Балалар біз бүгінгі сабағымызда мектебіміздің кітапханасына саяхатқа барамыз. Біздің мектептің кітапханасы әдеби, ертегі кітаптарға өте бай. Біз енді кітапханаға кіру үшін бірнеше тапсырмалар орындайық.
мектеп ашып, бала оқытқан кім?
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай атаның қандай өлеңін білеміз?
“Кел, балалар оқылық” өлеңін үш оқушыға жатқа айтқызу.
Ендеше балалар Ыбырай ата сендерге мына ойынды тапсырма ретінде беріп отыр екен.
“Бұлтты күн”.
Сұрақтар: 1. Заттың атын білдіретін сөздерге қосылатын сұрақтар.
2. Іс-қимылды білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтар.
3. Заттың санын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтар.
4. Заттың сынын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтар.
Балалар бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы: “Дауссыз қ мен ғ” Жаңа сабақты оқушыларға түсіндіру. Ережені оқып, мазмұнын түсіндіру.
Ал балалар енді бізге Ыбырай ата 120- жаттығуды тапсырып отыр. (ауызша орындау).
Оқушылар бір жылда неше мезгіл бар?
4 жыл мерзімі бар.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі.
Күз мезгілі туралы қандай өлең білесіңдер?
А. Құнанбаевтың “Күз” өлеңін жатқа айтқызу.
Сергіту сәті.
Алдымыздан жел еседі
Тербеледі ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
Кіп-кішкантай ағаштар.
Балалар Абай атаның қолында тәлім тәрбие алып өскен кім еді?
Шәкәрім Құдайбердиев.
Шәкәрім атамыздың сендерге бірнеше тапсырмасы бар екен.
121- жаттығуды орындау.
Шәкәрім атамыздың бізге жіберген сиқырлы сандығындағы тапсырмаларды орындап көрейік.
Сенін Отаның қайсы?
Қазақстан республикасының презитденті кім?
Біздің астанамыз қай қала?
Қай облыста, қай ауданда, қай ауылда турасын?
Қай мектепте оқисын?
М. Ғабдуллин қашан туылған?
Оқу, білім туралы мақал – мәтел айт.
Біздің кітапханамызда тек қана әдеби кітаптар ғана емес, ертегі кітаптар да бар екен. Сол ертегілердің кейіпкері “Қаңбақ шал” да сендердің білімдеріңді тексеру үшін мына семантикалық картаны беріп отыр.