Бөлім: | Әліппе кезеңі |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сынып: 1 | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны |
Сабақтың тақырыбы: | Бб дыбысы және әрпі |
Оқу бағдарламасына сәйкес күтілетін нәтижелер | Білімділік: Мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөледі, жаңа үйренген дыбыстарды анықтайды; дыбыс пен әріпті таниды,оларды бір – бірімен ажыратады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу) қолданады, түсініп оқиды; дыбыстарды дұрыс дыбыстайды, оның мағына ажыратушы қызметін түсінеді. Көркем жазу талаптарына сай жазу жолы, жол аралығын, жолдың жоғары және төмен сызықтарын сақтап, әріптің, әріптердің өзара байланыс элементтерін жазады Дамытушылық: сөздік қоры байиды; сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды; байланыстырып сөйлеуі қалыптасады. Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі. |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі /уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурс-тар |
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі ___мин | (Ұ) Сабақ алдындағы жағымды көңіл-күй | Білім алушыларға сабақ алдында жағымды көңіл күй қалыптастыру | МҚ: «Керемет» «Жарайсың-дар» | Суреттер |
Сабақтың ортасы Ой қозғау ___мин | «БТҚ» әдісі Б-тапсырмасы: Өткен тақырыпқа байланысты талқылау, нақтылау, жауап алу мақсатында сыныптасыңызға сұрақтар қойыңыз. Сұрақ: 1. Өтілген әріптерді еске түсір. 2. Өтілген дыбыстардың ішінен дауысты дыбыстарды атаңыз. Т-тапсырмасы: . Ұұдыбысы қандай дыбыс? Сөз ішіндегі орны қандай ? Қ-тапсырмасы: Суретте не берілген суреттен не көріп тұрсыздар? «Бақа» сөзіне мысал келтіріңіз. | Нұсқаулық бойынша талдауға қатысады. Өтілген әріптерді еске түсіреді. Өтілген дыбыстардың ішінен дауысты дыбыстарды атайды. Ұұ дыбысы қандай дыбыс екенін, сөз ішіндегі орнын анықтайды Бақа сөзіндегі дыбыс және буын санын анықтап, жазылу, айтылу айырмашылығын түсінеді Жаңа сабақтың не туралы болатынын, тақырыбын болжайды | МҚ: «Керемет» «Жарайсың-дар» «Бәрекелді» | слайд Сурет-тер |
Оқылым ___мин | Мағыналы ажырату. Білу.Түсіну.Қолдану. (МК,Ұ) Оқылым. Сурет бойынша әңгіме құрау. Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау. Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау. Өтілетін жаңа дыбысы бар «бота» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау. «Б» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу. «Б» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу. Ермексаздан «б» әрпін жасау. | 1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Балалар аталарына Көмекке келді. Айбол ботаға жем берді. Ал Береке лаққа сүт берді. Атасы немерелеріне риза болды». Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (5). Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді (Айбол ботаға жем берді.) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 4 сөз бар. Өтілетін жаңа дыбысы бар «бота» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «бо-та» деп буынға бөледі. «Б» бірінші буынын айтып, қай дыбыс созылмай айтылып тұрғанын табады. «Б»дыбысының айтылу ерекшелігімн танысады. Ермексаздан «б» әрпін жасайды | Оқушылар-ды мадақтау МҚ: «Керемет» «Жарайсың-дар» | Оқулық слайд смайликтер |
| (МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы. (МК, Ұ, Ө) Оқылым. Оқулықтың 52-бетінде берілген сөздер мен мәтінді (жаңылтпашты) мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы. «Б» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау. | Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды. | Оқушылар-ды мадақтау МҚ: «Керемет» «Жарайсың-дар» | Оқулық, суреттер слайд смайликтер |
| Бекіту және саралау Ребусты шешпес бұрын оқушыларға «Тас» және «бақа» сөздерін қоссақ, қандай сөз шығады?» сұрағын қою. Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру: деңгей: Суреттер мен сөздің дыбыстық сызбасына сәйкес жаңа сөзді тап. деңгей: Б дыбысы сөздің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықта. деңгей: Ребустың шешуіндегі сөзбен сөйлем құра. «Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс Мұғалімнің мақалдың мағынасын түсінуді QR немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы. Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап алу. Сабақты «Ақылды бала айтқызбай істейді» деген қорытынды пікірмен аяқтау. | Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды. 1-деңгейдегі оқушылар суреттердің және сөздің дыбыстық сызбасына сәйкес «тасбақа» жаңа сөзін табады. 2-деңгейдегі оқушылар Б дыбысы сөздің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықтайды. 3-деңгейдегі оқушылар «тасбақа» сөзімен сөйлем құрайды. Оқушылар мақалды тыңдайды. Мақалдың мағынасын өз ойларымен түсіндіруге тырысады | Оқушылар-ды мадақтау МҚ: «Керемет» «Жарайсың-дар» | Оқулық, суреттер слайд смайликтер |
Сергіту сәті | | Көңілді әнге қосылады | | |
Жазылым ___мин | (МК,Ө) Жазылым Жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу үлгісі 1.Жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлау; Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы Б әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады. Оқулықтан көшіріп жазу тапсырмасы: | Жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлайды. Жазу жолын, жолара-лықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін бір-бірімен байланыс-тырып. көркем жазады. Әріп элементтерін бастырып жазады. Оқулықта берілген жазылым тапсырмасын көшіріп жазады. | Білім алушыларға қолдау көрсету «жарайсың-дар» «керемет» | Жұмыс дәптері |
Сабақтың соңы Рефлек-сия ___мин | Менің қолымнан келгені... | Оқушылар сабақ соңын-дағы көңіл күйімен, өзде-ріне оңай және қиын бол-ған тұстарды, өзінің және өзіне кімдер қолдау көр-сеткенін айтады. Өзін өзі бағалау арқылы бүгінгі сабақтағы жетістігі туралы ой бөліседі. | Білім алушы-ларды мадақтау | |