Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау.
Көрнекілік: тақырыптық суреттер.
Сабақтың барысы
І. Кіріктірілген бөлім. Бағдарлау – мотивациялық кезең
Суретпен жұмыс.
Тақырыпқа байланысты сәбиін бесікке салып тербетіп отырған ананың суреті көрсетіледі. Оқушылар сурет бойынша өз ойларын айтады. Сурет мазмұнына сәйкес бұрыннан өздеріне таныс өлең жолдарын, мақал, жұмбақтарды еске түсіреді.
Мысалы:
«Бала, бала, бала!» деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген – бір мұрат.
Алдынан түсіп ананың
Жүргенін көру – бір мұрат.
Мұғалім: Бесік жыры – біздің анамыздың тыңдаған алғашқы әніміз. Бесік жыры бала жанына жағымды әуенмен айтылады, оның әуені бөбекті жұбатып, жанын рахаттандырады.
Ендеше, бүгін атадан балаға мұра боп келе жатқан «Бесік жыры» үлгісімен және М.Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңімен танысамыз.
ІІ. Сараланған бөлім. Операциялық – орындаушылық кезең
2-сынып
3-сынып
Өзіндік жұмыс.
1-тапсырма. Оқулықтағы Ы.Алтынсариннің өлеңін оқып, жаттап алу. Ребусты шешу.
Шешуі: «Бесік жыры»
Мұғалім басшылығымен жұмыс.
Өлеңді оқып, сұрақ-жауап арқылы мазмұнын талдау.
Анасы баласын қалай жұбатады?
Баласын жақсы көрген сезімін қандай сөздермен білдіреді?
Анасы баласының кім болғанын қалайды?
Мұғалімнің басшылығымен жұмыс.
Өлеңді талдау.
Өлеңді мәнерлеп оқу
Сұрақтарға жауап беру.
Анасы баласын қалай еркелетті?
Бесіктің балаға қандай пайдасы бар?
Өлеңнің соңғы жолдарын қалай түсіндіресіңдер?
1-тапсырма. Өлеңдегі анасының баласына кім болар екенсің деп санамалап айтқан мамандық түрлерін тауып, дәптерге жаз. Өзің болашақта кім болғын келеді, 1-2 сөйлеммен жауап жаз.
2-тапсырма. Өлең мазмұнына сүйеніп, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу.
..., ..., ... бәрі ұйықтап жатыр. Сен де, ..., ұйықтай ғой. Бесік ..., төсегің ... болады. Сен – менің ...
2-тапсырма. Өлең мазмұнын пайдаланып, төмендегі сөздер қатарын мағынасына қарай сәйкестендіру.
Көл ою
Жылқы ғылым
Бармақ құрық
Сөз құрақ
Балуан шешен
Ғалым күрес
3-тапсырма. Оқулықтағы суретпен жұмыс. Оқушылар сурет мазмұнына сәйкес өз ойларын айтады.
Суретке ат қою. Анаң сені қалай еркелетіп атайды?
3-тапсырма. Төмендегі өлең жолдарының мағынасын өз сөздерімен түсіндіру.
Көп қиыннан өтерсің,
Мақсатыңа жетерсің.
Қолымыздан іс алып,
Мойныңа күш алып.
Өзіндік тапсырмалар.
«Ақ бесік» өлеңін оқу.
Әшекейім, ақ бесік,
Әлдиіме, бақ бесік,
Шүмегіңді табайын,
Түбегіңді салайын,
Сылдырмағыңды тағайын
Жібек көрпе жабайын,
Бауың барқыт, пүліштен,
Балдықтарың күмістен
Жабдығыңмен сайлысың
Жатса, бөпем жайлысың.
Бөпем сенен өседі,
Құтты болсын төсегі.
Өлеңдегі бесік құралдарының атын атап, дәптерге жазу.
Үлгі:
Бесік құралдары: шүмек, түбек, көрпе,....
«Бесік жыры» үлгісімен өлең-ұйқас құрау.
Әлди, әлди ақ бөпем,
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой,
Ертегі айтып берйін,
Қобыландыдай баиыр бол,
.... балуан бол,
.... әнші бол,
.... күйші бол,
.... ақын бол,
.... ғалым бол,
.... суретші бол.
ІІІ Кіріктірілген бөлім. Рефлекциялық-бағалау кезеңі
2-сынып
3-сынып
Тест тапсырмалары
Тест тапсырмалары
1.Артық сөзді тап:
А) шүмек
Ә) түбек
Б) ұйқы
2. ....ұйқыға кір.
А) аппағым
Ә) тентегім
Б) алтыным
3. Бесік қандай болады?
А) аласа
Ә) жұмсақ
Б) биік
4. Бесік құралын табыңдар.
А) шеге
Ә) шүмек
Б) шідер
1.Түн ұйқысын төрт бөлетін кім?
А) ана
Ә) бала
Б) әке
2. Өзімнің сүйген....
А) қалың
Ә) ұзақ
Б) тәтті
3. «Мәлім» сөзінің мағынасы:
А) өзге
Ә) таныс
Б) атақты
4. Бала - ... бауыр еті.
А) ананың
Ә) атаның
Б) әженің
5. Жілік дегеніміз не?
А) жаңғақ
Ә) өрік
Б) сүйек
6. Анасы баласының үлкейіп, адам болуын армандайтынын қандай жолдардан байқадыңдар?
А) «Көлге біткен құрағым»
Ә) «Қолымыздан іс алып,
Бізді бағар ма екенсің»
Б) «Батыр болар ма екенсің?»
Тест жауаптары кодоскоп арқылы тексеріледі
Өзін-өзі бағалау парағы.
Мұғалімнің берген ұпайына сүйене отырып, оқушылар бағалау парағы бойынша өзін – өзі бағалайды.