Күні:
18. Сабақтың тақырыбы: Ауаның маңызы
Мақсаты: 1. Ауаның қасиеттері туралы алған білімдерін дамыту мақсатында, ауаның маңыздылығын түсіндіру;
2. Оқушылардың ауа туралы ұғымдарын арттыра отырып, ой-өрістерін, алған білімдерін одан әрі дамыту;
3. Тірі ағза үшін ауаның маңыздылығын бағалай білуге үйрету;
Сабақ түрі : жаңа сабақ
Көрнекіліктер: дидактикалық материалдар
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.
Сабақ барысы
1.Психологиялық икем:
Армысыз шұғылалы алтын күн! Армысыз қасиетті Жер Ана!
Армысыз сусын берген бұлақ үні ! Армысыз жұпар шашқан дала гүлі!
2. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ жауап арқылы тексеріп өту:
- Ауа дегеніміз не? Ауаның қандай қасиеті бар? ауа неден тұрады екен?
3. Бақылау күнделігімен жұмыс:
4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі: жұмбақтар шешу:
Түсі бар көрінбейтін Терезеден есіледі Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Біртұтас бөлінбейтін Қараңғыны көшіреді Бірақ тыныш тұрмайды
Тынысы ол тіршіліктің (Сәуле) Сақтамасаң қорын тек
Ешқашан көрінбейтін (Ауа) Барша тірлік қурайды (Су)
Кубше әдісі: (иіріп тұрып жазылған саныны байланысты сұрақтар қойып жауап алу) :
- Ауа тірі табиғатқа қажет пе, әлде өлі табиғатқа ма? ауа не үшін қажет?
- Бізді қоршап тұрған не?
5. Сызбаны толтыру:
Біз не білеміз? | Не білгіміз келеді? | Не үйрендік? |
... | ... | ... |
Сызбаға ауа туралы алған білімдерін пайдаланып, өз білімдерін жазады.
6. Кітаппен жұмыс:
Оқулықпен жұмыс: (38-39бет): берілген мәтінді оқып, түсіндіру, сұрақтарға жауап алу:
Ауаның адам өміріне маңыздылығы қаншалықты?
Неліктен ауаны тіршіліктің көзі деп атайды?
Ауаны қандай заттар ластап, ауаға зиян әкеледі екен?
Сергіту сәті:
Дәптермен жұмыс:
Жаңа білімді бекіту:
- Ауаның маңыздылығы оның тазалығы. Таза ауа адамның денсаулығына тікелей байланысты
- Ауа шаруашылықта да маңызды дегенді қалай түсінесіңдер?
40-беттегі берілген суретті сызба бойынша ластанған ауаның адам денсаулығына тікелей кері әсері барын түсіндіру;
4. Қорытынды:
- Сонымен ауа маңыздылығы дегенді қалай түсіндіңдер?
- ауаның таза болмауына бйланысты қандай жағдайлар орын алуы мүмкін?
(Семей Полигоны туралы, оның түтінінің зиянды болғандықтан жақын маңдағы қарапайым халық зардап шеккенін айтып түсіндіру)
- Сонымен ауаның тіршіліктегі пайдасы қандай?
(Адам мен өсімдіктің өміріндегі ауаның пайдасын салыстырту)
- Бүгінгі сабақтың бізге қаншалықты маңыздылығы бар?
- Айналамызды қоршап, тіршілікке нәр беріп тұрған ауаны қалай сақтау керек?
- Ендеше жақсы өмір, мықты денсаулығымыз болу үшін қоршаған ортыны сақтап жүрейік
5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұндап келу;
6. Бағалау;