Просмотр содержимого документа
«"Ата заңды білеміз бе?" сынып сағаты»
Тақырыбы: Ата Заңды білеміз!
Мақсаты: балалардың Ата Заң туралы білімдерін кеңейту, құқықтары туралы түсінік беру; Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру; патриоттық сезімдерін ояту; сөздік қорын молайту, жағымды көңіл-күй орнату.
Керекті құралдар: Қазақстан Республикасының тұғырлы туы, Ата Заң, Балалардың құқығы туралы Конвенция, жер бетінің сызбасы, клей, қиылған қималар /күннің көзі, аспан, ағаштар, шөптер, гүлдер, көгершіндер, зәулім үйлер, балалардың силуэттері, жүректер/ мольберт, көрпешелер.
Әдіс-тәсілдері: шаттық шеңбері, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, жүректен жүрекке, шығармашылық жұмыс
Алдын-ала жұмыс: балаларды Ата Заңның баптарымен, Балалардың құқықтары туралы Конвенцияның материалдарымен таныстырылды; өлең-жырлар жатталынды; Қазақтан Республикасының рәміздері қайталанды, олардың авторларымен таныстырылды; өмірден алынған жағдаяттарды шешу арқылы құқықтарымен таныстырылды.
Сабақ барысы: балалар ән ырғағымен залға кіріп, қонақтармен амандасады.
Мұғалім: балалар, мен сендерді «Шаттық» шеңберіне шақырамын:
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілейміз біз бейбіт күн,
Ашық болсын кең аспан!
Қазақстан Республикасының Әнұраны тыңдалады.
Мұғалім: балалар, бүгінгі сабағымыз Қазақстан Республикасының Ата Заң мерекесіне арналғандықтан біз Қазақстан Республикасының әнұранын тыңдадық.
/балалар көрпешелерге жайғасып отырады/
Сұрақ-жауап:
1. Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?
Біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасы деп аталады.
2. Еліміздің елордасы қай қала?
Біздің еліміздің елордасы Астана қаласы.
3. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
4. Қазақстан Республикасының рәміздерін атап беріңдерші
Қазақстан Республикасының рәміздеріне Ту, Елтаңба, Әнұран.
5. Қазақстан Республикасы Туының авторы кім?
Қазақстан Республикасы Туының авторы Шәкен Ниязбеков.
6. Қазақстан Республикасы Әнұранының авторларын атап беріңдерші?
Қазақстан Республикасы Әнұранының сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
Мұғалім: Осындай тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры, негізі болып Ата Заң саналады. Тамыз айының 30-шы жұлдызы Конституция күні деп аталады, өйткені бұл күні елбасымыз Ата Заңды бекітті. Бұл Ата Заңда азаматтардың құқықтары белгіленген. Қазақстан Республикасының әр азаматы оқу оқуға, білім алуға, еңбек етуге, қыдыруға, қызмет етуге, ерлі зайыпты болуға, балаларға қамқор болуға, табиғатты сақтауға, денсаулықты сақтауға құқығы бар. Ал енді сендер маған өз құқықтарыңды атап бере аласыңдар ма?
Біз мектептке келуге құқығымыз бар.
Өмір сүруге құқығымыз бар.
Білім алуға құқығымыз бар.
Деніміз сау болуға құқығымыз бар.
Бақытты болуға құқығымыз бар.
Дем алуға құқығымыз бар.
Әдемі киінуге құқығымыз бар.
Ойнауға, қыдыруға, әдемі киінуге құқығымыз бар.
Дос болуға құқығымыз бар. Тағы сол сияқты балалардың құқықтаы туралы жауаптар.
Мұғалім: балалар, сендердің айтқан құқықтарын осы Ата Заңда жазылған. Ал енді, балалар, Тынышбай Рахимовтың «Біздің заң» өлеңінен алынған өлең жолдарын қабыл алыңдар.
Оқу оқы, еңбек ет
Демал, досқа бер көмек.
Отанды сүй, адал бол
Өнегелі адам бол!
Дейді алтын заңымыз,
Бақыттымыз бәріміз.
Барлық ұлттың өкілдері
Бірдей перзент отанға!
Барлығы бір жанұя,
Кең отанның иесі.
Дейді алтын заңымыз,
Бақыттымыз бәріміз!
Мен бақытты баламын
Қазақстан елінде.
Қазақстан жалауын
Көтеремін жоғары.
Мен бақытты күніме,
Масайрамын, мақтанам.
Қазақстан жеріндей
Үлкен ана жоқ маған!
Сергіту сәті: Күнді көрген бақыт па?
Бақыт, бақыт, бақыт.
Ананың күлгені бақыт па?
Бақыт, бақыт, бақыт.
Доспен тату болған бақыт па?
Бақыт, бақыт, бақыт.
Тыңдайық-ойланайық
Хрестоматиядағы С.Оспановтың «Бақыт деген не?» өлеңін оқып беру
-Айтшы, білсең егер де,
Папа, бақыт деген не?
-Бақыт деген, шырағым,
Мына әсем тұрағың.
Ну ормандар, гүл бағы,
Күннің күліп тұрғаны.
Бақыт- дәні далаңның,
Алақаны анаңның.
«Ботам» деуі әжеңнің,
Тыныштығы әлемнің
-Қайда бақыт мекені,
Қалай оған жетеді?
Адал еңбек етесін!
Сонда ғана жетесің!
-Көрінбейтін көзіңе, сонда оның өзі не?!
Бақыт деген, сөзім шын-
Айналайын, өзіңсің!
Әңгімелесейік
- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бақытты болу үшін не істеу керек?
/балалардың пікірлері/
Мұғалімнің қортындысы: бақытты болу өте маңызды. Бақытты болуды үлкен де, кіші де қалайды. Өйткені адам бақытты болу үшін туылды емес пе. Адамның өмірге келуінің өзі– бақыт; ата-ана, туыстар мен достардың қасында болуы- бақыт; ағаш, гүл отырғызу- бақыт; досыңа көмектесу де бақыт. Бақытты болу өзіңе байланысты.
«Әлем қандай тамаша!» жер сызбасын әшекейлеу.
Мұғалім: кәнеки, балалар, орнымыздан тұрып, үстел үстінде жатқан қималарды қолданып, жүректен шыққан тілектерімізді айтып, «Әлем қандай тамаша!» атты жер сызбасын әшекейлейік.
Балалардың шығармашылық жұмысы:
Күніміз жарқырай берсін! /күннің көзін жапсырады/
Аспанымыз ашық болсын! /көк аспанның қимасын жапсырады/
Жерде жасыл шөп өссін! /шөптің қимасы жапсырылады/