Балалар мұғаліммен бірге шаттық шеңберін құрып тұрады.Көңілді ән шырқайды.
«Балдырған» Сөзін жазған О.Әубәкіров
Әнін жазған Ш.Қалдаяқов
Мәтінмен жұмыс
Сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізіледі.
Балалар өздігімен мәтінді түсініп оқып шығып, пікірлерін айтады.
«Қойшы Қаһарман» ертегі
Мұғалім балалардың пікірін білу мақсатында сұрақтар қояды.
Қаһарманның ержүрек батырлығын қандай іс-әрекетінен байқадыңдар?
Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар?
Өздерінің бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма?Неліктен?
Батылдық, өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?
Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Дәйексөз
Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен және жаттығу жұмысының орындалуымен түйінделеді.
Бойында батылдығы бар адам батыр болы алады.Ал батыл болу үшін өжет, төзімді,шыдымды, сабырлы,ата-анасын, елін, жерін сүйетін, қорқуды білмейтін адам болу керек.Ондай адам батыр бола алады. Сондықтан да халық «Батыл болмай,батыр болмайд» деп тегін айтпаған.
Жаттығу
Оқушыларға тарихтағы батырларды еске түсіру ұсынылады.Олардың бойындағы қасиеттерді еске түсіре отырып, батылдық ұғымына топтастыру жасайды.
Күтілетін жауаптар: өжет адам,қорықпайтын, төзімді, сабырлы, денсаулығы мықты, шыныққан, Отанын сүйетін қайсар және т.б.
Сергіту сәті
Адам бойына батылдықтың қалыптасуына дене жаттығуларының да әсері бар екендігі еске түсіріліп, балалардың денесі сергітіледі және ойын ұйымдастырылады.
Шынығамыз жастай біз, (Орындарынан тұрады)
Жаттығуды бастаймыз. (Қолдарын бүйірлеріне қояды)
Бір, екі, үш (Қолдарын алға, жоғарғы, жанына созады)
Бір, екі, үш, (Қолдарын алға,жоғары, жанына созады)
Бойымызға жинап күш. (Қолдарын ішке бүгеді)
Ойын
Балалар жарты шеңбер құрып тұрады.Ортаға ұзындығы 2-3 метр болатын түзу сызық сызылады.Меже белгіленеді.Ортаға бір ойыншыдан шығады.Ойыншыны ойын басқарушы орнында тұрып айналдырады.Бірнеше рет айналғаннан кейін сызылған сызықтың бойымен екі қолын жайып түп-түзу жүру керек.Кім межеге сызықтың бойынан ауытқымай түзу жүріп жетсе, сол батыл, жеңімпаз атанады.Жеңімпаздарды марапаттайды, қол шапалақтап, қошеметтейді.
Тапсырма
Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша білімдерін бекіту мақсатында «Өмірде ерлікке орын жетеді» тақырыбында әңгімелеп беріңдер деген тапсырманы орындайды.
Дәптермен жұмыс
Оқушылардың сабақта алған білімдерін пысықталады.
1-тапсырма:
Дәптерде берілген сөзжұмбақты шешіңдер.
1. Абылай ханның Қабанбай батырға қойған аты. (Дарабоз)
2. Ақжолтай батыр. (Ағыбай)
3. Махамбеттің серігі. (Исатай)
4. Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры. (Рақымжан)
5. Желтоқсан оқиғасының батыры. (Қайрат)
2-тапсырма: Халқымыздың батыр, өжет азаматтарының бірі туралы шағын әңгіме жазып келіңдер.
Қорытындылау
Мұғалім сабақты қорытындылайды:
- Батылдық – адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі.Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халық батырларының өмірін мақтаныш, үлгі тұта білейік.
Жүректен жүрекке
Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді:
Бір-бірімізді қиын сәттерде қолдай білейік.
Деніміз сау болсын.
Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік және т.б.