Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу, бес жолды өлең
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі
Көрнекілігі: Суреттер, бейнетаспа, өлең-шумақтары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) түгелдеу
ә) даярлау
Қайырлы күн! Біз бақытты баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену
Еңбектену арқылы
Бестікке қолды жеткізу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Жусан иісі мәтінін оқытып, мазмұнын сұрау, сұрақ қою арқылы бағалау.
3 топқа берілген тапсырмалармен жұмыс жүргізу.
І топ. Еліміздің басынан өткізген қиыншылық кезеңдері туралы жазып келу.
ІІ топ. «Дос туралы сыр» тақырыбында эссе жазу.
ІІІ топ. «Менің ауылым» тақырыбында эссе жазу.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Әңгімеде қай кездегі оқиға көрсетілген?
Қаралы қағаз кімге келді?
Әңгімені Аянның жетім қалуы деп атауға бола ма? Неліктен?
Аянның ерік-жігерінің күштілігі туралы не айтасың?
ІV. Жаңа сабақ.
Ой қозғау. Адам өмірінде ойындардың алатын орны ерекше. Бала ойынмен өседі. Қазақ халқының көптеген ұлттық ойындары бар.Топтасыру әдісі арқылы ұлттық ойын түрлерін атап жазайық.
Ұлттық
ойындар
Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі-қазақша күрес. Сонымен қатар күрес спорт ойындарының бірі. Спорт ойындарын атап айтқызу.
Қазақша күреске қатысатын адамдарды кімдер деп атаймыз?
Ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыз «Балуан» деп аталады. Бүгінгі күн ретін жаздырту.
Қазақ елінің намысын қорғаған қандай палуандарымызды білеміз?
V. Оқулықпен жұмыс.
1. Мәтін авторының өмірімен таныстыру
2. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.
3. Сөздік жұмысын жүргізу.
4. Бейнетаспадан Қажымұқанның Харбин қаласындағы жекпе-жегі туралы үзінді көрсету.
5. Сұрақтарға жауап алу.
6. Мәтінді кезектестіре отырып, 1 сөйлемнен оқытып шығу.
Күрес туралы мағлұмат беру. Қазақ елінің намысын қорғап жүрген палуандарымызбен таныстыру.
VІ. Сергіту сәті.
Қол ұстасып жүрейік,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.
VІІ. Дәптермен жұмыс.
Қажымұқан Мұңайтпасов (1871-1948) жылдар аралығында өмір сүрген. Қазақтың әлемге әйгілі балуаны, күрестің асқан шебері.
Топпен жұмыс.
І топ. «Қажымұқан» сөзінде қанша буын, қанша тасымал бар?
ІІ топ. «Сөзден сөз құра» Балуан сөзінен бірнеше зат есім сөз құрап жаз.
ІІІ топ. «Бес жолды өлең» құрастыру.
VІІІ. Қорытынды.
Әңгіме кім туралы? Ол туралы не білдік?
Сайыс қай жерде болды?
Қандай атақты балуандарымызбен таныстық?
ІХ. Үйге тапсырма.
Оқушыларды бағалау. Мәтінді оқу, спортшылар туралы мәлімет жинау.