Просмотр содержимого документа
«А?заны? ішкі ортасы ж?не ?анна? ??рамы мен ма?ызы»
ЖАНДОСОВА ЛӘЗЗАТ АМАНТАЙҚЫЗЫ
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
№3 орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ағзаның ішкі ортасы және қаннаң құрамы мен маңызы Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға ағзаның ішкі сұйық ортасы қан және қан жасушалары, олардың қызметі, эритроциттер туралы түсінік беру; 2. Оқушылардың ой – өрісін, білімін тиянақтау. Ойлау қабілеттері мен танымдық ерекшелігін арттыру; 3. Оқушылардың денсаулығын сақтауға, сабақтағы әртүрлі әдістерді қолдана отырып, оқушыларды шапшаңдыққа, іздемпаздыққа өз ойларын түйіндеуге баулу.
Күтілетін нәтижелер: Қанның құрамын, қан жасушаларының түрлері мен олардың адам өмірінің маңызыдары туралы біледі.
Көрнекіліктер: Қан жасушаларының суреттері, кеспе қағаздар, слайдтар
3. қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді;
4. ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т. б. мүшелерге тасымалдайды;
5. дене температурасының тұрақтылығын сақтайды;
6. ағзаны зиянды микробтардан қорғайды;
7. ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды;
8. жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді;
9. қорғаныштық қызмет атқарады
10.қанды ұйыта алады
Эритроциттер-ядросы жоқ қызыл қан жасушалары.
Ер адамда 4,5-5,5 млн. 1 мм3
Әйел адамда 3,7 – 4,7 млн. 1 мм3
Оның орташа тіршілік ұзақтығы 120 күн. - сүйектің қызыл кемігінде түзіледі. - бауыр мен көкбауырда жойылып отырады. - қызметі: өкпеден ұлпаларға оттегіні, ал ұлпалардан өкпеге көміртегіні тасымалдайды
Лейкоциттер – ядросы бар қанның түссіз жасушалары, ядросы мен цитоплазмасы болады. Қанда 6-8 мың болады.
Тромбоцит (қан пластинкалары) - қан тамырларының жарақаттануына байланысты қанның ұюы – ағзаның қанды көп кетуден сақтайтын қорғаныш реакциясы. Қанда 180- 350 мың.
Эритроциттер тобы
Диаметрі 7 - ден 10 мкм.-ге дейінгі екі беті ойыс дискі тәрізді .
Мұндай пішін оның бетін 1,5 есе үлкейтеді және газ алмасу үшін едәуір тиімді
болып табылады, жетілгендерінде ядро болмайды.
Адам организмінде барлығы орташа алғанда 25 триллион бар деп есептеледі.
Егер осы қан жасушасын бір қатарға қойса, тізбек ұзындығы 175 мың км құрайды.
Онымен жер шарын 4 рет айналып шығуға болады.
Лейкоциттер тобы
Ядросы бар және белсенді қозғалады. Дені сау адамның 1 м3 қанында 6-8 мың болады. Тәуілік мезгіліне және организм жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Тіршілігінің ұзақтығы 2-4 күн, кейде бірнеше жылға созылады. Көкбауырда бұзылады. Амеба сияқты жалған аяқтарын шығарып жылжиды. Организмді ауру тудыратын бактериялардың, бөгде заттардың енуінен сақтайды. Бұл қанның қандай жасушасы.
Тромбоциттер тобы
Қанның ең кішкентай , түссіз , ядросыз формалық элементтері.
Олар сүйек кемігінде түзіледі.Мөлшері 2-4 мкм , дұрыс емес пішінді. 1 мм 3 қанда
180-350 мыңы болады. Тіршілік ұзақтығы – 7 күн. Көкбауырда жинақталып,
қойма түзіледі. Бұл жерден қажет кезде, олар қанға түседі.
Қызметі – қан ұю және қан кетуді тоқтату процестеріне қатысады.
Бұл қанның қандай формалы элементі.
ІҮ. Рефлексия
ББҮ әдісі
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Ашық сұрақ
«Қанның түсі неге қызыл түсті болып келеді?» Ү. Үйге тапсырма.