Просмотр содержимого документа
«Д?ниетану "Ауаны? ма?ызы" »
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Атамекен орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Мадреймова Тазагүл
Сабақтың тақырыбы: Ауаның маңызы
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ауа туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: дүниетанымын, ой-өрісін, көру қабілетін дамыту.
Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Қоршаған ортаны, ауаны ластамау, таза ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
Өсірген ой-сананы,
Үйренеміз жаңаны.
Бүгін бізде кезекте,
Дүниетану сабағы.
Топқа бөлу:
І - топ:
ІІ - топ:
ІІІ - топ:
Үй тапсырмасын сұрау:
Ауаны бізді қоршап тұрғанын қайдан білдіңдер?
Ауаның қандай қасиеттері бар?
Тұсау кесер
Жаңа тақырып:
Жұмбақ
Бар ма, жоқ па,
Оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде,
Өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)
Бүгінгі сабағымыз «Ауаның маңызы».
Балалар өткен сабақта біз ауа туралы оның қасиеттері туралы көптеген нәрселерді білдік. Тәжірибе жасап балауыз шырағданның қалай жанатынын көрдік.
Бүгінгі сабағымызда ауа туралы білімімізді одан әрі кеңейтеміз.
Адам, жануарлар, өсімдіктер де ауасыз тіршілік ете алмайтынын түсіндік.
Жерді ауа айналып қоршап тұр, ол жердің көрпесі тәрізді.
Ауа қабаты жерді күн сәулесінен өте ысып кетуінен қорғайды және ғарыштық суықтан қорғайды. Күн сәулесі жерге тік түседі. Ауа қабаты күн сәулесін жерге шашыратып түсіреді. Шашырап түскен күн сәулесі жерді қатты қыздырмайды. Ғарыштық суық дегенді қалай түсінесің?
Біздің жеріміз ғарышта жүзіп жүрген кеме тәрізді. Ал ауа қабаты ғарыштағы суықты өткізбейді. Күндіз күннен алған жылуын ауа қабаты сақтап тұрады. Сол үшін жер беті түнде өте суық болып кетпейді. Ауаның бұдан да басқа пайдасы көп. Оның әрбір қасиетін шаруашылыққа пайдаланады. Су түбіне жұмыс істеуге адамдарды батискафпен түсіреді. Батискаф су кіргізбейді.
Акваланг – су астында жүзетін адамдардың тыныс алуы үшін арнайы, ішіне ауа толтырылған аппарат. Су шаруашылығы үшін ауаның осындай пайдасы бар.