Сыныбы: 3 | Күні: 20.04.2015ж | Пәні: Әдебиеттік оқу |
Сабақтың тақырыбы: | Бесік жыры |
Мақсаты | Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрін дәріптеу. Бесік жырының маңызын ұғындыру |
Күтілетін нәтиже:
| Бесік. Бесік жыры туралы ұғым қалыптасады. Қосымша деректер арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын артады. |
Сабақтың әдісі-тәсілдері: | |
Сабақтың кезеңдері Уақыты | Мұғалімнің іс - әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар | Бағалау |
Шаттық шеңбері 2 мин | Алдымыздан кезіккен, Көп танысты көреміз. Бәріне де ізетпен, Біздер сәлем береміз. | Оқушылар шеңбер құрып,қол ұстасып өлеңді мұғаліммен бірге айтады | АКТ - ны пайдалану | |
Топқа бөліну: 3 мин | Бір, екі, үш сандарды айтып жылдам кай сан екендерін тауып жылдам орналасады.
| Балалар шапшаңдықпен топқа бөліну | Жетондар (түрлі түсті қағаздарға 1,2,3 сандары жазылған) | |
Үй тапсырмасын Тексеру 5 мин | Тест тапсырмалары. 1. Осы тараудағы Абай өлеңін ата? 2. «Қымыз молайып, қозы піскен кез» деп қай айды айтамыз? 3. Шыбынсыз айларды ата? 4. «Дала» өлеңінің авторы кім? 5. Таң алдында ататын жұлдыз. 6. Ғабит Мүсірепов кім? 7. Малды жақсы көретін бала? 8. Жаз айларын ата? 9. Жыл мезгілін ата? 10. Нөсер деген не? | Балалар тест жұмыстарын орындайды. | Тест тапсырмасы жазылған парақша | Өзін - өзі бағалау |
Қызығушылықты ояту 5 мин | Әңгіме: «Бәрінен жақсы». Бір кішкентай қыз,көшеде анасынан адасып қалыпты.Ол анасын іздеп жылап келе жатады.Сол кезде алдынан бір бала шығып былай дейді: -Сен жылама,мен сені анаңа алып барамын. -Сенің анаң қандай еді? Сонда қыз жылап тұрып:менің анам ең жақсы адам,ол бәрінен де жақсы! –депті. - Ал енді сендерге сұрақ: Анамызды не үшін жақсы көреміз? | Балалар сұрақтарға жауап береді. | оқулық | шапалақтау |
Топтық жұмыс 5 мин | 1-топ. «Ана»тақырыбына шығарма жазу. 2-топ. Ана туралы мақал-мәтелдер айту. 3-топ. Ана туралы өлең шығару | Балалар өз ойларын айтып өтеді | Слайд аркылы көрсетемін | Басбармақ көрсету |
Мағынаны тану 5 мин | 1.Ең алғаш сәби дүниеге келгенде анасы сәбиін қайда жатқызады? -Бесікке. Бесік туралы не білеміз? Ассоциация. 2.Бесікке бөлеу қазақтың салт-дәстүріне жатады.Балаға байланысты басқа тағы қандай салт-дәстүрді білесіңдер? 3.Ребус шешкізу: Бес, ішік, жылқы, тары. «Бесік жыры». Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осы «Бесік жыры» Бесікті тал, қайың, қарағай сияқты мықты ағаштардан жасайды. Қазақ баласын ағаш бесікке салып асырайды. Бесік арқылы бала таза, жылы жатады, әрі ұйқысы тыныш болады. Бесіктің құралдары : жастық мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолбау т.б Бұл бесік жырының авторы-халық.«Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп Абай атамыз айтқандай,балаға ақ сүтімен бірге сіңген ана әлдиі ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан-ұрпаққа тараған.Ауыз әдебиеті-бұрынғы адамдар жазудыбілмеген кезде ән,жыр, күйді балалары естіп, ұғып алған,оны өз балаларына үйреткен,сөйтіп осы дәуірге жеткен. Сен сәбиді өлеңмен әндетіп,тербетіп ұйықтататынын білесің. Мұндай жырды «Бесік жыры»деп атаған. | Әр топ оқушылары кезекпен шығып өздері білетін салт - дәстүрлерін жазады. Ребустың шешімін табады. | Плакат Маркерлер Ребус , бесік суреті, Бесік құралдары | Шапалақтау арқылы |
Сергіту сәті 2 мин 3 мин | «Бесік жыры» әнін тыңдату | Оқушылар әнге қосылып айтады | Унтаспа | |
Дәптермен жұмыс | Өлеңдегі анасының баласына кім болар екенсің деп санамалап айтқан мамандық түрлерін, дәптерлеріне теріп жазу. Ұста, балуан, ғалым, әртіс. | Балалар топпен бірлесіп әрекеттер жасайды. | Оқулық | |
Шығармашылық тапсырма | 1-топ. "5 жолды өлең" Бесік 2-топ. Бесікке байланысты ырым - тыйымдар 3-топ. Өлеңнен үзінді оқып, жатқа жазу | Балалар топпен бірлесіп әрекеттер жасайды. | А4 қағаздар маркерлер | Формативті бағалау. |
Қорытындылау Рефлексиялық кезең | Чемодан, еттартқыш,корзина тақтаға чемодан, еттартқыш, корзина суреті ілінеді.
Чемодан –бүгінгі сабақ менің болашағыма керек құнды сабақ болды
Еттартқыш – алған мәліметтерімді кері қарауым керек
Корзина – бәрі жарамсыз. | | | |
Үйге тапсырма | Өлеңді мәнерлеп оқу. Балаға байланысты салт - дәстүрлер туралы іздену | | АКТ(www.google.kz) | |
Бағалау | Формативті бағалау. Өзара бағалау | | Конфеттер стикерге жазылған мадақтама | |