Мақсаты: Сөз таптарының түрлерін, оларға сұрақ қоюға, сөйлемдегі сөз таптарына талдау жасауға үйрету; таным қабілетін дамыту, сөздік қорларын, дүниетанымын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 49-жаттығудағы сөйлемдерді оқу, сөздерге дыбыстық талдау жасау. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру
Сызбаға сүйене отырып, 51-жаттығудағы сөздерді талдау. Анықтаманы еске түсіру. Зат есім - заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің атын білдіреді. Сұрақтары : Кім? Не? Кімдер? Нелер?Сын есім дегеніміз – заттың сынын білдіреді. Сұрақтары: Қандай? Қай?Сан есім – заттың ретін, санын, мөлшерін, қатарын білдіреді. Сұрақтары: Неше? Қанша?Етістік – заттың қимылын білдіреді. Сұрақтары: Не істеді? Қайтті?
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 52-жаттығудағы сызба бойынша оқушылардың сөз таптары туралы алған білімдерін тиянақтап, мысалдар келтіру.
ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: Ж ж Ж ж Жадыра
53-жаттығу «Адасқан сөз» ойынын ойнату. Ойынның шарты: әр топтағы сөздердің ішінде біреуі артық. Сол артық сөздерді көп тапқан оқушылар жеңеді.1. Көк, он алты, қою, үлкен, дәмді. 2. Нешеу, жүзінші, жеті, жиырма бес, бір. 3. Бұлбұл, жел, сатушы, мың, бояу. 4. Ұшырады, жазды, келмекші, ойланды, аң. Ол сөздер неліктен артық болды?
54-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындау. Сұрақтар бойынша сөйлем құрау. 55-жаттығудағы сөздерді сөз таптарына топтап жазу. Бұл жаттығуды оқушылардың түсінгендерін анықтау мақсатымен өздеріне орындатып, ауызша талдау.
в) Сергіту жаттығуы. Ү. Бекіту: 1. 57-жаттығудағы сөздерді ретпен жинастыру. 2. Сөз таптарына не жатады? Зат есім дегеніміз не? Сын есім, етістік дегеніміз не? Әр сөз табы қандай сұраққа жауап береді? Мысал келтір. ҮІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІ.Үйге тапсырма:56-жаттығу, 19-бет түсіндіру. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау