kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?дебиеттік о?у п?нінен ашы? саба? жоспары"Б?лб?л мен то?ылда?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?дебиеттік о?у п?нінен "Б?лб?л мен то?ылда?" та?ырыбында ?р т?рлі ?діс-т?сіілдерді пайдалана отырып ?ткізілген саба? жоспары берілген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?дебиеттік о?у п?нінен ашы? саба? жоспары"Б?лб?л мен то?ылда?"»

Күні: 04.05.2016

Сыныбы: 2 «Б»

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ш. Смаханұлы Бұлбұл мен тоқылдақ (мысал)
Мақсаты:

а) білімділік: Мысалдағы негізгі ойды ұғындыру. Бұлбұл мен тоқылдақ туралы мағлұмат беру. Топпен жұмыс жүргізуге, оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.
ә) дамытушылық: Оқушылардың өз ойын ашық айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге, ізденімпаздыққа баулу. Шығармашылық қабілеттерін, ой - өрістерін, тіл байлықтарын дамыту.
б) тәрбиелік: Жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, жаман қылықтардан аулақ болуға, еңбексүйгіштікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: жеке, жұптық, топтық, ой қозғау, салыстыру.

Керекті жабдықтар: Б.Т.Қабатай,С.Р.Рахметова . 2-сынып, 2013 «Атамұра»,интерактивті тақта, үнтаспа,презентация,құстардың суреттері, қарындаш, түрлі-түсті бояулар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, мен бүгін сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Барлығыңды "Шаттық шеңберіне" шақырамын. Бір-бірімізді көргенімізге қуанышты екенімізді көрсете отырып, амандасайық, жылулық сыйлайық.

Сәттілік біздер тілейік

Мен саған,сен маған

Күндей күліп жүрейік,

Күннің нұрын төгейік

Мен саған,сен маған.


ІІ. Өткен тақырыпты бекіту.

«Фасоль салынған қапшық» әдісі арқылы:

- Біз қандай тараумен танысып жатырмыз?

- Жамбыл Жабаев кім?

- Оның қандай шығармасымен таныстық?

- «Дельфин» әңгімесінің авторы кім?

- Әңгімеден дельфин туралы не білдің?

- Дельфин неліктен «Пингвин» атты кемеге жақындамай қойды?


Мозайка құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді (тоқылдақ, бұлбұл, жауынқұрт)

Топтың ережесін шығару:

- Бір-бірін тыңдау.

- Бірлесіп жұмыс істеу.

- Әділ бағалау.


ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту
Құстардың даусын тыңдау.
- Балалар құстардың қандай даусы естіледі?
- Қай құстардың даусы ұнайды?

2. Ой қозғау.
І топ:

Алғашқы түбір сөз –

Аспаннан тұрған сорғалап,

Екінші түбір сөз-

Сүт тағамы домалақ.

Екеуін қосып оқысаң,

Жәндік жүрер жорғалап. (жауынқұрт)


ІІ топ:

Орманда жоғары Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға етіп,

Тоқ-тоқ соғады. (тоқылдақ)

ІІІ топ:

Орманда сайрайды,

Сайраудан талмайды. (бұлбұл)

Әр топ өздері құрастырған сурет туралы мәлімет береді.

(бұлбұл мен тоқылдақ туралы қосымша мәлімет беру).

«Болжау» Екеуінің арасында қандай әңгіме болуы мүмкін?

(сабақтың мақсатын хабарлау)

- Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бұлбұл мен тоқылдақ» деп аталады. Авторы Ш. Смаханұлы (авторға тоқталу )
- Мысал деген не?

Мысал – адамның жағымсыз қасиеттерін, мінез-құлқын жан-жануарлардың іс-әрекеттері арқылы суреттеп жазған шығарма түрі.

- Балалар, біз қандай мысалдармен таныс едік?

- Мысалда не туралы айтылады екен?

Жауын құрты – дождевой червь – Earthworm

Тоқылдақ – дятел – woodpecker

Бұлбұл – соловей – Nightingale






Дәптермен жұмыс.

3. Мағынаны тану.
а) Оқулықпен жұмыс
1. Мұғалімнің оқуы.
2. Оқушылардың іштей оқуы.
3. Сұрақтармен жұмыс:

- Мысалда қандай кейіпкерлер бар?

- Бұлбұл тоқылдаққа қандай кінә тақты?

- Тоқылдақ не деп жауап берді?

- Мысалдан не түсіндік?

- Бұлбұлдың тоқылдаққа таққан кінәсі жөнінде не деп ойлайсың?

- Сен тоқылдақтың орнында болсаң не істер едің?


Сергіту сәті
«Тоқылдақ» әні.


4. Ой толғаныс (топтық жұмыс)

Шығармашылық жұмыс:
а) 1 - топ: Рөлге бөліп оқу (әртістер)
2 - топ: Бұлбұл мен тоқылдақтың суретін салу (суретшілер)
3 - топ: Өлең ұйқасын табу (ақындар)

Жұптық жұмыс:

1-жұп: Бұлбұл мен тоқылдаққа мінездеме беру.

2-жұп: семантикалық картамен жұмыс

3-жұп: Бұлбұлға қандай адамдарды теңейміз? Өмірде осындай адамдар бар ма?

4-жұп: Тоқылдақты қандай адамдарға теңейміз? Өмірде осындай адамдар бар ма?

5-жұп: Тоқылдақ ағашты құрттан қорғайды екен. Ал сендер ағашты қалай қорғап жүрсіңдер?

6-жұп: Құстар туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер? Мағынасын ашыңдар.


ІV Қорытынды.
V Бағалау
VI Үйге тапсырма:
1. Бұлбұл мен тоқылдақ мысалын оқып, мазмұндау.
2. Бұлбұл мен тоқылдақтың суреттерін өз қалауларынша салып келу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
?дебиеттік о?у п?нінен ашы? саба? жоспары"Б?лб?л мен то?ылда?"

Автор: Т?леген Г?лн?р Майдан?ызы

Дата: 10.05.2016

Номер свидетельства: 325199


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства