kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бесік жыры 2-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: М. Ж?мабаев. Бесік жыры
Саба?ты? ма?саты:О?ушыларды ?аза?ты? салт-д?ст?рімен, ?дет ??рыпымен таныстыру
Бесік жырыны? ма?ызын ??ындыру.
Саба?ты? міндеттері:
Білімділік: Бесік жырыны? ма?ызын ??ындыру.
Дамытушылы?: Жа?а технологияларды пайдалана отырып о?ушыларды? ?з ойларын, пікірлерін еркін айту?а, д?лелдей білуге, с?йлеу м?дениетін, топпен ж?мыс істеу, шы?армашылы?, танымды? ?абілеттерін дамыту.

Т?рбиелік:Салт д?ст?рді ??рметтей білуге, ата – ананы ?адірлей білуге т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі: д?ст?рлі
Саба?ты? типі: аралас саба?
Саба?ты? ?дісі: с?ра? – жауап, баяндау, талдау, ой ?оз?ау.
Саба?ты? к?рнекілігі: Бесік, интерактивті та?та, слайдтар
П?н аралы? байланыс: музыка
Саба? барысы
1 ?йымдастыру кезе?і

2.Психологиялы? ?зірлік «Кел, балалар, о?ылы?!»

3.?ызы?ушылы?ты ояту    Тарау?а шолу

3.Топ?а б?лу                  Береке,Бірлік, Ынтыма?

4.?ткенді пысы?тау

а/Ф.О??арсынова туралы

?/Блум токсономиясы /жі?ішке, жалпа? с?ра?тар/

ІІ.Ма?ынаны тану

Психологиялы? ?зірлік 

Туылуына бір к?н ?ал?анда н?ресте т??ірден с?рады…?

Мен б?л ?мірде не істеуім керек екенін білмеймін.

Т??ір:

„Мен са?ан періште сыйлаймын.

“Ол сені? ?рдайым ?асы?да болады.“

„Біра? мен оны? тілін т?сінбеймін ?ой“

„Періште ?зіні? тілін са?ан ?йретеді“

„Ол сені барлы? ?ай?ыдан ?ор?айды“

„?алай ж?не ?ашан мен са?ан оралуым ?ажет?“

„Сені? періште? са?ан барлы?ын айтады“

„Мені? періштемні? аты кім?“

“Атыны? кім екені ма?ызды емес…“

„…сен оны :

ана

деп атайсы?.

- 2. Жа?а материалды игертуге дайынды?

а/Б?л кім? Ы.Алтынсарин ?ле?і.

?/ Аналары? ?здері?е деген махаббатын ?алай жеткізеді?

2.Ребус шешу  / слайдта/

3.Ж?мба? шешу

С?биге с?нді ?й

Ана?а ?н – к?й.

(Бесік)

4.Кіріспе с?з               Бесік туралы

-Бесік жырын ана неге айтады деп ойлайсы?дар

-Бесік деген не? Бесік неден жасал?ан? Бесік — н?рестені б?леуге арнал?ан а?аш т?сек.

С?биді б?леу (к?рініс)

2.Автор туралы М.Ж?мабаев

3.Жа?а материалды игерту

1.М?тінмен ж?мыс, тізбектей о?у

2.Бесік жырларын ты?дау   Д?птермен ж?мыс

3. ?ле?нен ананы? баласын еркелеткен с?здерін табу

-к?нім,айым,еркетайым,?озым,ж?лдызым, к?з н?рым

/ТОПТАСТЫРУ/.

4. Ой ?орыту.

а/Тест ж?мыстары

?/Пікірлер а?ашы      М.Ж?мабаев

5. Ба?алау.

6. ?й тапсырмасын беру

а/Бесік жырын жаттау

?/ Шы?армашылы? тапсырма

«Ананы? ала?аны-бала?а айдынды ?оныс” ана туралы ??гіме немесе ?ле? жазу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«бесік жыры 2-сынып»

Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев. Бесік жыры
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрімен, әдет ғұрыпымен таныстыру
Бесік жырының маңызын ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Бесік жырының маңызын ұғындыру.
Дамытушылық: Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушылардың өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, дәлелдей білуге, сөйлеу мәдениетін, топпен жұмыс істеу, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Салт дәстүрді құрметтей білуге, ата – ананы қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, талдау, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Бесік, интерактивті тақта, слайдтар
Пән аралық байланыс: музыка
Сабақ барысы
1 Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық әзірлік

Туылуына бір күн қалғанда нәресте тәңірден сұрады…?

Мен бұл өмірде не істеуім керек екенін білмеймін..

Тәңір:

„Мен саған періште сыйлаймын.

“Ол сенің әрдайым қасыңда болады.“

„Бірақ мен оның тілін түсінбеймін ғой“

„Періште өзінің тілін саған үйретеді“

„Ол сені барлық қайғыдан қорғайды“

„Қалай және қашан мен саған оралуым қажет?“

„Сенің періштең саған барлығын айтады“

„Менің періштемнің аты кім?“

“Атының кім екені маңызды емес…“

„…сен оны :

ана

деп атайсың.

2. Жаңа материалды игертуге дайындық

-Ананы неге теңейсің?

Неліктен сол затқа теңегендігін дәлелдеу.

Сәбиге сәнді үй

Анаға ән – күй.

(Бесік)

-Бесік деген не? Бесік неден жасалған? Бесік — нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған. Қазақ бесікті қарағай, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік жеңіл, ықшам әрі берік, көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесік баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы орнатылатын түбек пен шүмек бала дәретін жайылдырмайды. Түбектің түбіне күл салып, жиі-жиі ауыстырып отырады. Шүмекті қойдың асық жілігінен жасайды, кейде айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатып алады. Бесіктегі баланың аяғы, кеудесі қатты байланатындықтан, оның қан айналу жүйесіне керісінше әсер етеді. Сондықтан баланы бесіктен жиі босатып, қол-аяғын қозғап, арнайы жаттығулар жасайды. Бесікпен қоса құс төсек, жастық, жөргек, қолбау, тізебау, тізе жастық, бесік көрпе даярланады. Бесіктің жер бесік, аспалы бесік(әлпеншек) деген екі түрі кездеседі. Қазақта бесік қасиетті, киелі құтты мүлік болып есептеледі.

Бесіктің құралы, негізінен, он бес бөліктен тұрады. Олар: бір бел ағаш, екі бөген, төрт жақтау, төрт шабақ, екі сабақ, екі сабау, екі жорға. Жас нәрестені бесікке бөлеу үшін төмендегі жасау жабдықтар қажет: Жөргек. Жұқа киіз төсеніш немесе арасына мақта салып, сырылған көрпеше. Түбекке тура келетін тұсы ойылған

Құс төсек. Жөргегінің үстінен төселетін құс жүні салынып қабылған жұмсақ төсеніш

Жастық. Бесіктің енімен сәйкес келетін,арасына құс жүні толтырылған кішкене жастық. : Кепіл. Нәрестенің жамбас тұсына, тізесіне кепіл ретінде арнайы тігілген бірнеше кішкене жастықшалар қойылады

Тарпа бау/ таңғыш/ тарпа баулар құр тәрізді биязы жіптен тоқылады немесе екі – үш қабат матаны сырып, бауларын орап әзірлейді

Тартпаның біреуі бөленген, құндақталған нәрестенің көкірек тұсынан, екіншісі тізенің үстінен түседі. Тарпа баудың ұштары бесіктің екі жағында сабау ағаштарға тоқылған. Түбек. Түбек қыштан немесе мыс, жез қаңылтырдан әзірленеді Сыртында киіз немесе былғары қабы болады.

Шүмек. Сүйектен немесе ағаштан әзірленеді

Жабу. Бесіктің көлеміне сай, жұқа матадан тігілген кестеленген арнаулы жабуы болады. Ол жас нәрестені маса – шыбыннан күн көзінен желден, суықтан қорғайды. Жүргізуші: Осы айтылғандардан бөтен тіл, көз тимесін деп бесіктің басына үкі, тұмар, қара ала моншақ,боялған асық, бүркіт тұяғы, жыланның бас сүйегі тағылады.

Сәбиді бөлеу (көрініс)

Бос бесіктің арқалығын оттан шыққан көсеумен /қысқашпен/ үш қайтара қариды. Түбек орнатылатын тесіктен үш мәрте дәм өткізіп алған соң айналасына шашу етіп шашады. Түбектің ішіне жылы күл салып, тесікке орнатқаннан кейін, көрпешелерін төсейді. Жаялықтарын жайып болған соң аршаны немесе адыраспанды тұтатып, бесіктің іші – сыртын отпен аластайды.

«Алас, алас, Бәледен қалас, Бәле жаладан сақта Қауіп – қатерден сақта, Көзі қызыл болмасын, Көші қызыл болмасын» Жастықшаларын салып, нәрестені жатқызғаннан кейін жұмсақ шүберекке оралған шүмегін бұтының ортасына қыстырады.

Жөргегіне орап, қымтап болған соң тізесінің және кеудесін баумен тағады да, көрпесін жабады. Ана бесік жырын айтады.

3.Жаңа материалды игерту

Бесік жыры туралы музыка пәнінің мұғалімі баяндайды.

Бесік жырын тыңдау.

-Балаға байланысты тағы қандай салт –дәстүр білеміз?

-Осы тойлар қалай тойланады?

Сергіту сәті

Қара жорға биінің элементтерін жасау.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Автор туралы мәлімет беру. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысының бүгінде өз есімімен аталатын ауылында орташа ғана дәулеті бар отбасында дүниеге келеді. Әуелі ауыл молдасынан, содан соң ауылдағы мұғалімнен оқып, сауатын ашады. 1905-1910 жылдары

Қызылжар (Петропавл) қаласындағы медреседе оқиды. Медреседе бірқатар шығыс тілдерінен дәріс алады, шығыс ақындарының жырларымен танысады. Өзі де әдебиетпен шұғылданады. 1910 жылдың күзінде Уфаға келіп, осындағы Ғалия медресесіне түсіп білімін молайтады. 1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды. 1938 жылы "халық жауы" деген жаламен ату жазасына кесіледі.

Бесік жырын мұғалімнің оқуы.

Сөздік жұмыс

Оқушылырдың тізбектей оқуы.

Өлеңнен ананың баласын еркелеткен сөздерін табу

-Бесік жырын ана неге айтады деп ойлайсыңдар?

-Аналарың өздеріңе деген махаббатын қалай жеткізеді?

Шығармашылық тапсырма

Ананың алақаны-балаға айдынды қоныс” ана туралы әңгіме немесе өлең жазу

4. Өтілген материалды қорытындылау

Тест жұмыстары

1.Нәрестені жұбату үшін қандай жыр айтылады?

А) Батырлар жыры

Ә) Бесік жыры

2.Бесік неден жасалады?

А) Темірден

Ә) ағаштан

3. Бесік жабдықтары:

А) Жөргек, шүмек, жабу.

Ә) үкі, қамшы

4.Балаға арналған қазақтың салт дәстүрлері:

А) Беташар, қыз ұзату

Ә) Тұсаукесер, тілашар, шілдехана

5. Тыйым сөздерді аяқта

Құр бесікті………………………

5. Бағалау.

Тест жұмыстарыжауабына қарап оқушылар өз-өздерін бағалайды

«5»- 5б

«4»-4б

«3»-3б

6. Үй тапсырмасын беру

Бесік жырын жаттау

Бесік жырына саз ойлап келу

Әй-әй бөпем, әй бөпем.

Ән айтайын,бал бөпем.

Ән тыңдағын келсе егер,

Және айтайын, жан көкем...

 

Бөпем менің ай ма екен?

Шекер ме екен, бал ма екен?

Ойнақтап бір бәйгіден

Озып келер тай ме екен?

 

Тас бұлақтар тауда екен,

Жас құрақтар сайда екен.

Көлбең-көлбең ұшатын

Көбелектр қайда екен?

 

Қара қарға қарда екен.

Жапалақтар жарда екен.

Балпаң-балпаң басатын

Балапандар қайда екен.

 

Әй бөпем-әй бөпем,

Ұыйқтадың ба, бал бөпем?..

Алдағанға көнетін

Аңқау бөпе қайда екен?























Тақырыбы: « Кітап – білім бұлағы»
Сабақтың мақсаты:
Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.

көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған плакаттар, суреттер.
Сабақтың барысы:
1 - бөлім. Ұйымдастыру кезеңі.
I-слайд
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы, Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек деп бүгінгі 2 - сынып оқушылары дайындаған «Кітап - білім бұлағы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2 - бөлім. Кіріспе.
II слайд. Кітап туралы не білеміз?
Кітап – араб сөзі, “жазба”,
ал түрікше “дәптер”, мерзімді баспасөз басылымы” деген сөз
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құрал
Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз.
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.
Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд)
“Папирус” кітабы.( слайд)
Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады. Кітап “Папирус”деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.
“ Пергамент” кітабы.( слайд)
Кітап басу цехы.( слайд)
Түптеу цехы.( слайд)

III слайд
Жұмбақ шешу. Мұғалім: Балалар бүгін бізге қонаққа Кітап келіп отыр.
Кітапты ортаға шақырайық.
Кітап: Балалар, мен білім көзі - кітаппын. Мені жасау үшін көп адам еңбек сіңірді. Балалар кітап қайдан шығатынын білесіңдер ме?
Балалар: Ағаштан
Мұғалім: Кітап шығару үшін көп еңбек сіңіреміз. Кітап сен бізге қонақ болып, балалардың білімін тамашала. Оқушылардың кітаптың жасалу жолы туралы тақпақтары:
Мағынаны таны.
Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.
3 - бөлім. Топтық сайыс. 1. Таныстыру. 2. Жалғастыр
Ойын: Кітап нені сүйеді?
3. Көркем сөз
Даналық
4. Ойлан, тап.
5. Өнер көрсету
Мұғалім: Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер
Кітап маған тақтан да қымбат. Шекспир.
Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге. Абай.
6. Көрініс
2. «Науқас кітап» көрініс. Дәрігер ролінде: Гүлсәт,
Науқас кітап рөлінде: Сағындық.
„Кітаптың мұңы „
Самал: Ұқыпты баланың кітабы. Наурыз: Жалқау баланың кітабы
Мұғалім: Балалар, дәрігер апайымыз айтқандай, кітаптарда ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін мынандай ережелер бар екен
Есіңе сақта!
1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма
2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек
3. Кітапты қалай болса солай оқыма.
4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
6. Кітап бетіне сурет салма!
Мұғалім: Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер.
слайд Жалғастыр
1. Кітап - таусылмайтын байлық. 2. Кітап - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.
3. Кітап – алтын қазына. 4. Өнерліге нұр жауар
5. Өнер - ағып жатқан бұлақ, Білім - жанып жатқан шырақ.
1. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.
2. Білім тозбайды, Ақыл азбайды.
3. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті
4. Білекті бірді жығады,..................
5. Оқу білім бұлағы,....................
Мұғалім: Ұлы адамдарымыз кітапты жоғары бағалаған. Алғаш қазақ балаларына арнап «Әліппе» оқулығын жазған кім? Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім біледі?
Ы. Алтынсарин Кел, Балалар оқылық тақпақ
Мұғалім: Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздан көп нәрсені үйрендік. Кітап балаларға білім беруде, жан - жақты тәрбие беруде әр түрлі әдеби шығармалармен таныстырады. Сондықтан «Кітап - білім бұлағы» деп бекер айтылмаған.
Мұғалім: Балалар, дәрігер апайымыз айтқандай, кітаптарда ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін мынандай ережелер бар екен
Есіңе сақта!
1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.
2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
3. Кітапты қалай болса солай оқыма.
4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
6. Кітап бетіне сурет салма!

Сабақтың тақырыбы: Білгірлер сайысы
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін тереңдету, ауызекі сөйлеулерін дамыту, ұжымдылыққа, зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сабаққа қажетті қималар, сыр сандық, тапсырмалар.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың барысы:
Жүргізілетін байқаулар:

  1. «Кел, танысайық»

  2. «Викторина»

  3. «Ойнайық та, ойлайық»

  4. «Сиамдық егіздер»

  5. Сөз маржаны- мақал-мәтелдер

  6. «Ұшқыр ойшылдар»

  7. «Тапқыр болсаң, шешіп көр»

  8. «Сыр сандық»

( кластағы оқушылар 3 топқа бөлінеді)

І топ – ТАПҚЫРЛАР

ІІ топ – ЖҮЙРІКТЕР

ІІІ топ – ҰШҚЫРЛАР

Мұғалім:

  • Құрметті ұстаздар және қонақтар! Бүгінгі «Біргірлер сайысы» атты жарыс сабағына қош келіпсіздер!

  • Біздердің бұл сайысты ұйымдастырып отырған мақсатымыз: 3 «а» класс оқушыларының қарым қатынастары қандай? Олардың арасында достық, бірлік бола ала ма? Және олардың ақылдылығын, білгіштігін, досшылдығын көру, әрі қалыптастыру.

  • Сайыс бағдарламасы 8 байқаудан тұрады.

  • ( байқаудың атауларын атау)

  • Әділ-қазы береді,

Өздеріне сыйлықты.

Бізге айтып береді

Кім ақылды, кім білімді?

-деп әділ-қазылар алқасымен таныстыру.

І «Кел , танысайық»

- Деген екен қазақ халқы «Сәлем- сөздің анасы»

Біледі оны еңкейген қарт,

Еңбектеген баласы.

Амандасу- ізгіліктің, сыпайлықтың белгісі,

Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсын?

( әр топ өздерін таныстырады)

ІІ «Викторина» сұрақ-жауап

( Әр топтан 1 оқушы шығып , сұрақ алып жауап береді)

  1. Құрлықтағы ең ірі жануар? (піл)

  2. Су неше күйде болады? Атап шық. ( сұйық, қатты, газ (бу))

  3. Лимон, алма, конфет,пияз,қымыз,құрт,бұрыш сөздеріне қойылатын сұрақ. ( не?)

  4. Тамақтың ең ұлысы не тамақ? ( нан)

  5. Ресей мемлекетінің астанасы (Мәскеу)

  6. ҚР жер көлемі бойынша нешінші орында? (9 орын)

  7. Жерде не көп: құрлық па әлде су ма? ( су)

  8. Ұша алмайтын құстар бар ма? (бар)

  9. Құстар ауа-райын болжай ма? ( иә)

  10. Ақтөбе қаласындағы жаңа мешіттің атауы? (Нұрғасыр)

  11. Қазақ балаларына тұңғыш мектеп ашқан ағартушы. ( Ы.Алтынсарин)

  12. Қазақтың тұңғыш ғарышкері. ( Т.Әубәкіров)

ІІІ «Ойнайық та, ойлайық!»

( әзіл есептер)

1-есеп «Топ үйрек»

Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы бесеу. Біреуі жерге қонса, нешеу қалды?

Ж: 1-еу, өйткені қалғаны ұшып кетеді.

2-есеп «Май шам»

Үстел үстінде 5 май шам жанып тұр еді. Еркін оның 4-уін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше май шам қалды?

Ж: 4 май шам қалды.1-уі жанып кетті.

3-есеп. «3 ат»

Қосарлап жегілген 3 ат. 1 сағаттың ішінде 12 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде 1 ат неше км жол жүрді?

( 12 км жол жүрді)

 

ІV «Сиамдық егіздер»

Мұғалім: келесі байқау «Сиамдық егіздер» деп аталады. Сіздер білесіздер ме, олар кімдер? Дене мүшелері бір-біріне қосылып туылған егіздерді «Сиамдық егіздер» дейміз. Енді сіздер сондай егіздер болып тапсырманы орындайсыздар. Біреуіңіздің бос оң қолына қайшы беріледі, екіншіңізге қағаз беріледі. Сіздер осы қағаздан жұлдызша оюларыңыз керек. Басқа қолдарыңызбен көмек бермейсіздер. ( ойын ойналады)

V «Сөз маржаны- мақал — мәтелдер»

( Әр топтан 1 оқушыдан шығып «Білім» туралы мақал- мәтелдер айтады.)

 

VІ «Ұшқыр ойшылдар»

( Әр топқа өлең таратылып беріледі. Өлеңнін ұйқасын тауып оқушылар өлең құрастыру керек.)

Сабақтан мен ……………………………..

Жаман бала………………………………….

Жақсылармен……………………………..

Айтқан серттен………………………………

Үлкендерді………………………………….

Айтқандарын……………………………..

Көмектесем…………………………………

Көріңдер, мен………………………………

 

 

VІІ «Тапқыр болсаң, шешіп көр»

  1. Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға

( Ы.Алтынсарин)

  1. Емес ол кітап та, дәптер де,

Жүреді бірақ сөмкеде.

Көрсетіп ондағы бағанды,

Қуантып қоясын ананды. ( күнделік)

 

  1. Оқыған сайын өседі,

Ғаламның сырын шешеді

(білім)

 

 

  1. Жолы бар- жүре алмайсын,

Жері бар- жырта алмайсын,

Нуы бар- шаба алмайсын,

Суы бар – іше алмайсын . (карта)

 

  1. Бір сандық қасында

Іші толған ақылға.

Болғын келсе білімді,

Оған қарай жақында . ( кітап)

 

  1. Керек санды тересің.

Елге сәлем бересің. ( телефон)

 

VІІІ «Сыр сандық»

( сөздердің мағынасын ашу)

І топ. Жасақ- ( әскер)

Жарақ- ( құрал, қару)

Пырақ- (жүйрік ат, тұлпар)

Ызғырық – ( суық жел)

ІІ топ. Сыбану – ( женің түру)

Зор – ( үлкен, аумақты, ұзақ)

Тақыр – ( тегіс , қатты жер)

Әйдік – (үлкен)

ІІІ топ. Біртуар – ( сирек туатын, ерекше адам)

Ақталу- ( қылмыст емес деп есептелу)

Бөкебай – ( басқа жамылатын шәлі)

Ылғал- ( сулы, дымқыл жер)

Мұғалім: Осымен байқауларымыз бітті келесі кезекті әділ қазыларға береміз.

Бүгін сабағымыздың мақсатына жеттік. Алдағы уақытта кітап оқып, білімдерімізді кеңейтіп, білімімізді шындап, БІЛІМДІ болайық!!!













Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем.

Буырыл тайға мін, бөпем.

Ақ қызы бар ауылда

Балпаң байдың үйіне

Бұрала барып түс бөпем.

Қымызынан іш, бөпем,

Қымызынан бермесе,

Қызын ала қаш, бөпем.

Ашуланса ағасы,

Іштен шалып жық, бөпем.

Кекеңдесе жеңгесі,

Жынға басын тық, бөпем...

Әлди-әлди, апатай,

Көп жылама, қалқатай!

Әлдилесем жыламас,

Ақылы көп қалқатай.

Айналайын айымыз,

Алты қарын майымыз,

Жеті қарын жентіміз,

Тәшкент, Бұқар – кентіміз.

Дуай-дуай кемелім,

Күнітайым қайда екен?

Саятайым сайда екен,

Асқар-асқар тауда екен,

Тауда неғып жүр екен?

Алма теріп жүр екен.

Алмасынан, қанеки?

Жаңа теріп жүр екен.

Жаңасынан, қанеки?

Жаңа барып жүр екен.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Білгірлер сайысы»

Мақсаты: Алған білімдерін саралай отырып, оқушылардың қазақ тілін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Мұғалім: Негманова Құралай Уахитқызы

Сыныптар: 10 «А», 10 «Б»

Өткізілген орны: №34 қазақ тілі кабинеті

Мұғалім: - Ана тілі қазағымның қаймағы,

Тілің сенің өміріңнің айғағы.

Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,

Білгірлері 10 сыныптың шығады.

Біздің топ: «Жасұлан»

Біздің ұранымыз: «Тіл бар жерде - өмір бар»

Біздің өлеңіміз: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Біздің топ: «Бәйтерек»тобы

Ұранымыз: «Сүйемін туған тілді - қазақ тілін»

Біздің өлеңіміз: Тіліміздің бұлағы,

Тірліктің ел жүрегі,

Ана тілін сүйемін,

Отан үшін күйемін.

Тақтада «ҚАЗАҚ ТІЛІ» деген жазу бар. Әр команда кезектесіп, бір – бірден әріп таңдайды. Әр әріптің ар жағында тақырыптар белгіленген. Әр тақырыпқа бес сұрақ немесе тапсырма беріледі.

(Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап нақты, толық болу керек және ойланып топпен ақылдасуға болады)

Қ . Қазақ тілі

1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)

2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» - деп Ата Заңның нешінші бабында жазылған. (4 бап)

3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)

4. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)

5. Қазақ тілінде неше жалғау бар екенін атап бер (4)

А. Қазақ әдебиеті

1. Ыбырай Алтынсарин туралы не білесіңдер (монолог)

2. Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер (хр.таблица бойынша)

3. А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.

4. 5 дос пен 5 дұшпанды ата

5. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім? (Мұхамедханафия)

З. Қазақстан тарихы

1. Ата Заң қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)

2. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсанда)

3.Қазақстанның астаналары туралы айтып бер. (Орынбор, Қызылорда.

4. Қазақстанда қандай ұлттар мекендейді? (қазақ......)

5. «Алтын адам» қайдан табылған (Есік обасынан (курган))

А. География

1. Қазақстанның ең биік тауы (Хан тәңірі 6646 метр)

2. Қазақстан неше мемлектпен шектеседі (5 - Ресей, Қытай, Өзбек, Қырғызстан, Түркменстан)

3. Ең үлкен көлі (Каспий)

4. Қазақстанда қанша облыс бар (14)

5. Павлодар облысының негізгі пайдалы қазбаларын ата (көмір, тұз, алтын)

Қ. Халық ауыз әдебиеті

1. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде?

(мақал 2-3 сөйлемнен тұрады, мәтел қысқа болады)

2. Еңбек туралы мақал – мәтел айт.

3. Достық туралы мақал- мәтел айт.

4. Жаңылтпаш айт.

5. Ертегілер қалай бөлінеді (қиял ғажайып, жануарлар туралы, тұрмыс – салт)

* Жекпе – жек (капитандар сайысы)

1 топтың капитанына 10 сұрақ

1. Атақты қазақ суретшісі кім?(Әбілхан Қастеев)

2. Теңге қашан айналымға енді? (1993ж)

3. «Ау, қызғыш құс» кімнің өлеңі? (Махамбеттің)

4. Орхон – Енисей жазбаларын алғаш оқыған кім? (Радлов)

5. Қазақтың музыкалық аспаптарын ата (домбыра...)

6. Қазақстанның бұрынғы астаналарын атап бер (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)

7. Абайдың неше қара сөзі бар (45+1)

8.Әнұранның авторларын атап бер (Ж.Нәжмиденов, Н. Назарбаев)

9. Қазақтың актерлерін атап бер. (Шәкен Айманов, Кәкен Кенжетаев)

10. Сен неше жастасың? (16- да)

2 топтың капитанына 10 сұрақ

1. Тұнғыш қазақ ғарышкері кім?(Тоқтар Әубәкіров)

2. Қазақстан Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991ж)

3. ”Ескендір» кімнің поэмасы? (А. Қ.)

4. Орхон – Енисей жазбаларын қайдан тапты? (Монғолиядан)

5. Асан Қайғы қай ғасырда өмір сүрген?(15)

6. «Бәйтеректің» биіктігі неше метр (97)

7. Абайдың неше баласы болған (7 ұл 3 қыз)

8. Елтаңбаның авторлары кім? (Шота Аман Уәлихан, Мәлібек Жәндәрбекұлы)

9. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қайда туған?(Баянауыл ауданында)

10. Биыл Павлодар облысына неше жыл (70 жыл)

Т. Қасиетті сан

1. Қазақ халқының қасиетті сандарын ата. (3, 7, 9, 40)

2. «Үш бәйтеректі» ата.

(Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)

3. «Жеті атаңды ата»

4. «Бес арысты» ата

(Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов)

5 «Жеті атаңды» білесің бе?

І. Сен білесің бе?

1. Қазақтың атақты палуаны кім? (Қажымұқан)

2. Сөз тіркесі, сөйлемді зерттейтін ғылым?(синтаксис)

3. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)

4. «Айша бибі» кесенесі қайда орналасқан? ( Таразда)

5. Абайдың мұражайы қайда орналасқан? (Жидебайда)

Л. ”Полиглот”

(Жұмбақтың шешуін сайыскерлер шешіп, оны қазақ, орыс, ағылшын (неміс) тілдерінде айтады.)

1) Асқар тауда,

қара орман (шаш - волосы -hair англ - нем.яз наап)

2) Қимылдаса қос шебер,

Қыруар –қыруар іс өнер (қол – рука – hand )

3) Судан шығады,

Судан қорқады. (Тұз-соль-sult-англ Salz(нем))

4) Жүзіне салсаң көзіңді,

Көрсетеді өзіңді. (Айна-зеркало-mirror –англ,Spiegei (нем)

5) Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. (Кітап –книга-book (англ) buch(нем)

І «Тізбек» ойыны

(екі командадан бір – бір бала шығып бірі қыздың, екіншісі ұлдың атын айтып қадам жасайды. Әр қадам бір балл)

Үздік информатик

(білгірлер, тапқырлар білім сайысы)

Құрметті ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «Үздік информатик» атты білгірлер мен тапқырлар білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын-толқын , айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Ендігі кезек өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген оқушыларда (Оқушылар өзін - өзі таныстырады).

Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпін. Ал, жас қырандар І-турымызды бастаймыз.

І – тур. «БӘЙГЕ»

Берілген түрлі анықтамалардың шешімін шапшаң жауап берген оқушылар 10 ұпайға ие болады.

1. Алғашқы есептеу құрылғысы ..... (саусақ).

2. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас..........(интерфейс).

3. Монитор мен көздің арақашықтығы қандай болу керек? (60-70).

4. Принтер түрлері......(лазерлік, құйылмалы, матрицалық).

5. Компьютердің негізгі құралдарын ата.........(жүйелік блок, монитор, пернетақта).

6. Есептер панеліндегі пуск батырмасын басқанда не шығады? (бас меню)

7. Компьютер құралдары нешеге бөлінеді? (2)

8. Ең бірінші программа құрған оқымысты (Ада Лавлейс)

ІІ – тур. «Тапқырлар»

Берілген тест тапсырмалардың дұрыс жауабын жауап парағына жазыңдар.

Жауап парағын болғаннан кейін әділқазыларға береді. Әр дұрыс жауап 10 балл.

1.Ақпараттың ең кіші бірлігі....

А) байт В) Кбайт С) Мбайт D) бит*

2. txt. Қандай файл?

А) калькулятор В) блокнот* С) paint D) ойын

3. Компьютердің атасы кім?

А) Ч.Бэбидж* В) Паскаль С) Архимед D) Ада Лавлейс

4. Ең алғашқы ЭЕМ қай жерде, қай жылы жасалды?

А) 1942 ж. Ресейде В) 1946 ж. АҚШ-та*

С) 1970 ж. Жапонияда D) 1980 ж.Қазақстанда

5. Операциялық жүйеге қайсы жатады?

А) MS DOS, QBASIC В) WINDOWS, WORD

С) MS DOS, WINDOWS* D) QBASIC, PASCAL

6. Паскал тілі кімнің құрметіні аталған?

А) швет Никлаус Вирт В) Паскальдың

С) Билл Гейтстің D) фр. Блез Назкль*

7. MS Office пакетіне жатпайтынын көрсет

А) MS Word В) MS Excel С) MS Pascal* D) MS Access

8. MS Excel – де формуланың қайсысы дұрыс жазылған

А) a1+a2+a3= В) a1+a2+a3 С) =a1+a2+a3* D) =1a+2a+3a

ІІІ – тур. «Қатесін анықта»

Электронды поштамен келген хатқа вирус кіріп ақпаратты бүлдіріпті. Сіздердің мақсаттарыңыз бүлінген ақпаратты қалпына келтіру.

1-хат. Сканер мен пернетақтаны іске қосып компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын.

2-хат. Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторды пайдалануға болады. Мәтін жазу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе Wordpad стандартты программасымен сала аламын. Мұнда Word Art панелі арқылы әр түрлі суреттерді аламыз.

3-хат. Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар : Лазерлік, матрициялық, сия бүріккіш. Сақталған құжаттарды Shift пернесін басып, жоюға болады. Функцияналдық пернелерге әріптер блогы жатады.

4-хат. Мен электронды кестемен жұмыс істегенді ұнатамын. Онда әр түрлі кестелер мен слайдтар жасауға болады. Дыбыс жазып, видео роликтерді көруге болады. Және де бұл программа арқылы интернет жүйесіне шыға аламыз.

ІV – тур. «Ғажайып алаң»

Бұл турда әр сайыскер жеке - жеке әртүрлі тақырыптан таңдап өзі жауап береді.

1-тақырып: Дербес компьютер.

10 – Компьютердегі мәліметтерді сақтайтын негізгі құрылғы қалай аталады? (қатты диск)

20 – Компьютердің қандай құрылғысында информация өңделеді? (процессор)

30 – Мультимедия дегеніміз не? (дыбыстық,музыкалық, графикалық және видео инф. бірігуі)

2-тақырып: Windows ОЖ

10 – ОЖ дегеніміз не? (басқарушы және қолданбалы программа)

20 – Экранның фонын өзгерту

30 – ОЖ сыртқы құрылғылармен байланысын қамтамасыз ететін программалар (драйверлер)

3-тақырып: MS Office

10 – Құжатты сақтау

20 – Құжатты баспаға шығару

30 – MS Office пакетіне кіретін программаларды ата

4-тақырып: Жалпы

10 – Электронды поштамен жұмыс істейтін программа (e-mail)

20 – 1Г байт информация мынағын тең (1024 Мбайт)

30 – Билл Гейтс (MS фирмасының иегері) алғашқы программасын неше жаста құрды? (13)

V – тур. «Кім жүйрік»

1-оқушыға:

1. Компьютер жанындағы өсімдік (кактус).

2. Баспаға шығару құрылғысы (принтер).

3. Жалпы желіге қосылу үшін не керек? (модем).

4. Калькулятордың неше түрі бар? (2).

5. Ақпарат (информация) қай тілден шыққан? (латын).

6. Вирусқа қарсы программа (антивурустық пр).

7. Дыбыс шығару құрылғысы(колонка).

8. Бос орын қалтыру пернесі (пробел)

9. тің паскал тілінде жазылуы (sqr(х))

10. Үш программалау тілдерін ата

2-оқушыға:

1. Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон).

2. Вирус деген не? (комп бүлд. арн.программа).

3. Ақапаратты компьютерға енгізу құрылғысы (пернетақта).

4. Winzip, winrar қандай программа (архиватор).

5. Бос орын қалтыру пернесі (пробел).

6. Монитор, пернетақта, жүйелік блок қандай құрылғылар? (негізгі)

7. тің паскал тілінде жазылуы (sqrt(х))

8. Адамның денсаулыққа зиянды компьютер құрылғысы(монитор)

9. Өшірілген файлдар қай папкада сақталады?(корзинада)

10. Бас әріпті шығару үшін сол әріппен бірге қандай пернені басу керек? (Shift)

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз бажаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағыда үйренеміз аман болсақ!

1-хат. Сканер мен пернетақтаны іске қосып компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын.

2-хат. Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторды пайдалануға болады. Мәтін жазу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе Wordpad стандартты программасымен сала аламын. Мұнда Word Art панелі арқылы әр түрлі суреттерді аламыз.

3-хат. Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар : Лазерлік, матрициялық, сия бүріккіш. Сақталған құжаттарды Shift пернесін басып, жоюға болады. Функцияналдық пернелерге әріптер блогы жатады.

4-хат. Мен электронды кестемен жұмыс істегенді ұнатамын. Онда әр түрлі кестелер мен слайдтар жасауға болады. Дыбыс жазып, видео роликтерді көруге болады. Және де бұл программа арқылы интернет жүйесіне шыға аламыз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
бесік жыры 2-сынып

Автор: Кизатова Назира Кизатовна

Дата: 12.03.2016

Номер свидетельства: 304746

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Бесік жыры. Т?сау кесер жыры "
    ["seo_title"] => string(33) "biesik-zhyry-tu-sau-kiesier-zhyry"
    ["file_id"] => string(6) "172059"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423756037"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) ""Бесік жыры" ?дебиеттік о?у п?нінен саба? жоспары 2-сынып "
    ["seo_title"] => string(61) "biesik-zhyry-diebiiettik-ok-u-p-ninien-sabak-zhospary-2-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "208017"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430728887"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Бесік жыры - ?лтты? д?ст?р "
    ["seo_title"] => string(27) "biesik-zhyry-u-lttyk-d-stur"
    ["file_id"] => string(6) "235251"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1443635376"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Халқымыздың салт-дәстүрі. «Бесік жыры» Ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(49) "khalkymyzdyn_salt_d_sturi_besik_zhyry_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "631632"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1684243914"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Бесік жыры М.Ж?мабаев "
    ["seo_title"] => string(26) "biesik-zhyry-m-zhu-mabaiev"
    ["file_id"] => string(6) "170212"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423506890"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства