Білімділік Оқушыларды мал шаруашылығымен таныстыру.
Малшы еңбегі мен сол еңбектің жемісінің маңыздылығын
аңғарту. Еңбек қуанышын сезіндіру.
Дамытушылық: Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: Кең байтақ Отанымыздың жер асты мен жер бетіндегі байлықтарымен таныстыра отырып мақтаныш сезімдерін ояту және Отанымыздың әр қадам жерін мақтан тұтуға, аялауға. сүюге, байлықтарын қорғауға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: "Мал шаруашылығы"»
Сабақтың тақырыбы: Мал шаруашылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды мал шаруашылығымен таныстыру.
Малшы еңбегі мен сол еңбектің жемісінің маңыздылығын
аңғарту. Еңбек қуанышын сезіндіру.
Дамытушылық: Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: Кең байтақ Отанымыздың жер асты мен жер бетіндегі байлықтарымен таныстыра отырып мақтаныш сезімдерін ояту және Отанымыздың әр қадам жерін мақтан тұтуға, аялауға. сүюге, байлықтарын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Мал шаруашылығы
Оқулықпен жұмыс.
- Мәтінді мәнерлеп оқу.
Дауыстап кезекпен оқыту.
- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту
Сергіту сәті.
Мәтін соңында берілген сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс
1. Республикада мал шаруашылығының дамуына қандай қолайлы жағдайлар бар?
2. Қазақстанда қай мал көп өсіріледі?
3. Мал шаруашылығын механикаландыру дегенді қалай түсінесің?
4. Ірі қара малының пайдасын айт.
5. Сүттен жасалатын тағамдарды ата. Ол тағамдарды сенің отбасың қайдан алады?
6. Еттен жасалатын тағамдарды ата.
1. Ауылда малды қалай бағатынын айтып бер.
2. Мал шаруашылығында қолданылатын қандай машиналарды білесің?
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.