Психологиялық әзірлік: Сыныбымыз тап-таза, Бор да дайын тақтада. Ойымызды жинақтап, Отырайық партаға. «Қар лақтыру » ойыны арқылы өткен сабаққа шолу жасау. Қызығушылықты ояту: (Ұжымдық) Жұмбақ шешу: Өзіне шап –шақ, киген қалпағы аппақ, Балалар тұр қаптап. Бір өсімдік бар: бір көргенде сап –сары Бір көргенде аппақ, үрлесең ұшып кетеді. Бұл не? (Бақбақ). Тақтаға бақбақ суреті ілінеді. Бақбақ туралы білетіндері сұралады. (Мұғалім түсіндірмесі.) «Бақбақ» - сөзіндегі таныс емес дыбыс қайсы? -Б дыбысы * «Айна» ойыны: дыбыс артикуляциясын қою, көз жеткізу. Бәріміз бірге б дыбысын айтып көрейікші. Б-б-бы Не байқадыңдар? Б дыбысы қалай айтылып тұр? -Б дыбысы кедергімен айтылады? Сондықтан дауыссыз дыбыс болады. -Б дыбысы еріннің бір-біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан жасалатын ұяң дауыссыз дыбыс. Бейнежазбадан Бб дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру. *Сурет галлериясына саяхат: Суреттер тақтаға ілінеді. Сұрақ: Б дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі Сөздің басында, ортасында да кездеседі екен «балапан», «көбелек», «бота», «бақа», «барабан», «бұтақ», «бұлт»сөздерін тұтастай оқытып, сөздік, буындық- дыбыстық талдау жасау .(Балалар өздері сызып көрсетеді) Сөздің басында да, ортасында да кездесе береді. Сөз соңында көп кездесе бермейді, тек мұраб, штаб, клуб деген сөздерде ғана кездеседі. Топқа бөлу: «Бұлт», «Боран», «Бұршақ» тобы болып топқа бөліну. Әр топқа ат беру. Бағалау: «Қар» ұлпаларымен марапаттау |