kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бесік жыры - ?лтты? д?ст?р

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бесік жыры  Бастауыш сынып Та?ырыбы: Бесік жыры Ма?саты: Білімділік: О?ушыларды? бойына хал?ымызды? рухани байлы?ын игертуге, ?лтты? озы? д?ст?рден ?лгі алу?а баулу Дамытушылы?: Хал?ымызды? салт - д?ст?р м?дениетін, ?зіндік ?лгі ?негесін балалар бойына сі?іру. К?шпелі ??мыр кешкен бабаларымыздан ?ал?ан ?асиетті бесікті?, бала?а айтылатын бесік жырыны? бала ?міріне пайдалылы?ын ??ындыру. Т?рбиелік: О?ушылар?а халы?ты? мол ?азынаны ??рметтеуге т?рбиелеу. К?рнекілігі: Интерактивті та?та, бесік, арба, плакат?а жазыл?ан с?здер. ?олданылатын ?діс - т?сілдер: Т?сіндіру, к?рнекілік, с?ра? - жауап Саба?ты? барысы: I. ?йымдастыру кезе?і А) О?ушылармен с?лемдесу Б) О?у ??ралдарын даярлату Шатты? ше?бері: К?нге ?арап к?леміз, Иіліп с?лем береміз. Ба?ыт, шатты? сыйлайсы?, К?нім са?ан сенеміз. II. ?ткенді ?айталау: Балалар біз сендермен «Жаздыг?ні шілде бол?анда деген» ?лкен тарауды ая?тады?. Сол тарауды ?орытындылап тест ж?мысын орындайы? (Балалар тест ж?мысын орындап, ?здерін ?здері ба?алайды. Д?рыс жауап та?та?а ілінеді). III. Жа?а саба?: Балалар б?гін біз сендермен «Сар?ылмас ?азына» деген тарауды бастаймыз. Б?л тараудада бірнеше та?ырыптар ?амтыл?ан. Бесік жыры Т?рт т?лік туралы жырлар Ертегілер Шешендік с?здер Ма?ал - м?телдер Ж?мба?тар Сендермен б?гінгі ?тетін та?ырыбымыз «Бесік жыры». Бесік деген не? Оны к?ргендері? бар ма? М??алім: Бесік - к?шпелі ??мыр кешкен бабаларымыздан ?ал?ан ?асиетті м?ра. ?аза?та «Ел боламын десе?, бесігі?ді т?зе» деген ?ла?атты маржан с?з бар. Олар тегін айтылма?ан. Бесік - ?лтты? ?нерімізді? туындысы, салтымызды? ж?рна?ы, ?лтты? т?рбие ??ралы. К?шіп - ?он?ан хал?ымызды? ?асырлар бойы т?жірибесінен туында?ан, уа?ыт заман сынынан с?рінбей ?ткен киелі бесікті? ?зіндік ерекшелігі, т?рмыс?а бейімділігі, бала ?міріне пайдалылы?ы орасан зор. Бесікті? е? ?арапайым т?рі ?айы?, тал, та?ы бас?а о?ай иілетін ?рі же?іл а?аштан жасалады. Бесікті? ??рамы 15 б?ліктен т?рады. Олар: бел а?аш, екі б?ген, т?рт жа?тау, т?рт шаба?, екі сабау, екі жор?адан т?рады. ?аза? д?рыс б?леніп, бесік к?рген баланы? дені сау, т?рбиесі т?зу болады дейді. Сонды?тан баланы бесікке б?леуді? м?ні зор. Бесікке б?легеннен кейін ?о?ыр?ай ?сем дауыспен бесік жыры айтылады. VI. Д?птермен ж?мыс: Балалар д?птерімізді ашып, Б?гінгі к?нні? реті мен та?ырыпты жазып алайы?. Бейнесюжет Балалар осы мектепті? ?лгілі а?а ?стазы, к?пті к?рген анамыз, б?гінгі к?ні ?же болып отыр?ан Ж?ма?айша м??алімні? бейнесюжетін тамашалайы?! Енді мына бейнесюжетті тамашалайы?! Сергіту с?ті: Бесік, бесік, бесік, Сен ар?ылы білімге ашты? есік. Сенен ал?ан т?рбиені? негізінде, Келеді ?рпа?тары? т?зу ?сіп. VII. О?улы?пен ж?мыс: Балалар о?улы?ымызды? 302 - інші бетін а
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бесік жыры - ?лтты? д?ст?р »

Бесік жыры

 Бастауыш сынып



Тақырыбы: Бесік жыры

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын игертуге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу

Дамытушылық: Халқымыздың салт - дәстүр мәдениетін, өзіндік үлгі өнегесін балалар бойына сіңіру. Көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті бесіктің, балаға айтылатын бесік жырының бала өміріне пайдалылығын ұғындыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға халықтық мол қазынаны құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, бесік, арба, плакатқа жазылған сөздер.

Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, көрнекілік, сұрақ - жауап



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылармен сәлемдесу

Б) Оқу құралдарын даярлату

Шаттық шеңбері:

Күнге қарап күлеміз,

Иіліп сәлем береміз.

Бақыт, шаттық сыйлайсың,

Күнім саған сенеміз.



II. Өткенді қайталау:

Балалар біз сендермен «Жаздыгүні шілде болғанда деген» үлкен тарауды аяқтадық. Сол тарауды қорытындылап тест жұмысын орындайық

(Балалар тест жұмысын орындап, өздерін өздері бағалайды. Дұрыс жауап

тақтаға ілінеді).



III. Жаңа сабақ:

Балалар бүгін біз сендермен «Сарқылмас қазына» деген тарауды бастаймыз. Бұл тараудада бірнеше тақырыптар қамтылған.

Бесік жыры

Төрт түлік туралы жырлар

Ертегілер

Шешендік сөздер

Мақал - мәтелдер

Жұмбақтар

Сендермен бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Бесік жыры».

Бесік деген не?

Оны көргендерің бар ма?

Мұғалім:

Бесік - көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті мұра.

Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлағатты маржан сөз бар.

Олар тегін айтылмаған.

Бесік - ұлттық өнеріміздің туындысы, салтымыздың жұрнағы, ұлттық тәрбие

құралы. Көшіп - қонған халқымыздың ғасырлар бойы тәжірибесінен туындаған, уақыт заман сынынан сүрінбей өткен киелі бесіктің өзіндік ерекшелігі, тұрмысқа бейімділігі, бала өміріне пайдалылығы орасан зор.

Бесіктің ең қарапайым түрі қайың, тал, тағы басқа оңай иілетін әрі жеңіл ағаштан жасалады. Бесіктің құрамы 15 бөліктен тұрады.

Олар: бел ағаш, екі бөген, төрт жақтау, төрт шабақ, екі сабау, екі жорғадан тұрады. Қазақ дұрыс бөленіп, бесік көрген баланың дені сау, тәрбиесі түзу болады дейді. Сондықтан баланы бесікке бөлеудің мәні зор. Бесікке бөлегеннен кейін қоңырқай әсем дауыспен бесік жыры айтылады.



VI. Дәптермен жұмыс:

Балалар дәптерімізді ашып, Бүгінгі күннің реті мен тақырыпты жазып алайық.

Бейнесюжет

Балалар осы мектептің үлгілі аға ұстазы, көпті көрген анамыз, бүгінгі күні әже болып отырған Жұмағайша мұғалімнің бейнесюжетін тамашалайық!

Енді мына бейнесюжетті тамашалайық!



Сергіту сәті:

Бесік, бесік, бесік,

Сен арқылы білімге аштық есік.

Сенен алған тәрбиенің негізінде,

Келеді ұрпақтарың түзу өсіп.



VII. Оқулықпен жұмыс:

Балалар оқулығымыздың 302 - інші бетін ашып «Бесік жырын» түсініп тізбектей оқып жіберейік.(оқушыларға тізбектей оқыту).



Тұсау кесу рәсімі: Қаз басып жүре бастаған сәбидің тұсауын кесерде,

оны үш түрлі тілекпен кеседі. Бірінші, баланың тұқымы шөптей көктеп өссін деп, аяғын шөптен ескен жіппен кеседі. Екінші, малы көп және семіз күйлі болсын деп аяғын тік ішекпен кеседі. Үшіншіден, Адал болсын біреудің ала жібін аттамайтын шыншыл болсын деп, баланың аяғын ала жіппен кеседі.



Мұғалім:

Балалар бұрынғы кезде ата - бабаларымыз балаға бесікті қолданса, қазіргі

дамыған кезде бесіктің орнына түрлі арбаларды қолдануда. Оны мына бейне

сюжеттен тамашалай аласыздар.( Сүйінші, сүйінші).



Сабақты бекіту:

Мынандай сұрақтарға жауап беріп жіберейік.

А) Анасы баласын қалай жұбатады?

Б) Өлең неліктен «Бесік жыры» деп аталған?

В) Баланың тұсауын кесерде неше түрлі жіппен кеседі?

Г) «Көп қиыннан өтерсің» деген жолдың мағынасын түсіндір?



Балалар үйге өздерің білетін бесік жырларын дайындап келуге берген болатынбыз. Қәне, кім айтады?

Қорытындылау:

Сонымен, бүгін сендер бесік туралы, бесік жыры туралы біраз мағлұматтар білдіңдер. Бесік сияқты қасиетті құндылықты сақтай білейік. Сау болыңдар.

Бағалау






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бесік жыры - ?лтты? д?ст?р

Автор: Исматова Надира Джамалдиновна

Дата: 30.09.2015

Номер свидетельства: 235251


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства