«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы филиалы
«Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты
Кафедра «Тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбиелеу»
Өзіндік жұмыс
Тақырыбы:
ПДТ балалармен пән сабақтарын
жоспарлау мен ұйымдастыру
Орындаған: Жантлеуова Айлаззат Амангельдыкызы
Жетекші: Бекенова Ақжарқын Женксенбаевна
«Тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбиелеу» кафедрасының аға оқытушысы
Жұмысты өткізу мерзімі: 03. 06. 2014ж
Түзете – дамыта оқыту сыныптарына арналған сабақ үлгісі
Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз б мен п
Мақсаты: Дауыссыз б мен п жазылуы туралы түсінік беру;
жаттығулар орындата отырып тақырыпты меңгерту;
Есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Ұқыпты, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Әдісі – тәсілі: түсіндірмелі – сөздік, сұрақ-жауап,
Қосымша тапсырма: жатқа жазу, ұйқасын табу, дамыту ойыны.
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер, топшамалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу
2. Психологиялық дайындық: «Шаттық шеңбері»
Бақыт бар менде,
Бақыт бар сенде,
Бақыт болсын барлық үйде!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Кесте толтыру.
«П» әрпі бар сөздер | «Б» әрпі бар сөздер |
Парта, доп, топ, | Балық, бала, клуб, |
піл, президент, мектеп | Бақа, арба, барабан, асқабақ |
ІІІ. Мағынасын ашу
Қызығушылығын ояту. Сөзжұмбақ шешу
| Д | о | м | б | ы | р | а |
| о | й | ы | н | ш | ы | қ |
қ | о | л | ғ | а | п | |
Тиіп кетсем ән салған,
Дауысына ел тамсанған . Ол не?
Баланың ойын құралы ?
Қыста күн салқында, аязда киетін не?
Түсінік беру
- Сөзжұмбақ шешуінде қандай сөз шықты?
- Доп не үшін пайдаланасыңдар?
Доп + ы – добы , қап – қабы
1–жаттығу. Клуб, штаб, кітап, доп, мектеп сөздеріне дауысты –ы, -і дыбыстарын жалғап жазу.
Үлгі: Клуб – клубы, штаб – штабы, доп – добы, мектеп – мектебі, кітап –кітабы
Сергіту сәті: Бір, екі, үш бойға жинап күш!
Төрт, бес, алты, қарлығаш боп қалқы!
Жеті, сегіз, тоғыз, он өз орнына қон!
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті әріпті қойып, көшіріп жазу.
Үлгі: Арманға әкесі до... сыйлады. Сәулеге әжесі қолға... тоқып берді. Балалар кіта... оқыды.
Арманға әкесі доп сыйлады. Сәулеге әжесі қолғап тоқып берді. Балалар кітап оқыды.
Ойын «Менің бағытым»
Шарты: Буындарды меңзер бағытымен қосу арқылы сөз құрау.
та
пі
мек
лап
теп
сы
нып
кір
Топшамамен жұмыс.
«Ұйқас іздеу»
-Өрік?
- Өрікке ұйқас ................. көрік.
- Тағы?
-Ұйқасады................... көлік
- Асық?
- Асықққа ұйқас............... қасық
- Тағы? Сабақ
- Сабақтан кетпе қашып.
Дамыту ойыны. Математикалық боямақ бояу.
Бекіту: Талап сөзіне дауысты –ы жалғауын қосып айтайық қандай өзгеріс байқалады?
Рефлексия
«Егер саған ұнаса...» ойыны
Егер саған ұнаса саусақпенен тырсылдат,
Егер саған ұнаса шапалақта жараса.
Егер саған ұнаса аяғыңмен тарсылдат,
Егер саған ұнаса айтайықшы «ТАМАША!»
Үйге тапсырма беру : 3 - жаттығу. Бағалау, мадақтау, жетістіктерін атап айту.