Кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау |
Ұйымдастыру кезеңі | Амандасу. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! | Оқушылар амандасады. | Жылы шыраймен амандасу |
Қызығушы-лықты ояту | Қызығушы-лықты оятуға арналған жинақ | Қайырлы таң достым, Қайырлы күн болсын. Бүгінгі күн бізге, Сәттілкке толсын Біздің алар бағамыз кілең бестік болсын! Сабаққа сегізде келеміз, Сабақтан қалмаймыз дегенбіз, Сабақты біз жақсы оқып, Білімді боламыз дегенбіз.. | Қол шапалақтау, қолпаштау |
Топқа бөлу | Оқушыларды топтастыру стратегиясы бойынша топтарға бөлінеді 5- топқа бөлу | Сабақтың тақырыбына байланысты сұрақ-жауап арқылы топқа бөлінді I-топ - Шаңғышылар II-топ-Хоккейшілер III-топ-Конькишілер ІҮ топ-Сноубордшылар V-топ-Мәнерлеп сырғанаушылар 1-10 ға дейін санап , топ басшысы тағайындалады | |
Мағынаны тану | Сұрақ-жауапарқылы білімдерін жүйелеймін. «Фишбоун» әдісі бойынша слайдтан жарыстарға қатысқан жеңімпаздарды көрсете отырып, жаңа сабақпен таныстырамын Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы Чч дыбысы мен әрпі. | Жаңа білімді меңгереді. Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Берілген тапсырамаларды орындай отырып білімдерін жетілдіреді. | Топтарды тақтадағы «білім қоржынына» топтың түсіне қарай стикермен упай жинау арқылы бағалау |
Кітаппен жұмыс | №1 Оқылым. Чек чемпион чемодан сөздерін үш тілде айтқызу Чек- түбіртек- check (айтылуы чәәк) Чемпион-чемпион -champion (айтылуы чәмпиоьн) Чемодан- шабадан –cuitcase `(айтылуы сүркейс) Сөздерді буынға бөлгізу чек, че-мо-дан, чем-пи-он Буын сөздерді оқыту ча, че ,чи ,чу | №1 Оқылым. Сөздерді оқиды. Чек чемпион чемодан сөздерін үш тілде айтады Чек- түбіртек- check (айтылуы чәәк) Чемпион-чемпион -champion (айтылуы чәмпиоьн) Чемодан- шабадан –cuitcase `(айтылуы сүркейс) Сөздерді буынға бөліп оқиды Буын сөздерді оқыту ча, че ,чи ,чу буын сөздерге сөз ойлап табады. Чак-чак,чачача, чебурек,чипси,чупа-чупс,чунга-чанга. | Қол шапалақтау, қолпаштау |
Дәптермен жұмыс | №2 тапсырма Ертегіні рөлге бөліп оқимын. Оқушыларға қысқа метражды мультфильмнен үзінді көрсетемін. | №2 тапсырма Ертегіні рөлге бөліп оқиды. Оқушылар қысқа метражды мультфильмнен үзінді көріп өздері сол рөлге бөлініп, көрніс көрсетеді. Білімдерін, жүйелеу мақсатында топтарға тапсырмалар беріледі, жұмыстарын қорғайды. | |
Сергіту сәті | Сергіту сәтіне арналған жинақ | Аяқпенен топ,топ,топ Алақанмен хлоп,хлоп,хлоп Бір оңға,бір солға, Айналайық кел мұнда. Қолымызды бір сілтеп, Басымызды шайқайық. Бір оңға, бір солға, Айналайық кел мұнда. Секіреміз жоғары, Қиын емес секіру. Шаршамайық,біз енді, Біздің уақыт отыру | Қол шапалақтау, қолпаштау |
| «Ыстық орындық» Сұрақ-жауап. Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды, егер сұрақ дұрыс болса қолдарын алға созып, «басбармақ» көрсетеді. ал сұраққа жауап бермесе «күйдім» деп эмоциямен жауап береді. | Оқушылардың сұрақтары: 1.Сауат ашу оқу іс-әрекетінде қанша әріп бар? 2. Дауысты дыбыс дегеніміз не? 3.Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? 4.Сауат ашу оқу іс-әрекеті бізге нені үйретеді? Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? 5.Орыс тілінен енген қандай әріптерді білесің? 6.Орыс тілінен енген қанша дауысты дыбыс бар? 7.Бүгін біз қандай дыбыспен танысып жатырмыз? т.б | |
Ой толғаныс | Топтарға жеке жұмыс беріледі. Ақ параққа орыс тілінен енген әріптерден буын сөздерден сөз құрп жабыстыру. | Топтарға жеке жұмыс беріледі. Оқушылар тапсырманы орындайды. | (жылдамдыққа, шапшаңдыққа) |
Рефлексия | Кері байланыс. «Фишбоун» әдісін пайдаланып, оқушылардың ой-пікірін білу. | «Фишбоун» әдісін пайдаланып, оқушылардың сабақ бойынша пікірлерін тыңдау. | |
Бағалау | Сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауымен қорытынды бағасы. | Топтың упай санын есептей отырып бағаланды | Топтарды тақтадағы «білім қоржынына» топтың түсіне қарай стикермен упай жинау арқылы бағалау |
Үйге тапсырма | Тақырыпты қайталап оқып, сөздерді буынға бөлгізу. | Тақырыпты қайталап оқып, сөздерді буынға бөліп келу. | |
1 «Ә» сынып мұғалімі: Тугельбаева Сауле Туякбаевнаның сауат ашу пәнінен сабаққа талдауы.
Сыныпта 35 оқушы бар. Қатысқаны -34оқушы. Қатыспаған 1- оқушы. Ират Малика себепті. Сыныптың жалпы хал-ахуалына келер болсам, жас ерекшеліктері 6-7-8 жас аралығы. Ойлау қабілеттері жас ерекшелігіне сай еместігін айқындайтын сыныпта екі оқушының анықтамасы бар. Басқа оқушылармен бір-біріне деген қарым қатынасы жақсы. Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасқан, сабақ барысында барлық оқушылардың толық белсенділіктері жоғары болды. Өздерін өте еркін ұстап, сабаққа құлшыныстары жақсы екенін көрсете білді.
Ұйымдастыру кезеңінен кейін бірден топқа бөлуді бастадым. Топқа бөлуде әр түрлі түске бейнеленген спорт түріне байланысты «Фишбоун» әдісін құрап, қай топқа тиесілі екендігін анықтап, топқа бірікті. Бұл жердегі мақсатым: көзбен көрген, естіген жаңалықтар арқылы оқушыларды сыни ойлауға жетелеу болатын. Оқушылар білімдерін ұтымды қолдана отырып берілген тапсырманы берілген уақыт көлемінде орындап шықты. Білімдерін одан әрі шыңдау мақсатында әр топ оқушыларына 1 сұрақтан қоя отырып, «ыстық орындық» әдісімен тапсырмаларын орындадық. Оқушылармен бірлесе сабақтың тақырыбы анықталып, топ ішінде ақылдасып, алдарына мақсат қойды. Әрбір топ өз мақсатын айтты және өзім құрып қойған мақсатпен салыстырып, сәйкес келетінін анықтадық.
«Мағынаны тани білу» кезеңінде «Фишбоун» стратегиялық әдіс-тәсілдері арқылы топтарға жекеленген тапсырмалар берілді. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың шапшаңдығын,жылдамдығын байқай отырып, бұл стратегияларды тиімді қолданып тақырыптың негізгі идеясын аша білді. Ал тақырыпты қорғау барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, тақырыптың мазмұнын аша білді және мұғалім тарапынан қойылған жетелеуші сұрақтарға сенімді, әрі нақты жауап береді.Қысқа метражды мультфилмнен үзінді көре ортырып, өздері көрніс көрсете білді.
Сондай-ақ сабақ барысында «Фишбоун» әдісі қолданылды, бұл әдістің тиімділігі: оқушыға алған білімдерін тексеру барысында сұрақ қоя отырып, уақытты тиімді қолдана отырып, сұрақтың шешу жолдарын ұсынып, оларға дәлелдемелер келтіре отырып, негізгі ой түйіндеді. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар да әртүрлі пікірлер айтып, бірі-бірінің пікірімен санаса отырып, ынтымақтастықпен жұмыс жасағандарын байқадым.
Топтар «білім қоржынына» түстерге қатысты стикер арқылы упай жинап, бағалады.
Әр түрлі стратегиялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы сабақты ұйымдастыру, оқушылардың білімге деген құштарлықтары мен өз бетімен іздену дағыдысын арттырып, сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті тұлға ретінде қалыптастыруға болатындығына көзім жетті.
.