Тыңдалым. Оқушылардың тыңдау қабілетін, қазақша сөйлеуді қабылдау дағдысын дамыту мақсатында мәтін бірнеше рет тыңдалады. Тыңдалым мәтіні: Абайдың ауылына атақты Дулат ақын келді. Абай әжесінен Дулат ақын туралы сұрады. Дулат ақын Абайға бата берді. Абайдың әжесі – Зере өте мейірімді адам, ол Дулат ақынды құрметтеді. Айтылым. «Мен – саған, сен – маған» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріп, диалог құрады. Оқылым. Дулат ақынның Абайға берген батасын оқы. Мұғалімнің көмегімен өлеңнің мағынасын түсін. Батаны жаттап ал. Мұғалім алдымен мәтіннің жанрына тоқталады. Батаның тілек, алғыс екендігі туралы айтады. Шырағым, ержетерсің, Ержетсең, сірә, не етерсің? Алысқа шырқап кетерсің, Шыдасаң, шыңға жетерсің. Жазылым. Жақшаның ішіндегі сөздердің тиістісін тауып жазу ұсынылады. "Бағдаршам" арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды. Ненің жеңіл, ненің қиын болғанын нақты айтады. - жеңіл болды - қиын болды |