kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Білімді мы?ды жы?ар»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?ушыларды? математикалы? ой - ?рісін дамыту, п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын ояту, ал?ан білімдерін пысы?тау, білімді, дарынды, озы? болу?а т?рбиелеу.
Армысыздар ??рметті ?стаздар мен о?ушылар ж?не ойын?а ?атысушы сайыскерлер!
«Халы?ты? кемеліне келіп ?ркендеп ?суі ?шін, е? алдымен, азатты? пен білім ?ажет» деп Шо?ан У?лиханов, «?ылым майданыны? ?атарда?ы жауынгері тек ?немі о?у, іздену, талпыну, тану, ?мір мектебінен ?ту ар?ылы ?ана оны? ірі ?айраткері д?режесіне дейін к?теріледі» деп ?. С?тбаев айтып кеткендей, елімізді? болаша?ы тек ?ана білімді жастар екені даусыз.
Олай болса, 7 сынып о?ушылары арасында ?ткізгелі отыр?ан «Білімді мы?ды жы?ар» атты сайысымызды бастаймыз.
Алдымен сайыс?а ?атысушы топтарды  таныстыралы?: Сайыс?а 4 топ ?атыс?алы отыр. ?азір енді сайыскерлеріміз ?здерін таныстырып ?тсін:

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Білімді мы?ды жы?ар» »

Миятжан Динара Миятжанқызы

«Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде математика пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: «Білімді мыңды жығар»
(7 сынып оқушылары арасында)

Мақсаты: Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, алған білімдерін пысықтау, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп Шоқан Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қ. Сәтбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
Олай болса, 7 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Білімді мыңды жығар» атты сайысымызды бастаймыз.
Алдымен сайысқа қатысушы топтарды таныстыралық: Сайысқа 4 топ қатысқалы отыр. Қазір енді сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтсін:

Енді сайысымызды басталық. Әділқазылар алқасын таныстырып өтейін:

Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
I бөлім - Таныстыру

ІI бөлім – «Бәйге»
ІІI бөлім – «Тіл - өнер»
ІV бөлім – «Шырпыдағы математика »
V бөлім – «Адасқан әріптер»

1-ші кезеңде әр топ өздерін таныстырады( аты, ұраны, төс белгі). 1 мен 5 балл аралығында бағаланады.

Ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын IІ бөлімін бастаймыз.
ІI бөлім «Бәйге». Бұл бөлімде топтарға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Әр дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі.
Сұрақтар: 1топқа

1. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер? (перпендикуляр)
2. 2 ғасырда неше жыл бар? (200)
3. Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура. (бұрыш)
4. Кез - келген барлық санға қалдықсыз бөлінетін сан? (1)
5. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? (1)
6. Қара ағаш басында 5 алма өсіп тұр. 1 жерге түсіп калды, нешеуі тал басында қалды?
( Қара ағашта алма өспейді )

7. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды?
( Құрамында әрпі бар өрнекті)
8.Тік бұрышқа сыбайлас бұрыш

9. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5) 
10. Тік бұрышты төртбұрыштың ені 4 см - ге тең, ұзындығы енінен 5 см ұзын. Ауданы неге тең?
(ені - 4см, ұзындығы 4+5= 9см 4*9=36 см)
Сұрақтар: 2топқа

1. Қарама - қарсы сандар дегеніміз не?
( Тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар )
2. Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4)
3. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі неше градусқа тең?

4. Қосарланып жетілген үш ат бір сағаттың ішінде 27 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген?
( Ол да 27 км жүрген )
5.Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
( Жақша ішіндегі алгебралық қосылғыштардың өз таңбалары сақталады )
6. Доғал бұрышқа сыбайлас қандай бұрыш?

7. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4) 
8. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер? (перпендикуляр)
9. Сан аралықтарының неше түрі бар және оларды ата?
( 5 түрі бар: интервал, кесінді, жартылай интервал, сәуле, ашық сәуле)
10. 200 жыл қанша ғасыр? 2

Сұрақтар: 3топқа

1 . Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым?(теорема)
2. Сыбайлас бұрыш дегеніміз не?

3 Сүйір бұрышқа сыбайлас қандай бұрыш?

4 Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталлады?
5 Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы Олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
( Түйеқұстар ұшпайды )

6. Жай сан деп қандай санды атаймыз?
( 1 - ге және өзіне ғана бөлінетін санды )
7 Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ. (параллель)

8 Шеңбердің ең үлкен хордасы (диаметр)
9. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3) 
10. Үшбұрыш дегеніміз не?

Сұрақтар: 4 топқа

1. Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура. (бұрыш)
2. Кез – келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады. (түзу)
3 Тік бұрыш неше градусқа тең? (90 градус)
4 . Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды?
(10 торғай қалды, басқалары ұшып кетті )
5. Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталлады?
( Бір - бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер )
6. Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)
7 Нәрселерді санағанда қолданылатын сан. (натурал сан)
8. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат) 
9. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин) 
10. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы


ІIІ бөлім «Тіл - өнер».
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізеді.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – дей келе, «Тіл - өнер» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақ, мақал – мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.
Осы бөлімнен кейін ұпайы аз 2 топпен қоштасамыз
1) Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш, линейка, a ruler)
2) Қос құлақты, жүз тісті,
Жүзінен бір - ақ із түсті (ара, пила, saw)
3) Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді.(қалам, ручка, pen)
4) Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар (10, он, десять, ten, 100, жүз, сто, hundred)
5) Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан - жағыңа қарамай. (натурал сан, натуральные числа, real)

6) Ел құлағы нешеу?
(елу, пятьдесят, fifty)
7) Отыз тістен шыққан сөз-неше рулы елге тарайды?
Отыз, тридцать, sooty
8) Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады?
Он екі, двенадцать, twelve
Төмен ұпай жинаған топтармен қоштасайық

Сайысымыздың «Шырпыдағы математика» бөлімін бастаймыз. Берілген теңдік тура болу үшін бір ғана шырпыны өзгерте аламыз. Дұрыс жауап 3 балдан есептеледі.

4+5=7

1+8=7

2-9=5

Бұл бөлімде топтан оқушылар шығып тапсырманы орындайды.1-ші және дұрыс тапқан топқа 10 ұпай.

Ойынымыздың келесі бөлімі «Адасқан әріптер».

ЫСЛСБЙАА

КЛТЬИЕВАР

Қорытындылау:
Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз – дей отырып, жеңімпаз топты анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Білімді мы?ды жы?ар»

Автор: Миятжан Динара Миятжан?ызы

Дата: 28.02.2015

Номер свидетельства: 180027


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства