kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ Зиянды заттар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Зиянды заттар»
Мақсаты: 

а) Білімділігі: зиян заттардан сақтандыру, ішімдіктің, темекінің және нашақорлықтың жас организмге зиянды, әр –түрлі жөтел, асқазан тері аурулары никотин мен алкогольдің әсерінен түсіндіру.

ә) Дамытушылығы: жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.

б) Тәрбиілігі: қоғамдық ілгерлі дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың сапасы мен өмірлерін уландыратын ауыр кеселдің бірі – маскүнемдік, араққұмарлық екенін ұғындыру.

Әдісі: ой-бөлісу.

Көрнекілігі: суреттер, слайд, бейнероликтер.

Барысы:

 I.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Қатысушыларды  бір- біріне  қуаныш  сыйлауға  үйрету.

Мұғалім әуен  ырғағымен қолын жүрегінің  тұсына  қойып қатысушыларды көргеніне қуанышты екенін  айтады, сол қолымен,  екінші қатысушы қолын қойып тілегін  жалғастырады. Осындай қимыл  барысында қатысушылар ішкі тебіреністерін байқатады. Барлығы  осы  қимылды  қайталайды. Олар  бір- бірімен  мейірімді  қарым – қатынаста болып, айналасын қуанышқа  бөлейді. Бір бірімізге жақсы көңіл күй сыйладық деп ойлаймын. Енді қатысушыларды үш топқа бөлсек.

Үш топқа бөлу( түрлі стикер арқылы).

1топ: Топтың аты: Арақ

2 топ: Топтың аты: Темекі

3 топ: Топтың аты: Есірткі

II.Кіріспе сөз.

       Адам өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға ең қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі.

         Ал, осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы денсаулығымызға тікелей әсер етеді.

          Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Халық денсаулығы атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұраты – халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту. Шығыстың әйгілі данышпаны Әл-Фараби «Жас жеткеншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

Расында да, ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашақор, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не болмақ? Осы зиянды заттар жайлы мағлұмат айта кетсем.

        Арақ ішкен адамда алкоголь зардабы 21 күнге дейін созылады екен. Этиль спирті сырада 5-7%, 6 шарапта 15-20%, ликер мен коньякта 40-50%-ға дейін, арақ пен вискиде 60-70% бар екен. Ал этил аса зиянды химиялық қоспа.

- Темекі, есірткі, алкогольдің зардаптары туралы нақты мысалы келтіре кетсем:

           Бір зерттеуші түскі тамақ кезінде балаларына жүз грамм жүзім шарабын беріп, сонда балалары көңілденіп, көп сөйлеп, тез қимылдаған, біраз уақыттан кейін керісінше олар шаршап, ұйқы басып, жазулары бұзылып, есептен көп қате жіберген. Бала кезінде адам ағзасын алкоголь тез уландырып, аз уақыт ішінде маскүнемге айналдырған.

       Осы орайда бейнероликке назар аударсақ.

        Шылым шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын келтіреді. Шылым шегетіндердің жүрегі 20-25 мың рет артық соғады екен. Шылым шекпейтін адам 100 м жүгінгеннен кейін тамырдың соғуы 120-130 болса, шегетіндерде 180 болады. Шылым шегетіндер жүрек ауруынан 12- 13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады. Олардың 80%-ы өкпе ауруына шалдығады.

         Сіздер ішімдіктің, шылым шегудің, нашақорлықтың адамның жеке басыңа денсаулығына зияны бар екенін барлығыңызда білесіздер.      

       Осы орайда айта кетерлік жайт шылым шеккеннен кейін 2-3 минутта никотин қан арқылы миға жетіп, мидың ішкі жасаушаларына енеді де, біраз уақыттан кейін мидың белсенділігін төмендетеді. Себебі никотин мидағы қан тамырларын тарылтады да, миға қоректенген заттар мен оттегінін келуін азайтады. Әсіресе шылым шегуден жасөспірімдердің жүйке-жүйесін тез

бұзады. Никотин өсімдіктен алынатын у. Таза күйінде никотин түссіз, жағымсыз, иісі және дәмі бар майлы сұйықтық. Суда, спиртте, эфирде тез ериді, адамға бір тамшы никотин берсе саспай қатады екен. Егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесі 1 литр шамасында смола жинайды екен.

Олай болса мына бейне жазбаға назар аударайық.

       - Нашақор адамның өмірі қысқа болады. Нашақорлардың ең төменгі жасы 9-да екен. Дүниежүзінде есірткі тартудан жыл сайын 2,5 млн адам қайтыс болады. Біздің ғасырымыздың басты дерті - нашақорлық.

       Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, ал кейбіреуі қарызға белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал көбіміз көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің мәселесі бойынша жүрегімізді де, жанымыздыда ауыртқымыз келмейді. Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? - деген сауалдар әрине адам жанын мазалайды.         

       Осы берілген мәліметтер бойынша әр топқа ситуациялық сұрақтар беріледі сол бойынша өз пікілеріңізді ортаға салсақ.

-Екі қыз жақсы дос. Қыздың біреуі шылым шегеді. Ал оған дос қызы үнемі қарсылығын білдіреді. Бұдан қорытынды шықпаған соң, «егер сен шылым шегуді қоймасаң мен сенімен дос болудан бас тартамын» деген шарт қояды. Қыздың қойған шарты дұрыс па? -Егер сіздің досыңыз шылым шегетін болса, мейлі ұл, не қыз болсын оның шылым шегуін тастауына қандай ықпал жасайсыз?

-15 жастағы Тимур өз достарымен барға барады. Бар деп отырғанымыз жасөспірім балалар жиналып, көңілді кеш өткізетін жер. Оның достары көп пиво алып, жылдам ішуде. Тимур оның жақсы еместігін біледі, бірақ достарынан қалғысы келмейді.

-Кинодан кеш қайтып келе жатқан бала соңғы подъездің есігі алдында тұрған бір топ баланы көрді. Олар баланы шақырды. Ойында ешнәрсе жоқ, ішінде көршісі тұрған соң таянады. Олар темекіні беріп: -жігіт емессің бе, сор –деп бұйырды. Сорып қалып еді, түтін бірден тұншықтырып, шашалып қалды. Барлық бала күліп: Мынау қыз ғой-деді. Баланың намысшыл екенін білетін көршісі қорғаған болып: жоқ менің көршім нағыз жігіт! Деп арқасынан қақты. Оған мақтаншақ бала тағы бір – екі сорып-сорып жібереді. Баланың қалтасына 3-4 – еуін тағы салып жіберді. Ары қарай не болды деп ойлайсыздар?

         Бүгінгі тақырыбымызға сай ойын түрінде өткізсем, ортаға араларыңыздан 4 адам шықса. Өмірде сан қиылы адамдар кездеседі. Әр бір жеке дара адамдардың өзінің біз біле бермейтін өмірі, қалыптасқан қағидалары, армандары, жетістіктері мен қиыншылықтары, қорқынышы, құпиялары де кездеседі. Сол орайда ортаға бір- біріне еш қатысы жоқ 4 кейіпкер туралы айта кетсем:

  • адамдармен тез араласып кететін, қалжыңбас, кез келген ортаны жандандыратын кейіпкер.
  • нашақор, маскүнем.
  • ешкіммен араласпайтын, үйінде ертелі- кеш үйде құлтанып отыратын кейіпкер.
  •  адамдармен тез араласып кететін, қалжыңбас, кез келген ортаны   жандандыратын бірақ үнемі сақтық шараларын қолданатын кейіпкер.

         Осы орайда сіздерге сұрақ егер осы кейіпкерлер бір- бірімен дос болса біздің болашағымызға қандай әсерін тигізер еді, осы кейіпкерлер ішінен қайсы кейіпкердің ұстанымы дұрыс деп ойлайсыздар және неге?

        Пікірлеріңіз үшін рахмет.

  Қорытынды:

        Жылына елімізде 10 тоннадан астам есірткі заттар тәркіленеді, оны өздеріңізде көгілдір экраннан көріп жүрсіздер. Ішімдікке, темекі тартуға, нашақорлыққа әуестенушілер осы зиянды заттардың адам өміріне, қаншалықты қауіп төңдіретінін, аты жаман індетке апаратын тура жол осы маскүнемдік, нашақорлық екенін түсінетін болар деп ойлаймын. Әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан теңіз, салауатты өмір салтын жандарыңызға жан серік етіңіздер. Уақытыңызды бос әуреге жұмсап, өмірдің қызығын көріп алудан өз еншіңізді кеш қалмаңыздар.

    Келіп атсалысып қатысқандарыңыз үшін рахмет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ Зиянды заттар»

Тақырыбы: «Зиянды заттар»
Мақсаты: 

а) Білімділігі: зиян заттардан сақтандыру, ішімдіктің, темекінің және нашақорлықтың жас организмге зиянды, әр –түрлі жөтел, асқазан тері аурулары никотин мен алкогольдің әсерінен түсіндіру.

ә) Дамытушылығы: жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.

б) Тәрбиілігі: қоғамдық ілгерлі дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың сапасы мен өмірлерін уландыратын ауыр кеселдің бірі – маскүнемдік, араққұмарлық екенін ұғындыру.

Әдісі: ой-бөлісу.

Көрнекілігі: суреттер, слайд, бейнероликтер.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Қатысушыларды  бір- біріне  қуаныш  сыйлауға  үйрету.

Мұғалім әуен  ырғағымен қолын жүрегінің  тұсына  қойып қатысушыларды көргеніне қуанышты екенін  айтады, сол қолымен,  екінші қатысушы қолын қойып тілегін  жалғастырады. Осындай қимыл  барысында қатысушылар ішкі тебіреністерін байқатады. Барлығы  осы  қимылды  қайталайды. Олар  бір- бірімен  мейірімді  қарым – қатынаста болып, айналасын қуанышқа  бөлейді. Бір бірімізге жақсы көңіл күй сыйладық деп ойлаймын. Енді қатысушыларды үш топқа бөлсек.

Үш топқа бөлу( түрлі стикер арқылы).

1топ: Топтың аты: Арақ

2 топ: Топтың аты: Темекі

3 топ: Топтың аты: Есірткі

II.Кіріспе сөз.

Адам өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға ең қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі.

Ал, осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы денсаулығымызға тікелей әсер етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Халық денсаулығы атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұраты – халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту. Шығыстың әйгілі данышпаны Әл-Фараби «Жас жеткеншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

Расында да, ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашақор, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не болмақ? Осы зиянды заттар жайлы мағлұмат айта кетсем.

Арақ ішкен адамда алкоголь зардабы 21 күнге дейін созылады екен. Этиль спирті сырада 5-7%, 6 шарапта 15-20%, ликер мен коньякта 40-50%-ға дейін, арақ пен вискиде 60-70% бар екен. Ал этил аса зиянды химиялық қоспа.

- Темекі, есірткі, алкогольдің зардаптары туралы нақты мысалы келтіре кетсем:

Бір зерттеуші түскі тамақ кезінде балаларына жүз грамм жүзім шарабын беріп, сонда балалары көңілденіп, көп сөйлеп, тез қимылдаған, біраз уақыттан кейін керісінше олар шаршап, ұйқы басып, жазулары бұзылып, есептен көп қате жіберген. Бала кезінде адам ағзасын алкоголь тез уландырып, аз уақыт ішінде маскүнемге айналдырған.

Осы орайда бейнероликке назар аударсақ.

Шылым шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын келтіреді. Шылым шегетіндердің жүрегі 20-25 мың рет артық соғады екен. Шылым шекпейтін адам 100 м жүгінгеннен кейін тамырдың соғуы 120-130 болса, шегетіндерде 180 болады. Шылым шегетіндер жүрек ауруынан 12- 13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады. Олардың 80%-ы өкпе ауруына шалдығады.

Сіздер ішімдіктің, шылым шегудің, нашақорлықтың адамның жеке басыңа денсаулығына зияны бар екенін барлығыңызда білесіздер.

Осы орайда айта кетерлік жайт шылым шеккеннен кейін 2-3 минутта никотин қан арқылы миға жетіп, мидың ішкі жасаушаларына енеді де, біраз уақыттан кейін мидың белсенділігін төмендетеді. Себебі никотин мидағы қан тамырларын тарылтады да, миға қоректенген заттар мен оттегінін келуін азайтады. Әсіресе шылым шегуден жасөспірімдердің жүйке-жүйесін тез

бұзады. Никотин өсімдіктен алынатын у. Таза күйінде никотин түссіз, жағымсыз, иісі және дәмі бар майлы сұйықтық. Суда, спиртте, эфирде тез ериді, адамға бір тамшы никотин берсе саспай қатады екен. Егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесі 1 литр шамасында смола жинайды екен.

Олай болса мына бейне жазбаға назар аударайық.

- Нашақор адамның өмірі қысқа болады. Нашақорлардың ең төменгі жасы 9-да екен. Дүниежүзінде есірткі тартудан жыл сайын 2,5 млн адам қайтыс болады. Біздің ғасырымыздың басты дерті - нашақорлық.

       Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, ал кейбіреуі қарызға белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал көбіміз көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің мәселесі бойынша жүрегімізді де, жанымыздыда ауыртқымыз келмейді. Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? - деген сауалдар әрине адам жанын мазалайды.         

Олай болса мына бейне жазбаға назар аударайық.

Осы берілген мәліметтер бойынша әр топқа ситуациялық сұрақтар беріледі сол бойынша өз пікілеріңізді ортаға салсақ.

-Екі қыз жақсы дос. Қыздың біреуі шылым шегеді. Ал оған дос қызы үнемі қарсылығын білдіреді. Бұдан қорытынды шықпаған соң, «егер сен шылым шегуді қоймасаң мен сенімен дос болудан бас тартамын» деген шарт қояды. Қыздың қойған шарты дұрыс па? -Егер сіздің досыңыз шылым шегетін болса, мейлі ұл, не қыз болсын оның шылым шегуін тастауына қандай ықпал жасайсыз?

-15 жастағы Тимур өз достарымен барға барады. Бар деп отырғанымыз жасөспірім балалар жиналып, көңілді кеш өткізетін жер. Оның достары көп пиво алып, жылдам ішуде. Тимур оның жақсы еместігін біледі, бірақ достарынан қалғысы келмейді.

-Кинодан кеш қайтып келе жатқан бала соңғы подъездің есігі алдында тұрған бір топ баланы көрді. Олар баланы шақырды. Ойында ешнәрсе жоқ, ішінде көршісі тұрған соң таянады. Олар темекіні беріп: -жігіт емессің бе , сор –деп бұйырды. Сорып қалып еді, түтін бірден тұншықтырып, шашалып қалды. Барлық бала күліп: Мынау қыз ғой-деді. Баланың намысшыл екенін білетін көршісі қорғаған болып: жоқ менің көршім нағыз жігіт! Деп арқасынан қақты. Оған мақтаншақ бала тағы бір – екі сорып-сорып жібереді. Баланың қалтасына 3-4 – еуін тағы салып жіберді. Ары қарай не болды деп ойлайсыздар?

Бүгінгі тақырыбымызға сай ойын түрінде өткізсем, ортаға араларыңыздан 4 адам шықса. Өмірде сан қиылы адамдар кездеседі. Әр бір жеке дара адамдардың өзінің біз біле бермейтін өмірі, қалыптасқан қағидалары, армандары, жетістіктері мен қиыншылықтары, қорқынышы, құпиялары де кездеседі. Сол орайда ортаға бір- біріне еш қатысы жоқ 4 кейіпкер туралы айта кетсем:

  • адамдармен тез араласып кететін, қалжыңбас, кез келген ортаны жандандыратын кейіпкер.

  • нашақор, маскүнем.

  • ешкіммен араласпайтын, үйінде ертелі- кеш үйде құлтанып отыратын кейіпкер.

  • адамдармен тез араласып кететін, қалжыңбас, кез келген ортаны жандандыратын бірақ үнемі сақтық шараларын қолданатын кейіпкер.

Осы орайда сіздерге сұрақ егер осы кейіпкерлер бір- бірімен дос болса біздің болашағымызға қандай әсерін тигізер еді, осы кейіпкерлер ішінен қайсы кейіпкердің ұстанымы дұрыс деп ойлайсыздар және неге?

Пікірлеріңіз үшін рахмет.

Қорытынды:

Жылына елімізде 10 тоннадан астам есірткі заттар тәркіленеді, оны өздеріңізде көгілдір экраннан көріп жүрсіздер. Ішімдікке, темекі тартуға, нашақорлыққа әуестенушілер осы зиянды заттардың адам өміріне, қаншалықты қауіп төңдіретінін, аты жаман індетке апаратын тура жол осы маскүнемдік, нашақорлық екенін түсінетін болар деп ойлаймын. Әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан теңіз, салауатты өмір салтын жандарыңызға жан серік етіңіздер. Уақытыңызды бос әуреге жұмсап, өмірдің қызығын көріп алудан өз еншіңізді кеш қалмаңыздар.

Келіп атсалысып қатысқандарыңыз үшін рахмет.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Ашық сабақ Зиянды заттар

Автор: Дуйсенбаева Алуа Фархатовна

Дата: 26.02.2017

Номер свидетельства: 395914

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Ашы? саба?. Шы?ыс ?аза?стан. "
    ["seo_title"] => string(31) "ashyk-sabak-shyg-ys-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "167211"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423060251"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "Отын. Отын т?рлері. Тиімді пайдалану. ашы? саба? презентациямен "
    ["seo_title"] => string(67) "otyn-otyn-turlieri-tiimdi-paidalanu-ashyk-sabak-priezientatsiiamien"
    ["file_id"] => string(6) "179755"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425057601"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Ашы? саба? та?ырыбы: "Ми ді?іні? ??рылысы. Мишы?""
    ["seo_title"] => string(41) "ashyksabaktakyrybymidinininkurylysymishyk"
    ["file_id"] => string(6) "279789"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453290440"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Зиянды әдеттерден сақтанайық!"
    ["seo_title"] => string(32) "ziiandy_diettierdien_sak_tanaiyk"
    ["file_id"] => string(6) "399262"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489241310"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Ашық сабақ "Зат алмасу және энергия алмасу.""
    ["seo_title"] => string(47) "ashyk_sabak_zat_almasu_zh_nie_enierghiia_almasu"
    ["file_id"] => string(6) "458938"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519270982"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства