Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі"»
БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласы № 2 ЖОББМ
Нысанова Мөлдір Сапаргалиевна
Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі.
Сабақтың тақырбы: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту;
Оқушылардың ойлау, есте сақтау, салыстыру және таным белсенділігін арттыру;
Тазалық гигиенасын сақтау, тазалыққа баулу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар дұрыс тамақтану туралы білімдерін топтық жұмыста жүйелей біледі.
Өздігінен білім алады;
Оқушылар жаңа тақырып пен танысады, талдау жасайды;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгіме,сұрақ-жауап,СТО технологиясының элементтері
Сабақтың көрнекіліктері:
суреттер, жасанды жеміс, көкөністер, сүт тағамдарының суреттері,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, балалардың назарын сабаққа аудару.
Оқушыларға 3 түрлі жемістің суреті ұсынылады, ұнағанын таңдап алады. Бірдей жемістерді таңдаған оқушылар бір топқа бірігеді./Жемістердің артында сұрақтар жазылды/
Үй тапсырмасын бекіту.Әр топқа жеке-жеке тапсырма беру /2мин/
І топқа:Сенің отбасында қандай дәстүрлер бар?
ІІ топқа: «Қонақжайлылық» дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІІ топқа: Қазақ халқының «жылу жинау» дәстүрі туралы әңгімеле.
І. Қызығушылықты ояту.
«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» туралы интертербеліс тақтадан бейне көрініс көрсетіледі /слайд немесе видео/
Бүгінгі сабақта мынандай маңызды сұрақтарға жауап береміз әр топқа сұрақтар беру:
Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек?
Неліктен жемістер мен көкеністерді жуып жеу керек?
Неліктен ас ішер алдында қолды жуып, тісті тазалау керек?
Балалар, өткен сабақтарда біз отбасы мүшелері туралы айттық.
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?(әке-ана, ата-әже, аға-іні, әпке-сіңлі)
Дұрыс сол кісілердің қандай болғанын қалайсыңдар?( Дені сау,ұзақ өмір сүргенін)
Олай болса, балалар бүгін сабақта «салауатты өмір сүрудің бір ережесі – дұрыс тамақтану» туралы мәлімет аламыз.
ІІ-кезең. Мағынаны тану /Жаңа сабақ/
Оқулықтарыңдағы 77 бетті ашып 2 минут ішінде топтарыңмен оқыңдар.
Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі.
«Әдебиет» орталығы тапсырмасы «INSERT» Түртіп алу жүйесі әр топ оқушылары мәтінді оқып, кестені толтырады.
«V» – білемін
«+» -жаңалық
«!» – бұл өте қызық
Сергіту сәті: музыкамен дене жаттығуларын жасату
ІІ.«Ғылыми-ізденіс»орталығы тапсырмасы әр топқа оқушылар деңгейіне қарай деңгейлік тапсырма.
А. Дұрыс тамақтанудың адам өміріндегі маңызы.
Б. «Топтастыру» әдісіжануартектес азық түліктерді бір топқа, өсімдіктектес азық-түліктерді екінші топқа топтаңыз.
С. Дұрыс тамақтану және дұрыс тамақтанбаудың ережелерін жаз
ІІІ-кезең. Ой толғаныс
ІІІ. Ақпараттық орталық тапсырмасы әр топқа тапсырма.
Бақылау күнделігімен жұмыс.
2.Тамақ пайдалы және зиян кестесін толтыру
3.Денсаулық туралы мақал-мәтелдер айту
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу Дұрыс тамақтану үшін қандай ереже керек
Бағалау
Тренинг: Мен саған ... тілеймін. «Жүректен – жүрекке»
«Өзіңді,тамағыңды таза ұста,ішкен-жеген сайын және де ертеңгі – кеш ауызыңды тазалап шайқа. Таза ауада көбірек жүр, қимылда-деген тілекпен
/оқушылар жауаптары/
С. Дұрыс тамақтанудың диагностикалық картасы құрастырылады.
Дұрыс тамақтану
Дұрыс тамақтанбау
1. Дәрумендерді пайдалану
1. Кола, фанта жасанды сусындар
2. Еттен жасалған тағамдар жеу
2. Көшеде сатылатын тағамдарды пайдалану
Оқушылар өз беттерінше дұрыс тамақтану және дұрыс тамақтанбаудың ережелерін жазады, неге екенін дәлелдейді.