесін қайталайды. Топта басшыларын таңдайды, сайлайды. Мұғалімнің бағалау парақшасымен танысады. |
Өткенді бекіту 10 минут | Үйге берілген тапсырманы топ бойынша орындайды. Бағалау парақшаларына топ басшысы бағалап отырады. | Әр топқа тапсырмаларды таныстырады. І топ: С.Мұқанов туралы мәлімет береді; ІІ топ: «Есіл» мәтініне жоспар құру; ІІІ топ: Есіл өзенін сипаттап беру; ІҮ топ: Кестемен жұмыс Бағалауды еске түсіріп отырады. | Мұғалімнің берілген тапсырмаларын өзара топтасып орындайды. І топ: топтастыру асоциация құрады; ІІ топ: кітаппен жұмыстанады; ІІІ топ: кластер құрастырады; ІҮ топ: кестені толтырады. Топ басшысы топ мүшелерін бағалап отырады. |
Ой қозғау 2 минут 2 минут 2 минут | Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстырады. «Қазақтың таулары» бейнебаянын көрсету. Сұрақ – жауап арқылы жаңа сабақтың мақсатын шығару. | Балалар, сіздердің топ аттарын атаулары неге байланысты? Біздер қандай бөлімде жүрміз? Тақырыптарымыз неге байланысты? Бүгінгі сабағымыз да туған жерге байланысты болмақ. Ендеше назарымызды мына бейнебаянға назар аударайық. Бейнебаян не туралы болды? Сонда бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ? Бүгінгі сабағымыздың мақсатын шығарайық | Табиғатқа байланысты. «Туған жердің табиғатын аяла!» тарауын өтіп жатырмыз. Туған жерге, табиғатқа байланысты. Әрі қарай тақырыптарымыз да туған жерге, оның табиғатына байланысты болмақ. Бейнебаян көріп, не туралы екенін баяндау, талқылау. Бейнебаян тау туралы. Қазақтың таулары екенін білдік. Бүгінгі сабағымыз Қазақстанның таулары туралы болмақ. Автор туралы мәлімет білеміз; Қазақстанның таулары туралы мәлімет аламыз, топта өзара мәлімет алмасамыз; Өз бетімен топтасып жұмыстанамыз. |
Мағынаны тану 1 минут 1 минут 10 минут | Өлеңнің авторы А.Сейтақ туралы мәлімет беру. Слайд арқылы көрсету. «Қазақстан таулары» өлеңін бейнебаян арқылы тыңдату. Топпен жұмыстанады. Әр топқа өлеңнің шумағындағы тау аттарына сәйкес мәлімет жинайды. Топтық жұмыс. 1) Оқу түрлерін пайдалану. Өлең шумақтарын талдау (шумақ, тармақ, бунақ) 2) Тау туралы мәліметтерді дәптерлеріне түсіреді. 3) Сөздікпен жұмыс; 4) Тауды картада бейнелеу. | А.Сейтақ туралы мәліметті интербелсенді тақта арқылы таныстыралады. Автордың өмірбаянын слайд көрсетіледі. Өлеңді бейнебаян арқылы тыңдату. Әр топтарға тапсырмалар беріледі. Топтасып орындайды. Әр топ екі өлең шумақтан бөліп алып, тау аттарына сәйкес мәліметтерді жинайды. І топ: 1-ші және 2-ші өлең шумағын талдайды; ІІ топ: 3-ші және 4-ші өлең шумағы; ІІІ топ: 5-ші және 6-шы өлең шумағы; ІҮ топ: 7-ші және 8-ші өлең шумағы. Әр топтарға бірдей тапсырмалар беріледі. Әр топ өздерінің тиесілі тау аттарына сәйкес мәлімет жинайды. Өлеңді топта оқыту. Өлең шумақтарын талдату. Тауға байланысты мәліметті дәптерлеріне жазғызу. Сөздікпен жұмыстандыру. Қазақстанның картасынан тауларды орналастырту. | Интербелсенді тақта арқылы А.Сейтақ туралы мәліметін слайд арқылы танысады. Бейнебаянды тыңдау арқылы өлеңмен танысады. Әр топ берілген тапсырманы топтасып орындайды. Әр топ берілген өлең шумақтарына байланысты тау аттарын талдайды. Мұғалімнің бөліп берген өлең шумақтарына байланысты тапсырмаларды орындайды. І топ: Алатау, Алтай; ІІ топ: Ұлытау, Көкшетау; ІІІ топ: Қарқаралы, Қаратау; ІҮ топ: Баянауыл, Оқжетпес. Әр топ өздеріне белігеленген тауға байланысты берілген тапсырмаларды орындайды. Өлең шумақтарын іштей, дауыстап мәнерлеп оқиды. Өлең шумақтарын талдайды. Неше шумақ, тармақ, бунақтан тұратын баяндайды. Берілген рессурстарды пайдаланып мәліметтерді дәптерлеріне жазады. Сөздікпен жұмыс жүргізіледі. Қазақстанның картасымен жұмыстанады. |
Сергіту сәті 1 минут | «Таудағы жаңбыр» тренингі | Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.Алдыңызда тұрған адамның арқасынан ақырын ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.Кенет, боран басталды — енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай ақырын ұрамыз.Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. | Оқушылар мұғалімнің айтуымен қимыл іс әрекеттерді орындап сергіп алады. |
Үй тапсырмасы | Үй тапсырмасын беру Күнделіктеріне жаздыру. | Өлеңді мәнерлеп оқу. Тау туралы сұрақтар дайындап келу. | Өлеңді мәнерлеп оқып келеді. «Қар үйіндісі» әдісі арқылы тауға байланысты бір біріне сұрақтар дайындап келеді. |
Ой толғаныс 3 минут 3 минут 2 минут | «Фишбоун» (балық қаңқасы) әдісі арқылы оқушылардың ойларын анықтау. Бағалау. Рефлексия «Тау шыңы». Сабақтан алған ойларымен бөлісіп, қойылған мақсаттарды орындап қандай нәтижеге жеткенін талдау. | «Балық қаңқасы» әдісін арқылы сұрақтар қою. Проблема: Тау туризмі Себептері: дамыту себебі неде? Дәлелдері: не үшін қажет? Қорытынды: пайдасы қандай? Топ басшысын бағалауды сұрау. Сабақтың басында қойылған мақсаттың қаншалықты орындалғаны, нәтижесін анықтайды. «Тау шыңы» арқылы кері байланыс жүргізіледі. | Мұғалімнің берген тапсырмасын «Балық қаңқасына» салу арқылы орындайды. Проблема: Тау туризмі Себептері: Бизнес көзі Дәлелдері: Спорт түрі, демалыс орындарын ашу Қорытынды: Салауатты өмір салты, ел экономикасын дамыту, әлемге таныту. Топ басшысы топ мүшелерінің бағаларымен таныстырады. Ойларымен бөліседі. «Тау шыңына» шығу арқылы сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. Нәтижеге қалай қол жеткізгенін талдайды. |
Рубрика | Критерийлер | Дискрипторлар | ұпай | Оқушының аты - жөні |
Мәлімет беру | Өткен сабақ туралы білімі /3/ | Үй тапсырмасынан түсінігі бар, топтастыруда қолдана алады, белсенділігі жоғары Үй тапсырмасынан түсінігі бар, топтастыруда қолдана алады, белсенділік жетіспеді Үй тапсырмасынан түсінігі аз, өзгелердің көмегіне сүйеніп топтастыра алды Үй тапсырмасынан мүлдем түсінігі жоқ | 3 2 1 0 | |
Ой қозғау | Мұғалімнің сұрақтарына жауап беруі /3/ | Сұрақтарға жауап берді, мақсатты шығаруға қатысты, бейнебаянды талдай алды Сұрақтарға жауап берді, мақсатты шығаруға қатысты, бейнебаянды талдамады Сұрақтарға жауап берді, мақсатты шығаруға қатыспады, бейнебаянды талдамады Сұрақтарға жауап бермеді, мақсатты шығару қатыспады, бейнебаянды талдамады | 3 2 1 0 | |
Өлең шумағын талдау | Өлең шумағын талдай білуі /3/ | Өлеңді оқыды, шумақ, тармақ, бунақтарын біледі Өлеңді оқыды, шумақты, тармақты біледі, бунақтарын таппады Өлеңді оқыды, шумақ, тармақ, бунақты айыра алмады. Өлеңді оқымады, шумақ, тармақ, бунақтарды таппады | 3 2 1 0 | |
Кластер құру | Тау туралы мәліметті білуі, ресурстарды тиімді пайдалануы /3/ | Тау туралы мәліметті анықтады, өсімдік, жануарлардың түрлерін біледі, картада орналастыра алды, топтасып жұмыстанды Тау туралы мәліметті анықтады, өсімдік, жануарлардың түрлерін біледі, картада орналастыра алмады, топтасып жұмыстанды Тау туралы мәліметті анықтады, өсімдік, жануарлардың түрлерін білмеді, картада орналастыра алмады, топтасып жұмыстанбады Тау туралы мәліметті анықтамады, өсімдік, жануарлардың түрлерін білмеді, картада орналастыра алмады, топта жұмыстанбады | 3 2 1 0 | |
Сөздікпен, кітаппен жұмыс | Кітаптағы өлеңмен танысуы, сөздікпен жұмыстануы /2/ | Өлең шумағын оқыды, сөздікпен жұмыстанды Өлең шумағын оқыды, сөздікпен жұмыстанбады Өлең шумағын оқымады, сөздікпен жұмыстанбады | 2 1 0 | |
«Фишбоун» | Сұрақты түсінуі, проблеманы анықтап, қорытынды жасауы /3/ | Сұрақтың мазмұнын, идеясын түсінген, проблеманы, себебін, дәлелін анықтап, қорытынды жасай алады Сұрақтың мазмұнын, идеясын түсінген, проблеманы, себебін, дәлелін анықтап, бірақ қорытынды жасай алмады Сұрақтың мазмұнын, идеясын түсінген, бірақ проблеманы, себебін, дәлелін анықтап, қорытынды жасай алмады Тапсырманы орындай алмады | 3 2 1 0 | |
10 -15 ұпай – «5» 6 - 9 ұпай - «4» 2 – 5 ұпай - «3» 0 - 1 ұпай - «2» Қорытынды ұпай | | |
Баға | | |
| І. ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ САПАСЫ |
№ | Параметр | 0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Мұғалім сабақтың басында оқушыларды жұмысқа ынталандыру үшін диалог құрады | | | | | | | | | | |
2 | Мұғалім сабақтың әр кезеңінде оқушыларға сұрақ қойып, жауап алады | | | | | | | | | | |
3 | Мұғалім дилогқа балалардың басым бөлігін қатыстырады | | | | | | | | | | |
4 | Диалогтардағы сұрақтардың қойылу сапасы | | | | | | | | | | |
| ІІ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА (КОЛЛАБОРАТИВТІ) ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫ |
1 | Оқытудың диалогтік және топтық формаларын қолдану мөлшері (тең дәрежеде қолдануы) (рационалды) | | | | | | | | | | |
2 | Міндеттерді белгілеу мен топтық тапсырмаларды дайындау сапасы | | | | | | | | | | |
3 | Топтағы жұмысты ұйымдастыру сапасы | | | | | | | | | | |
4 | Оқушылардың топтық жұмысын бағалау критерийлерінің сапасы | | | | | | | | | | |
| ІІІ. СЫНЫПТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНКЛЮЗИВТІ, ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІН ЕСЕПКЕ АЛА ОҚЫТУ |
1 | Оқушылармен вербалды байланыс стилі олардың жас ерекшелігіне сәйкес келеді | | | | | | | | | | |
2 | Сабақтың жүргізілу жылдамдығы оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келеді | | | | | | | | | | |
3 | Жұмыс түрлері оқушыларды түгел тартуға көзделген | | | | | | | | | | |
| ІҮ. САБАҚТА АКТ-ны НӘТИЖЕЛІ ҚОЛДАНУ |
1 | Интерактивтік тақта мүмкіндіктерін қолдану | | | | | | | | | | |
2 | Web-кеңістігі ресурстарын қолдану | | | | | | | | | | |
3 | Жеке шағын-құрылғылар (смартфондар) мүмкіндіктерін қолдану | | | | | | | | | | |
4 | Қашықтықта орындайтын (интернет порталы, скайп, т.б.) жұмыс түрлерін қолдану | | | | | | | | | | |
5 | Тестілеу бағдарамаларын қолдану | | | | | | | | | | |
| Ү. ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ЖЕТІЛДІРУ |
1 | Сұрақтарды қоя білу қабілеті | | | | | | | | | | |
2 | Сабақтың өн бойына оқу материалы бойынша сыни ой қорытуына ынталандыру | | | | | | | | | | |
3 | Оқушыларды сыни ойлауға ынталандыру техникаларын меңгеруі | | | | | | | | | | |
| ҮІ. ОҚУШЫЛАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ МЕН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ (ФОРМАТИВТІ) БАҒАЛАУ |
1 | Мұғалім оқушыны ауызша қалыптастырушы (формативті) бағалау дағдысын меңгерген | | | | | | | | | | |
2 | Мұғалім символдар мен құралдар көмегімен формативті бағалау дағдысын меңгерген | | | | | | | | | | |
3 | Мұғалім формативті бағалау арқылы уәж қалыптастыруға әсер етеді | | | | | | | | | | |
4 | Мұғалім ынталандыру үшін әлеуметтік факторларды қолданады | | | | | | | | | | |
5 | Мұғалім ынталандыру үшін жеке және тұлғалық факторларды қолданады | | | | | | | | | | |
6 | Мұғалім ынталандыру үшін аффективті факторларды қолданады | | | | | | | | | | |
| ҮІІ. МЕТАТАНЫМ МЕН РЕФЛЕКСИЯ ЖАСАУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ҚАЛАЙ ОҚУ КЕРЕКТІГІН ҮЙРЕТУ |
1 | Мұғалім жұмысты өзін-өзі ұйымдастыруға үйретеді | | | | | | | | | | |
2 | Мұғалім тапсырмаларды орындауға арналған уақытты бөлуді үйретеді | | | | | | | | | | |
3 | Мұғалім зейін мен жадыны дамытуды үйретеді | | | | | | | | | | |
4 | Мұғалім ақпаратты қалай іздеу керектігін үйретеді | | | | | | | | | | |
5 | Мұғалім мәтінмен жұмыс жасауға үйретеді | | | | | | | | | | |
6 | Мұғалім талдау мен сараптау дағдыларын қалыптастырады | | | | | | | | | | |
7 | Мұғалім білімді тікелей өмірден алуға үйретеді | | | | | | | | | | |
8 | Мұғалім ақпарат пен білімді топта сыныптастарымен өзара байланыста алуға үйретеді | | | | | | | | | | |
9 | Мұғалім ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауды үйретеді | | | | | | | | | | |
10 | Мұғалім анықтамалық және сөздіктермен жұмыс жасауды үйретеді | | | | | | | | | | |
11 | Мұғалім ғаламтордан білім алуды үйретеді | | | | | | | | | | |
12 | Мұғалім ақпараттың шынайылығын анықтауды үйретеді | | | | | | | | | | |
13 | Мұғалім оқу процесіне қатысты рефлексия жасауға үйретеді | | | | | | | | | | |
14 | Мұғалім оқу мақсаттарына қатысты рефлексиялауды үйретеді | | | | | | | | | | |
15 | Мұғалім оқу жұмыстарының сапасына орай рефлексиялауды үйретеді | | | | | | | | | | |
16 | Мұғалім өз эмоцияларын басқаруды үйретеді | | | | | | | | | | |
| ҮІІІ. ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ |
1 | Орта мерзімді жоспарлау техникасын меңгеруі | | | | | | | | | | |
2 | Барлық кәсіби мақсаттарды жүзеге асырады (Деңгейлік бағдарламалар модульдері шеңберінде) | | | | | | | | | | |
| Қорытынды баға: |