білімділік: алфавит-?ріптерді? орналасу реті екендігін т?сіндіру, таныстыру. Буынды д?рыс ??рап, одан ?рі біртіндеп с?зді т?тас о?у?а да?дыландыру. С?з дыбыстарын ?ріптермен д?рыс та?балай білуге ?йрету.
дамытушылы?: балаларды? с?йлеу тілдерін жетілдіру. С?здік ?орын, байланыстырып с?йлеуін дамыту.
Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Cауат ашу»
Пәні: сауат ашу
Тақырыбы: Алфавит.
Мақсаты:
білімділік: алфавит-әріптердің орналасу реті екендігін түсіндіру, таныстыру. Буынды дұрыс құрап, одан әрі біртіндеп сөзді тұтас оқуға дағдыландыру. Сөз дыбыстарын әріптермен дұрыс таңбалай білуге үйрету.
дамытушылық: балалардың сөйлеу тілдерін жетілдіру. Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін дамыту.
тәрбиелік: оқушыны ұқыптылыққа, тәрбиелікке, жазудың каллиграфиялық талаптарын дұрыс орындауға үйрету
Балалар, бүгін біз сендермен саяхатқа шығамыз. Алыс қазақ ауылына барамыз, яғни «Көне аспаптар еліне» жетіп, саяхаттан көңілді оралуымыз керек.Баратын жеріміз алыс қазақ ауылы болғандықтан ол жерге атпен барамыз.
Саяхатқа шықпас бұрын қақпаны ашып алуымыз керек. Ол үшін тапсырманы орындайық.Тапсырманың астында қақпаның кілті бар.
ІІІ.Өткен сабақты пысықтау.
Тақтаға қасық – қасығы, терек – терегі, шөп – шөбі.
К,қ,п – ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе к,қ,п дыбыстары г,ғ,б дыбыстарына айналады.
ІҮ. Жаңа сабақ
1. «Әріптер әлемі» ертегісін баяндау арқылы проблемалы сұрақ қойып, сабақтың тақырыбын логикалық ойлату.
Ерте заманда әріптер барлығы бірге өмір сүріпті. Олар барлығы бір түсті болыпты. Тату- тәтті өмір сүріпті. Бір күні қатты дауыл соғады. Желдің қатты соққаны соншалық әріптердің барлығы жан- жаққа шашырап ұшыпты.
А, ә, е, и, о, ө, ү, ұ, ы, і, э, ю, я- дыбыстары күнге қонып күйіп қып-қызыл болыпты.
Б, в, г, ғ, д, ж, з- дыбыстары ағашқа қонып (ұяң) болып қалыпты.