4 сынып
| Пәні: | Дүниетану | ||
| Тақырыбы: | «Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.» | ||
| Жалпы мақсаты: | Ауаның ластануы және ауаны қорғау тақырыбын түсіну. Ой-өрісін,тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Табиғатты қорғауға өз үлесін қосуға, тазалыққа, ұйымшыл болуға тәрбиелеу. | ||
| Дерек көздер мен жабдықтар: | 4-сынып дүниетану оқулығы, интернет жүйесі, слайдтар мен бейне фильм, стикерлер, постерлер. | ||
| Түйінді идеясы: | Топпен жұмыс жасау барысында оқу үдерісінде оқушылардың өздерін еркін және қауіпсіз сезінуі. Диалогтік оқыту арқылы өз ойларын ашық айтуға , оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтік іс әрекеттерін белсендіру, сын тұрғысынан ойлау әрекеттерін дамыту. | ||
| Күтілетін нәтиже: | Топпен бірлесіп жұмыс жасай отырып бір-бірімен ақылдасып талқылау, бір шешімге келу,бірін-бірі оқыту іс - әрекеттерін дамыту, сұрақ-жауап әдісі арқылы ауаның ластану себептерін және оны қорғау жолдарын ойластыру және қорғау жолдарын анықтау. | ||
| Жаттығулар: | Мұғалім іс әрекеті: | Оқушы іс әрекеті: | |
| Топқа бөліну. (1-мин.) | Стикерлер таратып беру. | Стикерлердің түсі бойынша топқа бөліну. | |
| Слайдтар. (2- 3 мин.) | Слайд көру арқылы бүгінгі тақырыпты ашу. | СТО-нан ойлана отырып бүгінгі сабақ тақырыбын ашу. | |
| Оқулықпен жұмыс. (5-мин.) | Оқулықтың 68-бетін ашып, мәтінді оқу. | Өз беттерімен жұмыс жасау. Оқулықтың 68-бетін ашып, мәтінді оқу, түсіну. | |
| Жұппен жұмыс. (2-мин.) | Оқулықтан оқып түсінгендеріңді, білгендеріңді қасыңда отырған жұппен талқылауға ұсыну. | Бір-бірімен түсінгендерін, білгендерін талқылау. | |
| Топпен жұмыс. (7-мин.) | Топпен ақылдасып, талдау, талқылау жасауға ұсыну. | Топпен бірлесе отырып үлгі жасау. (топ мүшелерін анықтау,тайм пиккер,топ басшысын сайлау, өздерін таныстырып өту.) | |
| Үлгілерін қорғау. (12-15 мин) | Үлгілерін қорғауды ұсыну. | Үлгілерін қорғау. | |
| Сергіту сәті. Бейне фильм көру. (3-мин – 5мин) | Сергіту сәтін жасауға ұсыну. Бейне фильм. | Көрген бейне фильмнен кейін «эссе» жазу. | |
| Үйге: Топпен жұмыс. Ауаны қорғау үлгісі. (7-мин) | Ауаны қорғау үлгісін, жобасын жасауға ұсыну. | Ауаны қорғау үлгісін жасау, жобаны қорғау. | |
| Бағалау.(2-мин) | Білемін Білдім Білгім келеді (БББ әдісі) қима қағаздарын таратып беру. | Білемін Білдім Білгім келеді қима қағаздарын толтыру. | |
