Сабақтың тақырыбы: Буын. Оқымысты бала. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Буын туралы түсініктерін кеңейту, мәтін мазмұнын түсіндіру, әдептіліктің адам өміріндегі пайдасын ұғындыру. Дамытушылығы: Оқушылардың еркін сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, көркем жазу дағдысын қалыптастыру. Өз ойын анық жеткізуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайтып, ілімін тереңдету. Тәрбиелілігі: Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ойын, оқу, топқа бөлу, көркем жазу. Көрнекілігі: кеспе әріптер, кеспе буындар, көшпелі тақта.
Пәнаралық байланыс: Түрі: Аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
А) амандасу (2-слайд)
Мұғалім: «Әдепті елдің баласы, алдымен сәлем береді.»
Кім кездессе мектепте,
Таныс емес демейміз.
Апай, ағай – бәріне
“Сәлеметсіз бе!” дейміз.
Ә) психологиялық дайындық (3-слайд)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Буын. Оқымысты Бала»
Сабақтың тақырыбы: Буын. Оқымысты бала. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Буын туралы түсініктерін кеңейту, мәтін мазмұнын түсіндіру, әдептіліктің адам өміріндегі пайдасын ұғындыру. Дамытушылығы: Оқушылардың еркін сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, көркем жазу дағдысын қалыптастыру. Өз ойын анық жеткізуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайтып, ілімін тереңдету. Тәрбиелілігі: Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ойын, оқу, топқа бөлу, көркем жазу. Көрнекілігі: кеспе әріптер, кеспе буындар, көшпелі тақта.
Пәнаралық байланыс: Түрі: Аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
А) амандасу (2-слайд)
Мұғалім: «Әдепті елдің баласы, алдымен сәлем береді.»
Кім кездессе мектепте,
Таныс емес демейміз.
Апай, ағай – бәріне
“Сәлеметсіз бе!” дейміз.
Ә) психологиялық дайындық (3-слайд)
Біздің мақсатымыз:
Әрбір адам
- туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ
-үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісім
- тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзім
- шындық, бірлік, адалдық.
- Балалар, қардың көп жауғаны соншалық, тіпті біздің сынып бөлмесіне де кіріп кетіпті, сол қарды тазалап алайық. /Қарлардың артындағы дыбыстар бойынша оқушылар 2 топқа бөлінеді/
1 - топ «жіңішке », 2 - топ «жуан».
(4-слайд) Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Білім деген биік шың. Оған самғап қыран да, өрмелеп жылан да шығады. Алашымыздың ұл-қызы білім атты биік шыңға сол қыранша самғап шығуы керек.” -деген екен. Ендеше, үй тапсырмасын тексеріп алайық.
Үй тапсырмасын тексеру (5-слайд)
64-жаттығу
ерт – те құ - мырс - қа ұрт – та жұ - мырт – қа айт - па ше - гірт – ке
“Төзім” мәтінін түсініп оқу.
А) оқушыларға тізбектеп оқыту
Ә) мазмұнын айтқызу
Үй тапсырмасын бекіту (6- слайд)
Кубизм әдісі бойынша бекітіледі.
Аяулы неліктен ертегіні тыңдай алмады?
Гүлдана ертегіні қалай тыңдады?
Аяулы Гүлданаға неге таңғалды?
Әжесі қыздарға қандай ертегі айтып берді?
Мәтіндегі қыздардың қайсысы төзімді деп ойлайсың?
Әже ертегісін тыңдау үшін Аяулыға не қажет болды?
( 7-слайд) «Ұғымпаз бала
Болар дана.
Ұғымсыз бала
Қалар шала.» дегендей, не нәрсеге де қол жеткізу үшін ынта, ықылас және төзімділік қажет.
-Балалар, бізге алыстағы «Ертегілер» елінен Негеш досымыз «Ғажайып дорба» жіберіпті. Бұл неғылған ғажайып екен. Алдымен ішіндегі хатын оқып көрейік. «Достар! Ертегілер елінде алай – дүлей боран болып, мен сендерге өзім түсінбеген нәрселерді салып жібердім. Мына әріптер бір-бірінен айырылмай, тіркесіп жүр. Ең қызығы, дауысты дыбыстар бұлардың бәрінде бар. Оқысам, көпшілігінің мағынасы түсініксіз. Сөз деп айтуға да болмайды, жеке әріп те емес. Бұл нелер екен, достарым? Сендерге біршамасын салып жібердім, қарап көріңдерші!» /кеспе буындарды дорбадан алып магнитті тақтаға жапсырамын./
-Балалар, бұлар нелер екен? Шынымен де жеке әріп те емес, сөзге де ұқсамайды. /балалар буын екенін айтады/ Осы буындардан қандай сөздер құрауға болады?
/жа, ңа, лық, қа, йық, жа, уын./
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Буын жеке тұрғанда кейбірінің мағынасы болмайды, сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Й, у, ң дыбыстары екі дауыстының ортасында келсе, келесі буынның басында айтылады. / плакаттан түсіндіріледі/
көрнекті қазақ ақыны, жазушы. /оның шығармалары мен оқулықтары қазақ даласына кеңінен тараған/
Әкесі Дулат аты шыққан шебер кісі болған, ер-тұрман жасап, етік, мәсі тіккен.
Шешесі Дәмеш ойын-тойдың базары, әнші кісі болған.
- Орыс тілін жетік меңгерген./өз бетінше білім жинаған/
- «Ауыл мұғалімі» атанған./ Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет еткен./
Мәтінмен жұмыс а) оқушыларға тізбектеп оқыту
ә) мәтін мазмұнын түсіндіру
Өзімшілдік, менмендік, өзін басқалардан жоғары ұстау, мақтаншақтық сияқты жат қылықтардан аулақ болып, жалқаулық, еріншектік адамның өз соры болады. Ондай жаман қылықтар қашан да маңдайымызға таяқ болып тиетінін ұмытпайық.
Балаларға ой тастау!
Мәтіндегі баланың қылығына не айтар едіңдер?(16-слайд)
«Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап.» деп Абай атамыз бекер айтпаған болуы керек.
Сабақты бекіту: сәйкестендіру тесті (17-слайд)
Ба қу тә ле
Са уыл жи мек
О ла кө ен
Тыр ғат жі те
а ма сә гіт
Сұрақ-жауап арқылы мәтінді талқылау «Сен маған, мен саған.» (18-слайд)
Әкесі баласына қандай жұмыс тапсырды?
Баласы не деп жауап берді?
Бала қандай жағдайға тап болды?
«Оқымысты» баланың бұл қылығы дұрыс па?
Үйге тапсырма (19-слайд)
“Оқымысты бала” мәтінін түсініп оқу.
Суреттегі заттардың атын буынға бөліп жазу.
Ережені жаттау.
Оқушыларды бағалау
“Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі ” Н.Ә.Назарбаев“Нұрлы жол-болашаққа бастар жол” атты жолдауынан.