Пәні: сауат ашу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат. «Х» еліне саяхат | Мектеп:А.Тихоненко атындағы ОЖББМ КММ |
Күні: 02.02.2018 | Мұғалімнің аты-жөні: Сапарова Назира Сарсекеновна |
Сынып: 1 «Б» | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: «Х» еліне саяхат. Хх дыбысы мен әрпі |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.9.1Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану 1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну 1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу 1.3.11.1 Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою |
Сабақ мақсаттары | Сөздер мен сөйлемдерді оқу, сөздерге дыбыстық талдау жасау, сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып, тыныс белгілерін қою, мәтінді түсіну, Хх дыбысы мен әрпін басқа әріптерден ажырату; |
Барлық оқушылар: Хх дыбысы мен әрпін таниды, оқиды, жаза алады, |
Оқушылардың басым бөлігі: Сөздерге сөйлем құрайды, сөздерге дыбыстық талдау жасайды |
Кейбір оқушылар: Мәтіннің мазмұнын айтып береді, сұрақтарға толық жауап береді |
Жетістік критерийлері | Білу, түсіну: әріптерді таниды, дыбыстарды бір-бірінен ажырата алады, Қолдану: сызбаға сәйкес сөйлем құрай алады; суреттердегі заттарды атап, буынға бөледі |
Тілдік мақсат | Барлық пәндер үшін |
Құндылықтарды дарыту | Мектептегі, ауылдағы ғимараттар мен нысандарды біліп жүруге, бір-бірін сыйлауға, ұйымшылдыққа, топта бірлесе жұмыс істей білуге тәрбиелеу |
Пәнаралық байланыстар | Орыс тілі, ағылшын тілі – үштілділік Математика - |
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтадағы суреттер.сызбалар, сөздермен жұмыс Видеоролик |
Бастапқы білім | Жазады, оқиды, дыбыстық талдау жасайды, сөйлем құрайды |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың барысы | Сабақ басында Қоңырау соғылып, оқушылар сыныпқа кірген кезде бірден топшамаларды суырып, орындарына барады; Сыныппен амандасу; Сабаққа дайындықтарын тексеру; Сыныптағы парталар үш топқа бөлінеді: кітапхана, емхана, асхана(әр топта керек құралдар тұрады) 1-топ: Балалар, сендердің топтарыңда қандай заттар көріп тұрмыз? (балалар атап береді) Бұл заттарды қайдан көреміз? (Кітапханадан) Кітапханада кімдер жұмыс істейді? Мектебімізде кітапхана бар ма? 2-топ: Ал сендер партадан нелерді көріп тұрсыңдар? Бұл заттарды қайдан көріп жүрміз? Асханада кімдер жұмыс жасайды? Біздің мектептің асханасы қандай? Асханаға біздер қай уақытта барамыз? 3-топ: Енді сендер қандай заттарды көріп тұрсыңдар? Бұл заттарды қайдан көруге болады? Емханада кімдер бар? Дәрігерлердің қызметі қандай? Ауылдың емханасы қай жерде екенін білесіңдер ме? -Жақсы , балалар, біздің бүгінгі сабағымыз саяхат түрінде өтетін болады. Сонымен кітапхана, емхана, асхана сөздерінде біздер өткен сабақта танысқан әріп бар? Ол қандай әріп еді? (Хх әрпі) Олай болса бүгін біз Хх әрпі туралы алған білімдерімізді шыңдап «Хх еліне саяхат» жасайтын боламыз. Оған қоса барлық танысқан әріптерді де қайталап, сөздерге сөйлем құрап, мәтінмен жұмыстанамыз. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағдаршамның түстері арқылы бағалайтын боламыз. - Олай болса, барлығымыз қолымызға топшамаларымызды алып ондағы сөздерді оқимыз, енді сол сөздер мына елдердің қайсысына сәйкес келеді, әркім өз тобымызға бөлініп отыра қояйық.(Балалар жаңа топтарға бөлінеді) | топшамалар Сызбалар, заттар |
Сабақтың ортасы/сабақтың негізгі бөлімі | Ой қозғау: Мәтінмен жұмыс Сұрақ-жауап: *Алғашқы кітапхана неше жыл бұрын пайда болған? *Біздің елде қай қалада алғаш кітапхана ашылды? *Біздің мектепте кітапхана бар ма? *Ол қай қабатта орналасқан? *Кітапханашының аты-жөнін білеміз бе? *Кітапханада нелер бар, балалар не үшін барады? *Сендерге қандай кітаптар ұнайды? Кітапхана, асхана, емхана сөзін буынға бөлу; Бұл сөздерде Х әрпі қай жерінде кездеседі? бағалау Үштілділік: кітапхана-библиотека - Library, асхана-столовая – dinning, емхана – поликлиника - clinic Х-қатаң дауыссыз дыбыс; Жақсы, балалар, олай болса сіздерге хат келіпті: 1-хат: әріптерден сөз құрау(хабар) 2-хат: «дастархан» сөзін буынға бөлу, х дыбысы қай буында кездеседі? 3-хат: жұмбақтың шешуі болатын сөзді тақтаға жазып, дыбыстық талдау жасау Аяғы жоқ жүреді, Аузы жоқ сөйлейді. (хат) бағалау Сергіту сәті Жаңылтпаштар жаттайық Хамит хорға қатысты, Хорда Хамит шатысты Оқулықпен жұмыс (сөздерді оқу) Хат халат хайуан Хабар шахмат хайуанат Шығармашылық тапсырма: Топтарға сурет қиындылары беріледі. Суреттегі заттың атауына сызбаға сәйкес сөйлем құрау (балапан, қоян, шахмат) . бағалау «Кім тапқыр?»ойыны Адасқан әріптерді орнына қойып сөз құрау Х,н.а С,а,н,а,х,а Х,б.а.р,а Сөздерді тақтаға жазып дыбыстық талдау жасау.бағалау Жеке жұмыс Адасқан сөздерден сөйлем құрап жазыңыз. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қойыңыз Айдос, барды, ауылға; Құстар, келді,ұшып; Хорға, Анар, қатысады. | (Слайд) Видеоролик «Хх әрпі» Хатқалталар, тапсырмалар Слайд Оқулық Сурет қиындылары Сызба Слайд |
Сабақтың соңы | -Сонымен, балалар, бүгін қай әріптің еліне саяхаттадық? -Хх дыбысы қандай? -Хх әрпі сөздің қай жерінде кездеседі? -Сабақ сіздерге ұнады ма? Олай болса , қолдарыңыздағы бағдаршамның түстеріне өз ойларыңды бір сөзбен жазып тақтадағы бағдаршамның көздеріне жапсырамыз. -Сабақ аяқталды! | |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
| | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау ұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойлыныңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |