kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балалық шақ мейрамы

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • Оқушыларға балалық шақ ұғымы туралы түсінік беру;
  • Оқушылар бойындағы қайырымдылық қасиетін дамыту;
  • Оқушыларды айналасындағы адамдарға сүйіспеншілікке, достыққа тәрбиелеу.Оқушыларға балалық шақ ұғымы туралы түсінік беру;
  • Оқушылар бойындағы қайырымдылық қасиетін дамыту;

Оқушыларды айналасындағы адамдарға сүйіспеншілікке, достыққа тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балалық шақ мейрамы»

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары


Бөлім

Әсемдік әлемінде

Күні

16.05.2022ж

Сынып: 2

Қатысушылар саны: 24 Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Балалық шақ мейрамы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Жақсы мінез кейпі ережелерін біледі және түсінеді, түрлі жағдаяттарда өз білімдерін саналы қолдана алады.

Құндылығы

Сүйіспеншілік

Қасиеттері

Қайырымдылық, достық, татулық

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға балалық шақ маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері

  • Оқушыларға балалық шақ ұғымы туралы түсінік беру;

  • Оқушылар бойындағы қайырымдылық қасиетін дамыту;

  • Оқушыларды айналасындағы адамдарға сүйіспеншілікке, достыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті


Оқушының әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Жағымды көңіл – күй


Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.

Мұғалім «Шаттық шеңбері» жаттығуын өткізеді.

Сәлем сөздің анасы, адамгершіліктің баспалдағы. Балалар, алдымен бір-бірімізбен сәлемдесіп,жақсы лебіздерімізді білдірейікші.

«Қайырлы күн!»

«Әрқашан күн сөнбесін!»

«Деніміз сау болсын!»

«Бәріміз дос болайық!»

«Тату болайық!»

«Әлемде тыныштық болсын!»

«Аспанымыз ашық болсын!»

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.



Оқушылар бір біріне күлімдеп қарап,жақсы сөздер айту арқылы өз лебіздерін білдіреді.

Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал, Волшебная композиция- Хрустальная грусть

https://youtu.be/LCiAfCCwc7A

  1. Үйге тапсырманы тексеру

Оқулық 112-113 беттегі «Екі дос» аңыз әңгімесін оқып келу.

Сұрақтар:

1. «Кішкентай істің де қайыры бар» дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Ой, сөз бен іс ізгі болмай, арасында байланыс болмаса адамның өмірі қандай болады? Неліктен?
3. Үлкен істер неліктен кішкентайдан басталады? Кішкентай істерге неліктен немқұрайды қарауға болмайды?
4. Адам ізгі, қайырымды болуы үшін бойында қандай құндылықтар ашылуы керек?
5. Сауранның атының мәңгілік болуының сыры неде?
6. Өздерің «жақсы аттарыңды» неден, қандай қадамнан бастар едіңдер?
7. Өз есіміңнің мәңгілігін немен байланыстырасың, ол үшін не істер едің?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, риясыз жасалған кішкентай істің де қайыры бар екенін, үлкен істердің кішкентайдан басталатынын түсінеді.

Оқулық

  1. Сабақтың дәйексөзі.


«Татулық табылмас бақыт»

Нақыл сөз

  1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Татулық дегеніміз не?

Мұғалім оқушылармен бірге дәйексөзді оқып, бірнеше рет бірге қайталайды. Мұғалім дәйексөз бойынша сұрақтар қояды және дәптерге жазуды ұсынады.

Оқушылар мұғаліммен бірге дауыстап оқып, қайталайды. Дәйексөз бойынша сұрақтарға жауап береді, сұрақтар арқылы мағынасын талқылайды және дәптерлеріне жазады.


Дәйексөзден оқушылар татулық ұғымы туралы түсінеді.


Оқулық

  1. Оқиға айту (Әңгіме)

Өмір сүрудің ең жақсы жолы

Ф. Тайтелиев

Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.

Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:

– Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттымнан қалған дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де жүз-жүз тиыннан беремін. Осы тиындарға бір зат алыңдар. Кешкісін келгенде алған заттарыңмен менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.

Ұлдары үлкен сауда орталығын басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:

– Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым – деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Екінші баласы:

– Дүкенге барып екі жастық алдым – деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Үшінші ұлы:

– Тиынды ұсақтап, елу тиынын мешітке бердім, жиырма тиынын қайырымдылық қорға бердім, жиырма тиынын да әлеуметтік жағдайы төмен отбасына бердім. Қалған он тиынға екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.

Әкесі үшінші баласына риза болып:

– Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналаңа жарық тарату, – деді.

Сұрақтар:

1. Әкесі ұлдарын қалай сынамақшы болды?

2. Неліктен ол үшінші ұлының әрекетін дұрыс деп санады?

3. Айналаңа жарық тарату дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Қандай құндылықтар адамды жақсылыққа жетелейді?

Оқушылар оқиғаны тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, ізгілік, қайырымдылық туралы ойлары қалыптасады.


  1. Шығармашылық жұмыс.

Мұғалім оқушыларды екі топқа біріктіреді және топта жұмыс ұйымдастырады.


1-топ: Саяхатшылар тобы:

Бұл топқа біріктірілген балалар алдағы жазғы каникул күндеріндегі саяхаттарын оймен болжап суреттер салады.


2-топ: Көмекшілер тобы:

Екінші топқа енгізілген оқушылар жаздағы ата-аналарына тигізер қолғабыстары туралы эссе жазады

Оқушылар түрлі түсті бояу қаламдармен суреттер салады.


Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды.


Жұмыстарын шығып қорғайды.


Баяу әуен қойылады.


  1. Топпен ән айту

«Жаз мереке»


Сөзі: Берқайыр Аманшин

Әні: Әсет Бейсеуов


Жаз мереке

Жаз мереке

Жарқырайды көкте күн.

Аппақ қандай,

Жақсы –ақ қандай

Менің туған мектебім.

Қайырмасы:

Оқушы өңшең балапан-

Өзіңнен өскен балапан.

Жазды қарсы ап,

Шырқап ән сап,

Соғады көп,көп алақан


Жаз мереке

Жаз мереке

Жайды жасыл бақтарын.

Жайнайды күн,

Ойнайды күн,

Оң жағында тақтаның.



Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Оқулық


  1. Үйге тапсырма

Оқулық 114-115 беттегі Василий Сухомлинскийдің ««Рақметті» не үшін айтады?» мәтінін оқып келу.

Оқушылар үйге тапсырманы жазып алады.

Оқулық

  1. Сабақтың қорытынды сәті.


Мұғалім бұл сабақта жыл бойы өтілгендерін естеріне түсіре отырып, өмірдегі үйлесімділік пен бақыттың мәнін жалпыадамзаттық құндылықтар байланыстыра отырып ұғындыруды мақсат етеді.

Оқушылар тақырып бойынша алған әсерлерімен бөліседі. Мұғаліммен қоштасады.

Оқулық



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Балалық шақ мейрамы

Автор: Адильбекова Лейла Алпысбековна

Дата: 18.05.2022

Номер свидетельства: 607195

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Ана – ?мір тірегі "
    ["seo_title"] => string(19) "ana-omir-tirieghi-1"
    ["file_id"] => string(6) "185435"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426179660"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "ХХІ ?асыр к?шбасшысы (зияткерлік сайыс) "
    ["seo_title"] => string(46) "khkhi-g-asyr-koshbasshysy-ziiatkierlik-saiys-1"
    ["file_id"] => string(6) "170027"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423494555"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Білім көзі- бастауыш !"
    ["seo_title"] => string(20) "bilim_kozi_bastauysh"
    ["file_id"] => string(6) "380384"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484644095"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Ертеңгілік тақырыбы: "Қоштасу кеші""
    ["seo_title"] => string(41) "iertien_ghilik_tak_yryby_k_oshtasu_kieshi"
    ["file_id"] => string(6) "387467"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486140828"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Бір Отан! Бір та?дыр! Бір Елбасы!"
    ["seo_title"] => string(32) "bir-otan-bir-tag-dyr-bir-ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "278247"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453047441"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства