kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бейнелеу өнері ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ бейнелеу өнері пәнінен 1 сыныпқа арналған. Тақырыбы: "Сүйікті ертегілер"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бейнелеу өнері ашық сабақ»




Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Д.Е. Есказиева

Пәні: Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері

Сабақтың мақсаты:

А)Ертегілерді еске түсіру, елестету арқылы ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін қағаз бетіне түсіре білуге машықтандыу.
ә) Тапқырлыққа, қайырымдылыққа, ұқыптылыққа, әдемілікті түсіне білуге, талғампаздыққа баулу.
б) Оқушылардың дүниетанымдарын, ақыл - ойын, шығармашылығын арттыру. Ойлау, есте сақтау, қайта жаңғырту қасиеттерін, танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Міндеті: балалардың ертегі кейіпкерлеріне сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерін оятып, оларды мейірімділікке, қамқорлыққа баулу және түр түсті ажырата білуге үйрету;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, практикалық.
Сабақтың құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, ертегі кейіпкерлерінің суреттері

Оқушылар үшін: ойыншықтар, көркемдеу құралы , сүйікті кейіпкерлерінің бейнесі.

І.Қызығушылығын ояту

1.Психологиялық тренинг

Күлімдеп күн бүгін

Қарады маған да,

Күлімдеп күн бүгін

Қарады саған да

Шуақпен төгіп нұр

Сен мен үшін,

Мен сен үшін

Қуанышты болайық !

(іштей бір-біріне сәттілік тілеу)
Сөзжұмбақ шешу.

1) Табиғат көрінісі, орман, тоғай, кең дала, өзен-көл, тау, ауыл, қаланың табиғаты бейнеленген суреттерді қалай деп атаймыз? (ПЕЙЗАЖ)

2) өшіргіш туралы жұмбақ (ӨШІРГІШ)

3) Тек қана заттар бейнеленген суретті қалай деп атаймыз? (НАТЮРМОРТ)

4) құрамына су еритін мөлдір желім қосылған түрлі түсті бояу қалай деп аталады? (АКВАРЕЛЬ)

5) қарындашпен, құламұшпен, көмірмен және фломастермен салынған сурет қалай деп аталады? (ГРАФИКА)

6) құрастыру, созу, илеу, тегістеу, тәсілімен жұмсақ пластикалық материалдан мүсіндік бейне жасау барысы қалай деп аталады? (МҮСІНДЕУ)

Өткен сабақтағы көрме үлгісін тамашалау.

Ертегі сөзі шығады.

ІІ.Мағынаны тану

Е

р

т

е

г

і

а) Ой қозғау
- балалар, қандай сөз шықты?

- Қандай ертегілерді білесіздер?

Оқушы ойын тыңдау.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

(бейнетаспадан ертегі тамашалау.) «Аю мен қоян» ертегісі

- балалар, осы ертегі туралы не айта аласыңдар?

- аю қандай? Қоян қандай? Қане, мінездеме беріп көрейікші....

- осы ертегіні қалай аяқтар едіңдер? (оқушы ойын тыңдау)

- ал, осы ертегіден тағы да не айтуға болады? осы аю мен қоянды қалай деп атайды екен білесіздер ме?

- ертегі кейіпкерлері деп атайды екен. Естеріңізде болсын!

- ал енді осы ертегінің кейіпкерлері болады. сендер қандай кейіпкерлерді білесіңдер?

- Өздерің білетін ертегі кейіпкерлерін атап көріңдерші.

- балалар, ертегідегі кейіпкерлерді жақсы, жаман деп айтпаймыз. Біз оларды жағымды, жағымсыз кейіпкер деп атайды екенбіз. Ал, біздің ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерді атап беріңздерші?

(оқушы ойын тыңдау)

- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың  тақырыбымыз: «Сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері» деп аталады. Слайд. Бірнеше кейіпкерлерді тамашалау.

Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:

Топтастыру:

1) жануарлар туралы ертегілер;

2) қиял-ғажайып ертегілер,

3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;

4) шыншыл ертегісі

Иллюстрация деген не?
Иллюстрация дегенімізбелгілібіршығармаға (ертегі, аңызәңгіме, оқиғалар, өлең) арналыпсалынғансурет.
Бұл графика түрінде де немесе живопись болып та кездеседі.
Иллюстрация салу кезіндемынаэлементтергекөңілбөлукерек:
1. Оқиғадағыкейіпкерлербейнесіанықболуыкерек.
2. Оқиғасюжетінесәйкесқоршағанортасыкомпозициялықжағынандұрысқұрылуыкерек.
3. Түстікколориттідұрыстаңдаукерек.
Мысалға : біркөздідәу, мыстант.б.Батырлар, хайуанаттар

- ертегілер қалай басталады? (баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір болыпты немесе ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөлтеде деп те басталады екен.)

- ал, осы ертегілер қалай аяқталады? (ертегілер үнемі жақсылықпен аяқталады. ... сөйтіп мұратына жетіпті... деген сөйлемдермен аяқталады екен. )

- балалар , енді осы ертегілеріміз неше түрге бөлінеді?

1. оқулықпен жұмыс

2. Ертегілерді атау. .

1. қатар тізбектеп оқу.

2. топпен жұмыс

  • Қазір, балалар, «Кім тапқыр?» деген ойын ойнаймыз. Ойынның шартымен таныстырып өтейін.

Ойын шарты: ертегіден үзінді және кейіпкерлер жасырынған жұмбақтар оқылады. Ертегінің атын және кейіпкерлерді атау қажет. Сондықтан мұқият тыңдаймыз. Ойланып жауап береміз.

1-тапсырма: Дарынды оқушымен жұмыс: Тапсырма: «Ертегіні аяқта» Саян

«Үшінші рет салғанда, түсті әйтеуір, бір балық. Балыққа тіл бітіп: «Жібер мені, қарт, еңбегіңді жемеймін, қалауыңды айт»,-деді. Қандай ертегіден үзінді? (Алтын балық)

2-тапсырма:

«Тышқан өз бойына сеніп «күнді менен бұрын ешкім көрмейді» деген түйенің өркешіне мініп алып, күн сәулесін бұрын көріп қалды. Ал аңқау түйе бәрінен де құр қалды.» Қандай ертегіден үзінді? (Жыл басына таласқан хайуанаттар)

3-тапсырма:

Қу түлкі барлық балықты,

Түсіріпті бір-бірлеп,

Түсіріп бәрін болған соң

Түсіп қапты бүлкілдеп.

Суатқа барып құйрықты

Кешке қарай малып қой,

Таң атарда тартасың

Балыққа жарып қайтасың. (Түлкі мен қасқыр)

4-тапсырма:

«Көкек, көкек! Қайырымды көкек! Балапандарымды жылан жейін деп жатыр, маған көмек бере гөр!»-дейді жан ұшыра. (Қарлығаш пен Дәуіт)

5-тапсырма:

Жақсылыққа дұшпанмын,

Жамандыққа құштармын.

Тісімді жұлып лақтырып,

Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.

Жас емеспін, кәрімін,

Ертегінің сәнімін.

  • Кім туралы айтылған? (мыстан кемпір)

Ұжыммен жұмыс.

- Ерте, ерте, ертеде
Ешкі жүні бөрте де
Қырғауылы қызыл екен
Құйрық жүні ұзын екен – жолдары ненің бастамасы? Ертегінің. Дұрыс. Ендеше осы берілген өлең жолдарын: «Түрлендіріп оқы!» ойыны ұйымдастырылады.

1. әндетіп оқу

2. күліп оқу

3. тез-тез оқу

4. жылап оқу

5. топпен оқу

Мақсаты: образға ену, үйрену.

Сергіту сәті «Аю» биі

ІІІ Ойтолғаныс

Машықтық кезең.

Жұмысқа кіріспес бұрын балалармен тазалық, қауіпсіздік және тәртіп ережелері туралы пікірлесіп, талдау жүргізеді.
Талдау нәтижесінде сабақ кезінде жалпы тәртіп ережелерін және көркемдеу құралдарын қолдану техникасы жөнінде төмендегідей бірнеше жалпы қауіпсіздік ережелерінқорытып шығарады:
сабақ уақытында тыныштық сақтау, бір-біріне кедергі келтірмей, ақырын сөйлеу керек;
өз жұмыс орнында тазалық сақтау керек;
сурет дәптерін ұқыпты ұстау керек;
сурет дәптерін кірлетпеу, бүктемеу, ұқыптылықпен пайдалану керек;
қарындашты үш саусақ аралығында дұрыс ұстау керек және қатты баспай қарындаштың ұшымен сурет салуды бастайды.

1. Ертегідегі басты кейіпкерлерді анықтап,оларды жеке парақтарға жобалап іздеу.
2. Ертегі ішіндегі ең қызықты уақиғадан сюжеттік көріністер жасау.
3. әр түрлі мазмұнда ізделген ертегі көріістерін бір жүйеге келтіріп, композициялық құрылымын айқындап барып қағаз бетіне түсіру қажет.
4. Ертегіге арналып салынған иллюстрация ертегінің мазмұнын ашуға ықпал жасауы керек. Оның түрлі –түсті бояулары ашық-жарқын болуға тиіс. Енді осы талаптарды сақтай отыра жұмыс жасауға кірісейік.

Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу.

Бейнелеу жолдарын түсіндіру, көрсету. Еске түсіру.

- Сендер Алдар көсенің ертегісін  көрдіңдер ме?

- Иә

- Алдар көсе қандай адам?

- Алдаркөсеқу, айлакерадам.

-Бірақ, балалар, бұлкейіпкерхалықтыңжағында. Олхалықтыалдамайды, халықтыңеңбегенжейтінадамдардыалдайды. Ендеше, Назгүл, Мұстақым, Алазиз сендер «Алдаркөсенің бейнесін бастырып, бояйсыздар.

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс: Тапсырма: «Берілген бейнені бастыр, боя» Алазиз, Мұстақым, Назгүл, "Алдар көсені" қағаз бетіне түсіре білуге үйренеміз

Фотогалерея ұйымдастыру. Әр оқушының жұмысын бағалау. Жақсы салған оқушыны мадақтау.

-жақсы балалар, сонымен біз кімдер туралы өттік?

- ертегі кейіпкерлері қандай болады екен?

- қане, ертегі кейіпкерлері деген сөзді пайдаланыып сөйлем құрастырып көрейікші.....

Кімдер?ертегі кейіпкерлері

Қандай ? қызықты, тапқыр, мейірімді.

Не істейді? Қуантады, көмектеседі,

Сөйлем. Ертегідегі кейіпкерлер тапқыр адамдар.

Венн диаграммасы. Өмірмен байланыстыру. Айырмашылығын, ұқсастығын ажырата салыстыра айтып сөйлеуге үйрету.

Өмірде

Ертегіде

Жануарлар сөйлемейді

жануарлар адамша сөйлеседі

батырлар жау әскерімен шайқасады

жын-перілермен айдаһарлармен,.және басқада халық қиялы тудырған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады

жақсылық пен жамандық қатар жүріп

жақсылық пен жамандық қатар жүріп

Семантикалық карта «+», «-»

  • Неге жағымды кейіпкер деп ойлайсың?

  • Неге жағымсыз кейіпкер деп ойлайсың?

(оқушы ойын тыңдау. Толық, нақты сөйлеуге баулу)

Ертегі кейіпкерлері

Жағымды кейіпкер

Жағымсыз кейіпкер

Алдар көсе



Қожанасыр



Мыстан кемпір



Қоян



Түлкі



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Алақанды соғайық

Бір отырып, бір тұрып

Демімізді алайық.

Үйге тапсырма: бір ертегі оқу, әңгімелеп қысқаша айту және әркім өзінің оқыған кейіпкерлерін бейнелеу. Күнделікке жазу.










































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бейнелеу өнері ашық сабақ

Автор: Есказиева

Дата: 11.02.2017

Номер свидетельства: 390518

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Бейнелеу өнері ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(32) "bieinielieu_onieri_ashyk_sabak_1"
    ["file_id"] => string(6) "458919"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519238867"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Бейнелеу ?нері. Ашы? саба? "Натюрморт жанры""
    ["seo_title"] => string(43) "bieinielieuonieriashyksabaknatiurmortzhanry"
    ["file_id"] => string(6) "305082"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457871000"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Бейнелеу ?нері. Ашы? саба? "Натюрморт жанры""
    ["seo_title"] => string(44) "bieinielieuonieriashyksabaknatiurmortzhanry1"
    ["file_id"] => string(6) "305083"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457871007"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""Графика ?нері" Ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(26) "grafika-onieri-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "174509"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424149821"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(183) "Ашы? саба?   "?атты материал  т?рлерінен  жасал?ан  жи?аздарды  ж?ндеудегі  жиі кездесетін  ж?мыс т?рлері" "
    ["seo_title"] => string(115) "ashyk-sabak-k-atty-matierial-turlierinien-zhasalg-an-zhihazdardy-zhondieudieghi-zhii-kiezdiesietin-zhu-mys-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "198471"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428410346"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства