Пәні:                                      Қазақ тілі
 Сыныбы:              2-сынып
 Күні: __________ 2013  жыл.
 Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз н мен ң     
 Сабақтың мақсаты: Дауыссыз н мен ң әріптері туралы түсіндіру. Дауыссыз н мен ң дыбыстарының дұрыс жазылу ережелерін меңгерту.Н мен ң әріптерін дұрыс шатастырмай жазуға үйрету. Білімін, есте сақтауын дамыту. Сауатты, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
 Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
 Көрнекілігі: н мен ң әріптері
 Түрі: жаңа сабақ.
 Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.
 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.126-жаттығуды тексеру.
 ІІІ.Жаңа сабақ.
 Балалар бүгін біз н мен ң  дыбыстарының дұрыс жазылу емлесімен танысамыз. Ң дыбысы бар сөздерді дұрыс айтуға жаттығамыз.
                                  Оқулықпен жұмыс
 Ережені түсіндіру: Ң әрпі сөздің басында кездеспейді,сөз ортасында, сөз аяғында кездеседі. Мысалы: аң, оң, тоң, шаңғы.
 "Н" дан "Ң" – ның қарашы
 Айырмасы бар қандай
 Бейне бір оң аяққа 
 Тұзақ іліп алғандай.
                                    Дәптермен жұмыс
 129-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазу. Н,ң әріптерінің астын сызу.
 Сөздерді салыстыр. Мағыналарының екі түрлі болуы қай дыбыстың әсерінен екенін айту.
 130- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлең мазмұнынан  ң дыбысы туралы өзің қорытынды жаса.
 131- жаттығу. Ңғ, нг, ңг әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жазу.
 Нғ, ңғ дыбыстары осылай қатар келетін тағы қандай сөздерді білесің ?
 132-жаттығу. Жауынгер, таңғы, әңгіме сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрау.
 133-жаттығу. Өлеңді оқу. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіру.
 Жоғарыдағы өлеңге қарап, әрі қарай ұйқастыр.
Сабақты қорыту. Бағалау.
 Үйге тапсырма: 134-жаттығу.
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
        
	
    
                                    
                                    
                                    
                                    