kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ертеңгілік тақырыбы: "Қоштасу кеші"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда

Мал озбас біле білсең білім озар

Ақыры керек болар бір сасқанда-деп Міржақып ақын айтпақшы,тарыдай болып кіріп,ақыл ойлары толысып,оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырган «Қош бол,бастауыш!» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Оқушылар туралы слайд   4с

Қош келіпсіздер,құрметті ата-аналар,қымбатты әріптестер,оқушылар!Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн.Оның ерекшелігі сол,осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып,білім алып,қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Толқимыз,толқып тұрсыз баршаңызда

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып,қошеметтеп шақырайық

4 «Б» сыныбын ортамызға!

Музыка ойналады ВАЛЬС биі

Мұғалім:             Слайд 1-4 кл

Сіздердің алдарыңызда тұрған 4-сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса,бүгін міне,ес біліп,етек жиған шәкірт.Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап Әліппемен қоштасу,Наурыз тойлары,Тәуелсіздік мейрамы,Аналар мерекесі,Алтын күз,Мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі спорттық жарыстар,ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

 Армандасаң да,қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді.Өйткені биік асуға беттеген аяулы ғұмыр,ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.Міне,бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып,бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған,білім нәрімен сусындатқан,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Дильназ:

Армысыздар,әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай,Ыбырай бабалар!

Нұржамал:

Армысың сен,алтын ұя мектебім!

Саған айтар жыр алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын

Мектебіме арналады бұл әнім!

Дильназ:

Дұрыс айтасың Нұржамал!Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да,әжем,анам да,енді мен де  мектептен тәлім алудамын.

Нұржамал:

Олай болса Дильназ,алтын ұя мектебімізге арнап ән шырқайық!

Ән: «Мектебім»

Дильназ:

Иә,осыдан 4 жыл бұрын,біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Нұржамал:

Иә,міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты,тәрбиелі,өнегелі азамат етіп шығарды.

Дильназ:

Ендеше,бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа?

Нұржамал:

Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз

Әр бетін әліппенің күліп ашқанбаз

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде

Қайталап атымызды сұрасқанбыз

Рустам:

Әр үйдің ерке өскен тентегі едік

Ақылға келе алмадық ерте көніп

Бойымыз бірте-бірте үйренісіп

Мектептің ережесін үйрендік кеп

Альтаир:

Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым

А әрпін алғаш сенен бастадым

Ұстазым естен кетпес мәңгілікке

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның

Дильназ:

Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға- деп Абай атамыз айтқандай,алғаш қолымызға қалам ұстатып,оңымыз бен солымызды танытқан,бізбен бірге қуанып,42 әріпті танытқан,білім нәрімен сусындатқан,мектептегі анамыз-ұстазекені бәрімізге мәлім.Балардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын,ұстаз туралы не айтар едің Нұржамал?

Нұржамал:       Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей,оқуға,жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.Мұғалім-мектептің жүрегі-деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.Олай болса,келесі жырларымызды барлық ұстаздарымызға арнаймыз!

1-оқушы:

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді

Бар асылын бізге жиып,мол береді

Қанатымен су себелеп асыл жан

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

2- оқушы:

Жарық күннен жылы жүзің елестер

Құлағымда өзің берген кеңестер

Жанарымда алыс тартқан қара жол

Көз жұмсам да көре тұғын белестер

3-оқушы:

Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?

Мейірлене қарап қойып біздерге

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

ХОРМЕН:

Мың алғыс сізге біздей түлектерден

Мың алғыс мына отты жүректерден!

ХОР: Ұстазым             (Ұстаздарға гүл шоқтарын сыйлау).

Дильназ:

Әр ана өз баласын мейірімді болса екен,жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді.Халқымызда бір мынадай нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге 3 рет арқалап апарсаң да,борышыңды өтей алмайсың» деген.Алайда,ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Нұржамал:

Иә,дұрыс айтасың, Дильназ.Біз болашақта саналы да,ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?Ендеше келесі әнді аяулы аналарымызға арнймыз,қабыл алыңыздар!

1.«Анашым,қартаймашы».

2.«Фиксики» биін тамашалайық

3.«Ай мүсін» әнін қабыл алыңыздар

4.Күй.  орындайтын:Халықаралық балалар фестивалінің бас жүлдегері :Ахметқал Іңкәр

5.«Жүрек жылуы» биі

Оқушыларды шығару.

Мұғалім:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне

Сенімдерің айналыңдар серперіне

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін

Тек сәттілік-шәкірттерім өздеріңе!

ӘН «Әнші балалар»

6.«Шақырады көктем» хор.        (орындарында тұрады)хормен сөз:

Қош қымбатты ұстазым,

Қош бастауыш мектебім!

-Құттықтау сөз : ата-аналар комитеті

-Құттықтау сөз - мектебіміздің «Тәрбие ісінің меңгерушісі» Нұрлан Жұманбайұлына бермекпін.

-Ал енді марапаттау рәсіміне көшсек:

Оқушылар Винеткаларын тарату.

Осымен біздің «Қош бол,бастауыш!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Сау болыңыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік тақырыбы: "Қоштасу кеші"»

Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда

Мал озбас біле білсең білім озар

Ақыры керек болар бір сасқанда-деп Міржақып ақын айтпақшы,тарыдай болып кіріп,ақыл ойлары толысып,оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырган «Қош бол,бастауыш!» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Оқушылар туралы слайд 4с

Қош келіпсіздер,құрметті ата-аналар,қымбатты әріптестер,оқушылар!Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн.Оның ерекшелігі сол,осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып,білім алып,қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Толқимыз,толқып тұрсыз баршаңызда

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып,қошеметтеп шақырайық

4 «Б» сыныбын ортамызға!

Музыка ойналады ВАЛЬС биі

Мұғалім: Слайд 1-4 кл

Сіздердің алдарыңызда тұрған 4-сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса,бүгін міне,ес біліп,етек жиған шәкірт.Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап Әліппемен қоштасу,Наурыз тойлары,Тәуелсіздік мейрамы,Аналар мерекесі,Алтын күз,Мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі спорттық жарыстар,ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

Армандасаң да,қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді.Өйткені биік асуға беттеген аяулы ғұмыр,ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.Міне,бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып,бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған,білім нәрімен сусындатқан,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Дильназ:

Армысыздар,әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай,Ыбырай бабалар!

Нұржамал:

Армысың сен,алтын ұя мектебім!

Саған айтар жыр алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын

Мектебіме арналады бұл әнім!

Дильназ:

Дұрыс айтасың Нұржамал!Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да,әжем,анам да,енді мен де мектептен тәлім алудамын.

Нұржамал:

Олай болса Дильназ,алтын ұя мектебімізге арнап ән шырқайық!

Ән: «Мектебім»

Дильназ:

Иә,осыдан 4 жыл бұрын,біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Нұржамал:

Иә,міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты,тәрбиелі,өнегелі азамат етіп шығарды.

Дильназ:

Ендеше,бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа?

Нұржамал:

Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз

Әр бетін әліппенің күліп ашқанбаз

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде

Қайталап атымызды сұрасқанбыз

Рустам:

Әр үйдің ерке өскен тентегі едік

Ақылға келе алмадық ерте көніп

Бойымыз бірте-бірте үйренісіп

Мектептің ережесін үйрендік кеп

Альтаир:

Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым

А әрпін алғаш сенен бастадым

Ұстазым естен кетпес мәңгілікке

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның

Мирхат:

Бастауышым бал бұлағым

Алдым сенен балдың дәмін

Әріп танып,білім алып

Рахметімді жаудырамын

Меруерт:

Бастауышым балбұлағым

Лаулап жанған шамшырағым

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшар тау қыраның

Дильназ:

Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға- деп Абай атамыз айтқандай,алғаш қолымызға қалам ұстатып,оңымыз бен солымызды танытқан,бізбен бірге қуанып,42 әріпті танытқан,білім нәрімен сусындатқан,мектептегі анамыз-ұстазекені бәрімізге мәлім.Балардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын,ұстаз туралы не айтар едің Нұржамал?

Нұржамал: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей,оқуға,жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.Мұғалім-мектептің жүрегі-деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.Олай болса,келесі жырларымызды барлық ұстаздарымызға арнаймыз!

1-оқушы:

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді

Бар асылын бізге жиып,мол береді

Қанатымен су себелеп асыл жан

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

2- оқушы:

Жарық күннен жылы жүзің елестер

Құлағымда өзің берген кеңестер

Жанарымда алыс тартқан қара жол

Көз жұмсам да көре тұғын белестер

3-оқушы:

Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?

Мейірлене қарап қойып біздерге

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

4-оқушы:

Ұстазым!өзің едің асқақ әнім!

Басталған ақ батаңнан жас талабым

Ұғындым ұлылықтың даналықтың

Ұстаздың ұлағатынан басталарын

5-оқушы:

Мұғалім ұстазысың балалардың

Болашақ ғалымдардың даналардың

Өмірде сенің алар орыныңа

Бірі де жеткізе алмас бағалардың







6-оқушы:

Кеп-кешегі жабырқау қайда қалған?

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан

Мейірің бе,ұстаздық жүрегің бе?

Жан дүниесін баланың жаулап алған

7-оқушы:

Алғашқы ұстаз,ерекше тұлға дара шың

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын

Сағына әркез суреттерді парақтап

Шәкірттерін жиі еске алатын

8-оқушы:

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан

Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман

Жатталады жан жүректе есіміңіз

Адамның аяулы үні сияқтанған



ХОРМЕН:

Мың алғыс сізге біздей түлектерден

Мың алғыс мына отты жүректерден!

ХОР: Ұстазым (Ұстаздарға гүл шоқтарын сыйлау).

Дильназ:

Әр ана өз баласын мейірімді болса екен,жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді.Халқымызда бір мынадай нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге 3 рет арқалап апарсаң да,борышыңды өтей алмайсың» деген.Алайда,ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Нұржамал:

Иә,дұрыс айтасың, Дильназ.Біз болашақта саналы да,ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?Ендеше келесі әнді аяулы аналарымызға арнймыз,қабыл алыңыздар!

1.«Анашым,қартаймашы».

2.«Фиксики» биін тамашалайық

3.«Ай мүсін» әнін қабыл алыңыздар

4.Күй. орындайтын:Халықаралық балалар фестивалінің бас жүлдегері :Ахметқал Іңкәр

5.«Жүрек жылуы» биі

Оқушыларды шығару.

Мұғалім:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне

Сенімдерің айналыңдар серперіне

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін

Тек сәттілік-шәкірттерім өздеріңе!

Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен

Аластайтын жаныңды күз көңілден

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен

ӘН «Әнші балалар»

6.«Шақырады көктем» хор. (орындарында тұрады)хормен сөз:

Қош қымбатты ұстазым,

Қош бастауыш мектебім!



-Құттықтау сөз : ата-аналар комитеті

-Құттықтау сөз - мектебіміздің «Тәрбие ісінің меңгерушісі» Нұрлан Жұманбайұлына бермекпін.

-Ал енді марапаттау рәсіміне көшсек:

Оқушылар Винеткаларын тарату.

Осымен біздің «Қош бол,бастауыш!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Сау болыңыздар!














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Ертеңгілік тақырыбы: "Қоштасу кеші"

Автор: Шакарова Сания Сембыевна

Дата: 03.02.2017

Номер свидетельства: 387467

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Дайынды?пен ?оштасу "
    ["seo_title"] => string(23) "daiyndyk-pien-k-oshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "226386"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1440239684"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "ТРЕНИНГ СУ-ДЖОК ТЕРАПИЯСЫ та?ырыбы:  «Мен сия?ты жаса»"
    ["seo_title"] => string(50) "trieningsudzhoktierapiiasytakyrybymiensiiaktyzhasa"
    ["file_id"] => string(6) "321256"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461246658"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "?ош бол,  ?ліппе! "
    ["seo_title"] => string(18) "k-osh-bol-lippie-2"
    ["file_id"] => string(6) "180960"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425284288"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Ерте?гілік: "Даярлы?ым бал-б?ла?ым"."
    ["seo_title"] => string(33) "iertienghilikdaiarlygymbalbulagym"
    ["file_id"] => string(6) "272419"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451981144"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "?ош бол, с?йікті ?ліппем! мерекелік кеш"
    ["seo_title"] => string(38) "koshbolsuiiktilippiemmieriekielikkiesh"
    ["file_id"] => string(6) "272053"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451898770"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства