kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Батыр ата Бауыржан " 2-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

?дебиеттік о?у

 

Саба?ты? та?ырыбы: Батыр ата Бауыржан

Саба?ты? ма?саты:    

 - ?аза? хал?ыны? Отан ?ор?а?ан ?а?арман ?лдарыны? бірі, Ке?ес Ода?ыны? батыры Бауыржан Момыш?лыны? ?мір жолдары, ерлік к?ресі, хал?ыны? болаша?ы ?шін жаса?ан е?бегін таныстыру;

 - О?ушыларды? танымын, ма?таныш сезімдерін, ой-?рісін дамыту;

 - Жас ?рпа?ты ?з Отанын с?юге, тілін, ар-намысын ?ор?ау?а, ?олдау?а, адалды??а, еліні?, жеріні? патриоты болу?а т?рбиелеу.

К?рнекілігі:  

 Флипчарт, суреттер, на?ыл с?здер, бейне фильм,

Саба? т?рі: Танымды?-сырласу саба?ы       

Саба? типі: Зерттеу саба?ы

?діс-т?сілдері: баяндау, т?сіндіру, с?ра?-жауап, ой ту?ызу, ?ызы?ушылы?ын ояту, зерттеу, іздену

?йымдастыру кезе?і:

М??алім:    Міне, ?лы Отан со?ысыны? же?іспен ая?тал?анына биыл?ы жылы 65 жыл толма?шы. 9 мамыр-сол кездегі ке?ес хал?ыны? ерж?ректілігі мен т?зімділіктерін паш ететін, тарихта м??гілік ?алатын к?н. Б?л к?нді со?ысты? ал?ы шептерінде ?айсарлы?пен шай?ас ж?ргізіп, ерлікті? сан ?лгісін к?рсеткен ардагерлер тойлайды. Б?л мейрамды ?здеріні? тылда?ы ?ажырлы е?бегімен же?істі шы?да?ан, станокты? ?асынан, егін даласында, к?ні-т?ні  мал ба?ып,  тынымсыз ж?мыс істеген ж?мысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Б?л мейрамды бізді? аяулы да да??ты ?йелдеріміз - ?здеріні? ?келерін, ерлерін, ?лдарын ж?не с?йіктілерін к?зінен жасы сор?алай ж?ріп т?зімділікпен к?ткен, оларды? орнын жо?татпа?ан аналар мен ж?байлар, ?алы?ды?тар мен ?ыздар тойлайды. Б?л мейрамды ?здеріні? ?келері мен а?алары ?анын т?гіп, жанын ?иып ба?ытты ?мірін ?амтамасыз еткен ?лы же?істі?  ??рдастары тойлайды. ?лы Же?іс к?ні елі мен жері ?шін жанын пида еткен, ту?ан-туыс?андарына, жа?ын-жарандарына, ту?ан жеріне, ауылына оралмай ?ал?ан ?а?арман ерлерді б?кіл елі болып еске т?сіреді.

(1 мин. ?нсіздік)

  М??алім: Б?гінгі бізді? саба?ымыз Же?істі? 70 жылды?ына ж?не аты а?ыз?а айнал?ан халы? батыры Бауыржан Момыш?лыны? ту?анына 105 жыл толуына арналады.

Аудио жазба ты?дау.

                                Кешіп ?тіп кешегі от-жалыннан,

                                Д?ниеге ерлігімен таныл?ан,

                                Ке? жауырынды, Тал?ардай тік иы?ты.

                                Б?рі кеуде, б?ркіт ?аба? Бауыржан.

                                ?алтыра?ан атынан жау ордасы,

                                Панфиловты? жоры?та?ы жолдасы,

                                Да?? туын майданда?ы к?терген

                                Гвардия б?ліміні? ?олбасы.                                       

    ?аза? хал?ыны? ?р т?л?аларыны? жал?асы, Отан ?ор?а?ан ?а?арман ?лдарыны? бірі – Ке?ес Ода?ыны? батыры, ?аза? хал?ыны? батыры Бауыржан Момыш?лы. ?аза?та: «А?ыл жастан, асыл тастан» деген на?ыл с?з бар. Бауыржан сия?ты хал?ыны? ?лдарына байланысты айтыл?ан с?з болар, сір?. Батырды? ?мір жолына к?з ж?гірте отырып, амалсыз осындай ой?а ?аласы?. Ол Жамбыл облысыны? Жуалы ауданына ?арасты К?лбастау ауылында ?арапайым отбасында д?ниеге келген. ?кесі – Момыш, шешесі – Р?зия. ?кесі жаны жомарт кісі бол?ан. Отбасыларында 4 ?ыздан кейін, ?кесі Момыш 50-ді е?серген ша?ында Бауыржан д?ниеге келіпті. Т?уіржан деген інісі бір жасында ?айтыс болып кеткен. ?кесінен аздап хат таны?ан Бауыржан к?рші Евгеньевка ауылында?ы орыс мектебінде 1 жыл о?ып, келесі жылы Жамбыл ?аласына келіп, Аса интернатында 3 жыл о?ып бастауыш мектепті т?м?мдады. 1921 жылы Шымкенттегі 7 жылды? мектеп-интернатына о?у?а т?седі. 1928 жылы оны бітірген со?, біраз жылдар мектепте м??алім болып ж?мыс істейді. Б?л сол кездегі е? бір абыройлы, беделді маманды?тарды? бірі. Сол кезді? ?зінде-а? е?бек?орлы?ымен, ?з ?ызметіне деген ынта жігерімен, дарынымен к?зге т?скен жас жігітке ауаткомны? хатшысы, милиция басты?ы сия?ты аса жауапты ?ызметтер сеніп тапсырыл?ан. Е?бек?ор, іскер азаматтарды? ?андай да болсын істен н?тиже шы?ара білетіні белгілі. Бауке? бойында?ы м?ндай ?асиеттерін ?скер ?атарынан орал?аннан кейінгі жылдары да к?рсетсе керек.

Бауке?ні? зайыбыны? аты Бибіжамал. ?лы Ба?ытжан ж?не ?ызы Шолпан.

М??алім: И?, со?ыс – адамзат ?міріні? ?лы трагедиясы. Со?ыс – адам жанын ?инайтын е? ауыр, е? ащы азап. Осы со?ыс?а Ке?ес Ода?ыны? миллионда?ан адамы ?атысты. Соларды? ішінде ?аза? хал?ыны? арасында аты а?ыз?а айнал?ан, батыр атамыз Бауыржан Момыш?лы да болды.

Сіздерге Бауыржан ата туралы ты? деректер жина?тап, мерей той?а ?з ?лестері?ізді ?осу тапсырыл?ан болатын

ІІ. «Мені? де айтарым бар» айдары бойынша о?ушыларды? 4 топ?а б?лініп, зерттеуі бойынша жина?та?ан м?ліметтерімен танысу

1-топ: Бауыржан Момыш?лы ?скер ?атарына 1932 жылы алыныпты. Б?дан ?рі ?арай ?мірі ?зіні? туа біткен ?асиеттерімен байланысты, я?ни ?скер саласында?ы ?ызметтерімен жал?асады. Я?ни ол 1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанында?ы курсты т?мамдап, ?айтадан ?ызыл Армия ?атарына алынады. Онда ж?ріп взвод, рота командирі, полк штабы басты?ыны? к?мекшісі сия?ты басшылы? ?ызметтерді ат?арады. 1941 жылы ?аза? ?скери комиссариатыны? н?с?аушысы болады. ?лы Отан со?ысы басталысымен жерлесіміз генерал Панфиловпен бірге 316-ат?ыштар дивизиясын жаса?тап майдан?а аттанды. Онда Бауке? немістермен М?скеу т?бінде бол?ан ?рыстар?а ?атысып, ерлік істер жасады. ?йгілі 8-ші гвардиялы? дивизияны? батальон, полк командирі болып, со?ыс бітерді? алдында осы гвардияны бас?арады. Екі рет жауды? ?оршауынан аман-есен ?з ?арама?ында?ы ?скерін алып шы??ан.  М?скеу т?бінде 27 рет с?тті шай?ас ж?ргізген. 207 рет ?рыс?а ?атысып, 5 рет ?лімні? ??рсауында ?ал?аны, 2 рет ?лімші болып жаралан?аны туралы «А?и?ат пен а?ыз» кітабында да жазыл?ан. Тап осы с?рапыл со?ыс жылдарында  ол ?зіні? ас?ан ерлігімен, со?ыс ?неріні? ?ыр-сырын ме?герген білікті жауынгерлік ?асиетімен ерекшеленіп, ата?-да??ы а?ыз?а айнал?ан.

2-топ: 1955 жылы ?аруын ?алам?а айырбастап азаматты? ?мірге ауыс?анда ?деби шы?армаларымен де ?з биігіне к?терілді.                                                                                      

  Со?ыстан кейін Ке?ес Армиясы Бас штабыны? Жо?ары ?скери академиясын бітіреді. ?скери педагогикалы? ж?мыспен айналысып, Ке?ес Армиясы ?скери академиясында саба? береді. 1956 жылы полковник ата?ымен отставка?а шы??ан Бауыржан біржола шы?армашылы? ж?мыспен айналысады. Ол ?аза? ж?не орыс тілдерінде бірдей жазып, ?з ?мірінде к?рген білгендерін ар?ау етеді. Оны? ?аламынан ту?ан ?мір шынды?ын ар?ау еткен тамаша романы мен ??гімелері, повестері ?алы? о?ушыны? іздеп о?итын шы?армаларына айналады. К?рнекті жазушыны? жазып ?алдыр?ан «Офицерді? к?нделігі»(1952), «Бір т?нні? тарихы»(1954), «Бізді? семья»(1956), «Москва ?шін шай?ас»(1959), «Жауынгерді? т?л?асы»(1958), «Майдан»(1961), «Майданда?ы кездесулер»(1962), «Генерал Панфилов»(1963), «Ел басына к?н туса»(1970), «?ш?ан ?я»(1975), «Адам ?айраты»(1981) т.б. кітаптары ?скери ?мірбаянды? жайттарды ар?ау етіп, патриотизмді, адалды?ты, ерлікті, бірлік пен туыс?анды?ты ту етті. Жауынгерлерді? сом т?л?асын бейнелей білді. Сонымен ?атар 37 д?птер к?нделік жаз?ан батыр бейбіт ?мірді? ?аруын ?алам етті. Осылайша ?аза? ?скери ?дебиетіні? негізі ?аланды. 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Батыр ата Бауыржан " 2-сынып»

Әдебиеттік оқу


Сабақтың тақырыбы: Батыр ата Бауыржан


Сабақтың мақсаты:

- Қазақ халқының Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының өмір жолдары, ерлік күресі, халқының болашағы үшін жасаған еңбегін таныстыру;

- Оқушылардың танымын, мақтаныш сезімдерін, ой-өрісін дамыту;

- Жас ұрпақты өз Отанын сүюге, тілін, ар-намысын қорғауға, қолдауға, адалдыққа, елінің, жерінің патриоты болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі:

Флипчарт, суреттер, нақыл сөздер, бейне фильм,


Сабақ түрі: Танымдық-сырласу сабағы

Сабақ типі: Зерттеу сабағы


Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту, зерттеу, іздену


Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім: Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына биылғы жылы 65 жыл толмақшы. 9 мамыр-сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

(1 мин. үнсіздік)

Мұғалім: Бүгінгі біздің сабағымыз Жеңістің 70 жылдығына және аты аңызға айналған халық батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 105 жыл толуына арналады.

Аудио жазба тыңдау.

Кешіп өтіп кешегі от-жалыннан,

Дүниеге ерлігімен танылған,

Кең жауырынды, Талғардай тік иықты.

Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.

Қалтыраған атынан жау ордасы,

Панфиловтың жорықтағы жолдасы,

Даңқ туын майдандағы көтерген

Гвардия бөлімінің қолбасы.


Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы, Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі – Кеңес Одағының батыры, Қазақ халқының батыры Бауыржан Момышұлы. Қазақта: «Ақыл жастан, асыл тастан» деген нақыл сөз бар. Бауыржан сияқты халқының ұлдарына байланысты айтылған сөз болар, сірә. Батырдың өмір жолына көз жүгірте отырып, амалсыз осындай ойға қаласың. Ол Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі – Момыш, шешесі – Рәзия. Әкесі жаны жомарт кісі болған. Отбасыларында 4 қыздан кейін, әкесі Момыш 50-ді еңсерген шағында Бауыржан дүниеге келіпті. Тәуіржан деген інісі бір жасында қайтыс болып кеткен. Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан көрші Евгеньевка ауылындағы орыс мектебінде 1 жыл оқып, келесі жылы Жамбыл қаласына келіп, Аса интернатында 3 жыл оқып бастауыш мектепті тәмәмдады. 1921 жылы Шымкенттегі 7 жылдық мектеп-интернатына оқуға түседі. 1928 жылы оны бітірген соң, біраз жылдар мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Бұл сол кездегі ең бір абыройлы, беделді мамандықтардың бірі. Сол кездің өзінде-ақ еңбекқорлығымен, өз қызметіне деген ынта жігерімен, дарынымен көзге түскен жас жігітке ауаткомның хатшысы, милиция бастығы сияқты аса жауапты қызметтер сеніп тапсырылған. Еңбекқор, іскер азаматтардың қандай да болсын істен нәтиже шығара білетіні белгілі. Баукең бойындағы мұндай қасиеттерін әскер қатарынан оралғаннан кейінгі жылдары да көрсетсе керек.

Баукеңнің зайыбының аты Бибіжамал. Ұлы Бақытжан және қызы Шолпан.


Мұғалім: Иә, соғыс – адамзат өмірінің ұлы трагедиясы. Соғыс – адам жанын қинайтын ең ауыр, ең ащы азап. Осы соғысқа Кеңес Одағының миллиондаған адамы қатысты. Солардың ішінде қазақ халқының арасында аты аңызға айналған, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы да болды.

Сіздерге Бауыржан ата туралы тың деректер жинақтап, мерей тойға өз үлестеріңізді қосу тапсырылған болатын


ІІ. «Менің де айтарым бар» айдары бойынша оқушылардың 4 топқа бөлініп, зерттеуі бойынша жинақтаған мәліметтерімен танысу


1-топ: Бауыржан Момышұлы әскер қатарына 1932 жылы алыныпты. Бұдан әрі қарай өмірі өзінің туа біткен қасиеттерімен байланысты, яғни әскер саласындағы қызметтерімен жалғасады. Яғни ол 1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты тәмамдап, қайтадан Қызыл Армия қатарына алынады. Онда жүріп взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі сияқты басшылық қызметтерді атқарады. 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болады. Ұлы Отан соғысы басталысымен жерлесіміз генерал Панфиловпен бірге 316-атқыштар дивизиясын жасақтап майданға аттанды. Онда Баукең немістермен Мәскеу түбінде болған ұрыстарға қатысып, ерлік істер жасады. Әйгілі 8-ші гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болып, соғыс бітердің алдында осы гвардияны басқарады. Екі рет жаудың қоршауынан аман-есен өз қарамағындағы әскерін алып шыққан. Мәскеу түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізген. 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалғаны, 2 рет өлімші болып жараланғаны туралы «Ақиқат пен аңыз» кітабында да жазылған. Тап осы сұрапыл соғыс жылдарында ол өзінің асқан ерлігімен, соғыс өнерінің қыр-сырын меңгерген білікті жауынгерлік қасиетімен ерекшеленіп, атақ-даңқы аңызға айналған.


2-топ: 1955 жылы қаруын қаламға айырбастап азаматтық өмірге ауысқанда әдеби шығармаларымен де өз биігіне көтерілді.

Соғыстан кейін Кеңес Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери педагогикалық жұмыспен айналысып, Кеңес Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгімелері, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Көрнекті жазушының жазып қалдырған «Офицердің күнделігі»(1952), «Бір түннің тарихы»(1954), «Біздің семья»(1956), «Москва үшін шайқас»(1959), «Жауынгердің тұлғасы»(1958), «Майдан»(1961), «Майдандағы кездесулер»(1962), «Генерал Панфилов»(1963), «Ел басына күн туса»(1970), «Ұшқан ұя»(1975), «Адам қайраты»(1981) т.б. кітаптары әскери өмірбаяндық жайттарды арқау етіп, патриотизмді, адалдықты, ерлікті, бірлік пен туысқандықты ту етті. Жауынгерлердің сом тұлғасын бейнелей білді. Сонымен қатар 37 дәптер күнделік жазған батыр бейбіт өмірдің қаруын қалам етті. Осылайша қазақ әскери әдебиетінің негізі қаланды.


3-топ: Баукеңдей ер қолбасшы қалар ма естен,

Тапты ол тар қыспақта не бір шешім – деп жырланғандай, Бауыржан Момышұлы соғыста көрсеткен ерлігі үшін орден, медальдармен марапатталды. Қашанда қазақ халқы өзінің ұлдарын ұмытпаған. Бауыржан Момышұлына халықтың өзі «батыр» деген ат беріп, жоғары құрмет көрсете білген.

Бауыржан Момышұлы атақ-даңқтан кенде адам емес. Ол Кеңес дәуіріндегі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» орден, медальдарымен марапатталған. Сонымен қоса Кеңес Одағының батыры атағын алды.

Биылғы жылғы айтулы датаға байланысты елімізде және шет елдерде де батырға құрмет көрсетіліп жатыр. Көрші Ресей мемлекетінің астанасы Мәскеу қаласындағы №229 мектепке Б.Момышұлының атағы берілмекші. Және қазақ батырына арнап мектепте мұражай бұрышы да ашылыпты. Мәскеуде ақпанның бесі күні ҚР-ның РФ-дағы Төтенше және Өкілет елшілігінің резиденциясында Кеңес Одағының батыры және жазушы Б.Момышұлы туралы «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері болды. Қаңтардың 15 және 19 күндері Алматыдағы Республикалық кітап мұражайында батырдың 100 жылдығына орай «Халық батыры» атты көрме ашылды.


4-топ: Бауыржан атамыз артынан ұлағатты сөздері мен мақал-мәтелдерін де қалдырып үлгерген.

Б. Момышұлының туған жер, Отан, ел, ерлік, бірлік, ынтымақ, достық, адамгершілік, білім т.б. тақырыптарды қамтыған ұлағатты сөздері мен мақал-мәтелдерін айтып, мағынасы ашылды.

Ел үшін аянба-ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба-жігіттігіңе сын.


Тізе бүгіп тірі жүргеннен,

Тіке тұрып өлген артық.


Белдескеннің белін сындыр,

Тірескеннің тізесін бүктір.

Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,

Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.


Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.


Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,

Шындықтың уын ішіп өлген артық.


Отан үшін отқа түс күймейсің.


Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.


Өршіл рухтан өлмес ерлік туады.


Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.

Қара бет болып қашқанша,

Қайрат көрсетіп өлген артық.

(Отан үшін жан құрбан)


Мұғалім: -Тамаша. Сондай-ақ, Бауыржан атамыз халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеуде “Үлкенді ізетте, кішіні күзетте көр”. Ерлік тәрбиеден туады”, “Ерлік бірлікте емес, жүректе”, “Отанда опасызға орын жоқ” деген мақал-мәтелдер қалдырған.


ІІІ. Шығармашылық жұмыс

- Бойында патриоттық сезімнің ұшқыны бар сіздер сияқты Бауыржан атамыздың ұрпақтары, жүректеріңізді жарып шыққан сөздеріңізді жеткізіп, Жеңіс туын желбіреткен батыр ағаларға алғыстарыңызды білдіріп жатырсыздар. Сабаққа жақсы дайындалып келген екенсіздер, менің де алғысым шексіз. Енді алған әсер, сезімдерімізді «Бауыржан атаға хат» деп жыр жолдары арқылы білдірсек

ІІ топқа:

Салып кеткен сара жолың,

_____________ бастайды.

Бізге арнап айтқан сөзің,

_____________ қалады.


I топқа:

Сіз жасаған соғыстағы,

_____________ ұлы ғой.

Бастан кешкен ғұмырыңыз,

______________ толы ғой.


IV топқа:

Сарғая күткен ұлы күн,

__________ төккен күн.

Бағына талай баланың,

__________ Жеңіс Күн!



ІІІ топқа:

Қайсар ұлы қазағымның,

_____________________.

Жүрек жұтқан батыр едің,

_____________________.




Сабақты қорытындылау:

1947 жылы Бауыржан Момышұлы Красноярскіде әскери қызметте жүргенде былай деп жазған екен:

Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,

Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.

Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

Тарихтың түкпірінен сөз келгенде.

Міне батырдың өзі жазғандай 100 жасқа толған тойы Қазақстанның жер-жерінде аталып өтіп жатыр. Бауыржан атамыз сияқты өмірі өнегелі істерге толы қасиетті тұлғаны жете біліп, оларды мәңгі есте сақтау – біздің қасиетті борышымыз-деп сабақты қорытындылау

М.Мақатаевтың «Бауыржан Момышұлына» өлеңі оқылады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Батыр ата Бауыржан " 2-сынып

Автор: Шугайв Кумисжан

Дата: 11.02.2016

Номер свидетельства: 291770

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Дана да, дара да - Бауыржан "
    ["seo_title"] => string(25) "dana-da-dara-da-bauyrzhan"
    ["file_id"] => string(6) "178213"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424792265"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Презентация  открытый урок "Батыр ата ?рпа?ымыз!" "
    ["seo_title"] => string(51) "priezientatsiia-otkrytyi-urok-batyr-ata-u-rpag-ymyz"
    ["file_id"] => string(6) "193306"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1427625079"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Батыр атам-Бауыржан"
    ["seo_title"] => string(18) "batyratambauyrzhan"
    ["file_id"] => string(6) "323815"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462204508"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "?аза?ты? біртуар ?а?арманы – Бауыржан Момыш?лы "
    ["seo_title"] => string(50) "k-azak-tyn-birtuar-k-aharmany-bauyrzhan-momyshu-ly"
    ["file_id"] => string(6) "206296"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1430146722"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "Саба?ты? та?ырыбы	Несіпбек Айтов «Н?ркен». М?лік  ?абдуллин  «Батыр  Бауыржан»"
    ["seo_title"] => string(78) "sabak-tyn-tak-yryby-niesipbiek-aitov-nu-rkien-m-lik-g-abdullin-batyr-bauyrzhan"
    ["file_id"] => string(6) "295285"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455799207"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства