kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сынып м??алімі Каримова Орунтай Хабибулиновнаны? ?дебиеттік о?у п?нінен ашы? саба? жоспары: "?йтеке би" (3 сынып)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: Білімдік: о?ушылар?а ?йтеке би туралы ма?л?мат беру,тарихта,?дебиетте ?алдыр?ан ?негелі іздері туралы айту.

Дамытушылы?:о?ушыларды? шы?армашылы? ізденістерін ?алыптастыру,с?йлеу,жазу ?рекетін дамыту,с?здік ?орын байыту.

Т?рбиелік:?ле? ар?ылы адалды??а,?ділеттілікке,е?бек?орлы??а,?лы т?л?аларды ?здеріне ?лгі-?неге т?ту?а,?лтжандылы??а т?рбиелеу.

Саба?ты? к?рнекілігі:?ш биді? портреттері,дидакти?алы? карточкалар,с?зж?мба?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып м??алімі Каримова Орунтай Хабибулиновнаны? ?дебиеттік о?у п?нінен ашы? саба? жоспары: "?йтеке би" (3 сынып)»

Сабақтың тақырыбы: Әйтеке би.(3 сынып)

О.Х.Каримова

Сабақтың мақсаты: Білімдік: оқушыларға Әйтеке би туралы мағлұмат беру,тарихта,әдебиетте қалдырған өнегелі іздері туралы айту.

Дамытушылық:оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыру,сөйлеу,жазу әрекетін дамыту,сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік:өлең арқылы адалдыққа,әділеттілікке,еңбекқорлыққа,ұлы тұлғаларды өздеріне үлгі-өнеге тұтуға,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Үш бидің портреттері,дидактиқалық карточкалар,сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу

Үлкендерге де Сіз, Сәлем бердік сіздерге,

Кішіге де Сіз. Құрметпен біз.

Әліппе ойыны ұйымдастырылады.

Оқушылар ішінен әліпбиді айтып отырады,мұғалім тоқтатқан кезде тоқтайды, әріпті айтады.Сол әріптерді әліпби ретімен орналастырып,оқушылардың номерлері анықталады.Номерлар арқылы сабақта өтетін ойының атауы шығады.(Зерде)

ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

- Бүгінгі сабағымызды белгілі ойын арқылы өткіземіз. Бұл бастауыш сынып оқушыларына арналған ойыны - «Зерде».

Ойын 5 кезеңнен тұрады.

1.Білгенге маржан.

2. Сөзжұмбақ.

3. Эссе жазу.

4. Құрастырма сурет.

5. «Бағдаршам сыры»


Әр кезеңде оқушылар тапсырмалар орындайды,ұпайлар жинайды.Сендер әрқайсысын өздеріне жақсы ұпайларды жинауға тырысасыңдар. Дұрыс жауап берген оқушылар, ұпай жинастырады. Ұпайларды кесте бойынша белгілейміз.

Ескерту: Балалар, ойын шартын бұзбайық, кедерге жасамайық,

әдепті болып, тәртіпті сақтайық.

-Ал кәнеки ,ойынды бастамас бұрын ұранымызды бірге оқып шығайық:

Мақсатымыз білім алу,

Міндетіміз еңбектену.

Еңбектену арқылы,

«5»-ке қолды жеткізу.

Сабақтың барысы:1.Білгенге -маржан.(Үй тапсырманы тексеру)

Сендердің алдарыңызда 5 кітап ілілу тұр. Әр кітаптың екінші жағында сұрақ беріліп тұр,сендер әрқайсысын бір оқулықты таңдап, сұраққа жауап бересіңдер. Тәртіпті сақтап, белгі беретін карточкаларды көтеру.

1) Шешендік сөз деген не?

2)Төле би қай жүздің биі болған?

3)Орта жүздің атақты биі кім?

4)«Жеті жарғыны» құрастыруға қатысқан атақты жеті

бидің бірі кім?

5)Сақ,ғұн дегенді қалай түсінесің?

Сендердің ұпайларыңды белгілейік.

2.кезеңі. Сөзжұмбақ

Сөзжұмбақты шешу кезіңде тәртіпті сақтақ, белгі беретін

карточкаларды көтеру.Ал, балалар, сендер дайын болсаңдар ,

бастайық.

Уақыт шектеулі-1минут.




1.Домалап кетеді,қайта домалап жетеді.(Доп)

2.Қазақстанның бас қаласы.(Астана)

3.Ертеде қазақ жерін мекендеген тайпалардың бірі?(ғұн)

4.Көлдің көркі,сәні екен, Ақындар оны мақтаған.

Ұшқанда сазды ән еккен. Адамдар қорғап сақтаған.(аққу)

5.Бар білімнің бастауы қандай оқулықты айтады?(әліппе)

6. Әкеге қарап ұл өсер,

Шешеге қарап ...өсер.

7. Ел ішінде оны Қаздауысты би деп атаған.(Қазыбек)

Сөзжұмбақты шештік,ұпайларға қорытынды жасайық.



Жаңа сабақ «Ұлт мақтанышы»

Халық даналығына өлең,жыр,жұмбақ мақал-мәтелдер, ертегілер арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады.Оларда халқымыздың ежелгі ерлігі мен еңбегі, ақылы мен арманы, тұрмысы мен салты бейнеленген.

Балалар, өте ақылды,ақылы асқан адамды дана адам дейді. Дана адам барлық істі ақылмен шешеді,ойланып барып әрекет етеді.Ұстамды, өте сабырлы болады. Өйткені ашуын ақылмен жеңеді. Айтар ойын шұбыртпай қысқа да нұсқа,дәл айтады.

Бүгінгі тақырыбымыз қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қоскан атақты үш бидің бірі - Әйтеке би(1689-1766жж.)

Суреттермен жұмыс. Оқушыларға үш билердің суреттерін көрсетіп, таңыстыру.

Астана қаласының ажарын ашатын ескерткіштердің бірі- қазақтың үш данасы Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

Оқулықпен жұмыс.(100 бет)

Оқушылар берілген мәліметті оқып шығады.

Өлеңді оқу.(оқу түрлері-іштей оқу,мәнерлеп оқу,дауыстап оқу)

Сөздік жұмысы

Өлеңді талдау.

Шешен ашу мен ақылды қалай сипаттаған?

Аға мен іні арасындағы сыйластық туралы айтылған даналық ақылды

түсіндір.

Дәптермен жұмыс.

Мақал –мәтелдерді көшіріп жазып алу,түсіңдіру.

3 кезеңі. Эссе жазу Өз отбасыңдағы сыйластық,құрмет пен ізеттілік

туралы эссе жазу.

Оны ортаға шығып оқып шығады.

Сергіту сәті:

Кәне,қанат жазайық, Ұшып-ұшып аламыз,

Қарлығаш болып ұшайық. Орнымызға қонамыз.

4 кезеңі. Құрастырма сурет.

Бұл айналымда суреттін бір бөлігі ғана көрсетіледі,сендерге тапсырма «Суретте не бейнеленгенін атау» Уақыт шектеулі – 1 минут.

Халық ұғымында ақ-үлкен той-жиынды,бақытты білдіреді.Жасыл-қуанышты көңіл-күйді,көк-таза судың,ашық аспанның, бейбітшіліктің,қоңыр-еңбектің, қара – түннің,сары-жарық күннің,қызыл-жеңістің белгілері.

5 кезеңі.. «Бағдаршам сыры».

Берілген тапсырмада дұрыс жауабын таңдау үшін бағдаршамның үш түсін пайдаланамыз. Ал,кәнеки,бағдаршам белгілерін қайталап шығайық.

Қызыл түсі – жоқ Сары түсі – білмеймін Жасыл түсі – иә.

Сабақты бекіту.

Жинаған ұпайларын санау,оқушыларды марапаттау.

Үй тапсырмасы: өлеңді мәнерлеп оқу.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Автор: Каримова Орунтай Хабибулиновна

Дата: 20.01.2016

Номер свидетельства: 279608


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства