kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық  тәрбие сағаты

Тақырыбы: Қарттарым-асыл қазынам
Мақсаты:
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  нақыл сөздер жазылған плакаттар
Барысы:                                    І Ұйымдастыру
Жүргізуші
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.

Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар. Бастауыш  сынып   оқушыларының қатысуымен  1  қазан - Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарттарым-асыл қазынам» атты

тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық тәрбие сағаты»

Бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Жанар Алымхановна 4-сынып


Ашық тәрбие сағаты

 

Тақырыбы: Қарттарым-асыл қазынам
Мақсаты:
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар
Барысы:                                    І Ұйымдастыру
Жүргізуші
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.

Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар. Бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен  1  қазан - Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарттарым-асыл қазынам» атты

тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші
Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.

Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада үйренген қолайсыз сөздерге тиым қояды. Бұның бәрі тәрбие.

2-жүргізуші: 

Олай болса бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда біздің сүйікті ата-әжелеріміз қонақта. Олар сіздерге бар мейірімін, бар ықыласын төгіп келіп отыр. Хош келдіңіздер!

Біздің ауылымызда қырыққа жуық қарт ата-әжелеріміз бар. Солардың бірі  әжеміз  бүгін бізде қонақта.
Қадірлі ата-әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.Сіздерге зор денсаулық,ұзақ ғұмыр тілейміз.
ЖүргізушіАл енді балалар сендерге жұмбақ жасырайын жауабын шешіп көріңіздер
Жұмбақ шешу:

Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім?    (Ата)

Жанна
Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.

жүргізуші

Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім?    (әже)

Үлболсын
Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.


Жүргізуші

Халқымызда «Өз балаң өскенше, немерең өлгенше» деген сөз бар. Бала немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай деген екен:

Бала деген бал екен,

Бала дегенің бал екен.

Немеренің бойында,

Бар тәттілік бар екен.

Туған балаң жәй ғана,

Демесең де жат, бөтен.

Нағыз балаң ойласаң,

Немере екен, тәтті екен, –

Оқушылардың ата-әжелеріне деген жыр шумақтарына берелік.

(1А-1Ә-1р-2сынып оқушылары)
Менің әжем,ақ әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
2 оқушы:
Менің әжем,гүл әжем,
Алтын әжем,нұр әжем.
Анам үшін,мен үшін,
Нағыз әжем,тіл әжем.
3 оқушы:
Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып.
Маған сақтап жүреді,
Тәттіні де жасырып.
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін әндерін.
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің.
Жүргізуші
Ата-әжем мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.
Ән: «Әже» орындайтын 4сынып оқушысы Өзбек Нұрайым қарсы алыңыздар


Жүргізуші:

Көрініс: Атасы мен немересі

«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген мақал текке айтылмаса керек.

Көне тәмсілдегі « Бір бала бар  – атаға жете туады, бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.

Көрініс. тамашалаңыздар

Әке – Мейирбек

Бала – Бақберген

1-жүргізуші:

Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:-          Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, – депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдыдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:

–          «балам анау не?» деп сұрапты.

–          «ол – түйе» – деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:

–          «Ол – түйе, түйе!» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? – деп ренжіпті. Сонда әкесі:

–          «Балам, кішкене кезіңде мен ауыртірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.

Мұғалім:

( оқушылардан осы көріністен қандай ой түйгендері сұрайды)


Жүргізуші

Хор:


Жүргізуші

Бала дегенің бал екен.

Немеренің бойында,

Бар тәттілік бар екен.

Туған балаң жәй ғана,

Демесең де жат, бөтен.

Нағыз балаң ойласаң,

Немере екен, тәтті екен, –

дегендей ата-әжелерімізге мынадай сұрақ қойып әңгімеге тартқымыз келіп отыр.


-жүргізуші:

Сіздер отбасында немерелеріңізге қандай тәрбие беріп келесіз?

жүргізуші:

Өз немереңіздің қандай адам болғанын көргіңіз келеді?


-жүргізуші:

Немереңіздің ұнамай қалатын немесе көңіліңізге келетін қылықтары бар ма? Ондай кезде қандай ойда боласыз?

2-жүргізуші:

Ата-әжелерге  Акбергенова Жаннаның орындауында «Әже» әнін қабыл алыңыздар!

Ата-әже ауылымның асылдары,
Жйнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би.
Сіздер үшін мереке шашулары.
Би: Өзбек биі 1-сынып оқушысы Өзбек Гауһар тамашалаңыздар
жүргізуші
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Мен атамның жалғасымын біздің кейінгі ұрпағымыз өздерінің өткен ата-бабаларын біле мекен соны білмекпіз.
а/Оқушыларға жеті атасын айтқызу

1-жүргізуші:

Міне, балалар, ата-әжеміз бар, әке-шешеміз бар біздер бақыттымыз. Бүгінгідей егеменді елде қайғы-қасіретсіз, еркін өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы қарияларымыздың арқасы екенін ұмытпауымыз керек.


жүргізуші:

Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кеміп бара жатыр қартайып

Отбасында, бала-шаға қасында,

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім, болмаған соң сыңары,

Жалқы тірлік жаман сөзден сынады.

Жас баладай жаутаңдаған жанарға,

Қайта-қайта қарағың кеп тұрады.

Қағыс естіп қалбаңдайды баладай

Ниеті ақ, пейілі кең даладай.

Кімге болса қарттық жетер аяңдап,

Мәпелеңдер, қарт біткенді аялап.

ІҮ. Қорытынды

Мұғалім:

Міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміздің алдында, аға ұрпақтың алдында үлкен қарыздармыз. Ол қарыздарымызды тек қана жақсы тәрбиеміз арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Бұл қасиеттер ешқандай да ақшаға сатып ала алмайтын байлық. Ол тек адамның жүрегінде орын алатын қасиет. Олай болса, алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал,

мейірімді, қайырымды азамат болып өсіңдер. Қарттардың алдында әрқашан да бас иіп тұрыңдар деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймын.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Ашық тәрбие сағаты

Автор: Ильясова Жанар Алымхановна

Дата: 19.02.2017

Номер свидетельства: 393386

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Аталар м?расы" ашы? т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(29) "atalarmurasyashyktrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "256002"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448032160"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ашы?  т?рбие  са?аты  "Ер  есімі  ел  есінде" "
    ["seo_title"] => string(45) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-ier-iesimi-iel-iesindie"
    ["file_id"] => string(6) "205197"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429814538"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Ашы? т?рбие са?аты. Та?ырыбы: "Салауатты ?мір – к?тері?кі к??іл" "
    ["seo_title"] => string(65) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-tak-yryby-salauatty-omir-kotierin-ki-kon-il"
    ["file_id"] => string(6) "157818"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421657640"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Наурыз мейрамына арнал?ан ашы? т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(49) "nauryz-mieiramyna-arnalg-an-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "279097"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453195729"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ашы?  т?рбие    са?аты  "Т?уелсіздік""
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-t-uielsizdik"
    ["file_id"] => string(6) "258200"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448462528"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства