kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Біздің қаладағы мұражайлар. Сұрау есімдігі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орыс сыныбындағы қазақ тілі пәнінен 3-сыныпқа арналған сабақ жоспары.Бұл сабақта Орал қаласындағы мұражайлар туралы қысқаша түсінік және сұрау есімдігі туралы мәлімет беріледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Біздің қаладағы мұражайлар. Сұрау есімдігі.»



Сабақтың тақырыбы: Біздің қаладағы мұражайлар.Сұрау есімдігі: қай?

Сабақтың мақсаты:

1.Мұражайлар туралы түсініктерін кеңейту; Орал қаласындағы мұражайлар туралы түсінік беру; сұрау есімдігін практика жүзінде меңгерту;

2.Отанына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттыққа тәрбиелеу,өз елінің тарихын,мәдениетін біліп,құрметтеп өсуге баулу;

3.Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,тыңдалым, оқылым, айтылым дағдыларын дамыту; Сабақта меңгерген белсенді сөздік қорды түрлі өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана білуге үйрету; рухани-мәдени мұраларды сақтауда және танып білуде оқушылардың қызығушылығын арттыру;

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,сұрақ-жауап, тыңдап-түсіну, ой қозғау, іздендіру

Көрнекілігі:суреттер, слайдтар, тірек сызба

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері, тарих

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, зейіндерін сабаққа аудару, сыныпта жағымды ахуал туғызу.

2.Шаттық шеңберіне шығу, тілек айту.

Қайырлы күн, досым,

Қайырлы күн болсын!

Жеті күннің әр кезі

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын!

-Балалар, мен сендерді қазақ тілі сабағында көргеніме қуаныштымын, бүгінгі күндеріңе тек сәттілік тілеймін.

3. Топқа бөлу (суреттер арқылы үш топқа бөлінеді)

4. Оқушылардың қызығушылығын ояту

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі.

-Қыс айлары қандай?

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-Бүгін аптаның қай күні?

-Бүгін-бейсенбі.

-Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

-1 желтоқсан-тұңғыш Елбасы күні, 16 желтоқсан-Тәуелсіздік мерекесі.

-Биыл ел тәуелсіздігіне неше жыл толып отыр?

-25 жыл.

-Еліміздің елордасы қай қала?

-Астана қаласы.





-Ал, біздер қандай қалада тұрамыз?

-Орал қаласы.

-Ендеше балалар, бүгін Орал қаласының мұражайларына саяхат жасаймыз. Саяхат жасамас бұрын мұражайлар туралы не білетінімізді тексеріп көрейік.

II Үй тапсырмасын тексеру:

«Мұражайға барғанда» мәтіні бойынша түсініктерін тексеру

1.Оқушылар қайда барды?

2.Мұражайда неше зал бар?

3.Залдарда нелер бар?

4.Балаларға мұражай ұнады ма?

5.Сендер мұражайға барып көрдіңдер ме?

Өткен сабақта меңгерген сөздерді еске түсіру үшін ойын ойнау.

Ойын «Кім жылдам?» мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы оны қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады.

III Жаңа сабақ:

1.Сабақтың тақырыбын хабарлау. мақсатымен таныстыру.

2.Мұражайлар туралы видео тамашалау, ой бөлісу

-Балалар, көріністен нені байқадыңдар?

-Қаламызда қандай мұражайлар бар екен?

3.Сөздік жұмысы

Оқу, аудару, жекелей, хормен оқу, сөз тіркестерін құрау.

Даңғыл-проспект

Өлкетану-краеведение

Ұлттық киім-национальная одежда

III Мәтінмен танысу, әңгімелеу

1.Мәтінді мұғалім оқиды. 2. Оқушылар оқиды.

Біз Орал қаласында тұрамыз. Біздің қаламыз әдемі.Қаламызда көптеген мұражайлар бар. Олар: Мәншүк Мәметова атындағы, Сәкен Ғұмаров атындағы, Александр Сергеевич Пушкин атындағы, Емельян Пугачев атындағы мұражай және облыстық тарихи-өлкетану, экологиялық мұражайлары.

Ең үлкен әрі қоры көп мұражай- тарихи-өлкетану мұражайы. Ол Достық даңғылы бойында орналасқан.Мұражайда әр түрлі суреттер, зергерлік бұйымдар, киіз үй, қазақтың ұлттық киімдері бар.

Мен өз қаламды жақсы көремін.


3.Мәтін бойынша сұрақтар қою

-Біз қандай қалада тұрамыз?

-Қаламызда нелер бар?

-Қандай мұражайлар бар?





-Ең үлкен әрі қоры көп мұражай қалай аталады?

-Тарихи-өлкетану мұражайы қайда орналасқан?

-Мұражайда нелер бар?

Сергіту сәті сөзұйқас айту

Ла, ла, ла

Бүгін күн тамаша!

Ар, ар, ар

Келді қонақтар.

Ле, ле, ле

Сен сөйле.

Ет, ет, ет

Бәріне рақмет!

Грамматикалық тақырып

Сұрау есімдігі жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар

Кім? Не? Қай? Қашан? Қалай? Неше? Қайда? т.б.


Топтық жұмыстар

1.Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді теріп жаз. «Мұражай» сөзіндегі дыбыстарға дыбыстық талдау жаса.

2.Сөз тіркестерін сәйкестендіріп жаз

1.Мұражайға танысу

2.Мұражайды бару

3.Мұражаймен ашу

4.Көрме аралау

3.Қала, сурет сөздерін тәуелдеп жаз.

IV Бекіту Сөзжұмбақ шешу «Мұражай»

1.выставка

2.национальная одежда

3.картина

4.столица

5.новый

6.Родина

7. юрта

V Үйге тапсырма

сөздік, мұражайлар туралы мәлімет жазу

VI Қорытындылау

-Балалар, бүгінгі сабақтан не үйрендік?

-Мұражайлар бізге не үшін керек?

VII Бағалау

Рефлексия






Оқушылар тақтадағы алма ағашына қызыл, жасыл, сары жапырақтарды жапсырады.

Жасыл алма – бәрі түсінікті

Қызыл алма – түсінбедім

Сары алма – жартылай түсіндім

Топтардың жұмысын атап өту, белсенділік танытқан оқушыларды атау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Біздің қаладағы мұражайлар. Сұрау есімдігі.

Автор: Байгалиева Нурия Аманжоловна

Дата: 01.04.2017

Номер свидетельства: 405608

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(20) "Мені? Калам"
    ["seo_title"] => string(11) "mieninkalam"
    ["file_id"] => string(6) "279412"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453224407"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Сабақтың тақырыбы :Әбілхан Қастеев"
    ["seo_title"] => string(38) "sabak_tyn_tak_yryby_bilkhan_k_astieiev"
    ["file_id"] => string(6) "372731"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482492797"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "?лия Молда??лова "
    ["seo_title"] => string(18) "liia-moldag-u-lova"
    ["file_id"] => string(6) "207616"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430563414"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "?ызы батыр ел-?лы ел"
    ["seo_title"] => string(18) "kyzybatyrielulyiel"
    ["file_id"] => string(6) "281429"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453532158"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«Мен т?ратын Комсомол кенті»"
    ["seo_title"] => string(29) "mien-tu-ratyn-komsomol-kienti"
    ["file_id"] => string(6) "267010"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450282273"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства