Просмотр содержимого документа
«"Білімді мыңды жығар"»
Тақырыбы: Білімді мыңды жығар.
Әдісі: Интеллектуалды думан
Мақсаты:Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру Логикалық ойлау,шапшаң ойлау,ақыл – ойын дамыту.
Қоршаған ортада өзін ұстай білуге , адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.
Интеллектуалды думанның өту барысы:
Таныстыру.
Көкпар
Ойлан, тап!
Мақал- мәтелдер
Сөз ойла, тез ойла.
Менің ойым...
Көшбасшылар сайысы.
- Құрметті ұстаздар мен білімге құмар шәкірттер! «Білімді мыңды жығар» атты 4Б–сыныбында өткелі отырған интеллектуалды думанымызды бастаймыз.
Мұғалім
- Бір кезде кемеңгер атамыз Жүсіп Баласағұни «Әділ сөз алда болады, әділдік әкімдіктен де күшті» деп айтып кеткен екен. Осы сөзді басшылыққа ала отырып, сайыс өз жұмысын алға қарай жүргізу үшін, сіздерді әділ қазылар алқасымен таныстырамыз..
1-жүргізуші:
- Бас иіп топ алдына шығатын,
Сәлемдесу парызы әрбір жастың.
Білімдерін паш етер сайыскерлер.
Сәті келіп қалғандай танысатын.
- Сонымен сайысымыздың 1-ші кезеңін бастаймыз.Әр топ өздерін таныстырады.
Ітоп «Жалын»
Топтың ұраны
Біз жалынды балғынбыз,
Көп білуге құштармыз.
Ұмтыламыз, жеңілмеуге бәріміз
ІІ.топ «Болашақ»
Егеменді елдің тірегі- оқу мен білім,
Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ
Мұғалім
Ердің намысы туған жердің тарихын білуден бастау алады. Сол себепті келесі кезегімізді «Көкпар» деп атадық. Қазір біз сіздерге сұрақ қоямыз, кім жауабын біледі, сол топ алдарыңыздағы қызыл түсті белгіні көтересіздер. Кім бұрын көтерсе, сол жауап береді.
- Құрметті әділ қазылар! Топтың берген әр жауаптары 1 балмен бағаланады.
Мұғалім
а) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Заң қай жылы қабылданды? (1991, 16 желтоқсан)
ә) Тәуелсіздік алуымызға қандай оқиға себеп болды? Осы оқиға қашан болды? (желтоқсан оқиғасы, 1986жыл, 16 желтоқсан)
б) в)Ұлттық валюта күні қай күн, Ұлттық валютамыздың неше жылдығы тойланды? ( 15 караша биыл 24 жылдығы) 1993 жылы 15 караша айында айналымға енді.
г)Тіл мерекесін қай күні тойлаймыз? (22 қыркүйек)
ғ)Еліміздің Ата Заңымыз Конституциясын қай күні атап өтеміз? ( 30 тамыз)
д)Өз елімнің патриоты дегенде ойыңа не келеді?
ж)Еліміздің Рәміздері күні мерекесі қай күні болады? ( 4 маусым)
и)Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
к)Елтаңбаның авторы кім? (Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков)
қ)Гимннің музыкасының авторы кім?
Әділқазылардың берген балы
ІІІ кезең «Ойлан тап» деп аталады. Әр топқа логикалық тапсырма беріледі.
«Күлше қыз»
Күлше қызға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп, екеуіне бірдей, үшіншісіне екі есе аз сал» деп тапсырма берді. Күлшеқызға бұршақтарды дұрыс бөлуге көмектесіңдер. (9+18+18)
«Шаштараз»
Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар.Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам- салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. Неге деп ойлайсыңдар? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан олар бір-бірінің шашын қырқады. Демек біріншісі жақсы- шаштараз.)
Сызбада неше тіктөртбұрыш бар? Сызбаны әр топқа беру.
Мұғалім
-«Үш жұрттың тілін білген адам басқадан үш кез биік тұрады» деген атадан қалған сөз бар. Біз осы себепті келесі кезегімізді «Мақал- мәтел» деп атадық. Қазір сіздер кезекпен келіп, үстел үстіндегі сұраққа бір ғана сөзбен жауап бересіздер де, сол сөздің орыс тіліндегі және ағылшын тіліндегі баламасын айтасыздар.
Толық жауапқа 5 балл, 2 баламаны айтқанға 4 балл, 1 ғана баламаны айтқанға 3 балл.
Сұрағы:
Ойын Әзіл – аралас сұрақтар. ( Мақал – мәтелмен жауап беру. Сандарды орыс және ағылшын тілдерінде атау)
1. Неше қошқардың басы қазанға сыймас? (екі - два - two) 2. Неше рет өлше,... кес.? (Жеті - Seven, бір - one) 3. Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі? (Бір - One, мың - thousand) 4. Жігітке неше өнер аз? (Жеті - Seven) 5. Нешеу ала болса ауыздағы кетеді? ( алтау - six) 6. Неше сомың болғанша, неше досың болсын? ( жүз, сто - one hundred) 7. Жалқаудың ісі нешеу? (екі - two)
8.Жігіт неше қырлы, неше сырлы болу керек? (сегіз, восемь – eight, бір, один – one)
9.Қызға неше үйден тыйым болу керек.? (қырық, сорок
«Сөз ойла, көп ойла» Қайырымдылық сөзінен бірнеше сөз құрастыру. Топтық жұмыс
Мұғалім
- Елбасымыз өзінің Болашаққа бағдар рухани жаңғыру мақаласында: : Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымз белгілі, ол әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отрыуы тиіс.- деген. Олай болса, осы кезеңде, келешектің құшағында өмір сүрудің тәтті бір сәтін бастан өткізіп көрейік. 6-кезең «Менің ойым...» деп аталады. Әр топтың өз шешені ортаға шығып, тапсырмасын таңдасын.
Тапсырмалар:
.......Өз елінің патриоты болу деген не?
.......Жарқын болашақты қалай елестетесің?
(5 балмен есептеледі).
Екі топ орындап болғанша музыкалық үзіліске берейік.
Ән «Астана»
Мұғалім
- Біз осы жолы тағы да Жүсіп Баласағұнидың сөзіне жүгінгелі отырмыз.
Керуен басы білікті болса,
Түйе азбайды.
Қолбасы білікті болса,
Сарбазы тозбайды, – депті.
- Енді топ бастап келген спикерлердің де сыналатын кезі жеткен сияқты. Ортаға көшбасшыларды і шақырамыз. Оларға жеке-жеке 10 сұрақ қойылады. Сол сұраққа тез және дұрыс жауап беру керек.
Зат есімнің сұрақтар.
Тышқан аулағышты бес әріппен қалай атауға болады?.
Мемлекеттік тіл қай тіл?
Адамда арқау бола ма? Ас адамны арқауы.
Күн жүйесінде қанша планета бар?
6. Әлемдегі ең үлкен жануар?.
7. 81 қай санның квадраты?
8.Суыққа ең төзімді құс?
9. Екі нүктенің арасын қосқанда не пайда болады?
10. Астананың бұрынғы атауы.
11.Бастауыштың сұрақтары.
12.Құрманғазы кім?
13.Әлемдегі ең ауыр жылан?.
14. Ең биік сүтқоректі жануар?
15.Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?Көз қорқақ, қол батыр.
16.Мұсылман халқының жаңа жылын қашан тойлаймыз?
17.Баяндауыштың сұрақтары.
18.Динаның ұстазы кім?
19.Ұщып жүріп сайрайтын құс?
20.64 қай санның квадраты?
Қорытынды.
Әділ қазылар алқасына сөз.
Марапаттаулар
Хаттама
«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесінде 23.11.17 күні Бастауыш сыныптар апталығында «Білімді мыңды жығады» тақырыбында 4 «Б»- сыныбында ашық шара болып өтті.
Қатысқаны-3 мұғалім
Тыңдалды
Бастауыш сынып мұғалімі Шабанбаева Әсел сөз алып, өз шарасын «Білімді мыңды жығады» тақырыбында көрсетті. Шараның мақсаты : Оқушыларды өзін өзі ұстай білуге, мәнерлеп оқуға, белсенділігін, қызығушылығын арттыру. Әдептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Шара өз мақсатына жетті.
Педагог ұйымдастырушы:Өмірбекова Ж. шараға қатысудағы мақсатым: Мұғалімнің шараны ұйымдастырудағы әдіс- тәсілін көру.Шараның құрылымына тоқталып өтті.Оқушылар тақпақтарын , көріністерін, ән, биін талапқа сай орындап шықты. Шара өз мақсатына жетті.
Сәлімақынова Б.Шараға қатысудағы мақсатым. Сыныптың ұйымшылдығын көру. Шара өз дәрежесінде өтті. Интерактивті тақтаның мұғалім және оқушы үшін тиімділігі туралы айтты. Оқушының сабаққа қызығушылығын арттыратын құрал екендігін де атап өтті. Кейбір оқушылар жауаптарын толық жеткізе алмады. Шара мақсатына жетті.
Алмасаева Ж. Жалпы математика пәнінен, қазақ тілінен, дүниетанудан тапсырмалар алынған.Білімнің өмірде кез-келген уақытта қажет екенін айта келе, шараны екі топпен жарыс түрінде өткізілді. Екі топ оқушылары да қызығушылықпен қатысты.Шара өз мақсатына жетті.
Асылбаева Ж. Көрсетілген шарада тиімді әдістер алынған. Басқа пәндермен байланысы бар.Білімін, таным белсенділігін арттыруға, дамытуға тапсырмалар берілген. Тапсырмалар көбінесе логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған. Шара өз мақсатына жетті.
Ұсыныс:Үлгерімі төмен оқушылардың белсенділігін арттыру.