Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып саба? жоспарлары»
Сыныбы:3
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы : Сан есім
Сабактың мақсаты:
Сан есім заттың санын, ретін білдіретіні туралы түсініктерін қалыптастыру үшін сөйлемдерге сұрақ қойып, сан есімді таба білуге үйрету. Есептік және реттік сан есім туралы білімдерін жалпылап, тиянақтау. Айырмашылығын мысалдар келтіру арқылы ұғындыру. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, ауызша және жазбаша тілін дамыту. Әдептілікке , адамгершілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, ашық ой
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Окушылардың сабаққа дайындығын тексеріп қадағалау
Психологиялық дайындық. «Сиқырлы көзілдірік» ойыны
Сиқырлы көзілдірік арқылы көршісінің жақсы қасиеттерін көріп, айту.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ережелерді пысыктау
-Сөз таптарын ата
-Зат есім дегеніміз не?мысал келтір
-Сын есімнің түрлерін ата
-Етістікке мысал келтір
III. Жаңа тақырып
1)Кіріспе
Сан есім заттың санын, ретін білдіріп, қанша? неше? нешеу? нешінші? деген сұрақтарға жауап береді. Олар есептік және реттік болып екіге бөлінеді.
Топтық тапсырма.
І топ.Сызбамен жеке жұмыстану
ІІ топ. Сөйлем құрап, сөйлем мүшесіне және сөз құрамына талдау.
ІІІ топ.Сан есімдерді зат есімдермен тіркестіріп жаз.
2) Оқулыкпен жұмыс.
1– жаттығу.Сөйлемдерді оқы.Сан есімдерді тауып,сөзбен жаз
2– жаттығуСөздерді үлгі бойынша сөз таптарына бөліп жаз.
Құлпынай, елу бес, дәмдә, жүгірді, сағат, барды, аласа, бес жүз.
Зет есім
Етістік
Сын есім
Сан есім
Құлпынай,
........
3-жаттығуСөйлемдерді көшіріп жаз.Сан есімдерді тауып, сұрақ қой.
Шортан, бекіре балықтары жүз жыл жасайды деген сөз бар. Сазан мен жайын қырық,қырық бес жыл жасайды. Құстар сағатына жүз киломертр қашықтыққа ұшады. Олардың ұшу биіктігі тоғыз мың метрге жетеді екен.
4 – жаттығу.Мақал- мәтелді түсініп оқып, жатқа жазады.
Жаздың бір күні
Қыстың мың күнін асырар.
Ел құлағы – елу
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар
Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені
5 – жаттығу
Бір жылда неше ай бар?
Бір жылда он некі ай бар.
Бір айда қанша күн бар?
Бір айда отыз, отыз бір күн бар.
Бір сағатта қанша минут бар?
Бір сағатта алпыс минут бар.
Бір метрде қанша сантиметр бар?
Бір метрде жүз сантиметр бар.
Y. Қорытындылау.
«Сен білесің бе?» ойыны
Шарты: оқушылар өз беттерімен мәліметтер келтіреді.
Кемпірқосақтың жеті түсі бар.
Морж су астында ауасыз он минутқа дейін тұра алады.
Аю қонжығын қасында бір жыл жарымдай уақыт қана алып жүреді.
YI. Бағалап мадақтау
Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтаймын.
YII.Үйге тапсырма
Сан есімді зат есімдермен қатыстырып, бес сөйлем жазып келу, сөйлем мүшелеріне талдау және ережені жаттау.
Сыныбы:3
Пәні:қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз бен туынды сөз Сабақ барысы. Қызығушылықты ояту. Психологиялық дайындық
– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)
Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің тұсына қояды)
Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты)
Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).
Оқушылар дәптерді ашып, бүгінгі күннің ретін жазады Қолға қалам алайық, Салақтықтан қашайық. Дәптерімізді ашайық. Көркем етіп жазайық. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. Жан - жақты білімдерін тексеру. «Бал жинау» ойыны. Ойынның шарты: араларда жазылған жұрнақтарды сәйкес келетін гүлге қондыру. Жұрнақтарды жалғағанда қандай сөздер шықты? Бұл сөздерді туынды сөздер деп атаймыз. Себебі, жұрнақ арқылы бұл сөздерден жаңа сөздер шықты. Жаңа сабақ.
Қызығушылықтарын ояту кезеңі
Түбір сөз және туынды сөз. «Оқымай білім жұқпас, Білімсізден өнер шықпас». Оқулықпен жұмыс. Оқулықтарыңдағы 1 - жаттығуды таба қойыңдар. Түбір сөзге тиісті жұрнақтарды қосып жаз. Жұмыс, дос, сый, - лық Талап, қызмет, - шы, - ші Дойбы, ас - кер, - тық Мағынаны тану кезеңі Ереже: Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз. Мысалы: ерлік, татулық, жұмысшы. 2 – жаттығу. Сөздерді оқы. Олардың қайсысы түбір сөз, қайсысы туынды сөз екенін айт. Оқушыларды ПАЗЛ ойыны арқылы топтастырады. Оқушылар құрастырғыштың бір - бір данасын алады да, әркім өз суреті бойынша топтасады. Топтық жұмыс I топ. Түбір сөздерді тап. Өнер, ек, жарыс, іс, егін, жаз. II топ. Туынды сөздерді тап. Жазушы, ертең, сарғыш, ертеңгі, көңілді, балапан. 3 - жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жаз. Білімдіден ақыл шығар, Ақылды қарттан нақыл шығар. Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талда. Мақалдың мағынасын қалай түсінгеніңді айт.
Бекіту
-Түбір дегеніміз не?
-Қосымшаның неше түрі бар?
-Туынды сөз дегеніміз не?
-Жұрнақ дегеніміз не?
-Жалғау дегеніміз не?
Бағалау.Оқушылар көрсеткен білімдері бойынша бағаланады.
Үйге тапсырма. Туынды сөздер жазып келу.
Сыныбы:3
Пәні: Әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: Не үшін? Қадыр Мырза Әли
Сабақтың мақсаты: Өлеңмен таныстыру.
Күтілетін нәтиже:
Пәндік нәтиже: Мәнерлеп оқу, оқу жылдамдығын дамыта отырып, әдеби көркем сөздер қорымен байыту.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: Топтық жұмыстар,өлең жолдарын ұйқастыру,өз ойын толық жеткізе білу жұмыстары арқылы шығармашылыққа баулу.
Тұлғалық нәтиже:
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.
Әдісі:сұрақ-жауап, сөздік.
Түрі:аралас
Көрнекілігі:Тудың суреті,үнтаспа
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үй тапсырмасын қорытындылап өту.
І.Қызығушылықты ояту.
-Адамның дене мүшелері қандай қызмет атқарады?
ІІ.Мағынаны тану.
Қадыр Мырза Әлидің «Не үшін?» өлеңімен танысайық.
Автор туралы мәлімет:
Ақын 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.
1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.
Сөздікпен жұмыс:
Қыңбау- қорықпау
Диалог- грек сөзі. Әдеби шығармаларда екі немесе бірнеше адамның тікелей сөйлескен сөздерін диалог деп атайды. Диалогте әрбәр кәсәнәң сөзі жаңа жолдан басталып, алдына сызықша қойылып жазылады.
-Өлең сені қандай сезімге бөледі?
-Білім-өнер не үшін керек?
ІІІ. Ой толғаныс.
Адам айналасындағыларға қандай жақсылық жасай алады?
Үйге тапсырма: өлеңді жаттау.
Сыныбы:3
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Д.Қасенов « Өзін - өзі жеңген бала»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға мәтіннің талдай отырып, ата-ана мен бала қарым- қатынасы жайлы мағлұмат беру, негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
2. Мәтінді бөлімдер бойынша әңгімелету, көркем шығармаларды оқуға қызушылығын дамыту.
3. Мәтін жайлы түсінігін кеңейту мақсатында пікір алмастыру және сөйлеу шеберлігін, ойлау қабілетін, тіл байлығын молайту.
- Сіз, біз деген жылы сөз демекші сыпайы сөздерді айтып көрейікші (доп лақтыру арқылы)
ІІІ. Оқулықпен жұмыс Мағынаны ашу
-Мәтіннің авторымен таныстыру.
Дәулет Қасенов ( 1937-1967) Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туды.1961 жылы шыққан жас ақын жазушылардың « Жас дәурен» жинағына кірді.Дәулет Қасенов арқалы ақын, адалдықпен арды ту етіп көтерген азамат.
1. Оқушыларды топқа бөліп, абзац бойынша оқыту.
2. Түсінгенін сұрау.
3. Мәтіннің мазмұнын ортаға салып, талдау жасау.
ІҮ. Сөздік жұмыс
Жабыраңқы - ренішті, көңілсіз
Мақтаншақ - мақтағанды тәуір көретін, мақтана беретін бөспе.
-Мәтін мазмұны мен идеясы арқылы баланың шындыққа көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беру. Сыни ойлау дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: пікір алмасу
Сабақтың әдісі: жүйелеу,талдау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабы, мәтіннің желісі бойынша салынған сюжетті суреттер.Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді. Автордың суреті.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық. «Сиқырлы көзілдірік»
Топқа бөліну
I топ – Әдептілер
II топ – Ұқыптылар
III топ – Алғырлар
Топ басшысын жасырын дауыс беру арқылы сайлау.
-Балалар топтың ережесін еске түсіріп жіберейікші.
Тәртіп
Тыныштық
Талап
Бір – бірімізді тыңдау
Үй тапсырмасы «кубизм әдісі» бойынша сұраладаы
1. Әлкейдің сүйікті ісі не еді? (оқушылардың жауабы)
2. Мәтіннің бірінші бөлімі не туралы
3.Адам 4 – 5 жасынан кітап оқып кететініне сенесіңдерме?
4.Әлкейдің бойындағы өздерің байқаған жақсы қасиеттерді атаңдар?
5.Әлкейдің бейнесінен нені үлгі тұтуға болады?
6.Әлкейге сипаттама бер.
Қызығушылығын ояту.
Бейне таспаны тамашалау
Жаңа сабақ (кинодан үзінді Қожаның өзін – өзі бағалауы)
-Балалар ,бұл қандай фильм?Кім туралы?
-Қожа қандай бала?
-Одан жақсы адам шығады деп ойлайсыңдар ма?
(Оқушылар өз ойларын айтады)
-Балалар, әрбір кинофильмдер белгілі бір жазушының шығармасы желісінде түсіріледі.
«Менің атым Қожа» көркем шығарманың авторы Бердібек Соқпақбаев.Ал фильмнің режисері Абдолла Қарсақбаев.
-Балалар үйден автор туралы мәлімет жинақтап келу тапсырылған еді. Ал кім айтады.
Бердібек Соқпақбаев
(1924-1991) 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейіннен Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауыл мектебінде бала оқытқан. "Қазақ әдебиеті" газетінде, "Балдырған" журналында, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында істеген. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған. Шығармашьшық жолын өлеңмен бастап, 1950 жылы "Бұлақ" атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. "Менің атым Қожа", "Балалық шаққа саяхат", "Бозтөбеде бір қыз бар", "Өлгендер қайтып келмейді" және "Қайдасың, Гауһар" секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тілдеріне аударылған.
-Режисер дегеніміз кім деп ойлайсыңдар?
Қарсақбаев Абдолла (2.10.1926, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы - 2.9.1983, Алматы) - кинорежиссер. Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген.
1978 жылында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Дәптермен жұмыс:
-Енді бүгінгі күннің жадысын жазайық.
«Менің атым Қожа» Бердібек Соқпақбаев
-Осы бейнефильмнен тағы не байқадыңдар?
Оқушылардың жауабы:
-Қожа айнаның алдына тұрып өзі-өзіне сөйлеп: « Тәртіпті, үлгілі оқушы болу үшін мен не істеуім керек?» деп сұрақ қойды.
-Демек, Шығармаларда кейіпкерлердің өзіне-өзі қарата айтылған, ішкі сырын білдіретін ойын (қуаныш,реніш, күдігін) – монолог деп атаймыз.
Яғни, өзі ғана сөйлейді. Енді осы монологты терең білу үшін
Оқулықпен жұмыс. (мәтінді үш бөлімге бөліп, іштей оқыту)
І топ: 1-ші абзацтан бастап 3-ші абзацқа дейін.
(Кешкі астан кейін төр үйге кіріп. - Ал сөйле батырым.)
ІІ топ: «Ол тәртіпсіз бұның бәрін қалжың деп ойлайтын болу керек –дейтін жерінен бастап, ақыры төмендегідей бірауыздан қаулы қабылдайды- дегенге дейін».
ІІІ топ: «Қаулы-дан бастап,ендігәрі бұл қылығым қайталанса, жоғарғы тауық базға демалыстан екі рет жүгіріп барып келем»-дейін.
Темекі шегеді, айлакер, ұрлық,тентек, сабақ оқымайды, жаман қылықтарға жақын
Екеуіде ұл бала
Сенгіш, еліктегіш, алғыр
ІІІ топ: Көрініс көрсету. Диалогтерді тауып, рольге бөліп ойнап шығу.
Топтық жұмысты қорытындылау: (қосымша)
Қожаның жақсы адам боларына сенер ме едің?
Қожаның орнында болсаң өзің не істер едің?
Сендердің іштеріңде «Мен Қожаға ұқсаймын» дейтіндерің бар ма?
Адамның өзін-өзі сынауы оңай ма?
Кері байланыс:
-Бердібек Соқпақбаев туралы не білдік?
-Негізгі басты кейіпкер кім?
Мұғалім сөзі:
-Балалар, өздеріңнің іс-әрекеттерің Қожаға ұқсаса да, үлкейгенде сендерден «үлкен» азамат шығады деп ойлаймын. Бердібек аталарың сияқты бірің жазушы болсаң, енді бірің ғұлама ғалым, ел тілегін ақтайтын Қазақстанның азаматтары мен азаматшалары болатындарыңа сенемін.
Бағалау:Топ басшылары топ м үшелерін бағалайды.
Үй тапсырмасы:
2008 жылы «Менің де атым Қожа» атты отбасылық комедиялы фильмі жарық көрді. Олай болса, осы фильм туралы қосымша мәлімет алып келу.
Мәтінді оқу.
Сыныбы:3
Пәні:математика
Сабақтың тақырыбы: Өтілген материалды бекіту
Сабақтың мақсаты: а) Санды 10, 100, 1000 және т.с.с. сандарға көбейту және бөлу жайлы оқушылардың білімдерін бекіту пысықтау
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа деген дайындықтарын тексеру.
2. Өтілетін тақырыпты еске түсіру, пысықтау.
А) Аудан, көлем өлшемдері см куб, дм куб, м куб, см куб.
Б) Т еңдеу құру арқылы есеп шығардық.
(Ауызша есеп шығару) Талғаттың бірнеше дәптері бар еді. Ол одан 2 еуін інісіне берді. Маратта 10 дәптер бар еді. Ол оған тағы да 5 дәптер қосса, Талғат пен Мараттың дәптері тең болды. Талғатта неше дәптер болған.
Талғатта Х-2 =10+ 5
Маратта Х-2= 15 . Х =15+ 2
Ауызша жұмыс 17-2 = 10 +5 Х =17
15= 1
Жаңа тақырыппен жұмыс.
Біз бүгін санды 10, 100 есе арттырып көбейту мен бөлуді пысықтаймыз.
1-тапсырманы орындау.
А) 2 х 10 = 20 23 х 10 = 230 234 х 10 = 2340
2 х 100= 200 23 х 100 = 2300 234 х 100 = 23400
2 х 1000 = 2000 23 х 1000 = 23000 234 х 1000 = 234000
Санды 10-ға , 100-ге, 1000-ға көбейту үшін сол санға 0 дерді тіркеп қосып жазамыз.
Б) 230 : 10 = 23 20 : 10 = 2
2300 : 100 = 23 200 : 100 = 2
23000 : 1000 = 23 2000 : 1000 = 2
Санды 0-ге бөлгенде 2, 3, 4 нөлдерін алып тастаймын.
2-тапсырма: 98 санын 10-ға қалдықсыз бөлуге болады
98 : 10 = (90+8) : 10 = 9 (8 қалдық). 8
987 : 100 = {900+87}: 100 = 9 {87 қ} 87
9876 : 1000 = 9 {876 қ} 876
Пысықтау
Топпен жұмыс «Жүзден жүйрікпіз»
I топ
Мына сандарды 10, 100ге 1000 ға есе кеміту
50 560, 5600
II топ
Мына сандарды 100, 1000 есе кеміту
400, 45000, 4560000
ІІІ топ 1000, 10 000, 100 000 есе кеміту
4000, 45 0000 456 00000
«Кім тапқыш?» — ойыны арқылы № 5 тапсырманы орындау
Сергіту сәтіСөзді есеп шығару №6 тапсырма
5 орамда – 360 м шыт ? 1 орамдағы шыт
3 орамда – 108 сәтін сәтеннан неше метр артық
Шешуі: 360 : 5 = 72 м І орам шыт 75 – 54 = 18 м артық
108 : 3 = 54 м І ор. сәтін
Логикалық есеп: Казір қай ғасыр? 21 ғасыр
1 ғасырда неше жыл бар?
100 жыл. Яғни 21 ғасырда неше жыл? 2000 жыл. 21 ғасырда 2 жылы бұл қандай сол 2002 ж. Осы 21 ғасыр деген санға байланысты ана тілінің өтілген тақпақ, өлең шумағын еске түсіріп, кім оқып береді. (Қайрат Ноғайбайұлы, Ләззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатайұлын) еске алу.
Уақыт жылдам өтеді. Минут, секунт, сағат, апта, ай, жыл, ғасыр. Жылдар, ғасырлар өтсе де біз ерлер есімін ел естен шығармайды.
Уақыт деген сөзді ести отырып осыған байланысты қандай есептер шығарып едік? Жылдамдықты, уақытты, қашықтықты табу.
Сабақтың тақырыбы: Көлемді фигуралар (денелер) туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
а) көлемді денелер туралы түсініктерін қалыптастыру;
ә) көлемді денелерді ажыратып,атай білуге үйрету;
б) күрделі теңдеулерді шығара білуге дағдыландыру;
Сабақтың көрнекілігі: робот суреті
Сабақтың әдісі: түсіндіру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Күтілетін нәтиже:көлемді денелерді түсінуі
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
№3 тапсырма.(б)
III Тірек білім,білік,дағдыларын белсендіру.
Геометриялық фигураларды қайталау.
Тақтаға роботтың аппликациясы ілінеді.Оқушылар геометриялық фигуралар жиынтығын алады ( жинақта артық фигуралар болуы мүмкін).Белгі берілгеннен кейін оқушылар роботты құрастыра бастайды.Тапсырманы бірінші орындаған оқушы жеңеді.
№1 тапсырманы ауызша орындайды.
IV.Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқушыларға үшбұрыш пен пирамиданы,шаршы мен текшені,тіктөртбұрыш пен тіктөртбұрышты параллелепипедті,шеңбер мен шарды салыстыруды ұсыну.Қандай фигура жалпақ,қандай фигуралардың көлемді екенін сұрау.Салыстырғаннан кейін оқушыларды көлемді денелердің атауларымен таныстыру.
№2 тапсырма ә) мұғалімнің басшылығымен ауызша орындалады.Неше текше,шар,конус,цилиндр,пирамида,параллелепипед бейнеленгенін сана.
VI.Өткен материалмен жұмыс.
№3 тапсырма. 2- ші бағанды өз беттерімен орындайды.
Теңдеуді шеш.
ух3= 240 у -666= 222 70ху = 140
№4 ізденіске жетелейтін тапсырма.
Шаршының жарты ауданының қалай есептелгеніне көңіл аудар ( тік бұрышты үшбұрышты да).
Шаршы бірдей 2 үшбұрышқа бөлінген.Демек,олардың әрбіреуінің ауданы шаршының ауданының жартысына тең. Өрнекті түсіндір:
4х4= 16 см2 16:2= 8 см2
Тіктөртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандарын есептеп шығар.
№5 тапсырма (а,ә,б) мұғалімнің басшылығымен орындалады.
№6 тапсырма уақытқа есептеледі.
№7 тапсырма. «Вагондар» деп аталады.Олардың орындалуының бір үлгісі мұғалімнің басшылығымен орындалады.
864 -468= 396 963 – 369= 594 954 – 459 =495
№8 логикалық тапсырма. Жауабы: 10 км-ге артады
VII.Сабақты қорыту.
Біз қандай тақырыппен таныстық?
Қандай тапсырмалар қиындық келтірді?
VIII.Үйге тапсырма.
№3 тапсырма (1-ші баған)
IX. Бағалау.
Сыныбы:3
Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Тоқтар - тұңғыш ғарышкер.( Е Өтетілеуов) Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Өлеңнің мазмұнын түсіне отырып, Байқоңыр ғарыш аймағы туралы түсінік беру. Дамытушылығы: Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету. Тәрбиелігі: Ғалам құпияларын оқып, білуге шақыру. Өз елін, жерін, мәдениетін сүюге баулу. Көрнекіліктер: Суреттер, қима қағаздар, фишкалар Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық, ұжымдық Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушылар назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық: Армысың шапағатты күніміз, Армысың мейірімді жеріміз. Армысың табиғат – анамыз, Келді Сізге өзіңіздің балаңыз
Оқушыларды топқа бөлу: 1 - топ «Ай» 2 - топ «Күн» 3 - топ «Жер»
Үй тапсырмасын тексеру.
І топ.Б.Момышұлы туралы әңгімелеу
ІІ топ.Б.Момышұлының балалық шағы
ІІІ топ.Б.Момышұлының батыр болуына әсер еткен не ?
Қызығушылығын ояту
Сөзжұмбақ шешіп тақырыбымызды біліп алайық 1. Көгі «жүр» дейді 2. Қанаты бар ұшпайды, Қызылы «тұр» дейді Су астында қыстайды. (бағдаршам) (балық) 3. «Бейбітшілік құсы» деп, 4. Күндіз бәрі қашады Атайды оны барша жұрт Түнде аспанды басады (көгершін) (жұлдыз) 5 Құс сияқты, құс емес, 6. Көреді бәрін өзгенің, Самғап ұшқан биікке. Көре алмайды өздерін. (көз) Қақпайды бір қанатын Жүрсе де тым биікте (ұшақ) 7. Киелі бір жануар, Үстінде екі тауы бар. (түйе) 8. Қиналмай көтеріп, Өзінен ауырды Жорғалап кетеді Жүкшідей кәдімгі (құмырсқа)
Жаңа сабақ
а) Кіріспе - Қандай ғарышкерлерді білесіңдер? Қазақ ғарышкерлерінің есімдерін ата? - Т. Әубәкіров Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1 - май ұжымшарында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары, техника ғылымдарының доктары, профессор. Әуе қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери оқу орнында оқыған, ұшқыш – инженер
Қазақтың тұңғыш ғарышкері. Кеңес одағының батыры.
–Бүгінгі сабағымызда Е. Өтелеуовтың «Тоқтар - тұңғыш ғарышкер» өлеңімен танысамыз
1. Әр топ өлеңді мәнерлеп оқиды, түсінігін талдайды 2. Түсініксіз сөздерге топта жауап ізделінеді. 3. Сөздік жұмысы жүргізіледі
Құрық - асау жылқыны ұстау үшін пайдаланатын, ұшында ілмегі бар ұзын сырық. Бұғалық - асау атты ұстауға арналған мықты қыл арқан. Тұңғыш - ең алғашқы, бірінші. Сергіту сәті
Аспан, аспан арайлым Саған жиі қараймын Сені көзбен шоламын Мен ғарышкер боламын Сабақты бекіту 1 - топ – Ғарыш кемесінің суретін салу 2 - топ – «Мен ғарышкер боламын.....» 3 - топ – Ғарышкерлер туралы өлең шығару
Қорытынды
Биопоэма
1.Аты:
2.Авторы:
3.Сипаттайтын 2-3 сөз:
4.Керекті құрал- жабдықтар:
5.Атағы:
6.Ғарышкерге тілек: Бағалау. Мадақтау. Үйге тапсырма беру: Өздеріңе ұнаған өлең шумағын жаттау.Ғарышкерлер туралы мәлімет
Сыныбы:2
Пәні:қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы : « Дауыссыз л мен р »
Сабақтың мақсаты:
а)Оқушыларға дауыссыз л мен р әріптерінің айтылуы мен жазылуы туралы түсінік беру.
ә) Оқушылардың сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін дамыту, сабаққа ынта-ықыласын арттыру; б)Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
- Балалар бүгін бізде ерекше сабақ болады.Сабағымызға қонақтар келді. Сендердің білімдерінді, тапқырлықтарынды көреді.
Ендеше сабағымызды бастайық.
-Балалар, өткен сабақтарды еске түсіру үшін ертегі тыңдап көрелік.
Ерте заманда әріптер барлығы бірге өмір сүріпті. Олар барлығы бір түсті болыпты. Тату-тәтті өмір сүріпті. Бір күні қатты дауыл соғады. Желдің қатты соққаны соншалық әріптердің барлығы жан-жаққа шашырап ұшыпты. Бірнеше дыбыстар күнге қонып күйіп қып-қызыл болыпты.
-Бұлар қандай дыбыстар?
-Дауысты дыбыстар
Ал енді бір дыбыстар бұлтқа қонып үнді болып қалыпты. Енді біреулері ағашқа қонып ұяң болып қалыпты. Ал кейбіреулері ағаштың діңіне қонып қатаң болыпты. Олар күні бойы жылап, қайғырыпты. Бұларды төбелерінен көріп тұрған дауысты дыбыстар бір шешімге келіп бұларды біріктіру керек депті.
Құрметті балалар, осы дыбыстарды дыбысталуына қарай топтастырайық
Үнді дауыссыздар: л, м, н, ң, р, й, (у)
Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з
Қатаң дауыссыздар: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ
-Балалар, біздер әріптерді біріктірдік, енді оларды қалай атаймыз?
-Дауыссыз дыбыстар
-Олардың саны қанша?
-26
-Жарайсыңдар, балалар
ІІ.Өткенді пысықтау.
Ереже. Сөз басындағы л, р әріптерінің алдынан ы, і естілгенімен, ы мен і жазылмайды. Мысалы: рақат, рең, лайсаң, лек
ІІІ.Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
1 – жаттығу.Жаңылтпашты оқы және жатқа жаз
-Олар Оралға бара ма?
Олар Аралға бара ма?
-Олар Оралға да,
Аралға да барады.
1 – топ: Берілген сөздердің ішінен р дыбысынан басталатын сөздерді теріп жазып, 1 сөйлем құрау.
3 – топ: Көп нүктенің орнына л немесе р дыбыстарынан басталатын сөздерді қойып, көшіріп жаз.
ІУ. Сергіту сәті
У. «Ойға шабуыл» ойыны
( Интерактивті тақтада лимон, радио, лақ суреттері шығады) Сөздерге дыбыстық талдау жасайсыңдар.
1- топ: « Лимон»
2- топ: «Радио»
3- топ: « Лақ»
Логикалық тапсырма:
Сабақты бекіту
1. Дыбыс деген не?
Дыбысты естиміз, көреміз.
2. Әріп деген не?
Әріпті көреміз , жазамыз.
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді ?
Дыбыстар екіге бөлінеді.
Дауысты жәнедауыссыз
-Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді - ?
Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді.
Атап беріңдерші - ?
Қатаң, ұяң, үнді.
-
12. Үйгетапсырма:
4- жаттығу. 57 бет.Ереже жаттау
13. Бағалау.
Сыныбы :3
Пәні:әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: «Жақсы мен жаман » Қастек Баянбайұлы
Сабақтың мақсаты:өлең идеясын халық философиясымен байланыстыра талдауға,жазушының көңіл күйін анықтай білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтіже. Өмірмен байланыстыра талдау арқылы сөздің мән-мағынасына ,философиялық құдіретіне мән беруге жетелеу.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Жазушының бейнелі сөздері мен мысалдарына, тіліне талдау жасау мүмкіндігін арттыру,шығармашылық тапсырмаларды орындау.
Тұлғалық нәтиже. Өз бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстау керектігін ұғынуға жетелеу.Өмірде кездесетін жақсылық пен жамандықтың аражігін салмақтауды үйренуге мүмкіндік беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,ақын портреті, слайдтар, жақсылық пен жамандық туралы мақал-мәтелдер,оқулық.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану,қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
І.Қызығушылықты ояту.
«Екі көрініс»
III. Жаңа сабақ.
Балалар сендер ребус,сөзжұмбақ шешуді ұнатасыңдар ма?
Ендеше сөзжұмбақ шешейік.
1.Жылт-жылт етіп төбемде,
түсе алмай тұр төменге.(жұлдыз)
2. Аяғымда
Басы қайқы қос сырық.
Таяғым да
Қуады оны састырып.(шаңғы)
3. Қазір қандай мезгіл. (қыс)
4. Мұртын сипап күн бойы,
бетін сусыз жуады.
Тысырды аңдып түн бойы,
тышқанды көп қуады.(мысық)
5.Кесе, шыны, пиала –
Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?
(ыдыс)
Балалар сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты жақсы деген өте жақсы!
Айналада ақ отау,
аузы-мұрны жоқ отау. (жұмыртқа)
2.Қыстың екінші айы. (қаңтар)
3. Даусы бар,жаны жоқ,
шертсең күйі әні көп.(домбыра)
4.Мінсем,
төменге зу етем.
Өрлесем,
оны өзім сүйретем.(шана)
5. Қасиетті тағам. (нан)
Ендеше, балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Жақсы мен жаман деп аталады.
-Біз бүгін “Жақсы” деген не?, “Жаман деген не?”
сұрақтары төңірегінде жақсы әрекеттер жасау,
жақсыдан үйрену, жаманнан жирену адамды
айналасын зор қуанышқа бөлеп, бақытқа
жетелейтіні туралы айтамыз.Адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады. - Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай, адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді.Адамдардың бір – біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір – біріне деген сыйластығы артады. Сондай-ақ адам бойында жаман,теріс, қасиеттер де болады.Ол қандай қасиеттер,одан қалай сақтанамыз,оны бүгінгі «Жақсы мен жаман деген сабағымыздың барысында білетін боламыз.Осы өлеңді жазған Қастек Баянбайұлымен танысамыз.
1936 жылы 15 қарашада туған. Ауылдағы бастауыш мектепті бітірген соң, 1948 жылы Екпінді орта мектебінде оқыды. Осы мектептің қабырғасында жүрген кезінде – ақ Қастектің сурет салуға деген бейімділігі біліне бастайды. 1960 жылы журналистік қызметке ауысады. Алакөл аудандық «Жаңа өмір» газетінде түрлі қызметтер атқарады. Сөйтіп, оның ақындық таланты кеңінен таныла бастайды.
- Қане, балалар, мен сендерге сұрақ қояйын.
- Жақсы деген немене?
1. Гүл өсірген жақсы.
2. Ағаштарға, гүлдерге су құйған жақсы.
3. Үлкендерге көмектескен жақсы.
- Дұрыс айтасыңдар.
Ал, жаман деген немене?
1. Салақ, кір – қожалақ болған жаман.
2. Ағаштың бұтағын сындырған жаман.
3. Кішкентай балаларды жылатқан жаман.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Осы өлеңді тізбектей
мәнерлеп оқиық.
Жақсы мен жаман
Қайыр күтпе баладан,
өз мысығын сабаған.
Кім алдаса анасын,
оған қалай нанарсың.
«Екі» болса алғаны,
бала ұятқа қалғаны.
Ойнап жүріп жыласа,
орынды емес бұл аса.
Келсе сөзі анайы,
мақтамас бұл баланы,
Жала жапқан басқаға,
барып тұрған масқара.
Добын қимас ойнауға,
ұят сараң болғанда.
Кім мақтанса көбірек,
жасайды мінез жөні жоқ,
Ерінсе қол жуғанға,
нассың дейміз мұндайда.
Мұнша уақыт санарлық,
бар екен ғой жамандық.
Бәрі жақсы баланың,
беске оқиды сабағын.
Айналайық баладан,
көгершінді аяған.
Адал болса досына,
азаматың осыда.
Ойнатса кім інісін,
мақұлдаймыз мұнысын.
Әділ болсаң ойында,
жақсы мінез оның да.
Күтсе бала әжесін,
жақсы дейміз дәл осың.
Өскен бала ауылда,
ойнар аттың жалында.
Өзі түйме қадаса,
мұндай бала тамаша.
Уәдесін сақтаған,
баланы жұрт мақтаған.
Болады әрі санауға,
жақсылық көп қалайда.
Өлең не жайлы айтылған.
Өлеңде қандай жағымсыз қылықтар бейнеленген?
Жағымды, жағымсыз әрекеттерді табу.
Осы өлеңде жазылған жаман-жақсы қасиеттерді маған кім тауып береді.
- Балалар, мына суреттен не байқап отырсыңдар? Қандай әңгіме құруға болады?
IY. Топпен жұмыс 1-ші топ осы көрсетілген сурет бойынша жақсы қасиеттер туралы әңгіме жазады.2-ші топ жаман қасиеттер туралы әңгіме жазады.Осы кезде мұғалім оқушылырдың жазған эсселерін дауыстап оқиды. Бір топтан бір оқушы тұрып құраған әңгімесін оқиды.Екінші топтан бір оқушы тұрып құраған әңгімесін оқиды.
Балалар, жақсымен дос болып, жақсыдан үйрену керекпіз, ал жамандықтан аулақ жүрейік.
Y. Поэзия минутты:Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.(өздері білетін өлеңдерін айтады).
1-оқушы:Жақсы бала құлақ сап,
Айтқаныңды ұғады.
Төсегінен тұра сап,
Таза ауаға шығады.
2-оқушы:Жақсы бала, ол анық,
Істемейді шалалық.
Тап – таза боп жуынып,
Алады ол таранып.
3-оқушы:Жаман бала құрысып,
Өз – өзінен тырысып.
Түске дейін жатады,
Шешесімен ұрысып
4-оқушы:Жақсы бала әрдайым ,
Деп «Ұятқа қалмайын»
Сабағына барады,
Күнделікті дап – дайын.
Жақсы мен жаман туралы өлең шығару.
YI. Сергіту сәті: Күндей болып күлеміз,
гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз,
көбелектей қонамыз.
YII. Шығармашылық тапсырма:оқушылыр өздері төрт жол өлең құрастырады.Жақсы мен жаман қасиетке байланысты.
YIII.
Ассоциация құру: Мұғалім сұрақ қою арқылы ассоциация құрады.Өмірдегі жақсы-жаман қасиеттерді айтады.
жақсы 1-адалдық жаман 1- мақтаншақ
2-мейрімділік 2-өтірікші
3-қамқорлық 3-әдепсіз
4-көмек 4-сараң
5-қайрымдылық 5-еріншек
-Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуларың керек.
IX. Жалғасын тап:Мақалдың басын айтып соңын оқушылар айтады.
- Балалар, бүгін біз жақсы мен жаман туралы әңгімелестік. Сендер жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену үшін біздің ата-бабаларымыз көптеген мақал-мәтелдер айтқан. Мақалдың жалғасын оқушылар тақтада жазады.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Жаман – шайқап сөйлер, жақсы байқап сөйлер.
Жамандықты –ұмыт, жақсылыққа ұмтыл.
Әдепті бала- арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.
Жақсы балалар мақал-мәтелдерді де жақсы біледі екенсіңдер.
X. «Ойнайық та,ойлайық»
Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болады.
Кішкене баланы жылатуға болады.
Құстарды атуға болады.
Сабақтан кешігуге болады.
Есікті керуге болады.
Ауызды ашып есінеуге болады.
Үйге жүгіріп кіруге болады.
«Адамдар бір – біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды».
XI. Жүректен жүрекке оқушылар бір-бірлеріне тілек айтып күннің нұрларын іледі. Содан соң ұрандарын айтады.
Жақсылықтан үйреніп,
боламыз біз жақсы адам.
жамандықтан жиреніп,
үлгі аламыз жақсыдан.
Мұғалім: Жарқыраған күндей мейірімді, жан шуақты,
көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін
Адамгершілігі мол азамат болыңдар.
Алдағы уақыттан бастап жаман әдет пен қылықтардан
тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай