Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білім алуға үйрету. Міндеттері: Оқушыларды білімділікке,ақылды болуға баулу. Оқушыларға білімсіз кунін жоқ екеніне көз жеткізу. Оқушыларды ата анаңның үмітін ақтаудың жолы екендігін уйрету. Сабақ барысы: Ұйымдастыру сәті. Тыныштық сәті. Жайлы, баяу музыка қойылады. Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті. Жайлы, баяу музыка қойылады. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көрініз: Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан бояу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойынызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұр қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінеде отыра тұрыныз.. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жірегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз. Жаймен көзінізді ашуға болады. 1.Үй тапсырмасын тексеру. • «Кітап- білім бұлағы, Білім - өмір шырағы», - дегенді қалай түсі-несіңдер? • Білімнің адам өмірінде қандай маңызы бар? • Білімді өз бойларыңа қандай жолмен жинақтауға болады деп ойлайсыңдар? 2. Дәйексөз. Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы. Халық мақалы Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңдар. Жаңа тақырыпқа дайындық. Адам білім арқылы өмірді, қоршаған та-биғатты, айналаны танып біледі. Аружан жас болса да, шет елде әншілік мектепте оқып жүр. Ол ешқашанда өз елін, оның озық дәстүрлерін естен шығарған емес. Арманы алған білімін қазақтың халық әндерін, күйлерін бүкіл әлемге танытуға арнау. Аружанға хат жазып, өз тілектеріңді білдіріңдер. 3.Әңгімелеу. Құштарлық Қ. Толыбаев Әбунасыр Шам (Дамаск) шаһарына келіп орналасқанда-ақ Ғұламалығына күллі білімді жұртты тәнті еткен-ді.Біраз уақыт өткен соң , одан ақыл- кеңес сұрап келушілер көбейеді. Келіп-кетушілердің аяғы күні-түні үзілмейді. Көршілері бұған таң қалады әрі қызығады. Сұхбатына жиі барады. Содан кейін өз үйлерінде де Әбунасырдың ғұламалығын, даналығын, білгірлігін, кішіпейіл, ақкеңіл, аңқылдақ адам екенін жыр қып айтып отыратын болды. Әсіресе, көршісінің Мүтәліп деген кішкене баласына бұл мадақтар ерекше әсер етеді. Бір күні Мүтәліп рұқсат сүрап, Әбунасырдың ал-дына сәлем беріп кірді. Ғұлама баланы еркелете қарсы алды. - Келе ғой, Мүтәліп. Ал, отыр, шаруаңды айт. - Ұстаз, - деді бала жасқанбай, - айтыңызшы, мен қайтсем ғұлама боламын? Сол жолды нұсқап жібермес пе екенсіз? - Бұл шын ниетің бе? - деп сұрады ғұлама қызыға өрі таңдана. Бала берік сеніммен жауап берді: - Иә, шын ниетім, үстаз. - Ғылым жолы өте ұзақ әрі қиын. Шаршап-шал-дығасың. Сонда да жалықпауың керек. Соған төзесің бе? - Мақсатыма жету үшін талпынамын. Қандай ауыртпалық болса да, шыдауға әзірмін. - Талабың таудай екен, сенемін. Сонда да табанды бол, сабырлы қалпыңды сақтай біл! - Құп болады, айтқаныңызды орындаймын!.. - Қазір сен шөл даладан сусап келген адам сияқтысың. Ондай адам суды шөлі қанғанша сіміріп ішеді. Содан кейін құлқы соқпай қалады. - Иә, шелі қанған соң, үстеп іше берудің қажеті не? Ал білімге сусағандар бұлай тежелмеуге тиіс. Ғұламалық күндіз-түні ұйқы не күлкі көрмей, көкейіне білім жинауды талап етеді. Соған қоса өз ойымен саралай білуі шарт.Ғұлама-көп білетін адам деген сөз. Менің көп білгім келеді, - деді Мүтәліп құлшынып. -Қазір сен соған шөлдеп тұрсың. Үйренген білімің сусыныңды басады. Ал ғылым сылқылдатып сіміретін су емес . Ол -инемен құдық қазғандай сарылып отырып жинайтын қазына. Әбунасыр әл-Фараби баланың өтінішін қолдап,ілім-білім үйрете бастады. Уақыт өтіп, өсе келе Мүтәліп аса дарынды ғалым, Әбунасырдың ісін жалғастырушы ғұлама атанды. 4. Шығармашылық жұмыс, жекеше жұмыс. «Білекті - бірді жығар, Білімді - мыңды жығар» деген мақалды түсіндіріп беріңдер. 5. Топпен ән айту Білім керек бәріне Ф. Оңгарсынова Кемелерді басқарып, Көк жүзіне самғасам. Тауды бұзып, тас жарып, Мұхиттарды жалғасам. Таңдандырар бар елді Ғажап үйлер сала алсам. Жасартатын әжемді Дәрі ойлап таба алсам. Сырлары көп ғылымның Тереңдігі ілімнің Керек екен бәріне. 6.Үй тапсырмасы Жұмыс дәптеріне Білім туралы шағын шығарма жазу. 7.Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан қортынды жасаймыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!! |