Сабақтың білімділік мақсаты: шығарманың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу, мазмұнын меңгерту.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың көркем сөзді , көркем ойды өз сөздік қорларына қолдана алу, соның нәтижесінде ауызша сөйлеу дағдыларын,тілдерін жетілдіру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Бала бойына ананы сыйлау,құрметтеу,өнеге тұту сияқтыізгі қасиеттерді сіңіру.
Сабақтың көрнекілігі: Б. Бұлқышев портреті, «Ана» кім тізбегін құру бойынша жасалған сызба.
Сабақтың түрі: Шығармашылық ізденіс сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Өткен материалдармен жұмыс
1.Ө. Бөкей «Апамның астауы»
2. Әркім өз анасы жайында жылы лебіз, жақсы-жақсы ой толғаулар айту. Жаңа материал Кіріспе әңгіме
1. Автор жайында оның «Заман біздікі» кітабынан естелік оқып беру.
2. Мәтінді мәнерлеп жатқа оқу
3. «Ана» шығармасының мазмұнымен таныстыру.
4. Мәтінге сұрақтар қою
-мәтіннің негізгі идеясы не?
-Мәтінге нені теңейді?
-Адамның есінен не нәрсе ешұашан кетпейді?
-Ананы қай кезден бастап іздейсің?
5. Мәтінді оқушыларға тізбектеп оқыту.
6.Мәтінге талдау жұмыстарын жүргізу.
-Мәтінде «Ананы жолы басқа» делінген. Мұны қалай түсінеміз?
«Ана» деген сөздің өзі ыстық дейді. Себебі ана деген сөз бойға жылу таратады. Сондықтан да ыстық.
Сол себептен де ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес - дейді.
-Осы тіркестердіқалай түсінуге болады?
1) Толқымайтын жүрек тіркесіне келейік.
-Адам жүрегі қай кезде толқиды?
2) тасымайтын қан тіркесі
-Бұл тіркеске тура мағынада алып қарауымыз керек. Себебі, шын мәнінде де қан тасымайды ғой. Не тасиды? Су тасиды.
3) Сезбейтін сезім
-Алдымен, сезім дегеніміз не?Ол сыртқы дүниенің құбылысын ,адамның жан дүниесінде әсер етеді. Ана деген сөздің біздің жан дүниемізге әсер етпеуі мүмкін емес.Сонда жүрек толқығанда , қан тасығанда, адамның ішкі жан дүниесінде шаттығ сезім пайда болады.
Жалпы осы жолдағы үш тіркестің берер мағынасы біреу, яғни баланың анаға деген шексіз махаббаты.
Осы жолдағы ананың тілі,ананың махаббаты деген тіркестерді қалай т.сінесің?(Сызба құру)
Бұл жауаптарға кесте құру. Төмендегідей
III. Сөздікпен жұмыс
Уанбай-жұбанбай,жылай беру,еш нәрсеге көнбеу
Құндақта-жөргек, нәрестелік шақ.
IV. Дәптермен жұмыс
а) Сызбаларды жазу
ә) «Ана кі?» тізбегін тағы қалайтолықтыруға болады?(Өзіндік жұмыс)
V.Үнтаспадан ән тыңдау: «Ару ана» әні
VI.Қорытынды сөз
-Қазір орындарыңнан тұру сұралады. Ана-ұлы,ана-қымбат,,ана- құдіретті жан. Олай болса, ананың құдіретіне бас иейік.
Үйге тапсырма: Осымәтінді оқып кел. «Аян» жайлы материал жинақтап келу.