-Балалар, ауа райы дегеніміз не?Сендер оны қалай түсінесіңдер? -Ауа райын білу адамдарға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? -Ия, балалар, сендердің айтқандарыңмен мен де келісемін.Температура, бұлттылық, жауын-шашын, жел, ылғалдылық т.б. ауа райын түзеді екен. - Иа балалар, сендер күн сайын радиодан теледидардан ауа райы туралы хабарлар естіп тұрасындар. Құлақ салып, тыңдап көрейік: «Астанада аздаған бұлт шығады, Жауын шашын болмайды,баяу жел еседі. Ауа қысымы – сынап бағанасы есептегенде 767 мм. Ылғалдылығы – 75% Ауаның температурасы күндіз -70 – 80С, түнде -180 -200С ». Осы хабардан айтқан температура, қысым, бұлттылық, жауын – шашын, ылғалдылық, жел – ауа райының құбылыстары. Бәрінің жиындығы ауа райын түзеді. Ауа райы жиі өзгеріп отырады.Ауа райының жай- күйін метеорологиялық стансаларда бақылап отырады. Күн сайын белгіленген мерзімде ауаның температурасы желдің күші мен бағыты, жауын – шашын, ауа қысымы, т.б өлшейді. Бұдан басқа үлкен алқаптардағы бұлттылық жайын Жер серігі фотосуретке түсіріп, бейнесін Жерге беріп отырады. Осылай жинақталған мәліметтер арнайы ауа райы карталарына түсіріледі. Бір тәулікте сондай картадан төртеуі жасалады. Олардың бір – бірімен салыстыру арқылы салқын немесе жылы ауа қалай қарай және қандай жылдамдықпен ауысып жылжып бара жатқандығын, олардан қандай температураны күтуге болатындығын, желдің қай жақтан қай күшпен соғатынын немесе жылы ауаныңболжауы жасалады. -Балалар, қалай ойлайсыңдар ауа температурасын ненің көмегімен өлшейміз? -Дұрыс айтасыңдар!Термометрдің көмегімен біз ауа температурасын өлшейміз.термометрдің бірнеше түрлері болады.Олар: су температурасын өлшейтін, адам денесінің қызуын өлшейтін және ауа температурасын өлшейтін. -Суреттерді қараңдар. Адам денесінің, судың, ауаның температурасын өлшеу үшін қандай термометр қолданылатынын анықтаңдар. -Жақсы, енді осы термометрлердің қалай жасалатындарына біраз тоқтала кеткім келіп тұр.термометрлердің негізгі бөлігі сынап толтырылған шыны түтік және шкалаларға бөлінген тақта.Әр бөлік 1ºС-қа тең.Шкала ортасы 0ºС.Бұл жылу мен суықтықты ажырататын шекара. -Жылы температураға «+», ал суық температураға «-» белгісі қойылады. Градус көрсеткіші былай жазылады. +10ºС немесе -10ºС. |