kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш -тұрлаулы мүше

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш дегеніміз-қимыл іс-әрекет иесін білдіретін сөзді айтамыз. Сұрақтары:кім? не? кімдер? нелер? 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш -тұрлаулы мүше»



Қазақ тілі 3 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Бастауыш

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөйлемнің негізгі мүшесінің бірі бастауыш туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін және сөздік қорын молайтып, ой белсенділігін дамыту.Шыншылдыққа, сауаттылыққа, тазалыққа, жылдам ойлауға, көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды түгелдеу

2. Сабаққа әзірлігі «Ыстық алақан жаттығуы».

Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. Қайталау

Өткен тақырыптар бойынша оқушыларды топқа бөлу.

Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемнің түрлерін ата.

Оқушыларға сөйлемдер тарату арқылы топқа бөлу.

1. Хабарлы сөйлем.

2. Сұраулы сөйлем.

3. Лепті сөйлем.

- Cөйлем мүшелері дегеніміз не?

- Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

- Айдана жазды. Олар шықты. Сиыр ішті деген сөйлемдерге сөздер қосу арқылы сөйлем мүшелерінің санын көбейтіп жаз.ІІІ. Жаңа сабақ.

Сызбаны пайдалана отырып жаңа сабақты түсіндіру.

Қимыл, іс - әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштар кімкімдер? не? нелер? кімі? несі? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Жәния дайындалды. Боран соқты. Ауылдан әкесі келді.

Ендеше, балалар дәптерімізді ашып, күн ретін жазайық.

- Тақтамен жұмыс

22 - жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз.

Жел соқты. Бұлт қоюланды. Жаңбыр себеледі. Оқушы оқыды. Малшы бақты.

- Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой.

23 - жаттығу

Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз.

Мұғалім түсіндірді. Лақ маңырады. Мұз қатты. Күн шықты. Сәкен оқыды.

Қимыл иесі болатын сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой.

28 – жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау. Жазған сөйлемдеріңнен бастауышты тап.

Сабақты қорыту

Бастауыш дегеніміз не?

Бастауыштың сұрақтарын ата.

. Үйге тапсырма. 27 - жаттығу

Сұрақтарға бағанның оң жағындағы сөздерді пайдаланып жауап беру.

Ереже жаттау

Рефлексия

































































































Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш
Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің негізгі мүшесінің бірі бастауыш туралы түсінік беру. Бастауышты сөйлем ішінен таба білуге үйрету. Шығармашылық қиялын, сөздік қорын молайтып, есте сақтау дағдыларын, ой белсенділігін дамыту.
Сауаттылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, әдемі сөйлеуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау.
Көрнекілігі: тірек схема, суреттер, карточкалар.тест
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жағдаят тудыру.
Жаны сұлу,
Жүрегі жылы.
Білімді де қажырлы
Азамат болып өсіңдер!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Оқушылардың жазып келген жаттығуларын нұсқауларына сәйкес оқытып, талдау. 19 - жаттығу.
Тігіншіні инесі асырайды. Ұстаздан шәкірт озар. Жақсы жан сөзге семірер.
- әр сөзге сұрақ қою.

2. Оқушылардың білімдерін шағын тест арқылы тексеру:
1. Сөйлем мүшелері дегеніміз;
а) Сөйлем құрамындағы кез келген сан;
ә) Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөз;
б) хабарлы сөйлем.

2. Сұраулы сөйлемді тап.
а) сен кел
ә) сабағына дайындалдың ба.
б) үйге қайтайық

3. Дұрыс құрастырылған сөйлемді тап.
а) әңгіме ұнады бәрімізге қызықты.
ә) қызықты әңгіме бәрімізге ұнады.
б) ұнады қызықты әңгіме бәрімізге.

4. Лепті сөйлемді тап.
а) Үлкен рахмет
ә) Тағы келдің бе
б) Асан жүрді

5. Сөйлем неден құралады?
а) бірнеше сөзден
ә) дыбыстан
б) әріптен
Көркем жазу. Бб Бб Бб Бб
Бояу Ботагөз балалар барабан арбакеш бұлбұл

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақты түсіндіру:
Бастауыш - сөйлемнің негізгі мүшесі. Кім? не? кімдер? нелер? Сұрақтарына жауап беріп, қимыл, іс - әрекет иесін білдіретін сөздерді бастауыш дейміз. Мысалы: Күн суытты. Боран соқты.

ІV. Оқулықпен жұмыс.
Жаттығу жұмыстарын жүргізу.
22 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздердің астын сыздыру, оларға сұрақ қойдыру. Бұл сөздер қимыл иесі екенін байқату.
23 - жаттығу. Бір оқушы тақтада, қалғандары орындарында отырып орындайды.
Қимыл иесі болатын сөздердің астын сыздыру, оларға сұрақ қойдыру.

V. «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны. Жұмбақ шештіріп, жатқа жазғызу.
Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды. (Күз). Әр сөйлемдегі бастауышты таптыру.

VІ. Сергіту сәті.
Кім? не? сұрағына жауап беретін сөздер арқылы қатар бойынша жарыс жүргізу.

VІІ. Шығармашылық тапсырма. Адасқан бастауыштарды өз орнына қойып жаз. «Не қалай дыбыстайды»
1. Арыстан боздайды. Түйе мөңірейді. Жылқы ақырады. Қой кісінейді. Сиыр маңырайды.
2. Карточкамен жұмыс.
К - 1
Сөйлемде бастауышты тап, астын сыз, сұрақ қой.
Айбек сабақ оқыды. Жандос жейде киді. Марал әдемі көбелек ұстады. Әже бауырсақ пісірді. Мектепте бүгін мереке өтті.
К - 2
Сөйлемдерден бастауышты тап, астын сыз, сұрақ қой.
Марат далада ойнады. Асқар әдемі сурет салды. Далада жаңбыр жауды. Балалар ойын ойнады. Әсем қызық кітап оқыды.

VІІІ. Топтық жұмыс.
1. Сурет бойынша әңгіме құрап жаз. Жазған сөйлемдерінен бастауышты тапқызу.

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,
Егіндібұлақ селосы №43 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Мухаметжанова Д. Т.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бастауыш -тұрлаулы мүше

Автор: Сатаева Бағдат Алексеевна

Дата: 05.01.2023

Номер свидетельства: 622342

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Тұрлаулы мүшелер 3-сынып"
    ["seo_title"] => string(28) "tu_rlauly_mushielier_3_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "387530"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486179601"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Т?рлаулы м?шелер туралы т?сінік "
    ["seo_title"] => string(35) "tu-rlauly-mushielier-turaly-tusinik"
    ["file_id"] => string(6) "213551"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432092848"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) ""Т?рлаулы м?шелер""
    ["seo_title"] => string(18) "turlaulymushielier"
    ["file_id"] => string(6) "263954"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449625659"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Т?рлаулы м?шелер (презентация)"
    ["seo_title"] => string(33) "turlaulymushielierpriezientatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "263955"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1449626111"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "?аза? тілі. Та?ырыбы: Т?рлаулы м?шелер"
    ["seo_title"] => string(35) "kazaktilitakyrybyturlaulymushielier"
    ["file_id"] => string(6) "291589"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455135115"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства