kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Батылдық пен өжеттік" сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақ жоспары 4 - сыныпқа арналған. Оқушыларға батылдық таныта білу,  өжеттік көрсету әдептерінің адами қарым – қатынастағы маңыздылығын әңгімелей отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Батылдық пен өжеттік" сабақ жоспары»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: А.Тайманов атындағы №34 мектеп – гимназиясы Мерзiм:

Пәні: Өзін – өзі тану

Тақырып: «Батылдық пен өжеттік», 21-сабақ

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: батылдық, өз-өзіне сенімді болу, адамдарға риясыз қызмет ету

Мұғалiм: Сарсенгалиева Г.М. Сынып: 4



Сабақ мақсаты:

Оқушыларға батылдық таныта білу, өжеттік көрсету әдептерінің адами қарым – қатынастағы маңыздылығын әңгімелей отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.


Міндеттері:

- Оқушыларға батылдық, қайсарлық қасиеттерінің мәнін түсінідіріп, өзіндік шешім қабылдай білу іскерліктеріне үйрету;

- Күнделікті дұрыс әрекет ету сапасын дамытатын және жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және іс - амалдарын бекіту арқылы сенімді қарым-қатынас жасай алуға баулу;

- Оқушыларды айнала қоршаған ортаға, қоғамға риясыз қызмет ету арқылы, ізгі істер жасауға тәрбиелеу.



Ресурстар:

Оқулық, дәптер, үнтаспа, проектор, сюжетті суреттер, акварель бояулар, құты және мақта таяқшалар, төс белгілер (медаль).



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т»-ны қайталап, оқу құралдарын «5 затты» (кітап, дәптер, пенал, күнделік, бейджик) тексеріп, көңіл – күйлерін сұрау.



Тыныштық сәті «Тыныс алуға зейін қою»

-Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1.......2

  • Рахмет.

(Оқушыларды тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөлісуге шақыру.)



  • Қандай күйде болдыңыздар?

  • Жаттығу қалай әсер етті?


Қорытынды:

  • Олай болса, балалар, біз әрқашан бір-бірімізге риясыз сүйіспеншілікпен тілектер тілеп, жан дүниеміз нұрлана түссін.


  1. Үй тапсырмасын тексеру

- №21 сабақ, 96 - 98 бб, «Қойшы Қаһарман» атты ертегіні оқып, сұрақтар арқылы талдау.



Баяғы өткен заманда Қайырымсыз деген хан өмір сүріпті. Ол өте мейірімсіз болыпты. Көрші елдерге соғыс ашып, басып алып, бейбіт халықты жылатады екен. Қатыгез ханнан әбден қорлық көрген жұрттың көз жасы көлге айналыпты. Күндердің бір күнінде хан әдетінше бір елді басып алуға жорыққа кетеді.

Ханның шексіз жақсы көретін бір қызы бар екен. Қыздың сұлу болғаны сонша, қараған жан көзін тайдыра алмапты. Оның көздері қарақаттай мөлдір, екі беті алмадай, ал еріндері таңғы шық қонған шиедей қызыл болыпты. Хан қызын қырық уәзірге тапсырады. «Мен жорыққа кеткенде, қызыма біреу қолын тигізсе, қырқыңды да жазалаймын!» - дейді. Сөйтіп, Қайырымсыз хан соғысқа аттанып кетеді. Осы уақытты пайдаланып, бір айлакер мыстан ханның қызы Әйгерімді ұрлап әкетеді. Сандарын соғып қырық уәзір қалады.

Хан жорықтан оралғанда, қызының жоқтығын естіп, «аһ» ұрады. «Кімде – кім менің қызымды тауып әкелсе, қалағанын беремін», - деп жар салады. Жарлық бүкіл жұртқа тарайды. Бірақ ешкім қызды таба алмайды. Елдің ішінде бір ешкі баққан домбырашы Қаһарман деген тапқыр да ақылды бала бар екен.

Қайырымсыз хан қырық күн бүк түсіп, ешкіммен тілдеспей жатып алады. Қызынан еш хабар болмаған соң, ашуын халқынан алып, жазалай бастайды. Сонда Қаһарман ханға барып:

  • Дат, тақсыр! Маған үш күн мұрсат беріңіз. Жазықсыз халқыңызды жазаламаңыз. Осы шартымды орындасаңыз қызыңызды тауып әкелемін, - депті. Хан оған келіседі.

Бала домбырасын алып, жолға шығады. қырны әбден ашып, жалаң аяқ табанын тас тілген Қаһарман домбыраға қосылып зар – мұңын төгеді.

Әнді естіген бір қарлығаш қойшының жанына ұшып келіп: «Сен іздеген Әйгерім Алынбас таудың артында, Көзжетпес деген шыңырауда тұтқында отыр. Ол мыстанның қолында. Оны жеңу үшін, «Өлмес су» бұлағынан су ішіп, күш жинауың керек», - дейді. Қойшы «Өлмес судан» су ішіп қанған соң, бұлшық еті бұлтиып батыр болып шыға келеді.

Ол бір қара тасты уысына алып қысқанда үгітіп жібереді. Осы жерде қарлығаш мыстанның тағы бір сырын айтып береді. «Мыстанның барлық күші тырнағында. Сол тырнағын шауып алсаң, ол әлсіреп қалады». Қаһарман Алынбас тауына да жетеді. Одан асып, Көзжетпес шыңырауына да түседі.

Тас қараңғы шыңырауды мыстанның мысықша жанған көздері жарық қылып тұр екен. Оның артында Әйгерім ұйықтап жатыр. Мыстан Қаһарманды көре салып, оған ұмтылады. Екеуі алыса кетеді.

Бір күн, бір түн дамылсыз алысып, бірін – бірі жеңе алмайды. Екеуі де әбден әлсірейді. Сол сәтте Қаһарманның есіне қарлығаштың айтқан сөздері түседі. Дереу соңғы күшін жинап, бар пәрменімен қылышты мыстанның қолына қарай сермейді. Оның сояудай – сояудай тырнақтарын әп – сәтте алмас қылышпен шауып түсіреді. Сол – ақ екен, әлі кеткен мыстан сылқ етіп құлап түседі. Бірақ шыңыраудың іші қап – қара болып түк көрінбей қалады.

Қаһарман жер сипалап жүріп, Әйгерімді оятады. Оның айдай жүзінен нұр сәуле шашырап, шыңырау іші қайтадан жап – жарық болады. Айдай сұлуды көрген Қаһарман оған ғашық болып қалады. Өзін құтқарған ержүрек бала батырға Әйгерім де бас иеді.

Екеуі қуанышпен еліне қайтады. Қайырымсыз хан есі қалмай қуанады. Ол бүкіл халықты жинап: «Не тілейсің? Мен сөзімде тұрып, айтқаныңның бәрін орындаймын», - дейді. Сонда Қаһарман: «Сұрайтыным – Әйгерім, тілейтінім – жазықсыз кез келген адамға қылыш көтермейсіз», депті.

Хан сөзінде тұрып, Әйгерімді Қаһарманға қосып, сол бейбіт халықты жылатқанын қойыпты.



Талқылауға арналған сұрақтар:

- Қаһарманның ержүрек батырлығын қандай іс – әрекетінен байқадыңыздар?

- Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыздар?

- Өздеріңіздің батылдық, өжеттік көрсеткен кездеріңіз болды ма?










Үнтаспа



















Өзін – өзі тану оқулығы 4 – сынып, 96 - 98 бб

3. Дәйексөз

«Жақсы ойла және ойлар жақсы әрекеттерде пісіп жетіледі»

(Л.Н.Толстой)


Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Біздің ойымыз неліктен жақсы болуы керек?

  • Жақсы әрекеттерге қазіргі өмірде нелер жатады? Мысал келтірейік...



Түйіндеме.

Дұрыс, ізгі ой – ниеттен туындаған барлық іс дұрыс болып, басқаларға және өзіңе қуаныш әкеледі. Жасаған ісіңді, көмегіңді ақысыз, қайтарымсыз жасау дұрыс әрекет болады. Көмекті оймен, сөзбен, іспен жасауға болады. Өзгелерге жақсылық жасау арқылы біз ең алдымен өзімізге көмектескеніміз.


Өзін – өзі тану.kz журналы


Лев Николаевич Толстой 1928 жылы 9 қыркүйекте Ресейдің Тульская губерниясындағы Ясная Полянада дүниеге келген. Орыс әдебиетінің әлемге аты шыққан жазушысы, ағартушы, публицист.



  1. Әңгiмелеу (Мұғалім сыйы)

«Патша мен құмырсқа»

Бір күні Абылай ханнан былай деп сұрапты:

  • Сіз қарапайым сарбаз болып жүріп, қалай патша болдыңыз? Абылай хан жауабында:

  • Ешқашан үмітсіз болған емеспін. Қаншама қиыншылықтарға душар болсам да жасымадым. Менің көздеген мақсатыма жетуіме кішкентай құмырсқа себеп болды. Бірде жаудан қашып келе жатып, ескі бір тамға келіп жасырындым. Өмірден үмітімді үзген уақытымда көз алдымнан құмырсқаны байқап қалдым. Ол құмырсқа өзінен үлкен бір түйір бидайды құлаған тамның төмпешіктерінен өткізе алмай әлек болып жатты. Бірақ тасыған заты өзінен әлдеқайда үлкен болғандықтан жиі – жиі түсіріп алып қайта сүйрей бастады. Қайта – қайта домалатып алған бидайды қайта арқалап жылжыта бастады. Бұл әрекет елу рет қайталанғанда да құмырсқа жасыған жоқ.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Неліктен патша құмырсқаның іс – әрекетіне таңырқай қарады және қандай сабақ алды?

  • Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыздар?

  • Ойымыз бен ниетіміз біріксе, қандай істер жасай аламыз?



Абылай хан Уәлибақыұлы (шын есімі Әбілмансұр) –

1771 – 1781 жж аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18 – ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді. Ол өзінің ақылды, сабырлы мінезі мен адамгершілігінің арқасында тек бір орда емес, үш орданың сыйлы ханы атанды.


Түйіндеме.

Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады. Ал батыл болу үшін өжет, төзімді, шыдамды, сабырлы, ата – анасын, елін, жеін сүйетін патриот бола білу керек.


Өзін – өзі тану «Бөбек» басылымы, аңыздар жинағы 75 – 76 бб,

2016 ж


5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Сыныпты 4 топқа бөліп, әр топқа тапсырма беру.

Оқушыларға сюжетті суреттер таратылып беріледі.

Тапсырма: Суреттерді қажетті құралдармен бояу. «Біздің ойымыздағы батылдық» тақырыбында өзіндік ойларын ортаға салу, сахналау.

Мысалы:



(«Ерлік» төс белгілерімен оқушыларды мадақтау. )


Дәптер, үнтаспа, сюжетті суреттер, акварель бояулар, құты және мақта таяқшалар, төс белгілер (медаль).

6. Топпен ән айту

«Жақсылықтан - жақсылыққа» «Ұстазым» әнінің әуенімен

Сөзі: Мұғалім шығармашылығы үзінді Әні: А.Дүйсенов



Арамызда өкпе, реніш болмасын,

Әрқашанда әділдікті қолдасын.

Адамдарға түсінікпен қарасақ,

Сонда ғана,  гүлденеді болашақ.

  Жақсылық жасау бұл бізге шарапат,

Осының бәрін санаңа ұялат.

Ізгіліктің жолында біз жүрейік,

Бәрін  естен шығармайық, білейік.

Қайырмасы:

Мейірім сізбен,

Бас қосып бізбен,

Нұр төгіп барлық адамға.

Жүрегің тасқан,

Пейілі дархан ,

Нұр төгіп барлық ғаламға.



Дұрыс әрекетке бойды түзейік

Ақиқатпенен достықта жүрейік

Риясыз неитпен игілік тілеп,

Тыныштығын бірге елдің қалайық.

Қайырмасы:


Үнтаспа


7. Үйге тапсырма

-№22 – сабақ, 101 – 102 бб, «Еңбексүйгіш пен Еріншек» атты В.А.Сухомлинскийдің ертегісін оқып, түсініп алу.


Өзін – өзі тану оқулығы 4 – сынып, 101 - 102 бб

8. Қорытынды «Соңғы тыныштық сәті»



-Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде!!!!



(Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.)

- Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Айналамызға шексіз сүйіспеншілік сыйлайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.

-Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет, сау болыңыздар!!


Үнтаспа











































Ашық сабақ сәтінен фотосуреттер
















Шығармашылық жұмыстарын қорғау

«Қойшы Қаһарман» үй тапсырмасы ой бөлісу





«Менің ойымдағы батырлық» сахналау

«Ерлік» төсбелгісімен марапаттау





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Батылдық пен өжеттік" сабақ жоспары

Автор: Сарсенгалиева Гүлнұр Мадиярқызы

Дата: 03.05.2017

Номер свидетельства: 412967

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Батылды? пен ?жеттік."
    ["seo_title"] => string(21) "batyldykpienozhiettik"
    ["file_id"] => string(6) "298972"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456419934"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "саба? жоспары "Білімділер ?лемі" зияткерлік сайыс"
    ["seo_title"] => string(51) "sabak-zhospary-bilimdilier-liemi-ziiatkierlik-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "250166"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447048180"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?зін-?зі тану саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(24) "ozinozitanusabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "285245"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454127776"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Батылдық пен өжеттілік "Өзін өзі тану сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(54) "batyldyk_pien_ozhiettilik_ozin_ozi_tanu_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "460218"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519836110"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "?аза?станды?тар – тыл ?а?арманы "
    ["seo_title"] => string(33) "k-azak-standyk-tar-tyl-k-aharmany"
    ["file_id"] => string(6) "148237"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419613966"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства