Сұрақ-жауап. Видео. (Оқушылардың жауабы) -Видео не туралы және кім туралы? -Денсаулық туралы не айтылған екен? Ал ауырған кезде, ауруды асқындырмау үшін не істеу керек?суықтан сақтанып, емделу керек. -Адам бойындағы вирустарға қарсы тұратын, аурудан сақтайтын ол қандай қасиет?( иммунитет) -Тер дегеніміз не? Және оның шыққаны жақсы әлде жаман ба? Тер дегеніміз денедегі ерекше бездерден бөлініп, тері арқылы сыртқа шығаратын ағза керексіз зат, оның шыққаны денсаулыққа пайдалы Ал мүлде ауырмау үшін не істеу керек? -Иммунитетті күшейту керек -Адамның иммунитеті неғұрлым күшті болса, оның денсаулығы соғұрлым жақсы болады - Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек, деніміз сау болады. Постер қорғау. Тазалық тобы. Тісті күніне екі рет тазалауымыз керек . 2. Тамақтан кейін ауызды шаю керек. 3. Ыстық тамақтан соң суық нәрсе ішпеу керек. 4.Жаңғақты тіспен шақпау керек. 5.Дер кезінде тіс дәрігеріне көріну қажет. 6.Тәттіні көп жеуге болмайды. 7.Әркімнің өзінің жеке тіс щёткасы болуы керек. а) 1. Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүру, таңертең тұрып жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну қажет. Тырнақты өсірмей уақытында алып тұру. 2. Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуып, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау қажет. 3. Жеміс-жидектерді жуып жеу, тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу. 4. Спортпен айналысып, таза жүру әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып, таза жүрсе оны аурудан сақтайды. 5. Адам еңбекке қабілетті болып өссе дене құрылысы сымбатты болады. Үнемі таза жүрсе денене жаман жаралар шықпайды. Дәрігерлер тобы. Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі. «Әлемдегі ең пайдалы азықтар» Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді. Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. Жаңғақтар. Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті. Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы. Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді. Көк шәй: Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады. Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар. Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді. Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады. Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді. Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді. Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы. Спорт тобы. Спорт денсаулықты жақсартады. Спорттың барлық түрі денсаулыққа пайдалы. Спорт – денсаулық, қимыл, шыдамдылық, күш, ерік.Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, өзін - өзі дамыту үшін шұғылданады . Спорттың көбірек қолданылатын түрлері: шаңғы тебу, футбол, волейбол, баскетбол, бокс, еркін күрес, жеңіл атлетика, ауыр атлетика, тейквондо, дзюдо, велоспорт, жүзу. Спорт салауатты өмір салтын қалыптастырады. Бұл – күн тәртібін, дербес гигиенаны сақтау, дұрыс тамақтану, кеселді әдеттерден аулақ болу. Денсаулықты бұзып алуға болады, оны сатып алуға болмайды. Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер айтып жарысу. Сұрап алған аурудың емі табылмас. Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый. Бірінші байлық – денсаулық Екінші байлық– ақ жаулық Үшінші байлық-он саулық Тазалық – саулық негізі Саулық – байлық негізі. 5. Жалқаулық — жаман ауру. 6. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің. 7. Таңертеңгі асты тастама, Кешкі асқа қарама. 8. Жеңіл барып, ауыр қайт, Аман барып, сау қайт. 9.Жарлының байлығы - денінің саулығы. 10. Бас аманда мал тәтті, Бас ауырса, жан тәтті. 11. Дені саудың – жаны сау. 12. Ауру жайын баққан біледі, Аңның жайын атқан біледі. 13. Шынықсаң шымыр боласың. «Жарнама»(1-топ айранды жарнамалайды) 1-оқушы.Айран сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор, себебі оның құрамындағы сүт-табиғи өнім. «Спрайт» сатып ішкенше, осы айранды сатып алып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді. Бұл-айран.Айран сүттен жасалады.Оның денсаулыққа пайдасы зор,себебі оның құрамындағы сүт-табиғи өнім. «Кока-кола» ішкенше,осы айранды үнемі ішуіміз керек.Өзі пайдалы, өзі дәмді. (2-ші топ құртты жарнамалайды)2-оқушы. Құрт сиырдың сүтінен жасалады. Оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. «Орбит» сатып алғанща, осы құртты сатып алған тиімді. Газды сусынның құрамында консерванттар, бояғыш заттар болады, олар асқазанға жағымсыз әсер етеді. Газды сусында мөлшерден көп қант тіс құртының пайда болуына себепкер. Сусынның құрамында дәрумендер мен минералды заттар жоқ. Ал, көп балалар жақсы көретін сағыздың құрамында да қант көп, соның әсерінен іш ауруы, ішегінің тас болып қатып қалуы, абайсызда жұтып қоюуы өте қауіпті. Ал чипсидің құрамында бірнеше зиянды заттар бар, Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді. (3 — топ сабынды жарнамалайды)3-оқушы. Бұл — «Тазалық» деген сабын. Бұл сабын денедегі әртүрлі микроптарды жояды. Бетті, қолды шаңнан тазартады. а) 1. Топ 1. Дене шынықтырудың маңызы қандай? 2. Спорттық ойынның қандай түрлерін білесіңдер? 3. Өзі тоймастың, көзі тоймас – дегенді қалай түсінесіңдер? 2. топ 1. Жеке бас тазалығы деген не? 2. Таза жүретін баланы қалай атайды? Оның достары не? (сабын, паста, сүлгі, су) 3. ә) Денсаулықтың достары мен қастары. «Шахмат тақтасы» әдісі. Пайдалы, пайдасыз тағамдарды топтастыру . 1- топ 2-топ Пайдалы Пайдасыз Балық Фанта Айран Қуырылған ет Геркулес Торт Сәбіз Шоколад Пияз Чипсы Орамжапырық Кола Алма Алмұрт Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді. Тамақтанудың ережелері: 1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс. 2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс. 4. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау. 5. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек. Тағамдарды толық және дұрыс шайнау Майлы тамақтан тартыну Өте тұщы және ащы тамақтан бас тарту Ас ішерде асықпа Ыстық тамақтан соң іле-шала суық тамақ ішкен зиян Тәулігіне 4-5 рет тамақтану Тамақ және піскен, жаңа дайындалған болу керек Дастарқанаға тамақ ішкін келгенде ғана отыру керек Балалар, енді жұмбақтар шешіп көрейік. Дымқылдап күнде сен, қолыңа сүйкесең. Кетіп кір-ласың, Тап-тазаболасың. (Сабын) Шомылған баланы, Аймалап алады. Сүртеді қолын да, Сүртеді жонын да. (Сүлгі) Аузыжоқ, көзіжоқ, Тіліжоқ, өзіжоқ. Бірақ та тісі бар, Басыңмен ісі бар. (Тарақ) Бізедік, бізедік, Отыз екі қыз едік. қатар-қатар тізілдік, Кезек-кезек үзілдік. (Тіс) А) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын) Ә) Тіс тазартатын құралдар?(тіс щеткасы мен паста) Б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ(дене тәрбиесі) Суда жүзер кеме емес Кемеден ол кем емес Істегенін жөн істер Жүрген жерін тегістер ( Үтік ) Тест сұрақтары. Imektep Деніміз сау болу үшін қандай нәрселерге мән беруіміз керек: » Ең әуелі денеміздің тазалығына мән беруіміз керек. » Жүйелі түрде моншаға түсіп тұруымыз керек. » Тырнақтарымызды жиі-жиі қысқартып, таза ұстауымыз керек. » Тамақтан алдын және кейін қолымызды жууымыз керек. » Тамақ ішіп болған соң және ұйықтар алдында тістерімізді тіс пастасымен жуу керек. » Жүйелі түрде спортпен шұғылдану, мүмкіндігінше табиғи тағамдармен және үйлесімді қоректену керек. » Ұйқымыздың жүйелі болуына мән беру керек. Ерте жатып,ерте тұру керек. » Егетін (прививка) дәрілерді уақытында ектірту керек. » Жеміс, көкөністерді жемес бұрын жақсылап жуу керек. Тағамдардың таза болуына аса мән беру керек. Беті ашық түрде сатылатын тамақтарды жемеу керек Терлеп тұрып су ішпеу керек. » Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай дәрі қолданбау керек. |